Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған
Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы
жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспары (бұдан әрі - Кешендi жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен қабылданған. «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 14 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен, көрсетілген қаулымен бекітілген Кешенді жоспарды осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазу бөлігінде өзгеріс енгізілген.
Кешенді жоспарға енгізілген өзгерістер ұзақ мерзімдік кезеңде Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының халқын жұмыспен қамту мәселелерін, сондай-ақ қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың бірінші кезектегі мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған.
Қаланың монобағыттылығын және тұрғындардың шамадан тыс қоныстануын ескере отырып, қаланың жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қалыптастыруға және артық еңбек ресурстарын жаңа құрылып жатқан өндірістерге бағыттаумен, облыстың өсу нүктелеріне тарата орналастыруға басымдық жасалынған.
Осы мақсатта, бұл шараларға қол жеткізу ірі инвестициялық жобаларды - Ақтау қаласында жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын, Құрық кентінде жағалау инфрақұрылым объектілерін, «Кендірлі» курорттық аймағының объектілерін іске қосу, Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асырумен өзара байланыстыра отырып, қаланың жұмысқа қабылетті халқын даярлау және қайта даярлау есебінен жүзеге асырылатын болады.
Кешенді жоспар Жаңаөзен қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бөлігінде абаттандыру бойынша, жаңа шағын аудандарда электрмен қамтамасыз ету объектілерінің, кәріздік-тазарту құрылысын, Жаңаөзен қаласы халқының аса мұқтаж бөлігі және бюджеттік ұйымдары қызметкерлері үшін 200 пәтерлік коммуналдық (жалдамалы) екі тұрғын үйдің құрылысын, Теңге және Қызылсай ауылдарында ауыз сумен қамту жүйесінің, Жаңаөзен қаласына іргелес жатқан елді мекендердің аяқалмаған учаскелерінің инженерлік желілерінің құрылысын, суық суды есептегіш құралдарын қондыру және орнату, көшелерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру жүйесінің құрылысы салу және қайта жаңғырту, 3000 орынға арналған орталық стадионды күрделі жөндеу секілді және тағы басқа да абаттандыру бойынша жаңа жобалармен толықтырылған.
Көзделген шараларды іске асыру Жаңаөзен қаласына көші-қон салмағын төмендетуді, қаланың көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді, және тұтастай алғанда, жалпы өңірдің дамуына оң мультипликативті әсер етуі мүмкін.
Тұтастай алғанда, Жаңаөзен қаласын дамытудың түзетілген Кешенді жоспарын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден, басқа да көздерден құны 46,0 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 31,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 6,9 млрд. теңге, басқа көздерден -7,6 млрд. теңге қаржыландыру қарастырылған, немесе алдындағы жоспарға қарағанда (38,6 млрд. теңге) 7,4 млрд. теңге өсім болды, оның ішінде 2012 жылға құны 14,8 млрд. теңге, немесе 8,2 млрд. теңге өсіммен қаражаттар қарастырылған.
Жаңартылған Жоспарға әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысын салу бойынша облыс әкімі ұсынған барлық жобалар енгізілген. Бұдан басқа, олардың барлығы 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеті құрастыру кезінде толықтай ескерілді.
Қажетті қосымша қаражаттар 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде және 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында қарастырылды. 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бұрын бюджетте қаралмаған қосымша 4,2 млрд. теңге сомасындағы қаражаттар қарастырылды.
(Анықтама: 2012-2014 жылдарға арналған бекітілген республикалық бюджетте 8,6 млрд. теңге көлемінде қаражаттар қарастырылған, оның ішінде 2012 жылға – 4,4 млрд. теңге).
Жаңаөзен қаласының бірінші кезектегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешу мақсатында, жаңартылған Кешенді жоспарда бұрынырақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша артқы мерзімге жоспарланған жобаларды іске асыру мерзімін ауыстыру қарастырылған.
2012 жылғы бірінші жартыжылдығында, мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің тапсырмаларына сәйкес, Жанаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар тарапынан Маңғыстау облысы әкімдігімен бірлесе жаңартылған Кешенді жоспарды іске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Кешенді жоспар бойынша барлығы 110 іс-шаралар, оның ішінде 2012 жылы орындау мерзімімен – 38 іс-шаралар, 2012-2020 жылдары орындау мерзімімен – 36 іс-шаралар, оның ішінде есептік мерзімге орындау мерзімімен (а.ж. I және II тоқсан) – 15 іс-шара қарастырылған. Мүдделі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мәліметтерінің негізінде 2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Кешендi жоспардың іс-шараларының орындалуы келесідей көрініс табады:
1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласы тұрғындары санының тұрақтылығын 2011 жылғы деңгейде сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн қабылдау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, IIМ, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 1 шілдедегі № 04-20-807 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 1-11-64/6854 ақпараттары бойынша, Маңғыстау облысының Ішкі істер Департаменті Миграциялық полиция басқармасы тарапынан роеспубликаға, оның ішінде Жанаөзен қаласына заңсыз келіп жатқан азаматтарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жаңаөзен қаласына салмақ түсетін миграциялық жүктемені азайту мақсатында, облыстың барлық қалалық ІІБ-не, дәлірек айтқанда Жаңаөзен қаласының ІІБ-не шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Жаңаөзен қаласына келуі мен тұрақты тұруына шектеу кою туралы тапсырмалар берілді. Шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтар мен азаматтағы жоқ тұлғалардың Жаңаөзен қаласында тұрақты тұруына рұқсат беру 2010 жылдан бастап толықтай тоқтатылды. Маңғыстау облысының өзге қалалары мен аудандарына тұрақты тұруға рұқсат беріледі.
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы ІІД КПБ бөлімшелері облыс аумағында, оның ішінде Жаңаөзен қаласында барлығы 7 рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді, нәтижесінде облыс бойынша миграциялық және өзге де заңнаманы бұзудың 3994, оның ішінде Жаңаөзен қаласы бойынша 839 деректері анықталды. Сот шешімімен облыс бойынша 93, оның ішінде Жаңаөзен қаласынан 1 шетелдік Қазақстан Республикасының шегінен аластатылды.
1.2. тармақ. Кейiннен тұрғындар санын оңтайландыруды ескере отырып, Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын әзiрлеу (орындауға жауапты – ҚТҮКШІА, Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 жылғы IV тоқсан)
Маңғыстау облысы әкімдігінің және Құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы істері бойынша Агентігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 01-5-09-1/8246 ақпараты бойынша, халық санын кейіннен оңтайландыруды есепке ала отырып, Жаңаөзен қаласының Бас жоспарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 30,0 млн. теңге көзделген. Қазіргі кезде Жаңаөзен қаласының Бас жоспары жөндеуге қайтарылды және халық санын оңтайландыру бөлігінде түзетілуде. Бас жоспарды бекіту 2012 жылғы ІV тоқсанға жоспарланған. А.ж. наурызда Агенттік тарапынан Жанаөзен қаласының Бас Жоспарын әзірлеу барысы мәселесі бойынша Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдерімен кеңес өткізілді.
2.1.1. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» ӨФ «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ дербес заңды тұлға ретінде жер қойнауын пайдалану құқығымен қайта құру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы ІІ тоқсан)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2012 жылғы 10-шілдеегі № 110-26/4089 және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 2012 жылғы 16-маусымдағы № 58-28/3735 ақпараттарына сәйкес, «Өзенмұнайгаз» Акционерлік қоғамы 2012 жылғы 1-шілдеден бастап өз алдына қызмет атқарады. «Өзенмұнайгаз» АҚ Маңғыстау облысы Әділет департаментінің Жаңаөзен қ. Әділет басқармасында тіркелген. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылғы 25 ақпандағы №649-1943-07-АО куәлігі бар. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның «Өзенмұнайгаз» филиалының өндірістік бөлімшесінің барлық жұмыскерлері толық құрамда «Өзенмұнайгаз» АҚ-на ауыстырылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ-на Өзен және Қарамандыбас кең орындарының мұнайын өндіруге келісім қайта рәсімделді, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да басқару органдары қалыптастырылды, бюджет және сатып алу жоспары бекітілді, бухгалтерлік, салықтық және басқа да тіркеу және есептік жүйелері қалыптастырылды.
2.1.2. тармақ. Жұмыс орындарын сақтау мақсатында «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның кен орындарында мұнай өндiру деңгейiн жылына 5,8 млн. тоннадан кемiтпей ұстап тұруды қамтамасыз ету (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі –2012 - 2020 жылдар)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның ақпараттары бойынша, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның 2012 жылға бекітілген бюджетінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік бөлімшесі бойынша мұнай өндіру 5,8 млн. тонна көлемінде қарастырылған. А.ж. 6 айында мұнай өндіру 2,826,9 мың тонна жоспарланса, іс жүзінде 2 466,9 мың тоннаны құрады (жоспардан 87,3%).
А.ж. маусым айында мұнай өндіру жоспарының орындалмауы ҰТЖ және ҰКЖ өндіргіш және айдауыш қор ұңғымаларының ұзағырақ тұрып қалуына және жер асты жабдықтарының тоқтап қалуынан және жөндеуаралық кезеңнің төмендігінен ҰТЖ мен ҰКЖ-ны күтуге байланысты болды. Сондай-ақ, жоспардың орындалуына ауа райы жағдайлврының себебінен (нөсер жауындар) электр энергиясының авариялық ажыратылуларының жиілеуі теріс әсерін тигізді, олар ұңғымалардың кеміткіш қорының ұлғаюына әкелді.
2.1.5. тармақ. Жаңаөзен қаласында мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтарына маманданған жөндеу-механикалық өндiрiсін құру және ұйымдастыру (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2013 жылдар)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, бұл жоба іске асыру сатысында.
2.1.6. тармақ. Ақтау қаласындағы «КРІ» АҚ базасында шағын МӨЗ салу мәселесін пысықтау («КРІ» АҚ дайындаған АПМЗ өндірістік қызметінің стратегиялық дамуы мен әртараптандыруы және инвестициялардың негізделуінің ТЭН-інің нәтижелерін алынғаннан кейін) (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі, орындау мерзімі – 2012 жылғы І тоқсаны)
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ақпараты бойынша, 2011 жылғы 28 сәуірде «Омскнефтехимпроект» ААҚ-мен (бұдан әрі – ОМХЖ) «Ақтау пластикалық массалар зауытының өндірістік қызметін дамыту және әртараптандыру стратегиясы» жобасына ТЭН әзірлеуге Шарт жасасты.
ОНХП ТЭН әзірлеу барысында «KPI» АҚ базасында өндірістік қызметті дамытудың алты нұсқасы, соның ішінде шағын МӨЗ құрылысы қарастырылды.
2011 жылғы желтоқсан айынан бастап ОМХЖ тарапынан ТЭН нәтижелерін мемлекеттік органдарда келістіру рәсімдері басталды, Ақтау қаласында жобаның ҚОӘБ Өкілдігі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Мемсанэпидқадағалау ММ-нің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы алынды.
Алайда, ҚР ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Жайық-Каспий экология департаментінің Маңғыстау облыстық филиалы ТЭН және ҚОӘБ материалдарын қарай келіп, жобаланатын шағын МӨЗ-дің өнімділігін азайтуды жүзеге асыруды немесе жобаланатын МӨЗ-ді қазіргі Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 тұрғын үй кешендерінен неғұрлым алыстатылған, жаңа алаңға көшіру туралы мәселе қарауды талап етумен мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысын берді. Шағын МӨЗ-дің ТЭН әзірлеудің нәтижелері негізгі нұсқалары бойынша жобанң жоғары капиталдық сыйымдылығын көрсетті, ал қаржы-экономикалық бағалаудың нәтижелері болжамдалатын инвестициялық шығындардың, соның ішінде шағын өнімді МӨЗ экономикалық тиімділігінің төмен екендігін анықтады.
Қазіргі уақытта шағын МӨЗ жобасын іске асыру мүмкіндігіне әсер ететін жоғарыда көрсетілген факторларды ескере отырып, 2012 жылғы 25 мамырдағы «KPI» АҚ Басқармасының мәжілісінде АЗПМ өндірістік қызметін әртараптандыруды және мұнай-химия мен мұнай өңдеу бағыттары бойынша АЗПМ өндірістьік қызметін қалпына келтіруді әзірлеу және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жүргізудің мақсатқа сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні ОМХЖ ТЭН нәтижелерін «Мемсараптама» РМК қарауына енгізуді жоспарлауда.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, «Омскнефтехимпроект» ААҚ әзірлеген жобаның ТЭН қазіргі кезде мемлекеттік органдарда келісілуде. Жобаны қарджыландыру «KPI» АҚ меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ. ҚМГ ғылыми-техникалық кеңесінде «KPI» АҚ-ның ұсынысы жобаның ТЭН-ін әзірлеу нәтижелері қаралғаннан кейін, осы өндірісті салудың орындылығы және мамандықтар бөлінісінде қажетті персонал саны айқындалмақ.
2.1.7. тармақ. Жаңаөзен қаласындағы өндіруші кәсіпорындардың өнімдерін, жұмыстарын және қызметтерін сатып алудың қарастырылған басымдық құқықтарының Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» ӨФ қажеттіліктеріне арналған материалдық-техникалық ресурстарын сатып алу жөніндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізу (орындауға жауапты – «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 жылғы ІІ -тоқсан)
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2012 жылғы 27 маусымдағы № 09-1-20-09/3308 ақпараты бойынша, а.ж. 18 мамырында «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен сатып алу Ережесі , жаңа редакцияда бекітілді. Сатып алу Ережесінің 17 тармағына сәйкес, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тиісті талаптарына Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуда басымдықты құқықтары көзделген.
Сондай-ақ, Сатып алу Ережесінің 38 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, тендерлік құжаттамаларда тендерде қатысуға Жаңаөзен қаласының кәсіпорындары ғана қатыса алатындығына жол берілетіндігі қарастырылуы мүмкін (Ереженің 17 тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдай туындағада, бұл талап міндетті).
Жоғарыдағылардың негізінде, «Самұрық-Қазына» АҚ-ы осы іс-шараны бақылаудан алып тастауды мақсатқа лайықты деп пайымдайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» ақпараты бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алу Ережесі жаңа редакцияда «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді (бұдан әрі – Ереже), онда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Жаңаөзен қаласының кәсіпорындарынан тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуда басымдықты құқықтары көзделген.
Сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Самұрық-Қазына АҚ адресіне Самұрық-Қазына АҚ-ның тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алу Ережесінің жобасында өңірдің кәсіпорындарына қаламен шектелмей, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның орналасқан жері бойынша басымдықты тәртіппен сатып алуға қатысуға мүмкіндік беретін редакциясын қалдыруды ұсынып, 2012 жылғы 23 мамырда № 101-34/3029 хат жолдады.
Осы ұсыныстар Жаңаөзен қаласы кәсіпорындарының ғана емес, бүкіл өңірдің тіршілік қызметі көбінесе «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктеріне байланысты болғандықтан жіберілді. Атап айтқанда Шетпе, Сенек, Теңге, Қызылсай, Үштаған және басқалары сияқты елді мекендердің кәсіпорындары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның тапсырыстарын орындауға бағытталған.
2.2.1. тармақ. Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлік белсенділікті және бизнес климатын жақсарту бойынша Бизнестiң жол картасы – 2020, Еңбек өнiмдiлiгi – 2020 және басқа ұқсас бағдарламаларды iске асыру аясында шаралар кешенiн қабылдау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ, ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласының жергілікті БАҚ-да (телеарна, газеттер) шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өнімділік – 2020», «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламалалары мен өзге де бағдарламалар туралы ақпарат тұрақты негізде орналастырылып, Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлері үшін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша жартыжылдықта бір рет Ашық есік күнін өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, Жаңаөзен қаласының еңбекке қабілетті жұмыспен қамтылмаған халқын «Бизнес-кеңесші» бағдарламасының аясында бизнес негіздеріне оқыту жөніндегі курстарға қатыстыру көздестірілген. Бекітілген кестеге сәйкес, а. ж. шілдеде осы курстарды Жаңаөзен қаласында ұйымдастыру жоспарлануда.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп, Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлерімен ай сайын кездесулер өткізуде. Соңғы бірлескен кездесулер а.ж. 27 ақпанда, 18сәуірде, 15 мамырда және 8 шілдеде өткізілді, онда кәсіпкерлер Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлікті қолдаудың барлық шараларымен таныстырылды.
Жаңаөзен қаласының әкімдігімен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағытына қатысуға 49 өтінім, оның ішінде: сервистік қызметтер алуға – 33 өтінім; «Назарбаев универститет» АҚ-нда шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқуға – 5 өтінім; «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында оқуға – 11 өтінім жолданды.
ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту Комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға аралған арнайы бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерінен «Бизнестің жол картасы - 2020» ағдарламасына қатысу туралы жалпы құны 186,1 млн. теңгеге 7 жобалар түсті және олар РКС тарапынан мақұлданды.субсидиялау шарттарына қол қою үшін құжаттары әзірленуде.
Бүгінгі күні «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасының шеңберінде «Шағын несиелендіру орталығы» ШНҰ» ЖШС тарапынан жалпы құны 10,3 млн. теңге болатын 4 жоба қаржыландырылды.
Жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор құру мақсатында, Жаңаөзен қаласының әкімдігі тарапынан бизнес-инкубаторды орналастыруға арналған бірнеше нысандар ұсынылды, олар «Даму» Қорының бас офисінің және USAID өкілдерімен талқыланды. Бүгінгі күні ЭДСМ USAID макроэкономикалық жобасының халықаралық сарапшысы Кшиштов Защядлымен бірлесе, жан-жақты талдаудан кейін Жаңаөзен қаласындағы бизнес-инкубатор мен кәсіпкерлікті қолдау орталығының үлгісі дайындалды.
Бүгінгі күні Жаңаөзен қаласының әкімдігі тарапынан бизнес-инкубаторға қолайлы ғимаратты таңдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ең лайықтысы ретінде «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның Жаңаөзен филиалының меншігіндегі бұрынғы балалар бақшасының ғимараты белгіленді. Ғимараттың қалдық құны – 4,5 млн. теңге. Облыстың бюджеті оны сатып алуға жеткілікті қаражатқа ие болмауын ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның Басқарушы Төрағасы Л.К.Қиыновтың атына (шығыс № 22-08-22-926 22.06.2012 ж.) хаты жолданып, осы ғимаратты сатып алуға қаражаттарды бөлу мүмкіндігін қарастыру сұралды. Бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараты бойынша, «Өнімділік – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерінен өтініштер түспеген.
2.2.2. тармақ. Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлігін дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспарын дайындау және қабылдау (орындауға жауапты – ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ, орындау мерзімі – 2012 жылғы қаңтар)
ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту Комитетінің ақпараты бойынша, Жаңаөзен қаласындағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету үшін ЭДСМ тарапынан әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға аралған арнайы бағдарламасы» қабылданды.
Осы қаулының шеңберінде Жаңаөзен қаласында 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау, каржы-шаруашылық қызметті жаңарту үшін, кәсібін жаңадан бастайтын және жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау және екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдіктерді ұсыну бойынша қаржылай қолдау, сондай-ақ қәсіпкерлік әлеуетін күшейту бойынша шаралар бекітілген.
2.2.3. тармақ. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында өз iсiн дамытуға және кеңейтуге микрокредиттер беру арқылы Жаңаөзен қаласының өздiгiнен жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және табысы аз тұрғындарына микрокредиттер беру (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 - 2020 жылдар)
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасының аясында «Шағын несиелеу орталығы» ШНҰ ЖШС ірі қара мал сатып алуға, киім шығаруға, шаштаразды кеңейтуге жалпы құны 10,3 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды.
Жаңаөзен қаласы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға 20 адам тілек білдірген. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, осы іс-шаралар а.ж. шілдеден бастап іске асырылмақ. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында білім алған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметін дамытуға шағын несие алуға мүмкіндігі бар.
Жаңаөзен қаласының жергілікті БАҚ-да (теледидар, газеттер) тұрақты негізде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы туралы ақпараттар орналастырылуда, «Огни Мангистау», «Маңғыстау» және «Жанаозен жаршысы» аймақтық газеттерінде бірқатар жарияланымдар орналастырылды.
2.2.4. тармақ. Жаңаөзен қаласында өңiрдiң мұнайгаз саласы кәсiпорындарының қызметкерлерi үшiн жергілікті өнім шығаратын - Жаңаөзен қаласындағы тігін фабрикасы мен Ақтау қаласындағы аяқ киім фабрикасы арқылы арнаулы киiмдер мен аяқ киімдермен қамтамасыз ету (орындауға жауапты – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, өңiрдiң мұнайгаз компаниялары (келiсiм бойынша), орындау мерзімі – Қаңтар, жыл сайын)
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның ақпараты бойынша, бір көзден сатып алу тәсілімен, Жаңаөзен қаласындағы тігін фабрикасымен, «Жанарыс» ЖШС-мен арнаулы киімдер, қолғаптар мен биалайлар тігуге жалпы құны 766 810 449 теңгеге, оның ішінде «ӨМГ» ӨФ» жұмыскерлері үшін арнаулы киімдер сатып алуға құны 317 382 504 теңгеге; «ЕМГ» ӨФ жұмыскерлері үшін арнаулы киімдер сатып алуға құны 152 347 949 теңгеге; «ӨМГ» ӨФ» жұмыскерлері үшін қолғаптар мен биалайлар сатып алуға құны 161 627 887 теңгеге; УБР үшін арнаулы киімдер сатып алуға құны 116 014 789 теңгеге; УБР жұмыскерлері үшін қолғаптар биялайлар сатып алуға құны 19 437 320 теңгеге келісім-шарттар жасалған.
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның бюджетінде ӨМГ жұмыскерлері үшін аяқ киім сатып алуға құны 231 340 910 теңге, оны ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ жұмыскерлері үшін 136 510 738 теңге көзделген (тендер екі рет өткізілмеген болып саналды, кезекті тендерді өткізу «Өзенмұнайгаз» АҚ берілді); «Ембімұнайгаз» ӨФ жұмыскерлері үшін тендерлердің жеңімпазарымен (сырттай ұйымдар) жалпы құны 94 488 852 теңгеге жарттар жасалған; «Өзенмұнайгаз» ӨФ БЖБ жұмыскерлері үшін «Жамал-ай» АҚ-мен құны 30 341 320 теңгеге шарт жасалды.
2.2.5. тармақ. «Өзен – Түрікменстанның мемлекеттiк шекарасы» темiржол желiсiнiң бойында (мал шаруашылығы, көкөнiс-бақша дақылдарын өсiру салаларына артықшылық бере отырып) өмiр сүрудi қамтамасыз ету мақсатында дамып келе жатқан елдi мекендердегі өздігімен жұмыспен қамтылған халыққа жағдай туғызу жөнiндегi мәселенi пысықтау (орындауға жауапты – Маңғыстау облысының әкiмдiгi, орындау мерзімі – 2012 – 2014 жылдар)
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінгі күнге «Өзен-Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы» темір жол желісінің бойындағы дамып келе жатқан елді мекендердің қажетті инженерлік инфрақұрылымға (сумен -, газбен-, электрмен жабдықтау) сұранысын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, одан кейін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өзін-өзі жұмыспе қамтыған тұрғындарға жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |