85
«Асыл мұра» сериясы
Картадан бала бір жерді атаса,
соның жанындағы
екінші жер кѳз алдына елестей қалады.
Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки
бірінің артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, бас-
қалары да соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір
атқа құрық салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кет-
кендігі,
біраз барып тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз
ѳздері келіп суреттеледі. Уақытта бірлік ассоциация-
сы балаға әсіресе тарих оқығанда кѳп кѳмек кѳрсетеді.
Бір
нәрселерді, мысалы, ѳлең жаттағанда да біз осы
уақытта бірлік ассоциациясымен пайдаланамыз. Яғни
белгілі бір сѳздерді бірінің артынан бірін айтуға біздің
кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған болады. Егер
жаттаған ѳлеңді суылдатып
айтып отырғанда тоқтай
қалсақ, біз қазір жаңылып қаламыз.
Осы уақытта бірлік ассоциациясына ұқсас,
себеп
ассоциациясы бар, яғни екі кѳрініс іле-шала бірінің
артынан бірі келеді. Соңғы кѳріністің
болуына әуелгі
кѳрініс себеп болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады.
Бірақ барлық бірінің артынан іле-шала бірі болатын
екі кѳріністің әуелгісі соңғының
болуына себеп деуге
болмайды. Бұлай болу әншейін тура келіп қалудан, қа-
зақ айтқандай, мергеннің басуына құланның қасынуы
тура келгеннен яки басқа бір себептен болуға мүмкін.
Мысалы, қонақ келген күні қой егіз тапса, қонақтың
құттылығынан емес. Қой егіз қозыны қонақ келген соң
кѳтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын кѳтерген.
Қойдың егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп қалды.
Бірінің артынан бірі болатын екі кѳріністің біреуі бі-
реуіне ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор
қатаға түсіреді.
Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан
туған. Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл
болудан сақтау керек.