Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет38/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ЖАҚЫНДЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ 
Б
ір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсер-
ленулерді біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни 
сол бір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерле-
нулердің біреуін суреттегенде, сонымен бірге байлан-
ған әсерленулер ѳздері келіп суреттеледі. Жақындық 
ассоциациясы дегеніміз осы.
Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орын-
да бірлік ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассо- 
циациясы.
Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты сурет-
тесек, сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да су-
реттемей қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ 
босағасында тұрған кебежені суреттесек, соның жаның-
да тұрған қазан, ошақ, шелек, астау ѳздері ана кебежеге 
еріп келіп суреттеледі.
Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті бо-
лады. Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралда-
рына қарағанда кѳзді кѳп жұмсайды. Балаға не нәрсе 
үйретсең де, кѳрсетіп (наглядно) үйрету керек екендігі 
осыдан. Балаға берілетін кітаптың ірі харіппен басы-
луы және осыдан. Орында бірлік ассоциациясы бала- 
ға, әсіресе жағрафия оқығанда кѳп кѳмек кѳрсетеді. 


85
«Асыл мұра» сериясы
Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы 
екінші жер кѳз алдына елестей қалады.
Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки 
бірінің артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, бас-
қалары да соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір 
атқа құрық салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кет-
кендігі, біраз барып тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз 
ѳздері келіп суреттеледі. Уақытта бірлік ассоциация-
сы балаға әсіресе тарих оқығанда кѳп кѳмек кѳрсетеді. 
Бір нәрселерді, мысалы, ѳлең жаттағанда да біз осы 
уақытта бірлік ассоциациясымен пайдаланамыз. Яғни 
белгілі бір сѳздерді бірінің артынан бірін айтуға біздің 
кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған болады. Егер 
жаттаған ѳлеңді суылдатып айтып отырғанда тоқтай 
қалсақ, біз қазір жаңылып қаламыз.
Осы уақытта бірлік ассоциациясына ұқсас, себеп 
ассоциациясы бар, яғни екі кѳрініс іле-шала бірінің 
артынан бірі келеді. Соңғы кѳріністің болуына әуелгі 
кѳрініс себеп болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады. 
Бірақ барлық бірінің артынан іле-шала бірі болатын 
екі кѳріністің әуелгісі соңғының болуына себеп деуге 
болмайды. Бұлай болу әншейін тура келіп қалудан, қа-
зақ айтқандай, мергеннің басуына құланның қасынуы 
тура келгеннен яки басқа бір себептен болуға мүмкін. 
Мысалы, қонақ келген күні қой егіз тапса, қонақтың 
құттылығынан емес. Қой егіз қозыны қонақ келген соң 
кѳтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын кѳтерген. 
Қойдың егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп қалды.
Бірінің артынан бірі болатын екі кѳріністің біреуі бі-
реуіне ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор 
қатаға түсіреді.
Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан 
туған. Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл 
болудан сақтау керек.


86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет