Магистранттардың ЖӘне докторанттардың практикаларын және ғылыми


МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ПРАКТИКАДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ



бет4/7
Дата15.06.2022
өлшемі137 Kb.
#459258
1   2   3   4   5   6   7
каз 3Положение об организации и проведении практике и научных стажировок 2020-1

6. МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ ПРАКТИКАДАҒЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
6.1 Педагогикалық практика кезінде магистранттар мен докторанттардың жұмысын бақылау, оларды есепке алу және бағалау арнайы кафедраның меңгерушісімен, оқытушыларымен бірлесіп жүргізіледі.
6.1.1 Комиссия мыналарды анықтауы тиіс:
- ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі;
- студенттермен, магистранттармен педагогикалық мақсатқа сай қарым-қатынас орната білу, оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық ынтымақтастық;
- психологиялық-педагогикалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру;
-кәсіптік-педагогикалық бағыттағы, олардың әлеуметтік белсенділік деңгейі;
- инновациялық технологиялардағы педагогикалық қызметке дайындық.
6.1.2. Тексеру мен есепке алу қатаң жеке көзқараспен және жүйелілікпен ерекшеленуі керек.
6.1.3 Педагогикалық практика кезеңінде магистранттар мен докторанттардың жұмысын бақылау лекцияларда, семинарларда, практикалық, зертханалық сабақтарда, аудиториядан тыс іс-шараларда олардың қызметін бақылау арқылы тұрақты жүргізіледі.
6.1.4 Педагогикалық практиканың қорытындысын шығаруда магистранттар мен докторанттардың есептік құжаттарын талдаудың маңызы зор.
6.1.5 Әрбір магистрант пен докторанттың жұмысын жалпы бағалау педагогикалық практика кезеңінде оның қызметінің барлық жақтарын ескеретін кешенді болуы тиіс. Ол әдіскерлердің пікірлерін талқылау және келісу негізінде анықталады және оны практиканың жалпы жетекшісі қояды.
6.2. Зерттеу, өндірістік практика кезеңінде магистранттар мен докторанттардың жұмысын бақылауды, оны есепке алу мен бағалауды практика жетекшісі жүргізеді.
6.3. Ғылыми тағылымдаманың нәтижелері бойынша магистрант кафедра ұйымдастырған семинарға қатысуы қажет.


Келісілді:
Академиялық мәселелер бойынша проректор А.С. Сейткан


Қосымша 1
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Кафедра _______________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет