Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша емтихан сұрақтары



Дата16.06.2016
өлшемі77.53 Kb.
#138763
Магистратураға түсушілер үшін мамандық бойынша

емтихан сұрақтары
6M0718 – Электр энергетикасы
Электротехниканың теориялық негіздері


  1. Түйіндік потенциалдар әдісі (мысал).

  2. Активті екіұшты әдісі (эквиваленттік генератор әдісі).

  3. Бірфазалы синусоидалды ток. Комплекстік түрде Ом және Кирхгоф заңдары.

  4. R,L,C тізбегін паралель және тізбектей жалғағанда резонанс режимі. Векторлық диаграммасы.

  5. Айнымалы ток тізбегіндегі қуаттар. Реактивті қуатты қарымталау.

  6. Тармақталмаған және тармақталған индуктивті-байланысқан тізбектерді есептеу.

  7. ЭҚК үшфазалы жүйесі. Үшфазалы тізбек және үшфазалы тізбектерді жалғаудың негізгі сұлбалары.

  8. Желілік және фазалық кернеу, ток арасындағы қатынас. Бейтарап сымның тағайындалуы.

  9. Симметриялы құраушы әдісі. Үшфазалы жүйе операторы.

  10. Үшфазалы жүйенің активті, реактивті, толық қуаттары және оны өлшеу.

  11. Бейсимметриялы үшфазалы жүйе үшін симметриялы құраушы әдісі (бойлық және көлдеңен бейсимметрия).

  12. Бейсинусоидалды ЭҚК, кернеу және ток. Периодты функцияларды Фурьенің тригонометриялық қатарына жіктеу.

  13. Бейсинусоидалды кернеу және токтарда сызықтық тізбектерді есептеу.

  14. Периодты бейсинусоидалды ток және кернеуімен үшфазалы тізбектерді есептеудің ерекшеліктері.

  15. Төртұштылар, олардың теңдеуі және коэффициентері.

  16. Тұрақты токтың сызықтық емес электр тізбектері. Сызықтық емес элементтерді тізбектей жалғағанда сызықтық емес тізбектерді есептеудің графикалық әдістері.

  17. Сызықтық емес элементтерді паралель жалғағанда сызықтық емес тізбектерді есептеудің графикалық әдістері.

  18. Кернеу феррорезонансы.

  19. Ток феррорезонансы.

  20. Тұрақты магнитті ағындарда магнитті тізбектер. Магниттік тізбектердегі заңдар және ұғымдар.

  21. Айнымалы токтың сызықтық емес тізбектеріндегі құбылыс. Сызықтық емес тізбектер көмегімен жүзеге асатын негізгі түрленулер.

  22. Бейсинусоидалды токтың пайда болу себептері.

  23. Төмен жиілікті және жоғары жиілікті фильтрлар.

  24. Өтпелі процестердің пайда болу себептері. Коммутация заңдары.

  25. Өтпелі процестерді есептеудің классикалық әдісі.

  26. Өтпелі процестерді есептеудің операторлық әдісі.

  27. Операторлық түрде Ом және Кирхгоф заңдары. Орынбасудың операторлық сұлбалары.

  28. Тармақталмаған R,L,C тізбегіндегі өтпелі процестерді есептеу.

  29. Таралған параметрлерімен тізбектер.

  30. Қысқа тұйықталу, бос жүріс режимдерінде шығынсыз желі.

  31. Бірфазалы желінің орынбасу сұлбасы, біркелкі желінің дифференциалды теңдеуі.

  32. Электростатикалық өріс. Электростатикалық өрісті сипаттайтын негізгі шамалар және қатынастар.

  33. Өткізгіштегі электростатикалық өріс.

  34. Тұрақты токтың электр өрісі.

  35. Дифференциалды түрде Ом және Кирхгоф заңдары.

  36. Электр өрісіндегі күш және энергия.

  37. Трансформатордың жұмыс істеу принципі және құрылысы.

  38. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және құрылысы.

  39. Синхронды генератордың жұмыс істеу принципі және құрылысы.

  40. Жолақты фильтрлар.

  41. Гистерезис тұзағы және магниттелу қисықтары. Магнитті тізбек заңдары.

  42. Ферромагнитті және ферромагнитті емес материалдар.

  43. Айналатын векторлар көмегімен синусоидалды шамаларды бейнелеу.

  44. Электрмагнитті индукция құбылысы. Өздік индукция.

  45. Айнымалы электрмагнитті өріс. Максвелл теңдеуі.

  46. Бейсинусоидалды ток және кернеуді эквивалентті синусоидамен алмастыру.

  47. Ұшбұрыш сұлбасы бойынша жүктемені жалғау. Векторлық диаграмма.

  48. Дифференциалды түрде Джоуль-Ленц заңы.

  49. Бұрмаланбаған желілер.

  50. Контурлы токтар әдісі (мысал).


Электрмеханикасы және электртехникалық жабдықтар


  1. Кедергімен электрқыздыру, тура және жанама электрқыздыру.

  2. Жылу балансының теңдеуі.

  3. Кедергімен қыздыру кезінде меншікті кедергінің температурадан тәуелділігі.

  4. Жанама қыздыру қыздырғыш элементтерінің классификациясы.

  5. Индукционды қыздырудың физикалық негіздері.

  6. Индукционды қыздыру қондырғысы, жұмыс принципі.

  7. Диэлектрлік қыздыру.

  8. Электрлік доға және оның қасиеттері.

  9. Доғаның тиімді және толық қуаты. Электролиздің физикалық және энергетикалық негіздері.

  10. Металлдарды өндеудің электргидравликалық және ультрадыбыстық тәсілдері.

  11. Төмен температуралы плазманы алуға арналған қондырғылар.

  12. Спектрдің оптикалық облысының сәулеленуі.

  13. Оптикалық сәулелену қабылдағыштары.

  14. Жарық шамалары мен бірліктері.

  15. Тиімді шамалар жүйесі.

  16. Жарық өрісі және оның сипаттамалары.

  17. Сәулелену заңдары.

  18. Нақты денелердің сәулеленуі.

  19. Сәулелену көздері.

  20. Жарық аспаптары.

  21. Негізгі жарықтехникалық есептеулер.

  22. Трансформаторлардың қызметі, типтері және құрылымы.

  23. Трансформатор орамдарының қосылу топтары және тізбектері.

  24. Бос жүріс кезіндегі трансформатор жұмысының физиқалық шарттары.

  25. Трансформатордың параллель жұмысы.

  26. Тұрақты ток машиналардың қызметі, типтері және құрылымы.

  27. Тұрақты ток қозғылткыштары.

  28. Тұрақты ток генераторлары.

  29. Трансформатордың Т-тәріздес орынбасу сұлбасы.

  30. Синхронды машинаның жұмыс істеу принципі, құрылымы және тағайындалуы.

  31. Синхронды генератордың сипатамалары.

  32. Қуаты жоғары торабымен синхронды генератордың паралель жұмысы.

  33. Асинхронды машинаның жұмыс істеу принципі, құрылымы.

  34. Асинхронды машинаның жұмыс режимдері.

  35. Ротор айналу кезіндегі асинхронды машинаның жұмысы.

  36. Асинхронды қозғылткыштың іске қосылуы.

  37. Жақсартылған іске қосу сипаттамасымен асинхронды қозғылткыштар.

  38. Генераторлы режимде асинхронды машинаның жұмысы.

  39. Фазалы роторымен асинхронды қозғылткыш.

  40. Бір фазалы асинхронды қозғылткыш.

  41. Фаза үзілгенде 3-фазалық асинхронды қозғылткыштың жұмысы.

  42. Тұрақты ток қозғалтқыштарының жылдамдығын реттеу.

  43. Электрленген агрегаттың динамикалық режимдерінің ерекшеліктері.

  44. Тежеу режимдерінде асинхронды қозғалткыштардың механикалық сипатамалары.

  45. Асинхронды қозғылткыштың механикалық сипатамалары.

  46. ДПТ ПВ жасанды механикалық сипаттамалары.

  47. Параллель қоздыру қозғалткышының тежеу режимдері.

  48. Электржетек қозғалысының тендеуін есептеу.

  49. Электржетектерде өтпелі процесстер.

  50. Электржетек координаттарын реттеу.


Электрэнергетикасы


  1. Электр станциялардың түрлері және олардың электр жүйесінің жүктелу графигіндегі орны.

  2. Жүктелу графигі, түрлері, құру әдістері.

  3. Қосалқы станциядағы трансформатордың қуатын таңдау. Жүктелу қабілетіне тексеру. Екісатылы эквивалентті график.

  4. Қосалқы станциядағы трансформатор және автотрансформаторлардың түрлері. Кернеуді реттеу жүйесі.

  5. Трансформатор және автотрансформаторлардың нейтраль режимдері.

  6. Желілік және қосалқы станциялық оқшаулама. Оқшаулағыш түрлері. Таңдау және тексеру.

  7. Шиналық құрылым. Түрі және қимасы, бояуы. Шиналарды таңдау және тексеру.

  8. Электрлік түйіспелер, түрі, материалы. Өтпелі кедергі ұғымы.

  9. Электрлік доғаның сипаттамасы. Электр доғаның тұрақты және тұрақсыз жану нүктесі.

  10. Ажыратқыштарды таңдау және тексеру. Шарттары, параметрлері.

  11. Коммутациялық аппаратураға жетектің түрлері.

  12. Айырғыштар, түрлері. Бөлгіштер және қысқатұйықтағыштар. Тексеру және таңдау.

  13. Сақтандырғыштар, түрлері. Токты шектеу эффектісі. Таңдау және тексеру.

  14. Ток трансформаторлары, түрлері, қателіктері. Таңдау және тексеру.

  15. Кернеу трансформаторлары, түрлері, қателіктері. Таңдау және тексеру.

  16. Кернеу трансформаторлары көмегімен электр торабында оқшауламаны бақылау.

  17. Қосалқы станцияларды электрлік қосу сұлбасы, түрлері.

  18. Станция мен қосалқы станциялардың өз қажеттілігі. Өз қажеттілігі тұтынушылары.

  19. Таратушы құрылғылар түрлері АҮҚ, ЖҮҚ. Талап, таңдау.

  20. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы электр энергия қабылдағыштары мен тұтынушыларының негізгі түрлері, олардың сипаттамасы.

  21. Есептік электрлік жүктеменің ұғымы. Электрлік жүктеменің негізгі сипаттамалары.

  22. Электрлік жүктемені есептеудің негізгі әдістері. Бастапқы берілгендері, қолдану шарттары.

  23. Электр энергияның сапасы: ауытқу және тербеліс кернеуі

  24. Электр энергияның сапасы: симметриялы емес және синусоидалды емес кернеуі

  25. Жиіліктің ауытқуы және пайда болу себебі.

  26. Электр энергия сапасының электр қабылдағыштар жұмысына әсері.

  27. Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау жүйесінде реактивті қуатты компенсациялау бойынша бастапқы шарттар.

  28. Өнеркәсіп кәсіпорындарында реактивті қуатты тұтынатын негізгі тұтынушылар, жүктеме сипаттамалары және жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктері.

  29. Өнеркәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау жүйесінде компенсациялайтын құрылғыларды орналастыру.

  30. Электрмен жабдықтау сенімділігі. Электрмен жабдықтау сұлбаларын өңдеу және сенімділік бойынша сұлба элементтерін таңдау.

  31. Электрлік торап цехтарының құрылымдық орындалуы.

  32. ТҚ цехтардағы трансформатор санын және қуатын таңдау

  33. ТҚ цехтарының құрылымы және орналасуы.

  34. Кернеуі 1кВ дейін электр құрылғыларын таңдау.

  35. Электрберіліс желісінің орынбасу сұлбалары. Параметрлері.

  36. Трансформаторлардың, автотрансформаторлардың орынбасу сұлбалары. Параметрлері.

  37. Электрлік жүйенің жүктеме графиктері. Жүйе жүктемелерін қамтамасыз ететін электр станциялары.

  38. Әуе, кабель желілерінің құрылымдық орындалуы. Желілік, кабельдік арматура.

  39. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі және одан жоғары кернеулі ӘЖ сымдарын таңдау әдістері. Сымдарды тексеру.

  40. Желілер мен трансформаторлардағы қуат және энергия шығындары. Есептелуі.

  41. «Желінің басындағы» берілгендер бойынша электр тораптарын есептеу.

  42. «Желінің соңындағы» берілгендер бойынша электр тораптарын есептеу

  43. Кернеу шығыны және кернеу түсуі (құлауы). Векторлық диаграммасы.

  44. Қорек көздерінің кернеулері бірдей тұйықталған торапты есептеу. Қуат ағының бөліну нүктесі.

  45. Электрлік тораптағы кернеуді реттеу. Жергілікті (МРН) және орталықтан реттеу жүйелері (ЦРН).

  46. Электр энергия сапасының көрсеткіштері және олардың электрқондырғылардың жұмысына тигізетін әсері.

  47. ПБВ және РПН құрылғыларының көмегімен электрлік тораптағы кернеуді реттеу.

  48. ЭБЖ сымдарының механикалық есептеулеріндегі меншікті жүктемелер.

  49. Конденсатор батареяларының көмегімен кернеуді реттеу. Векторлық диаграммасы.

  50. Сымдардың «шайқалуы» мен «дірілдеуі». Пайда болу себептері және олардың салдары.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет