Мамыр Назерке Болысбекқызы Оқу жұмыс жоспары мамандық бойынша негізделген : 0306000 «Фармация» жұмыс бағдарламасы


Бөлім.Қан жүйесінің патофизиологиясы



бет8/23
Дата10.05.2024
өлшемі419 Kb.
#500828
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
ФАП СИЛ

8. Бөлім.Қан жүйесінің патофизиологиясы.
Оқу ақпараты:
Анемия туралы түсінік. Анемияның этиологиясы мен патологиясы, жіктелу ұстанымдары және негізгі гематологиялық көріністері. Постгеморрагиялық, гемолиздік, дизэритропоэдтік анемияның сипаттамасы. Анемия кезінде болатын ағзадағы бұзылыстар.
Лейкоцитарлық өрнектің өзгеруі, себебі, даму механизмі. Лейкоциттің сандық және сапалық өзгерістерінің ағза үшін маңызы. Лейкоз. Жіктелу ұстанымдары және лейкоз кезіндегі қан түзілуінің ерекшеліктері.
Геморрагиялық синдром, этиологиясы және патогенезі.
Анемияның, лейкопениялық жағдайлардың, лейкоз және гемостаз бұзылыстарының алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.


9. Бөлім.Жүрек-қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы.
Оқу ақпараты:
Қанайналым бұзылыстарының жалпы этилогиясы мен патогенезі. Қанайналым жеткіліксіздігі туралы түсінік. Жүрек жеткіліксіздігі. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түр, зорығуға жүректің жедел және ұзақ мерзімдік бейімделуінің жолдары.
Гипертрофияға ұшыраған жүректің ерекшеліктері, негізгі гемодинамикалық көрсеткіштер және жүрек жетіспеушілігінің клиникалық көріністері. Миокардың коронарогендік зақымдануының себептері мен даму жолдары. Артериялды гипертензия. Біріншілік артериялды гипертензия (гипертониялық ауру), этилогиясы, патогенезі және даму жолдары. Артериялды гипотензия. Резистивті тамырлардың патологиясы. Этилогиялық факторлары мен даму жолдарын ескере отырып, шоқтың түрлері ажырату.
10. Бөлім.Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы.
Оқу ақпараты:
Сыртқы тыныс алу жүйесінің бүзылысының жалпы этилогиясы мен патогенезі. Тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік. Өкпенің гипер және гиповентилияциясы, газдар дифузиясының және өкпе перфузиясының бұзылыстары, себептері, даму жолдары және салдарлары. Алқыну, асфикция, негізгі даму жолдары. Периодикалық тыныс алу туралы түсінік, түрлері, патогенезі.


11. Бөлім.Ас қорыту жүйесінің патофизиологиясы .
Оқу ақпараты:
Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тәбеттің бұзылыстары. Асқазанның секреторлық және моторлық қызметінің бұзылыстары, себептері және салдары. Ойық жара ауруының этилогиясы мен патогенезі. Ішектің мембраналық және қуыстық ас қорытуының бұзылыстары. Дисбактериоз туралы түсінік.
Бауыр қызметтері бұзылыстарының себебі. Бауыр ауруларының негізгі түрлері: гепатит, цирроз. Сарғыштану туралы түсінік. Сарғыштанудың түрлері: гепатоцеллюлярлық, механикалық, гемолиздік, даму жолдары және көрінісі. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен бауыр ауруларының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық ұстанымдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет