«Маралдың емдік қасиеті» Ғылыми жоба тақырыбы: ( медицина «бағыты) Орындаған: №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 3 «А»



бет6/11
Дата14.10.2023
өлшемі7.37 Mb.
#480724
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ғылым жоба Казина 3 А

3.2.Биолгия және химия кабинетінде
Биология пәнінің мұғалімі Аймағамбетова Ермек апайдың айтуынша: Марал – бұғы тұқымдастарының ішіндегі ең ірі түрі. Сүйектенбеген жас мүйізі өте жоғары бағаланады. Бұл пантыны тау женьшені деп те атайды. Ол – жүрекке, қан айналым жүйесіне, бұлшық етке, тыныс жолдарына, ішек-қарын жолдарына әсер ететін сергіткіш дәрі. Сонымен қатар Көктемде панты жетілген кезде маралдың қанының шипалық қасиеті бар. Одан пантогемотоген препараты дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың құйрығы, ұрығы, сіңірі де пайдаланылады. Кептірілген құйрықтары темірге бай, ал 3-4 айлық бұзаулардың сіңірлері мен эмбриондары әртүрлі ауруларға ем ретінде қолданылады. Басқа бұғылардан ерекщелігі - ересек маралдардың мүйіздері 6-8 бұтақты. Аналығының мойыны ұзын, басы үлкен және құлақтары ұзын болып келеді. Аталығының дене тұрқы аналығынан әлдеқайда ірі. Тері жамылғысы қыста аналықтарында қара сұр, ал аталықтарында ақшыл сұр, мойыны мен басы қара түсті болып келеді. Жазда тері жамылғылары аталықтарында да, аналықтарында да қарақошқыл түсті, ал жас төлдерінде қою қызыл болады. Аталықтарының дене тұрқы 240-245 см, шоқтығының биіктігі 150- 155 см, ал салмағы 400 кг шамасында. Аналықтарының дене тұрқы 227 см дейін, шоқтығының биіктігі 142 см, ал салмағы 150-180 кг. Маралдың дәрілік шикізат беретін мүйізі еркегінде ғана болады. Олар жылда түсіп, қайтадан өсіп шығады. Мүйіздерінің ұзындығы 126-146 см дейін, салмағы 11-22 кг дейін. 12-14 жасында мүйіздері өзгере бастайды. Қосымша№6
Химия пәнінің мұғалімі Булекова Жанат апайдың айтуышша: Маралдың қаны табиғи жігерлі (адоптоген) және адам ағзасына пайдалы заттардың, А, В дәрумендерінің, алмастырылмайтын амин қышқылдарының, липидтердің, пептидтердің, макро- және микроэлементтердің көзі болып табылады. Биологиялық белсенді компоненттер кешені қандағы гемоглобиннің оңтайлы деңгейін қалпына келтіруге, жыныстық белсенділікті арттыруға және иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Өнім ағзаға жақсы сіңеді.
3.2 Пантаның құрамы мен сапасы
Мүйіздер – периодты – өсу кезіндегі жас, әлі сүйектенбеген губка тәрізді құрылымды бұғы мүйіздері. Мүйіздері қанға толы және өте биязы жүнді терімен жабылған. Кейін маралдың мүйізі қатып қалғанда бұл терісі жойылып кетеді. Қосымша№7
Бұғы мүйіздерінің құрамы өте әртүрлі – бұл аминқышқылдары коллаген, витаминдер мен макроэлементтер және микроэлементтер.Мүйіздің құрамындағы макроэлементтер қатарына темір, кальций және магний, натрий, фосфор және калий жатады. Мүйіздің микроэлементтеріне марганец, селен, кобальт, мыс және мырыш, сонымен қатар йод жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет