І жүргізуші:
3-кезең. « Сиқырлы конверт»
ІІ жүргізуші:
4- кезең. «Логика»
Дөңгелек бойында он бес бала тұр. Әрбір қыздың оң жағында бір ұл тұр.Ұлдардың жартысының оң жағында бір ұлдан тұр, ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында бір қыздан тұр. Неше қыз? Неше ұл бар? Шешімі: Әр қыздың оң жағында ұл тұрғандықтан, қыздар мен ұлдардың жұптары бар(қ,ұ). Бірақ ұлдардың жартысының оң жағында ұлдар тұрғандықтан, дөңгелек бойында ҚҰҰ болуы керек. Ал қалған ұлдардың жартысының оң жағында қыздар болуы керек. 5-қыз, 10-ұл.
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? Шешімі: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут.
Шахмат турниріне 7 адам қатысты. Әркім әрқайсымен бір партиядан ойнады. Барлық ойналған партиялар саны қанша? Шешімі: 6+5+4+3+2+1=21 партия
Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып алуға болады? Шешімі: 5*4=20
І, ІІ жүргізуші:
Қорытынды. 8ә сынып оқушылардың орындауында би.
Сайыс соңында әділ - қазыларға сөз беріліп, қатысқан оқушылар «Мақтау қағазымен» , бағалы сиылықпен марапатталды.
.
"Алғырлар" 9А тобы.
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз 48 мектептің ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып 48 ші орта мектепте
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз. Біз "Алғырлар" тобы.
" Тапқырлар" 8А
Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды. ... Біз " Тапқырлар" тобы.
“
Достарыңызбен бөлісу: |