Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-бап. Жеке айыптау iсi бойынша соттың шешiмi



бет28/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.57 Mb.
#135967
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42

412-бап. Жеке айыптау iсi бойынша соттың шешiмi

1. Жеке айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң қағидаларын басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1) айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады;

2) iстi қысқартуды;

3) жариялылық немесе жиі жариялылық тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде сотқа дейінгі тергеу жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн iстi тиісті прокурорға жiбередi.

2. Жеке айыптау iсi бойынша сот шешiмiне тараптар осы Кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасай алады.


413-бап. Жеке айыптау ісі бойынша iстi қысқарту

1. Жеке айыптау iсін жүргізу осы Кодекстiң 35-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ жәбiрлеушiнiң не айыпталушының жақын туыстары iстi қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жеке айыптаушының қайтыс болуымен байланысты қысқартылуға жатады.

2. Жеке айыптау бойынша iс жүргiзудi қысқарту тәртiбi, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
8-бөлім. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау
48-тарау. Заңдыды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағымдану, наразылық білдіру
414-бап. Үкімге (қаулыға) апелляциялық шағымдану, наразылық білдіру құқығы

1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағымдану құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім жария етілгеннен кейін іс жүргізуге алынған іс бойынша олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жеке айыптаушыға), олардың өкілдері мен заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық қуынушы, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері мен заңды өкілдері үкімнің азаматтық қуынымға қатысты бөлігінде шағымдануға құқылы.

2. Сот актісін апелляциялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты мемлекеттік айыптаушы ретінде істі қарауға қатысқан прокурор бере алады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқанына не қатыспағанына қарамастан, өз құзыреті шегінде үкімді қайта қарау туралы наразылық білдіруі мүмкін.

3. Егер үкім, қаулы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот қаулысына шағымдануға құқылы.


415-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот актілері

1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.

2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы Кодекстің 48-тарауында көзделген тәртіппен жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.

3. Бұлтартпау шарасы, ақшалай жаза тағайындау туралы қаулылардан басқа, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтініштерін зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы Кодекстің 48-тарауының қағидалары бойынша қайта қаралуға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, наразылықтарда баяндалуы мүмкін.


416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға берілген апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.

2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдарды, наразылықтарды Әскери сот қарайды.

3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, наразылықтар және қаулыға жеке шағымдар, наразылықтар облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.

4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын бұлтартпау шарасы туралы және ақшалай жаза тағайындау туралы қаулыға жеке шағым, наразылық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Аталған шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.
417-бап. Апелляциялық (жеке) шағымдар беру, наразылықтар білдіру тәртібі

1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Апелляциялық сатыларға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 420-бабының және 421-бабының екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберуге жатады.

2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
418-бап. Үкімдерге (қаулыларға) апелляциялық шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдерi

1. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкім (қаулы) жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкімнің (қаулының) көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.

2. Сот актісіне шағымдану үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс бірінші сатыдағы соттан талап етiле алмайды.

3. Мерзiмi өткеннен кейiн берiлген апелляциялық (жеке) шағым, наразылық үкім, қаулы шығарған соттың қаулысымен оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаған ретте осы негіздемелер көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымдарды, наразылықтарды бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткендігі апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.


419-бап. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру тәртiбi

1. Апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi (қаулыны) қабылдаған соттың алдында өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiшхат жасай алады. Мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол түсінік беру үшін өтінішхат қозғаған адамды шақыртуға құқылы.

2. Өтіп кеткен мерзімін қалпына келтіруден бас тарту туралы судьяның қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сот шағымдана алады, наразылық білдіре алады, олар осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруге және шағым, наразылық бойынша істі қарауға құқылы.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мүмкіндігін шектейтін заңды бұзған кезде (сот отырысының хаттамасын дер кезінде әзірлемеу, аудармасыз, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысушы адамға сот актісінің көшірмесін табыс етпеу, сот актісінің қарар бөлігінде шағым беру мерзімін көрсетудегі ағаттықтар), сондай-ақ оған шағымды дер кезінде беруге немесе наразылық білдіруге объективті кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жеке) шағым беруге, наразылық білдіруге арналған өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруге міндетті.

4. Апелляциялық саты судьясының өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, хаттамамен және басқа да материалдармен бірге осы Кодекстің 420-421-баптарында көзделген іс-әрекеттерді орындау үшін үкім, қаулы шығарған сотқа дереу жолданады.
420-бап. Апелляциялық (жеке) шағым және наразылық білдіру туралы хабардар ету

1. Үкім, қаулы шығарған сот апелляциялық (жеке) шағым немесе наразылық беру туралы сотталған адамды немесе ақталған адамды, оның қорғаушысын, өкілін, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық қуынушыны, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етеді.

2. Шағымның, наразылықтың көшірмесі осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға оларға жазбаша түрде қарсылық беру құқығы түсіндіріліп, ұсыну мерзімі көрсетіле отырып жіберіледі. Тараптарға шағымдалған, наразылық білдірілген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, наразылыққа келіп түскен қарсылық, тараптардың дәлелдері іске тіркеліп, апелляциялық сатының қарауына жатады.

3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық (жеке) шағымға, наразылыққа қарсылықпен бірге немесе апелляциялық сатыға бөлек табыс етуге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтінішхат жасауға, сондай-ақ өздері атаған жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат жасауға құқылы.


421-бап. Апелляциялық (жеке) шағым берудің және наразылық білдірудің салдарлары

1. Апелляциялық (жеке) шағым беру және наразылық білдіру, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің (қаулының) заңды күшіне енуін және оның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Бірінші сатыдағы сот үкімге (қаулыға) және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындауға шағымдану, наразылық білдіру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі келіп түскен шағымдармен, наразылықпен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ қарсылықтармен тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.
422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық бiлдiру

1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген алып қоюлар үшін бірінші сатыдағы сот қаулысына осы Кодекстің 414-бабында көрсетілген адамдар жеке шағымдар, наразылықтар білдіре алады.

2. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы уақытында шығарылған қаулыға шағым, наразылық берген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына үкімге шағым беру үшін белгіленген мерзім аяқталған соң ғана жолдайды.
423-бап. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық

1. Апелляциялық (жеке) шағымда, наразылықта:

1) шағым, наразылық жіберіліп отырған тиісті апелляциялық саты сотының атауы;

2) шағым берген немесе наразылық білдірген адам туралы оның іс жүргізудегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетілген деректер;

3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) оларға үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;

5) шағым, наразылық берген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормалары бұзылғаны және бұл ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінішінің мәні;

6) шағымның, наразылықтың авторы өз талаптарына негіз ететін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;

7) шағымға, наразылыққа қоса беріліп отырған материалдардың тізбесі;

8) шағым, наразылық берілген күн және шағым, наразылық авторының қолы болуға тиіс.

2. Егер білдірілген шағым, наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер аталған мерзім ішінде апелляциялық (жеке) шағым, наразылық қайта жасалған соң сотқа ұсынылмаса, ол берілмеген деп есептеледі, бұл турлы шағым, наразылық авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес оны ресімдеу үшін шағымды қайтаруға құқылы.

3. Тараптар апелляциялық (жеке) шағымының, наразылығының негіздерін растай отырып, шағымымен бірге немесе оны берген соң апелляциялық саты сотына жаңа материалдар беруге немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтінішхат беруге, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы тергеу сотының олқылықтарын толықтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы.

4. Апелляциялық (жеке) шағым, наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте, прокурордың қосымша наразылығында немесе наразылықты өзгерту туралы оның арызында жәбірленушінің, жеке айыптау немесе өкілдерінің үкімге шағым беру мерзімінің өтіп кетуі бойынша қосымша шағымындағы сияқты, егер осындай талап бастапқы наразылықта немесе шағымда көрсетілмесе, сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қоя алмайды. Іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы сот актісіне шағым беру мерзімі аяқталған соң шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәлелдерін бере алады.

5. Үкімге, қаулыға шағымданған, наразылық білдірген адам апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, наразылығын қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын да жоғары тұрған прокурор қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды қайтарып алуға құқылы, аталған адамдардың шағымдарын қайтару сот үшін міндетті болып табылады.



49-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
424-бап. Апелляциялық қараудың мәнi

1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істе бар және қосымша табыс етілген, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi.

2. Алқабилердің қатысуымен сот үкіміне, қаулысына берілген шағымдарды, наразылықтарды қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi

Iс ол келiп түскен күннен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуға тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс ол келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiліп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.


426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шегі

1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің (қаулының) заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек бұлардың шағымға немесе наразылыққа қатысты бөлігінде және шағымға немесе наразылыққа қатысы бар сотталған адамдарға қатысты ғана тексереді.

2. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық білдірілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы.

Шағым, наразылық бермеген адамдарға қатысты үкімді өзгертуге немесе күшін жоюға шағымға, наразылыққа қатысы бар адамдарға қатысты үкімнің күші жойылған немесе өзгертілген жағдайда ғана қылмыстық құқық бұзушылықтарды бірлесіп жасаған басқа сотталған адамдардың әрекеттерін тиісінше саралауға келтіру үшін ғана жол беріледі.

3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, наразылық бойынша істі қарай отырып, жеке шағымдар, наразылықтар болмаған кезде де, егер апелляциялық сатының шағымдар, наразылықтар бойынша қабылдаған шешімімен қарама-қайшылыққа келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, соттың жеке және өзге де қаулыларын жоюға немесе өзгертуге құқылы.

4. Апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды, бұларға тараптардың дәлелдеріне қарсылықтарды қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.


427-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысын дайындау

1. Егер шағымдардағы, наразылықтағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәуліктің ішінде істі апелляциялық сатыдақарауға дайындық жасау туралы қаулы шығарады, мұнда алқа отырысына тиісті адамдарды (сотталған (ақталған) адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды) шақырту және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алу және істі дұрыс шешу үшін өзге де қажетті іс-әрекеттер жасау туралы шешім қабылдайды. Дайындау іс-әрекеттерін орындау үшін қажетті уақытты ескере отрып, қаулыда істі апелляциялық сатыда қарау күні көрсетіледі. Апелляциялық саты отырысын дайындау туралы сот қаулысының көшірмесі шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.

2. Судья тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау туралы, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді.
428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау

1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдар мен наразылық бар қылмыстық істердің келіп түсуі бойынша сот отырысын тағайындайды, істі қараудың уақыты мен орны туралы тараптарға хабардар етеді.

2. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат түскен кезде апелляциялық сатыдағы судья істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.

3. Өзге де жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Бірінші сатыдағы сотта қараудың мәні болып табылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатының отырысына қатысуы міндетті болып табылады. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 335-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның жоқ болған кезінде қарауға жол беріледі.

4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық қуынушының), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген адамдар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайларда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша берілген шағымдарды немесе наразылықты не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.

6. Жеке айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.

Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 337-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.

Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
429-бап. Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі

1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс және кімнің апелляциялық (жеке) шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.

2. Төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын, оның ішінде іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасау құқықтарын түсіндіреді және тараптардан бас тартуы мен өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.

3. Сотқа қосымша материалдарды табыс еткен адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттілігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.

4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосу немесе оларды талап ету және зерттеу туралы өтінішхаттарды, сондай-ақ олар көрсеткен куәларды, жәбірленушілерді, сарапшыларды, мамандарды сот отырысына шақыру және олардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толықтыруға бағытталған өзге де іс-әрекеттер жасау туралы өтінішхаттарды мәлімдеген жағдайда сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Егер апелляциялық саты сот тергеуін жүргізу туралы қаулы шығарса, онда тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатады. Егер өтінішхаттарды қанағаттандыруға байланысты іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болған жағдайда апелляциялық сатыда істі қарау мерзімін ұзартады.

Егер тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін уақыт талап етілсе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады. Іс жүргізу қалпына келтірілген кезде сот қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.

5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар табыс еткен немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптама қорытындыларын зерттейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.

Егер бірінші сатыдағы сотта іс жүргізетінлік келісім немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасалса, сот аталған келісімдер шегінде заңдылықты тексереді. Апелляциялық сатыдағы сот отырысында істі қараған кезде заңмен көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойған соң бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша тараптар іс жүргізетінлік келісімін немесе медиациялық тәртіппен бітімгершілікке қол жеткізу туралы келісім жасай алады.

6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот жарыссөзін жүргізу қағидалары бойынша сот процеске қатысушылардың сөздерін тыңдайды, олар өз шағымдарындағы, наразылықтарындағы дәйектері мен дәлелдерін не оларға қарсылықтарын баяндайды. Тараптар өздерінің сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық саты зерттеген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағым, наразылық берген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.

7. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да адамдардан жауап алған кезде осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес ресімделетін сот отырысының хаттамасы жүргізіледі. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 348-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 349-бабында көзделген тәртіппен қаралады.

8. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстің 345, 346-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабының қағидаларымен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет