МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I Жылдық жиынтық табысты есептеудегі салықтардың экономикалық мазмұны
1.1. Салықтың экономикалық мәні
1.2. Салықтың даму тарихы
1.4. Қазіргі Қазақстандағы салықтын қалыптасуы
IІ. Корпорациялық табыс салығының есептеуде жылдық жиынтық табыс
2.1 Корпорациялық табыс салығының субъектілері және объектілері
2.2 Жылдық жиынтық табыс
2.3 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі шегерімдер
2.4 Жылдық жиынтық табыс негзіндегі корпорациялық табыс салығының ставкасы
2.5 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпорациялық табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
2.6 Жылдық жиынтық табыс алуға жатпайтын шығыстар
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. Осыдан келіп ортақ қазан - бюджет қоржыны толмайды. Бұл өз кезегінде зейнетақы мен бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне еңбек ақының кешіктіріліп берілуіне соқтырады. Мемлекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланады.
Жанама салықтардың екі түрі болып табылатың, және тарифқа немесе бағаға үстеме түрінде тағайындалады және де салық төлеушінің мүлкімен немесе кірістерімен байланысы болмайды. Жалпы салық дегеніміз- халықтан жиналып алынатың алым. Салықты төлеу нысандары мен әдістерінің дамуына үш ірі кезеңді айтуға болады:
Бірінші кезең-Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттіің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық ақпараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.
Еінші кезең- екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметінің бір бөлігін өз мойнына алады: Салық салу үлесін орнатады, салық салу процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең- жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің ай мақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Бұл курстық жұмыс жанама салытарының, сипаттамасын береді, нарықтық экономикадағы жанама салықтарының мәнін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |