Мазмұны. Кіріспе


Сұрақнама парақтары әрбір зерттелушімен жеке түрде толтырылады



бет3/5
Дата30.06.2016
өлшемі487.5 Kb.
#167058
1   2   3   4   5

Сұрақнама парақтары әрбір зерттелушімен жеке түрде толтырылады.



2. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)

Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. Почебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.

Ұсынылып отырған әдістеменің басты авторы Дж. Таусенд болып табылады. Этномәдени айырмашылықтарды зерттеу кезінде қандай да бір мәдениеттің таза түрін табу өте қиын, өйткені қазіргі уақытта адамдардың миграциясы, әрі құнды болатын жан дүниелерінің өзара ауысуы жүруде. Мәдени құндылық бағдар тесті бұл тұлғалық тест, ол зерттеліп отырған мәдениеттің қалыптасуы мен құрылуының негізгі тенденцияларын зерттеуге арналған.

Этнопсихологиялық зерттеулер көп жағдайда халық мәдениетін зерттеу деп түсіндіріледі. Ал, «мәдениет» көп мағыналы. Ғылыми әдебиеттерде оның 150 ден астам анықтамасы бар. Мәдениет өзінің құрамына этностық өмір сүру бейнесін, оның құндылықтарын сенімін ,мінез- құлқының нормаларын , сөйлесу стильдерін және т.б. кіргізеді.

Тест бес сұрақтан тұрады және әрбір сұрақ үш варианттың жауабынан тұрады. Тестің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген.Бірінші тип дәстүрлі мәдениет(ДМ) адамдардың өткенге бағдарымен мінездемеленіп, жақын әлеуметтік қоршаған ортаға тәуелді тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Мұнда отбасы қатынастарға, туысқандық қарым қатынастардың дәстүріне, діни бағыттарға үлкен мән беріледі. Осындай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне тиым салынады. Қауымдастық жағынан оның іс қимылына, әрекеттеріне сонымен қатар, ойларына қатал бақылау жүргізіледі. Шешім қабылдау ұжыммен өтіп, ал шешімнің нәтижесі жасы үлкендерге байланысты. Адамның іс-әрекеті тәртіпке сай өтеді. Жұмыста нәтижеге жету мен оны марапаттау әдетте бірнеше уақыт өткеннен соң жүзеге асады.

Екінші тип - қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі, заманға сай оқиғаларға бағытымен сипатталады. Адамдар табиғатпен келісімде, оны сақтап, экологиялық сұрақтарға қызығушылық танытады.

Адам тәні қарама-қайшылықты көрініс деп түсініледі. Осы мәдениеттің құндылығы адамның құқығында, талабында, мүмкіндіктерінің дамуында, өзіндік жетілдіру мен өзіндік өсуге шоғырланған. Адамдар арасындағы қатынас әдетте формальді, олардың әлеуметтік жүйедегі рөлі және дәрежесімен нақты анықталған. Достық қарым-қатынастар баяу қалыптасып және бір-біріне адалдықпен және тереңдікпен ерекшелінеді. Қоғам адамның жүріс тұрысын мораль, әдептік нормалар мен ережелер арқылы реттеуге тырысады. Тұлғааралық қатынастарда адамдар әдетте ұстамды, әлеуметтік дистанция және рөлдік талаптарды ұстауға тырысады. Жекеше шешімді қабылдау өзара қажеттіліктер, қызығушылықтар және топпен, отбасымен, еңбек ұжымымен келісу кезінде жүзеге асады. Өзінің іс-әрекет жетістіктерінің нәтижесіне адам көбінесе қаржылы тұрғыда емес, моральді марапаттауды алғысы келеді.

Үшінші тип динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ), адамдардың болашаққа бағытымен, тез ауқымды нәтижелерге жетуге бағытталған. Адамдар аз уақыттағы жоспарларды құрып, оларды серпінді түрде жүзеге асырғысы келеді. Берілген мәдениет адамдары үшін “уақыт-ақша”. Табиғат- жұмбақ емес. Өмір тез әрі жағымды шешетін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынуы керек деген ой басым деп ойлау бар. Оның барлық сырлары ашылып, оның даму заңдылықтары қойылып және сипатталу керек. Адамның басты міндеті табиғаттты басқару болса, адам табиғаты бостандықты сүйеді.

Әлеуметтік ортадан дербес болу, тәуелсіздік пен ерекшелік алға қойылған мақсаты. Шешім қабылдау процесі өз бетімен жүзеге асады. Жекеше қызығушылықтармен және құндылықтардың маңыздылығы мойындалады. Сөйлесу кезінде адамдар ашық, дербес, иерархияға емес, рөлдік қарым- қатынастың теңдігіне бағытталған. Әлеуметтік қабылданған құндылық ретінде әрбір мүшенің дамуына бірдей мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады. Қоғамдық бақылаудың негізін мораль емес айып салу және қаржылай марапаттаудың міндеттілігі құрайды. Осы мәдениеттегі адамдардың назары іске, тапсырмаға, жұмысқа негізделген. Адам үнемі саналы түрде өзін іске, прогреске, қаржылық жетістікке құрбандыққа шалады. Сынаушылардың жауабын өңдеген кезде берілген үш типтің динамикасын көруге болады.

Әсіресе «Мен-концепцияның» - «Мен–бейненің» когнитивті компоненті- адамның өзі жайлы көрінісінің мазмұнын сипаттайды. «Мен–бейнеге» адамның өзінің мүмкіндіктері, қоршағандармен қатынасы, әлеуметтік аудандары, қызығушылықтары, тұлғалық қасиеттері т.с.с кіруі мүмкін. Атап өтетін жағдайлар өте көп, өйткені «Мен–бейне» бір жағынан адамға маңызды басқалармен байланысты сезінуге, олармен өзін біріктіруге, ал басқа жағынан - өзін олардан ажырата алып, өзін ерекше, қайталанбас тұлға ретінде сезіну. Сондықтан «Мен-концепция» бейнесінің мазмұнын екі құрамдас бөліктер сипаттайды: а) «біріктіретін», индивидтің басқа адамдармен қосылуын қамтамасыз етеді және б) дифференциалды, оның басқалармен салыстырғандағы ерекшелігін көрсетіп және өзіндік қайталанбастық, ерекшелік сезімдеріне негіз салушы.

Зерттелушілерге төмендегідей нұсқау беріледі: "Әрбір тараудан Сіздің мәдениетіңіздің бағдарын сипаттайтын дәлелдемені белгілеңіз. Сонымен қатар, Сіздің отбасыңыз, мектебіңіз және дініңіз Сізді неге үйреткенін еске түсіріңіз. Сізге бір өтініш-жауап беру кезінде егер жаңа замандық көзқарас Сізге үйреткендерден басқа болатын болса, онда ол көзқарасыңызды қолданбаңыз".

1. Біздің мәдениетімізде шешім қабылдау кезінде маңызды фактор ретінде

адамдар мынаны санайды:

а) өткенді

б) қазіргіні

в) болашақты

2. Біздің мәдениетімізде адамдар өздері туралы былай ойлайды:

а) табиғат күштерінің құрбандары

б) табиғатпен ықыласта тұратындар

в) көптеген табиғат күштерін басқаратындар

3. Егер менің мәдениетімдегі адамдарды басқармаса, онда олар мынаны

істейді:


А) жаман қылықтарды

Б) жаман мен жақсы қылықтарды

В) жақсы қылықтарды

4. Менің мәдениетімдегі адамдар өздерінің қарым-қатынастарында ең негізгі

ретінде:

А) тұқым және шыққан тегі

Б) үлкен жанұя

В) тұлғаның ерекшелігі мен көнелігі

5. Менің мәдениетімнің адамдары былай санайды:

А) тіршілік ету өз өзімен өмір сүруге жеткілікті

Б) тұлғаның дамуы мен өсуі өмірде ең басты мақсат болып табылады

В) тәжірибелік іс әрекет пен ерекшелікке жету ең жақсы мақсат.



3. В.В. Столиннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасы

Моно және полиэтностық топтардағы студенттердің өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.

Сұрақнаманы жасау үшін тоғыз өлшем алынған. Олар өзіндік қатынасты өзіндік «Менге» сезім ретінде сипаттайды.

1)«Меннің» саналығы

2)Өз өзін сыйлау және өзіндік сенімділік

3)Өзіндік басқару және «Меннің» реттілігі

4)Басқалардың үміттері

5)Шартсыз өзіндік қабылдау

6)Өз тұлғасының құндылығын уайымдау

7)Өзіндік «Менмен» байланыс сезімі

8)Өзіндік түсінбеушілік, «Меннің» даулығын сезіну

9)Өзіндік айыптау сезімі

Осы тоғыз өлшем тоғыз шкалаға бөлінген:

Шкала 1-ішкі шынайылық. Шкала 11 пунктен тұрады. Шкаланың төмен көрсеткіштері «Меннің» терең түсінелітінінің көрсеткіші. Жоғары мағыналар жабық және өзі жайлы мәліметті құпияда сақтау.

Шкала 2- өз- өзіне сенімділік 14 пунктен тұрады. Шкаланың жоғары көрсеткіштері өз - өзіне сенімділікті көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзіндік қанағатсыздықты көрсетеді.

Шкала 3-Өзіндік басқару -12 пунктен тұрады. Белсенділіктің көзі адамның өзі екенін көрсетеді.

Жоғары көрсеткіштер адам өзіндік «Менін» анық сезінетінін көрсетеді.

Төменгі көрсеткіштер адамның өзіндік «Мені» уақытша жағдайларға тәуелді екенін көрсетеді.

Шкала 4- өз - өзіне қатынастың айнасы-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер субьектке оның тұлғасының басқалар алдындағы дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. Төмен көрсеткіштер кері сезімдерді күту үмітімен байланысты.

Шкала 5 - өзіндік құндылық-14 пунктен тұрады.Жоғары көрсеткіштер өзіндік «Менге» қызығушылықты көрсетеді. Шкала өзіндік «Меннің» бағасын көрсетеді. Төменгі көрсеткіштер өзінің рухани «Менін» дұрыс бағаламауды көрсетеді.

Шкала 6- өзіндік қабылдау-12 пунктен тұрады. Жоғары полюс өзіне достық қатынасты көрсетсе, төменгі полюс өзіндік қабылдаудың төмен дәрежесін көрсетеді.

Шкала 7 - өзіндік байланыс-11 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер Мен- концепцияның ригидтілігін білдірсе, төмен көрсеткіштер кері тенденцияларды айқындайды: өзіндік өзгеріске ұмтылыс,өзі жайлы идеальді көрініске ұқсастыққа ұмтылыс.

Шкала 8-ішкі даулық -15 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштерішкі даулардың бар екендігін көрсетеді. Төмен көрсеткіштер мәселелерді жоққа шығаруға тырысу, жабық болу.

Шкала 9- өзін-өзі кінәләу -10 пунктен тұрады. Жоғары көрсеткіштер интрапунитивтілікті көрсетеді. Шкала жағымды жақтардың жоқтығының себепшісі болып табылады.

Зерттелінушіге 110 пункттен тұратын тестік буклет және жауаптардың стандартты бланкі беріледі. Әдістеме екі жауаптан тұрады: “келісемін”, “келіспеймін”, олар зерттелінушімен бланктің керекті жерінде белгіленеді.

Шкалалық мағыналар арнайы трафареттің кілтімен бланкіге қою арқылы есептелінеді. Осындай шикі балдар арнайы кестемен стандартты бағаларға -“қабырғаларға” көшіріледі.

Зерттелушінің өзіне, ұлтына, мәдениетіне эмоциялық-бағалық қатынасы – жалпы адамның (этнофордың) өзіне немесе өз тұлғасының, іс-әрекетінің жеке жақтарына т.с.с қатынасын көрсетеді және өзіндік сыйлауда, өзіндік намыс сезімінде, өзіндік бағада және қызығушылықтар деңгейінде көрінеді.

Екінші компоненттің негізін өзіндік сыйлау немесе өзіндік намыс,өзіндік құндылық сезімі құрайды. Өзіндік сыйлау – бұл өз күші мен мүмкіндіктеріне сенім. Ол қандай да бір ауданмен байланысты емес және тек бағаны емес, сонымен қатар адамның өз - өзіне жалпы қатынасын көрсетеді. Өзіндік сыйлау- бұл өзіндік қабылдау, өзіне маххабат. «Өзіндік баға» ұғымына, атаудың өзінен көрініп отырғандай, бірінші планға дәл бағалау компоненті шығып отыр. Өзіндік бағалау – адамның өзін жалпы (жалпы өзіндік баға) және өз тұлғасының жеке жақтарын, іс-әрекетін, басқа адамдармен қатынастарын бағалауы. Өзіндік бағалау тұрақты бола алады, яғни әртүрлі жағдайларда ұзақ уақыт бойы сақталып отыратын және тұрақсыз.

Даму үшін тұрақты және тұрақсыз өзіндік бағаның саналы үйлесілімділігі өте маңызды. Сонымен, жағдайдың шарттарының өзгеруінде тұрақты өзіндік бағаның сақталып отыруы, іс-әрекеттің және ондағы өзіндік жетістіктің жарамды жүзеге асуына кедергі келтіреді. Өзіндік бағаның күшті тұрақсыздығы «качели» бейнесіцндегі толқуларды тудырады- өзі жайлы көріністің ең биігінен ең кішкенесіне дейін.

Адамзат тарихының қайғылы беттері осы ұғыммен байланысты. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы ресурстар үшін саны жоқ соғыстар өзінің ұлттық(этностық) ерекшеліктері мен және өз қарсыластарының екінші деңгейлігінің басымымен жүргізілген. Фашизм идеологиясы осыған дәлел.

Өзіндік баға қажеттіліктер деңгейімен, яғни адам өз алдына қоятын мақсаттардың деңгейінің қиындығымен тығыз байланысты ; ол оның қай жетістіктерді сәтсіз деп, ал қайсысын сәтті ретінде қабылдайтынын анықтайды. Нақты іс-әрекетте өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жеткілікті орнатыла алады. Сондықтан нақты іс-әрекетке қатысты өзіндік баға және қажеттіліктер деңгейі жайлы – жоғары, орташа және төмен деп айтуға болады.

Осы жағдайларда өзіндік бағаның адекваттылығы жайлы айтуға болады. Өзіндік баға, егер ол адамның іс-әрекетінің қандай да бір іс-әрекеттегі шынайы сәттілігіне сәйкес келетін болса, адекватты болып табылады. Адеватты емес өзіндік баға, іс-әрекеттің сәттілігіне сәйкес келмеген жағдайларында болады. Адеватты емес өзіндік баға көтермелі( субьект өзінің актуалды мүмкіндіктерін көрнекті көтерген кезде) және төмендетілген (ол оларды төмендеткен кезде). Сонымен қатар адекватты емес көтеріңкі және адекватты емес төмен өзіндік баға– жалпы дамудың және қандай да бір іс-әрекеттің сәттілігінің күшті тежеткіші болып табылады.

Егер адам(этнофор) көтеріңкі өзіндік бағада болса және өз алдына аса жоғары, мақсаттың шынайы мүмкіндіктеріне сай емес мақсаттарды қойса, ол еріксіз сәттілікпен сәтсіздікке соқтығады. Мұндай уайымдар өте ауыр және олардан қашу үшін, ол өзіннің өзіндік бағасын төмендете отырып реттеу керек, немесе ең алдымен өз-өзіне бұл басқа адамдардың әділетсіздігінің әсерінен кездейсоқ пайда болды деп, сәтсіздікті қалайда қамтамасыз ету керек; ерекше күрделі жағдайларда ол өзіндік сәтсіздікті шеттетіп, байқамауға тырысады. Көбінесе бұл өзі үшін ерекше қорғаныс механизмдерінің әсерінен санадан тыс жүреді. Өз өзін төмен бағалау кезінде, тез жүзеге асатын мақсаттарға жетуде перспективті даму зонасы жоғалады.

Бірақ мынаны түсіну маңызды, жоғары немесе төмен өзіндік баға жайлы нәтижелері қандай да бір үлгімен, эталонмен анықталатын, тек нақты қандай да бір іс- әрекетке қатысты айтуға болады.

Тұлғаның дамуы үшін оптималды болып өзіндік сыйласымның, жалпы өзіндік бағаның жоғары деңгейі табылады. Өзіндік сыйласым деңгейі жоғары адам–бұл өзіндік намысы бар, өз-өзіне сенімді, өзін басқалар арқылы жүзеге асырмайтын, өзіндік мүмкіндіктері мен талпыныстарын жүзеге асыру арқылы нақтылайтын адам.

Керісінше, өзіндік сыйласымныі төмен деңгейі, өзіндік кемшіліктің сезімімен, өзіндік махаббаттың ауырлығымен, өзін басқалар арғылы нақтылауға талпыныспен сипатталады. Төмен деңгейлі өзіндік көрінісі бар адамдар көбінесе қоршаған ортаның түкке тұрғысыз қалжыңын ауыр қабылдап, және олардың сынын одан да тіке қабылдайды. Олар түкке тұрмайтын өкпеге, тайталасқа бейім болады. Олар үшін басқа адамдардың алдында өз тұрақсыздықтарын көрсету үнемі қорқыныш туғызады.

Әдістемені жүргізгеннен кейін, алған мәліметтердің нәтижесін кестеге орналастырдық.



2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі

1. Л.Г. Почебуттың "Мәдени құндылық бағдар" атты әдістемесінің негізіне мәдениеттің үш типі жайлы көрініс енгізілген .



  1. тип дәстүрлі мәдениет (ДМ)

  2. тип қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ)

  3. тип динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)

1-кесте Моноэтностық және полиэтностық топтағы қазақ студенттерінің мәдени құндылық бағдарларының салыстырмалы көрсеткіштер

Р/с

Типтер

Моноэтностық топтағы қазақтар

Полиэтностық топтағы қазақтар

1

Дәстүрлі мәдениет (ДМ)

75 %

55 %

2

Қазіргі заман мәдениет (ҚЗМ)

62 %

60 %

3

Динамикалық дамып жатқан мәдениет (ДДМ)

55 %

57 %

Сонымен, біз эксперименттің нәтижесінде моно және полиэтностық ортадағы мәдени құндылық бағдардың ерекшелігінің нәтижесін көрсеттік. Алынған мәліметтерден мынадай қорытындылар шығып отыр. Дәстүрлі мәдениетке қазақ ұлты 75 % балл берсе, ал полиэтностық ортадағы топтар 55 % балл берген.

Қазіргі заманның тез ағымы өмір салты мен дәстүрлерді де өзгеріске ұшыратуда. Аса көрнекті көрінбегенімен соңғы жылдары қазақ қауымының арасында шетел мәдениетіне еліктеу жүріп жатыр. Шыққан нәтижелерде осы әсердің полиэтностық топтарға емес, керісінше қазақ халқына әсер бар екендігін көріп отырмыз. Келесі типтің нәтижесіне тоқталып болсақ жоғарыда айтылып кеткен ойымызға дәлел табамыз, өйткені пайыздық жағынан "Қазіргі заман мәдениеті" қазақтар арасында үлкен орынды алып отыр, ал полиэтностық топ өкілдеріне керісінше төмен. Мұндай динамиканы басқа жағынан түсіндіруге болады. Сандық құрамы аз халықтар өз этносының ерекшелігін сақтау мақсатымен көбінесе өзіндік салт-дәстүр мәдениетке жақын жүреді Сондықтан да Қазақстандағы полиэтностық топ өкілдерінің көрсеткіші осындай нәтижелер көрсетіп отыр . Соңғы типтің көрсеткіштерінің айырмасы аса көрнекті емес, яғни динамикалық дамып жатқан мәдениет әсері әлі толық біздің елімізге толық ене қойған жоқ. Оның әсері болашақ уақыттарда сезілуі мүмкін. Өйткені бұл тип шетел халқының өмір салтына жақын келеді.

Біздің мемлекетіміз ондай даму қарқынына әлі жете қойған жоқ. Сондықтан оның белсенділігі де төмен. Осындай ауытқу кезеңдерінде тұлғаның өзіндік қатынасының деңгейі де жалпы этностық "Менге" әсері туралы сұрақ туындайды.

Зерттеу нәтижелерінің көрнекілігін қамтамасыз ету мақсатында алынған мәліметтерді "Мәдениет типтері" гистограммасына орналастырамыз.




Зерттеудің келесі кезеңінде топтағы нормалық қалауларды анықтау үшін О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесін алдық. Берілген тест индивидтің әртүрлі нормалардың қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтерде нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Комуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтың әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.

Кесте 2 Моно және полиэтностық топтағы қазақ студенттерінің нормативті қалауларының салыстырмалы көрсеткіштері.




№ Р/Р

Нормативті қалаулар

Моноэтностық топтағы қазақтар

Полиэтностық топтағы қазақтар

1

Іскерлік қалаулар сферасы

47,3 %

53 %

2

Коммуникациялық қалау

45,4 %

42,3 %

3

Шынайылық шкаласы

19,2 %

18,5 %


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет