Мазмұны түсінік хаты



бет1/78
Дата06.09.2024
өлшемі6.35 Mb.
#503432
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Қазақ әдебиеті тапсырмалар (2) (копия)









МАЗМҰНЫ

Түсінік хаты

4 бет

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

5 бет

Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының топтарына жіктелуі

6 бет







І бөлім. Өлең-сөздің патшасы



14 бет

ІІ бөлім. Прозадағы көркем ой

25 бет

ІІІ бөлім. Аңызбен өрілген көркем сөз



36 бет

ІҮ бөлім. Заман, дәуір тұлғасы

40 бет

Ү бөлім. Тарихтың шертіп пернесін



45 бет



ҮІ бөлім. Пайым мен парасат

76 бет



ҮІІ бөлім. Ғасырлық туынды

90 бет



ҮІІІбөлім. Әдебиеттегі сын-сарын



Тапсырмалардың үлгілері мен бағалау парақтары


Эссе жазу талаптары

109 бет
134 бет


158 бет



Глоссарий 159 бет


Түсінік хаты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Қазақ әдебиеті» пәнін баллдық-рейтингтік бағалау аясындағы оқу құралы жаңартылған үлгілік оқу бағдарламасына сай жазылған.


Тапсырмалар жинағы 8 бөлім бойынша (Қалың елім, қазағым, Прозадағы көркем ой, Аңызбен өрілген көркем сөз, Заман, дәуір тұлғасы, Тарихтың шертіп пернесін, Пайым мен парасат, Ғасырлық туынды, Әдебиеттегі сын-сарын) әзірленді. Білім алушылардың жетістіктерін қамтамсыз ету үшін меңгерілетін оқыту нәтижелері мен олардың бағалау критерийлеріне сай құрылған.
Аталмыш құралда «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, оқу үдерісін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері, оқыту нәтижелері және бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының топтарына жіктелуі, тапсырмалардың үлгілері, бағалау парағы берілген.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқытушыларына көмекші құрал ретінде қолдануға арналған.


«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.


Оқыту міндеттері:

  • Білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

  • Мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын әдебиеттің ғасырлар бойы жасаған өнердің бір түрі, тіл өнері арқылы бағалауды жетілдіру;

  • Қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтеуге баулу, бағалау;

  • Заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес жазба және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту және дүниетанымын жетілдіру.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу бағдарламаларын құруда төмендегідей құқықтары бар:

  • оқытудың әртүрлі технологияларын, түрін, ұйымдастыру әдістері мен оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдауға;

  • оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген сағат көлемінен);

  • нақты дәлелдер мен фактілерге негіздей отырып, пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгертуге.

Қазақ әдебиеті пәні «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География», «Биология» пәндерімен байланыстыра отырып, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдени-эстетикалық деңгейін көтеруге ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыс арқылы білім алушы өзінің ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.
Әдебиет сұлулықты, талғампаздықты суреттейді. Сондықтан эстетика, өнермен (STEAM) байланысты болады. STEAM-білім беруде өнердің түрлі бағыттарын қарауға болады: жеке түрлері ретінде – кескіндеме, архитектура, мүсін өнері, графика, музыка, әдебиет және поэзия, сол сияқты синтетикалық түрлері – театр, хореография, балет, кино, дизайн.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет