«Медбикелік іс» мамандығы 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» біліктілігі бойынша


Алдын алуы. Бруцеллездан сақтануда -санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды орын алады (соның ішінде сүтті пастеризациялау). 3.Күйдіргі



бет22/97
Дата01.03.2024
өлшемі315.93 Kb.
#493646
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97
«Микробиология және вирусология» пәнінен ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Алдын алуы. Бруцеллездан сақтануда -санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды орын алады (соның ішінде сүтті пастеризациялау).

3.Күйдіргі немесе түйнеме - Bacillus anthracis тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, тері мен лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталады. Күйдіргі қоздырғышы Bacillus anthracis-ті 1876 жылы Р.Кох ашты.


Морфологиясы.Тізбектеліп орналасқан, грам – оң, ірі, қозғалмайтын, спора түзетін таяқшалар. Спора таяқша ортасында орналасады, мөлшері микроб жасушасының диаметрінен аспайды. Иесінің ағзасында қоздыоғыш капсула түзеді. Капсуласы шіріту микрофлораның әсеріне тұрақты, сондықтан шіріген мәйіттен дайындаған жағындыда бос капсулаларды анықтауға болады. Жағындыда капсуланы анықтау үшін Леффлер әдісімен метилен көмегімен бояйды. Күйдіргі бациллаларының споралары сопақша, тірі ағзада және ашылмаған мәйітте споралар түзе алмайды. Спора түзу үшін бос оттегі мен арнайы температура (12-14 0 С) қажет. Қоздырғыштың қоршаған ортаға жоғары сезімталдығын қамтамасыз ететін фактор – спора түзу қабілеті; суда споралар 10 жылға дейін, топырақта – 30 жылдан артық уақыт сақталына алады.
Дақылдандыру. Күйдіргі микробы – факультативті анаэроб, қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, оптимальды өсу температурасы 34-37 0С, орта pH 7,2-7,5. Тәулік бойы инкубациялағаннан кейін ЕПА-да немесе Хоттингер агарында ірі, кедір бұдыр, шеттері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар, R- пішінді колониялар түзеді. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда, медузаның басы немесе арыстанның жалына ұқсайды. Бацилланың R- пішіні вирулентті штамдарына тән болып келеді. Сұйық қоректік орталарда мақта түйіршігі секілді өседі, сілкіген кезде ыдырап кетпейді де орта мөлдір түрінде қалады. Пенициллин қосылған қоректік орталарда 3-6 сағат инкубациялағаннан кейін бациллалар сферопласттарға айналып, тізбектеліп орналасады. Жағындыда маржан алқасына ұқсас болып орналасады.
Ферменттік белсенділігі.Глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтозаны қышқылға дейін және крахмал мен инулинді ыдыратады. Протеолиттік және липолитикалық белсенділікке ие. Крахмалды гидролиздейді, ацетилметилкарбинол түзеді. 10-12% етпептонды желатинді ортаға шаншу әдісімен егіп, 2-3 күн 22 0 С инкубациялағаннан кейін, шаншу жолында төменге қарай бірітіндеп кішірейген ақ жолақтар түрінде өскен (төңкерілген шырша) колониялар көрінеді; Топырақтағы бациллалармен салыстырғанда түйнеме бацилласы фосфаттарды ыдыраипайды, баяу және аздап сарыуызды сұйық қоректік ортаны коагуляциялайды 5-7 тәулікте 370 С, ал басқа бациллалар 6-10 сағатта ыдырайды. Сүтті 3-5 тәулікте ұйытады, содан кейін бәсеңдеп пептонизациялайды және ыдыратады, нәтижесінде аммиак бөлініп қоңыр пигмент жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет