Диастаза - амилазаны қараңыз.
Диплобактериялар - белгілі бір туысқа жататын, клеткалары қос-костан орна-
ласқан шар тәрізді бактериялар.
Диплококкалар- клеткалары қос-қостан орналасқан шар тәрізді бактериялар.
Диссимиляция- тірі клеткадағы органикалық заттардың су мен көмір қышқыл газына дейін ыдырауы. Кез келген тірі организмге тән биологиялық құбылыс.
Жалған аяқтылар - бір клеткалы қарапайым организмдердегі (амёба) қозғалу мүшесі. Ж. а. уақытша пайда болатын дене есінділері.
Жіпшелер - микроорганизмдер қозғалуына кажетті органоидтар. Олар момо трихты, лофотрихты және перитрихты болып бөлінеді.
Жіпше бактериялар - немесе оларды десмобактериялар деп атайды. Жіп тәрізді ұзын, клеткасының бір ұшымен мекендейтін жерге бекіп тіршілік ететін кәп клеткалы микроорганизмдер. Оларға темір және кейбір күкірт бактериялары жатады. Қөбінесе суда тіршілік етеді
Зигота- балдырларда, саңыраукүлақтарда, кейбір қарапайымдыларда жыныстық жолмен пайда болған қалың қабықты козғалмайтын клетка.
Зимаза- ашытқылар клеткасында кездесетін, спирт ашу процесі кезінде углеводтарды ыдыратуға қатысатын ферменттер тобы.
Зооглея- желім тәріздес шырыштар бөліп онымен клетка сыртында капсула құрайтын бактериялардың колониялары.
Зооспора-көптеген балдырларда және кейбір микроскоптық саңырауқұлақтардың кебеюі барысында жыныссыз жолмен пайда болатын клеткалар
Изоантигендер- бір организмді басқа организмнен ажырататын антигендер.
Иммунитет - жұқпалы ауруларға организмнің қарсы түрарлық қасиеті. Бүнда әрбір әрекет етуші затқа қарсы организмде тиісті өзіндік иммунитет пайда болады.
Иммунизация - организмге жасанды түрде антиген енгізуді айтамыз. Имунитеттің кері құрылуына әкеледі.
Иммуноглобулиндер- антигендерге қарсы бағытталған маңызды қорғаныс факторлары, Иммуноглобулиндерге келесі қасиеттер тән: Спецификалық – иммуноглобулиндердің арнайы антигенге ғана жауап беруі, Антигендік детеминанттардың болуына байланысты. Валенттілік –антиденелердін бір молекулесындағы антидетерминанттардың саңы; олар бивалентті 5 және 10 валентті антиденелер.
Иммуноциттер - иммунитет жүйесінің торшалары. Морфологиялық және функционалдық ерекшеліктері жағынан 5 класқа бөлінеді. Иммуноциттер деп көбінесе мыналарды атайды: 1) антигенмен кездескенде иммунологиялық тән қасиет білдіретін иммунды жетік лимфоидты торшалар. 2) антигеннің ықпалымен иммунды жетік торшаға ауысқан кіші лимфоцит
Иммуногез - иммунитет құрылу процесі. Екі сатыдан - индуктивті (бастама) және продуктивті (туынды) - тұрады. Бастама сатысына антигенді еккен кезден бастап, оның иммунды жауапты торшаларды тану, Т және В лимфоциттермен қарым-қатынасқа түсу, В-лимфоциттердің әр түрге бөліне бастау процестері кіреді. Ал туынды сатысында лимфоид торшалары бөлінеді, плазмациттер құрылады, антиденелер түзіледі.
Инверсия– хромосомалық өзгерістің бір түрі, яғни хромосомадағы гендер бөліктерінің 180°С-қа “төңкеріліп аударылуы” нәтижесіндегі өзгеру процесі. Инверсия кезінде хромосоманың саны да, ондағы гендер саны да өзгермейді.
Ингибиторлар(латынша іnhіbeo – тоқтату, тежеу) – зиянды химиялық реакцияларды (металдардың коррозияға ұшырауын, жағар май, тамақ өнімдерінің тотығуын), тірі организмдегі ферменттер активтігін, өсімдіктердің өсуін тежейтін табиғи және синтетикалық заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |