Үрістемұлы Көпжасар/1957/—домбырашы. МХр, өлгий
қаласында дүниеге келген. Баян-өлгий аймағы музыкалық
мәдениетінің білгірі. 1990 жылы Құрманғазы атындағы Ал-
маты консерваториясын белгілі домбырашы Жайымов Айт-
қа
лидың класында оқып бітірді. Көпжасар домбыра тарту
өне рін Баян-өлгий аймағына аты жайылған дәулескер домбы-
рашы Дәуітбайұлы Сәнияздан үйренген. Ал Сәнияздың әкесі
Дәуітбай /1968-1937/ болса шығыс өңірімізге есімі әйгілі
күйші-композитор.
Көпжасар үрістемұлы Қазақстанның шығыс өңіріндегі, әсі-
ресе Баян-өлгий аймағындағы күйлерді нәшіне келтіре тартып,
аңыз әңгімесін тарата айтатын зерделі домбырашы.
Хасенов Әбікен /1897-1958/—қазақтың күйші-дом бы ра-
шы сы, шертпе күйдің шебері, актер, Қазақстанның еңбегі сің-
ген артисі (1945). Қазіргі Қарағанды облысы, Шет ауданын-
да туылған. Домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен,
немере ағасы Мақаш Садуақасұлы және Ақмолда Дүйсенұлы
болды. Кейіннен ол белгілі күйші-домбырашылар Баубекпен
Қыздарбектен Тәттімбеттің күйлерін үйренеді. 1934 жылдан
қазіргі Қазақ академиялық драма театрында қызмет етті. Со-
нымен қатар ол Тәттімбеттің «Сарыжайлау», «Көкейкесті»,
«Сылқылдак», «Бес төре», «Азамат», «Қос-басар» (бірнеше тү-
рі) т.б. туындылары күйтабаққа түсірілді. оның өзі шығарған
«Қоңыр» атты күйі бар.
ХасеновӘбікен /1897-1958/—домбырашы. Қарағанды об-
лысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы деген жерде дүниеге
келді. Домбыраны 7-8 жасынан ойнай бастады. оның алғашқы
ұстаздары—туыстары, домбырашылар Мақаш пен Ақмолда
өздерімен ілестіріп жүріп, өнерге баулыды. Әбікен Арқада аты
шыққан Әбді, Баубек, Қыздарбек күйшілермен кездесіп, күй
үйренді, олардан бата алды. 1934 жылы Сәкен Сейфуллиннің
айтуымен Алматыға шақырылып, қазақ драма театрына орна-
ласты. ол өмірінің соңына дейін осы театрда актерлік қызмет
атқарды.
Әбікен—Арқа күйлерін өте шебер орындайтын күйшілер дің
бірі болды. ол орындаған шертпе күйлер мәдениетіміздің ал тын
404
күй аңыздар
қорына айналып, көпшілігі халық аспаптары оркестрі мен же-
ке орындаушылардың негізгі репертуарына енді.