298
299
күй және күйшілер туралы аңыздар
Ал Динаға
Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын
еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны
Нұрпейістің үйіне
ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс
болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз ауылын
сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті
әкесі-
нің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істеге нін
(домбырашы болғанын) қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат ауы-
рады да өліп қалады. Дина өзінің
бақытты жастығының тіл сіз
куәсіндей Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған ар-
нап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін
ерекше жақ-
сы көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі...
312. Композитор Дина мен өнерпаздар
Ертеректе
белгілі ақын, өнер иесі Динаның үйіне екі-үш жас
жігіттер келіпті. ойлары Динаның алдында күй тартып, өнер
сайыспақ. Аман-саулықтан кейін Динаның ілулі тұрған домбы-
расын алып тартуға лұқсат сұрапты. Дина:
—Алыңыз, жаным, тартыңыз!—деп ризашылық білдіріпті.
Қайткенде де, өнер адамының жаңалыққа жаны құмар емес пе?
Сонда жігіттер бар өнерін салып екі-үш күй тартыпты. Ке зек
Динаға келгенде Дина сол күйлерді қайта тартып беріпті. Ша-
масы орындау
техникасы шебер болса керек, жігіттер Дина дан:
«Не күй тарттыңыз?»—деп сұрапты. Сонда Дина:
—Ал, сендердің тартқандарың қандай күй?—деп қайтара
сұрағанда, жігіттер:
—Біздің тартқанымыз «Бозмұнай», «Бозшолақ» деген күй-
лер!—депті. Дина:
—Сендердің тартқандарың «Бозшолақ» болса, менің тарт-
қаным «өз шолағым» деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: