Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965, 89-



Pdf көрінісі
бет74/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Лосев А.Ф., Шестаков В.П. История эстетических категории. М., 1965, 89-
бет).
Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын 
мəселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек 
теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты 
ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын "таза 
суға" шығарып, күмəнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті 
барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды 
болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. Тек қайырымдылық пен 
адамға қызмет ететін нəрсе ғана нағыз құндылық болып табылады. 
Құндылықтар əлемі – сөздің кең мағынасында мəдениет əлемі, адамның 
рухани əрекетінің саласы, тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін 
оның адамгершілік санасының, басымдылықтарының саласы. Әрбір 
мəдениеттің өз құндылықтар кешені бар. Құндылықтар адам болмысының 
əртүрлі формаларына деген қатынасты білдіретін адамзат мəдениеті болып 
табылады. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік 
насихаттарға, еркек пен əйел арасындағы байланысқа, адам өмірінің мəніне 
деген бағалаушы қатынас. Құндылықтар – материалдық жəне рухани 
қажеттіліктерді өтеу процесіндегі қалыпты нəрселер. Қалыпты мəнге 
қайырымдылық, сұлулық, əділеттілік идеалдары ие болуы мүмкін. 
Құндылықтар дүниетанымның ықпалымен қалыптасады, өйткені адам 
əрқашан өзінің əлеуметтік тəжірибесі барысында əр алуан көзқарастарды 
біріктіруге ұмтылады. Біз құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан 
өзгерістер дəуірінде өмір сүріп отырмыз. Құндылықтардың алмасу процесі 
əдетте ұзаққа созылады. Құндылықтық бағдарлар, идеалдар жаңа мəнге ие бола 
отырып, қайта түлеуі мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда мəдениеттің өз нормалар, 


214 
рəміздер, стандарттар қоры бар. Алайда мұнан адамзаттың рухани тарихында 
тек бір идеалдар ғана үнемі қайталанып келіп отырады деген ой туындамауы 
тиіс. Мəдениет, əрине өркениетті, өйткені ол үнемі белгілі бір құндылықтық 
бағдарларды өндіріп отырады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген 
əдет-ғұрыптардың, нормалар мен мағыналардың қызметін өзіне бағындыра 
отырып, оны реттейді. Құндылықтар адамға қоршаған нақтылықты тануға 
мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрып отырады. 
Әлемнің барлық алуан түрлілігінің құндылықтық сипаттамаларының 
бастаулары қайырымдылық, өмір, сұлулық болып табылады.
Заттар мен құбылыстардың сипаттамалары табиғаттағы, қоғамдағы, 
адамдағы процестердің бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. 
Адамның өз өмірлік əлеміне деген қатынасын өзіндік тиесілік пен өзіндік 
бекітілудің құндылықтық құрылымы айқындайды. Адамдардың, дəуірлердің, 
мəдениеттердің, адам қоғамдарының арасында қаншалықты айырмашылық 
болғанымен, олардың барлығы құндылықты-мəнді диспозициялардың 
жекелеген жағдайларынан туындайды жəне оны өз бойында тасымалдайды. Бұл 
ментальдылықтың барлық деңгейлерінен көрінеді: жеке тұлғалық жəне
ұжымдық бейсаналылықтан дүниетаным жүйелерінің ішкі мəнді ұйымдасқан 
күрделілігі мен институционалданған этностық нормалар мен ерекшеліктеріне 
дейін. 
Құндылықтар 
мəселесі 
қоғамның 
идеологиялық 
тұғырлары 
дискредитацияға ұшырап, мəдени дəстүрлері құнсызданған кезде, əрбір халық 
өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін 
өзінің өткен тарихы мен мəдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі
дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылады. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда 
"аномия" түсінігі қалыптасты. Бұл өмірлік идеалдар түбірімен өзгеріп, 
қалыптасқан құндылықтар жүйесі қайта пайымдалатын өзгермелі ахуалда 
сананың шарасыздық жағдайын білдіретін түсінік. Бұл тек жекелеген адам үшін 
ғана емес, бүкіл қоғамға да ауыр сын. Афины демократиясының дағдарысы 
Сократқа мынадай сұрақты қоюға мəжбүр етті: "Игілік дегеніміз не?" Бұл 
жалпы құндылықтық теорияның негізгі сұрағы болып табылады. Антикалық 
жəне ортағасырлық философияда ойшылдар құндылықтық сипаттамаларды, 
дəлірек айтқанда этикалық, эстетикалық, діни сипаттамаларды нақтылық
шынайы болмыс ұғымының өзіне енгізді. Бұл ежелгі заманнан бүгінгі күнге 
дейін ойшылдарды мазалап келген сұрақтардың бірі. Бір қарағанда бəрі 
түсінікті сияқты. Құндылық бұл құнды нəрсе. Алайда, адам үшін не құнды 
жəне неге құнды? Кейде біреу үшін құнды нəрсе өзгелер үшін құнсыз болатын 
кездері де кездеседі. Бірақ онымен ешкімнің келіскісі келмейді жəне
əрқайсысы өзі үшін құнды нəрсені нағыз құндылық деп есептейді. Кімдікі 
дұрыс?
Бұл мəселені құндылықтар теориясы немесе аксиология (грек тілінде 
"axіa" құндылық жəне "logos" – ілім) шешуге ұмтылады. Аксиология
құндылықтардың жаратылысы туралы, оның нақтылықтағы орны мен 
құндылықтық əлемдегі құрылымы туралы, яғни əлеуметтік жəне мəдени 
факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы əртүрлі құндылықтардың 


215 
байланысы туралы ілім. Философиялық білімнің арнайы бөлімі ретінде 
аксиология XІX ғасырдың екінші жартысында ғана қалыптасты.
Құндылықтар проблематикасы ежелгі Шығыс жəне антикалық 
философияларда қарастырылғанымен "аксиология" терминін тұңғыш рет 
Э.Гартман қолданды. Ойшылдар үнемі сұлулық, береке, қайырымдылық жəне 
т.б. түсініктердің мəнін ұғынуға ұмтылды, кейінірек мұның бəрі "құндылық" 
ұғымына біріктірілді. Философия тарихында "игілік деген не?" деген сұрақты 
алғаш қойғандардың бірі Платон. Ол болмысты "заттар əлеміне" жəне "идеялар 
əлеміне" бөле отырып, заттар əлемінде ақиқат, əсемдік, əділеттілік жəне т.б. 
жоғары игіліктерге сəйкес келетіндей ешнəрсе жоқ деп есептейді. Жəне сыртқы 
əлемнің өткіншілігі мен салыстырмалылығын ескере отырып адамдардағы 
ақиқат, əсемдік т.б. ұғымдарды уақыттан тыс, мəңгі идеялар кеңістігіне 
орналастырды. "Егер кім əсемдікті дұрыс пайымдаса, ол бұл жолдың ақырына 
жетіп, тосыннан жаратылысы жағынан таңқаларлықтай əсем нəрсені көреді... 
бұл нəрсе, ең алдымен мəңгі, яғни ол туылуды да, күйреуді де, өсуді де, шөгуді 
де білмейді, екіншіден ол ешбір жағынан тұрпайы болмайды, қашан да, қай 
жерде де өзгелермен салыстырғанда əдемі, ал басқа уақытта, басқа жерде 
өзгелермен салыстырғанда тұрпайы. Әсемдік – бұл бет, қол немесе қандай да 
бір дене бөлігі түрінде емес, қандай да бір сөз немесе білім түрінде емес өзінен-
өзі əрқашан да өзінде тұтас бейне ретінде көрінеді: əсемдіктің өзге түрлерінің 
барлығы оған қатысында туылатын жəне күйрейтін болса, ал ол артып та, кеміп 
те кетпейді, ешқандай ықпалды сезінбейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет