Медицина ғылымын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы №485 бұйрығы


Медициналық ғылымды 2020 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі437.49 Kb.
#175257
1   2   3


Медициналық ғылымды 2020 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 




Іс-шараның атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауаптылар

1-міндет. Ғылыми-инновациялық үдерістің барлық деңгейлерінде менеджментті жетілдіру

1.

Ғылыми және инновациялық қызметтің көрсеткіштері бойынша медициналық ғылым ұйымдарын және медициналық ЖОО-ды рейтингілік бағалаудың тиімді жүйесін енгізу

2013 жылғы

3 тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ,

ДСДРО


2.

Ғылыми және инновациялық қызметтің көрсеткіштері бойынша медициналық ғылым ұйымдарын жыл сайынғы саралау (жарты жылдық және жыл қорытындылары бойынша)

2013 жылғы шілде, қаңтар

Рейтингілік кесте

ҚР ДСМ, ДСДРО

3.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің басымдылықтарын айқындау жүйесін әзірлеу

2013 жылғы 3-4 тоқсан

Әдістемелік ұсынымдар

ҚР ДСМ, ДСДРО

4.

Ғылыми жобаларды іске асыру, ғылыми зерттемелердің нәтижелерін коммерциялау және практикалық денсаулық сақтауға енгізуді мониторингілеу тетіктерін қоса алғанда, денсаулық сақтау секторында ғылымды басқару бойынша нұсқауды әзірлеу

2013 жылғы

4 тоқсан


Әдістемелік ұсынымдар

ҚР ДСМ, ДСДРО

5.

Медициналық және фармацевтикалық ғылымды қаржыландырудың баламалы көздерін жұмылдыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу

2013 жылғы

4 тоқсан


Әдістемелік ұсынымдар

ҚР ДСМ, ДСДРО

6.

Орталық және жергілікті этикалық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және басқару бойынша ұсынымдарды әзірлеу

2013 жылғы

4 тоқсан


Әдістемелік ұсынымдар

ҚР ДСМ, ДСДРО

7.

Этикалық комиссияларды аккредиттеу регламентін әзірлеу және бекіту

2014 жылғы

4 тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

8.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің басымдылықтарын бекіту (әрбір 5 жылға)

2014 жыл,

2019 жыл қаңтар



ҚР ДСМ ғылыми кеңесінің шешімі

ҚР ДСМ, ДСДРО

9.

ҚР медициналық және фармацевтикалық білімінің және денсаулық сақтаудағы инновациялардың жағдайы бойынша жыл сайынғы аналитикалық жинақты дайындау және шығару (ғаламтор ресурстарында)

2014 жылғы ақпаннан бастап

жинақ

ҚР ДСМ, ДСДРО

10.

Этикалық сараптаманың жалпыға міндетті рәсімін енгізу және орталық пен жергілікті этикалық комиссиялардың рөлін күшейту бөлігінде ғылым саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру:

 

 

 

- НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ҚР БҒМ ұсыныс енгізу;

2014 жыл

ҚР БҒМ-не ұсыныс

ҚР ДСМ, ДСДРО

- салалық деңгейдегі НҚА өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2014-2015 жылдар

ҚР ДСМ бұйрықтары

ҚР ДСМ, ДСДРО

11.

ҒЗИ, ҒО және ЖОО-дың зерттеу зертханаларының халықаралық сапа стандарттарына және (немесе) GLP талаптарына сәйкес келуіне аттестаттау (2016 жылға дейін зертханалар ұйымдардың кем дегенде 20%-да, 2020 жылға дейін - ұйымдардың кем дегенде 60%-да)

2014 жылдан бастап

Ақпарат (жылына 2 рет) сәйкес келу сертификаты

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

12.

Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру үшін жеке инвестицияларды жұмылдыру, оның ішінде елде әрекет ететін МЖМӘ тетіктері арқылы

2014 жылдан бастап

Ақпарат (жылына 2 рет)

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

13.

Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүргізу үшін база ретінде ғылыми ұйымдарды және денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу қағидасын әзірлеу және бекіту

2014 жылғы

4 тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

14.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық зерттемелер жөніндегі обсерваторияны құру

2015 жылғы

1 тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

15.

Медициналық ғылыми ұйымдардың, ЖОО-дың және басқа денсаулық сақтау ұйымдарының базасында қызмет ететін этикалық комиссиялардың міндетті аккредиттеу рәсімінен өтуі

2015 жылдан бастап тұрақты

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

16.

Медициналық ғылым ұйымдарында және ЖОО-да «Коммерциялау кеңселерін» құру

2015 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

17.

Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерді жүргізу үшін база ретінде ғылыми ұйымдарды және денсаулық сақтау ұйымдарын ұлттық аккредиттеу рәсімін енгізу

2015 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҚР ДСМ, ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

18.

Ғылыми зерттемелерді және инновациялық жобаларды коммерциялаудан алынған қаражаттың есебінен ҒЗИ, ҒО және ЖОО-да ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру және өз бетімен қаржыландыру тәжірибесін дамыту

2016 жылдан бастап

Ақпарат (жылына 1 рет)

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

19.

Клиникаға дейінгі клиникалық базалардың тізбесіне енгізілген ұйымдардың аккредиттеу рәсімімен белгіленген талаптарға сәйкес келуін үнемі бақылауды қамтамасыз ету

2017 жылдан бастап

Тексеріс туралы есеп

ҚР ДСМ

20.

Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге жіберу үшін міндетті рәсім ретінде GLP және GCP стандарттары бойынша денсаулық сақтау жүйесінің мамандарын тәуелсіз сертификаттауды енгізу

2018 жылдан бастап

ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

2-міндет. Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және инновациялық инфрақұрылымын дамыту

21.

ҒЗИ, ҒО және ЖОО-да ғылыми үдерісті әдістемелік және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бөлімшелердің үлгілік ережелерін және құрылымын, жұмыс алгоритмдерін әзірлеу

2013 жылғы

3 тоқсан


Әдістемелік ұсынымдар

ДСДРО

22.

Ғылыми ұйымдардың және ЖОО-дың, ғылыми ұжымдардың және зерттеушілердің әлемдік ғылыми-техникалық ақпараттың жетекші провайдерлерінің электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатын қамтамасыз егу (Thomson Reuters, Springer, Elsevier, Scienceonline, Thieme, Euromonitor, ProQuest, GStor, IEEE, Oxford University Press, Cambridge University Press және басқа)

Үнемі

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

23.

Биомедициналық зерттеулер саласында ақпараттық веб-порталды қалыптастыру

2014 жыл

Іске асыру туралы ақпарат

ҚР ДСМ, ДСДРО

24.

Денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми қызметкерлерінің және инновациялық белсенді мамандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру

2015 жылдан бастап

ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

25.

Денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулердің және инновациялық жетістіктердің дерекқорын қалыптастыру

2015 жылдан бастап

ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

26.

Ұлттық және өңірлік деңгейде құрылатын инновациялық кластерлердің, технологиялық және ғылыми парктердің, бизнес-инкубаторлардың және старт-аптардың жұмысына ғылыми ұйымдарды және ЖОО-ды енгізу

2015 жылдан бастап

Ақпарат (жылына 2 рет)

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

27.

Биостатистиканы, биоэтиканы және дәлелді медицинаны қоса алғанда, биомедициналық ғылыми зерттеулердің әдістемесі мәселелері бойынша республикалық ғылыми-практикалық мерзімдік журналын шығару

2016 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҚР ДСМ, ДСДРО

28.

Биомедициналық ғылыми зерттеулер жүргізу, медицинаның қазіргі заманғы жетістіктерін енгізу орталықтары ретінде университеттік клиникаларды дамыту

2017 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ЖОО-дар

29.

Отандық медициналық ЖОО-дың зерттеу университеті мәртебесін алуы

2019 жылға қарай

Іске асыру туралы ақпарат

ЖОО-дар

3-міндет. Ғылыми кадрларды даярлаудың сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту

30.

Магистратурада және PhD докторантурада даярлау бағыттарының санын арттырумен магистрлерді және PhD докторларын даярлаудың көлемін ұлғайту

2013 жылдан бастап

ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ЖОО-дар

31.

Магистрлерді және PhD докторларын даярлау бағдарламаларының, сондай-ақ ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының шеңберінде тиісті практика стандарттары бойынша (GCP, GLP, GCLP, QPBR және басқа) модульдерді әзірлеу және бекіту

2013 жылдан бастап

Жұмыс оқу бағдарламалары, іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

32.

ҒЗИ, ҒO және ЖОО-дағы студенттік ғылыми үйірмелер және жас ғалымдардың қоғамдастықтары желісін медициналық ЖОО-да әрі қарай дамыту және жетілдіру

2013 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ЖОО, ҒЗИ, ҒО

33.

Студенттерге және жас ғалымдарға арналған, оның ішінде он-лайн технологияларды белсенді пайдалану арқылы тұрақты ЖОО аралық конференцияларды жүргізу (халықаралық қатысумен)

Жыл сайын

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ЖОО, ҒЗИ, ҒО

34.

Ғылыми зерттеулер менеджерлерін және ғылыми зерттеулер әдістемесі, биоэтика және и биостатистика мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру

2013 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ДСДРО, ЖОО, ҒЗИ, ҒО

35.

Ұзақ мерзімді уақытқа денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми әлеуетін арттырудың стратегиясын (ұзақ мерзімді жоспарын) әзірлеу

2014 жылғы

1-2 тоқсан



ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

36.

Халықаралық стандарттарға сәйкес ЖОО-дан кейінгі кәсіби білім алуға мамандарды (докторанттар және магистранттар) іріктеу критерийлерін, тетіктерін және алгоритмдерін әзірлеу

2014 жылғы

2-3 тоқсан



Әдістемелік ұсынымдар

ДСДРО

37.

Ғылыми қызметкердің негізгі құзыреттерін дамыту арқылы ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз ететін үлгілік оқу бағдарламаларын және PhD магистратура және докторантура жоспарларын әзірлеу және енгізу

2014 жылғы

4 тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО, ЖОО

38.

Барлық деңгейлі ғылыми менеджерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың модульдік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу (ғылыми зерттеулер менеджменті, жобаларды басқару мәселелері бойынша)

2014 жылдан бастап

Жұмыс оқу бағдарламалары, іске асыру жөніндегі ақпарат

ДСДРО, ҚДЖМ, ЖОО, ҒЗИ, ҒO

39.

Ғылыми қызметкерлерге ғылыми қызмет нәтижелілігінің халықаралық танылған көрсеткіштеріне негізделген кейіптелген сараланған ақы төлеу жүйесін енгізу

2014 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ЖОО, ҒЗИ, ҒO

40.

Медициналық білімнің барлық деңгейлерінің ғылыми негізделген тәсілдерін қосу (Researched-based Learning, Project Based-Learning)

2014 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ЖОО, ҒЗИ, ҒO

41.

Дарынды ғалымдар, оның ішінде жас ғалымдар үшін салалық марапаттар және атақтар, стипендиялар және сыйақы жүйесін енгізу

2015 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ҚР ДСМ, ЖОО, ҒЗИ, ҒO

42.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық веб-портал қызметі шеңберінде қашықтықтан және электрондық оқу - e-learning бағдарламаларының кең спектрін әзірлеу және енгізу

2016 жылдан бастап

Іске асыру жөніндегі ақпарат

ҚР ДСМ, ДСДРО, ЖОО, ҒЗИ, ҒО

43.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура және докторантура бағдарламаларының шеңберінде ғылым саласындағы басқарушыларды дайындаудың мамандандырылған бағыттарын енгізу («Science in Research Administration», «Clinical Research Administration» және т.б. бағыттар)

2017 жылдан бастап

Жұмысшы оқу бағдарламалары, іске асыру туралы ақпарат

ЖОО-дар

44.

Отандық медициналық ғылым ұйымдарында және ЖОО-да пост-докторантура (Post-Doctoral Research Fellowship Programs) институтын енгізу

2018 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҚР ДСМ, ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

45.

Студенттер және жас ғалымдар үшін жоғары оқу орныішілік гранттарды және ғылыми стипендияларды бөлу жүйесін енгізу

2018 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ЖОО-дар

4-міндет. Практикалық денсаулық сақтауға ғылыми зерттемелерді және инновацияларды жоғарлатудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дүниежүзілік зерттеу кеңістік

46.

Ғылыми-медициналық сараптама, медициналық технологияларды бағалау және диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

2013 жылғы

2-4 тоқсан



ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ДСДРО

47.

Отандық зерттеушілердің ғылыми зерттемелерінің медициналық қызмет рыногына шығару практикасын одан әрі дамыту (МТБ өтумен)

Тұрақты

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

48.

Нақты ғылыми жобалардың және бағдарламалардың шеңберінде озық шетел ғылыми ұйымдарымен отындық ҒЗИ, ҒО және ЖОО ынтымақтасуды және дүниежүзілік әріптестікті дамыту

2013 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒO, ЖОО-дар

49.

Разработка и утверждение требований к проведению научных конференций с международным участием на территории РК

2014 жылғы

1-тоқсан


ҚР ДСМ бұйрығы

ҚР ДСМ, ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

50.

Денсаулық сақтау саласында трансляциялық зерттеулерді жүргізу жүйесін дамыту (ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы көздерінің және бюджеттен тыс қаражатты жұмылдыру шеңберінде)

2015 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

51.

Ғылыми басылымдардың халықаралық базасына денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ғылыми басылымдарды енгізу үшін жағдай жасау (Web of Science, Scopus, Web of Knowledge және т.б.)

2015 жылдан бастап

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

52.

Медициналық ғылым ұйымдарының жариялымдық белсенділіктің беделді әлемдік рейтингілеріне кіру (SciVerse Scopus және т.б.)

2017 жылға

Іске асыру туралы ақпарат

ҒЗИ, ҒО, ЖОО-дар

53.

1 қазақстандық ЖОО-ның білім беру мекемелерінің әлемдік рейтингтеріне кіру

2020 жылғы

Іске асыру туралы ақпарат

ЖОО-дар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет