Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Көзді күтудегі мейіркештік технологиясы



бет68/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

8.10. Көзді күтудегі мейіркештік технологиясы.
Халы нашар поциенттерде көздерінде әр түрлі жұғындар, кірпіктердің жабысуы жиі кездеседі. Сол себептен күнделікті көзді антисептикалық ерітінділермен сүртіп отырады.
Құрал-жабдықтар: лоток, пинцет, марлі шариктері, ундинкалар (көзді жуатын ыдыс) 1:2000 қатынастағы фурацилин ерітіндісі, вазилин майы, физиологиялық ерітіндісі, пипеткалар, резенке қолғап, дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар.

  1. Пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

  2. Пациентке процедура жасау мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз;

  3. Пациенттің көзіне қарап, баға беріңіз;

  4. Қолды жуып, резенке қолғап киіңіз;

  5. Жабдықтарды дайындаңыз;

  6. Бір мензуркаға вазилин майын, екінші мензуркаға фурацилин ерітіндісін құйыңыз;

  7. Пациентке марлі шарикті вазилин майына малыңыз, кішкене сығып дайындаңыз;

  8. Оң жақ қолына шарикті алып бір көзінің кірпіктерін сыртынан ішіне қарай сүртініз;

  9. Құрғақ шарикпен осы бағыт бойынша қайталап суртіңіз;

  10. Марлі шарикті фурацилин ерітіндісіне малыңыз, 4-5 рет көздің кірпіктерін өңдеңіз;

  11. Егер көздің бұрышында балшық болса онда:

А) сол жақ улкен саусақпен және екі саусақпен көзді ашыңыз, оң жақ қолымен физиологиялық ерітіндімен жуыныз;
Ә) құрғақ шарикпен сол бағытпен сүртіңіз;
Б) екінші көзді осы әдіспен өңдеңіз;
12. Резенке қолғапты шешіңіз, дезинфекциялық ерітіндіге салыныз;
13. Қолды жуып, құрғатыныз.
Көзге тамшыны тамызу мейіркештің технологиясы.
Көрсеткіштері:

  • Емдеу

  • Диагностика жүргізу

  • Әр түрлі манипуляциялардың алдында жансыздандыру.

Құрал-жабдықтар: тамшы, пипетка, мақта немесе марліленген шарик.

  • Пациентке түсіндіріп, келісімін алыңыз;

  • Иегін жоғары котеріңіз;

  • Басын жоғары шалқайтып ұстауын айтыңыз;

  • Резеңке қолғапты кейіңіз, пациентті отырғызыңыз;

  • Сол жақ қолының саусағымен төменгі кірпікті төмен қарай тартыңыз;

  • Пипеткамен төменгі кірпіктің ішкі шырышты қабатына 1-2 тамшы жіберіңіз;

  • Пациентке көзін жұмып мақта шаригін 3-5 минут ұстауың сұраңыз;

  • Қолды жуып құрғатыныз;

  • Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет