Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары



бет1/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары


3.2.3-ресурс
Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына 4 қосымшасына сәйкес әзірленеді және жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесіне енеді. Осы бұйрыққа сәйкес мектеп директорының қызмет бағыттары бойынша (оқу, тәрбие жұмысы, бейіндік оқыту, ақпараттық технологиялар жөніндегі) орынбасары оқу жылы басталғанға дейін бір рет мектепішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық нұсқада) әзірлейді және оны мектеп директоры бекітеді. Мектепішілік бақылау жоспары 6 бағыттан тұрады:



  1. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау;

  2. Оқу процесінің сапасын бақылау;

  3. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау;

  4. Оқу-зерттеу қызметі;

  5. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау;

  6. Тәрбие процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау.


І. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
Білім беру процесін басқаруды жүзеге асыру кезіндегі нормативтік-құқықтық құзыреттілік басқарушылық құзыреттілектің негізі болып табылады, өйткені оның функционалдық құрамдас бөлігі ұйымдық-басқару қызметі, ресурстарды басқару, педагогтар мен білім алушыларды басқару, ақпаратты басқару, қызметті басқару, сапаны басқару, материалдық–қаржылық қызметті басқару болсын қызметтің нормативтік–құқықтық аспектілеріне бағынады. Мектеп менеджменті кадрларды тиімді басқару үшін ғана емес, сондай-ақ қойылған мақсаттарға, міндеттерге, қабылданған шешімдерге қол жеткізуде олардың қызметін үйлестіру, олардың орындалуын бақылау мен талдауды ұйымдастыру үшін қажет. Білім беруде тез жүзеге асырылатын өзгерістер жағдайында олардың мәні мен сипатын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуін, білім беруді реттейтін заңнамалық базаның өзгеруін жақсы білу қажет.
Білім беру ұйымдары қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттар «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл құжаттарды мектеп әкімшілігі және педагогтер қағаз немесе электронды форматта толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет