«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


Тақырыбы: «Наурыз мейрамына дайындаламыз»



бет110/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Тақырыбы: «Наурыз мейрамына дайындаламыз»
Мақсаты: Балаларды мерекелік базарлық дайындауда, бөлмені безендіруге ат салысуға ынталандыру. Мәдениет көздеріне, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне баулу. Қазақстанда ересек адамдарға (оларды сыйлап, қадірлейді, олардың кеңестеріне құлақ түреді) және балаларға (оларға қамқорлық көрсетеді, қорғайды, еркелетеді) деген қарым-қатынас ерекше екені туралы білім беру. Ересектер мен балалар осы отбасылық мерекені ұнататыны және осы мерекеге дайындалатыны туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

1

15

Тақырыбы: «Үйде жалғыз қалу»
(жаттығу ойыны және бейнефильм)
Мақсаты: Балабақшада және үйде мінез – құлық қауіпсіздік негіздерімен таныстыру – ересектерсіз шығып кетпеу, ересектердің рұқсатынсыз электрқұрылғыларды және өткір заттарды ұстау, отпен ойнамау, бөтен адамға есікті ашпау. Өзінің денсаулығына деген қамқорлық қарым-қатынасты, балабақша мен үйде мінез-құлық қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру.

1

16

Тақырыбы: «Қуыршақ Айгүлдің жаңа үйге көшуі»
(дидактикалық ойын)
Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың, олар жасалған материалдарының сапасы, қасиеті және қолданысқа сай болуы туралы түсінігін жалпылау және жүйелеу. Жақын ортада орналасқан заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атау, топтай (жиһаз, ыдыс-аяқтар) білуін жетілдіру. Қазақ және өзге де халықтардың тұрмысындағы ыдыс-аяқтар мен жиһаз заттарын қолданысқа сай келуі бойынша қолдана білуін жетілдіру.

1

17

Тақырыбы: «Айгүлге серуенге шығуға көмектесейік»
(дидактикалық ойыны)
Мақсаты: Балалардың заттық ортада заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін кеңейту. Заттарды қарау және зерттеу, ажыратып, олардың көлемін, түсін, пішінін, бөлшектерін және бөлімдерін атай білуін жетілдіру, заттар тобын білдіретін ұғымдарды меңгеру (киімдер, аяқ киімдер). Заттарға деген қамқорлық дағдыларын, киім және аяқ киімді сақтау ережелерін қалыптастыру.

1

18



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет