Мектепте білім алу –бала µмірініњ мањызды кезењдерініњ бірі



бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі155 Kb.
#480939
  1   2   3   4   5
айкоо курсавой


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ………………………………………………………………………..…3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................................................6
1.1 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі туралы түсінік……………….…......6
1.2.Мұғалім әрекетіндегі педагогикалық шеберлік пен стилінің қалыптасуы……………………………………………………………………...…8
1.3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің резервті мүмкіндіктері….........14
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………...….19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………….......…20


КІРІСПЕ

Мектепте білім алу–бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады.Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады


Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы – оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері.Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін , тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.
Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру.Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің , мимиканың әдістерін білу.
Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.
Педагогтың шеберлігі туралы А. С. Макаренко былай деп жазған: Мен бұндай шебер дәрежесіне тіпті шебрліктің бар екендігіне сенбей жеттім. Немесе педагогикалық талант жөнінде әңгіме айтуға болды ма? Бізде талантты тәрбиеленушілер қанша? Және талантсыз тәрбиелеушінің қолына түскен бала не үшін зардап шегуі тиіс. Біз балалардың тәрбиесін талапқа қарап жасай аламыз ба? Жоқ. Тек қана шеберлік туралы айтуымыз керек, яғни тәрбиелеу процесіндегі Шын білім туралы, тәрбиелей алу туралы.
Бастаушы педагогты шеберлікке не алып келеді? Педагогикалық әдебиеттер бұл сұраққа бір мағанада жауап береді-педагогикалық техника және талпыныстар. Басқаша айтқанда тәрбиеленушіні түсіне білу, яғни қарым-қатынас психологиясын білу.сөйлеудің ерекшеліктерін білу, сенің сөзіңді оқушылардың қалай қабылдап жатқанын білу, өзн -өзі бақылай білу, өзін-өзі ұстау қабілетін білу.
Тәжірибе көрсеткендей, ешқандай сұрау салу және ешқандай сауалнама мұғалім мен оқушының, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің әңгімесінің орнын алмастыра алмайды. Бұл процесте мұғалім тарапынан ақпараттық әңгіме басым болады. Бұндай жағдайда әңгіме бұзылып, түсінбеушілік пайда болады. Мектептегі педагог өзінің оқушыға деген психологиялық ісерін ескермейді. Педагог әр балаға жол таба білуі керек. Мейлі ол бала тұйық немесе бұзық, жалқау немесе ештеңеге қызықпайтын бала болса да.Педагог өзінің балаға деген бір ауыз сөзі, яғни көңілге жететін сөзі баланың өмірінде маңызды роль атқарып, жадында мәңгі жатталып қалатындай есінде қалуы керек.
Ғалымдар педагог пен оқушының қарым- қатынасына қажетті аспектілерді қалыптастырды. Ол:
- сенім білдіру;
- баланы тыңдай білу;
- негіз ретінде өзара түсінік;
- іскерлік қатынас;
- әсер етуден өзара әрекетке көше білу қабілеті.
Бұл проблеманың маңызды аспектісі – педагогикалық қарым- қатынастың өзіндік стилі туралы сұрақ болып табылады.Бұл теориядан біз педагогикалық құарым –қатынастың өзіндк стилін, мұғалімнің оқушылармен өзара әрекетінің қамтамасыз етуші педагогикалық қарым- қатынас операциясының толық жүйесін түсінеміз.
Осылайша қарастыру педагогтың өзіндік деңгейінің минимум екі түрін талап етеді: темперамент және тұлғалық.
Е. А. Климов атап көрсеткендей, бұның маңыздылығы мамандықпен, алдаммен , топпен, ұжыммен әрекетке негізделген.
Мұғалімнің бір сарынды қарым-қатынасы педагогикалық қарым- қатынастың әртүрлі операциясының көмегімен көрінуі мүмкін. Және де керісінше, әртүрлі қарым –қатынастар бірсарынды операцияның көмегімен көрінуі мүмкін.
Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, педагогтар өзінің жұмысында әртүрлі ғана емес, сонымен қатар, қарым-қатынастың қарама-қарсы операцияларын қолдану арқылы да жақсы нәтищелерге қол жеткізеді. Сонымен қоса балалармен қарым-қатынасының кейбір тәсілдері де, жағымды бағалануы мүмкін. Кейбір кездері ашық эммоционалды сөйлеуі жағысыз бағалануы мүмкін. Мысалы, белгілі жағғдайларда дауыс көтеріп сөйлеуі, сөзінде мысқылдау болса.
Бірақ педагогикалық қарым-қатынастың тәжірибелік әрекеттерінде бұл операциялар өзара байланыспен педагогтар мен оқушылардың қызығушылықтарын толдықтырып отырады. Ал, дер кезінде қщолданылған әзіл-қалжыңдарды шатақ, ашулы және күлдргі сөздер толықтырады. Осы жерде айта кету керек, мұғалімдердің әртүрлі стильдегі жағымды қатынасының негізінде оқушыларға деген махаббат, адамгершілкке тәрбиелеу, мәдени дамыту бар. Олардың қарым-қатынасынан педагогикалық еңбекке берілгендігі байқалып тұрады .
Мұғалім қарым- қатынасының өзіндік стилі мұғалім өзі таңдаған коммуникативті операция негізінде қалыптасады. Әрекетінің талап етуіне сәйкес жасаған педагогтың таңдауы өзіне деген қанағаттанушылықты тудырады.
Керісінше егер ол индивидуалдық қасиеттерге қарсы тұратын болса, дискомфорттың кері тұсы туындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет