Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет1/5
Дата16.08.2022
өлшемі0.51 Mb.
#459959
  1   2   3   4   5
4 тақырып

Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

  • Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру
  • Сынып жетекшісі білуі керек:
  • ҚР «Білім туралы» заңын;
  • Бала құқығы туралы Конвенцияны;
  • педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
  • тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
  • еңбектің заңнамалық негіздерін.
  • Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:
  • журнал жүргізеді;
  • оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізеді және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;
  • сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс жасайды, оқушыларды бағыттап отырады;
  • аға кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және оған көмектеседі;
  • сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастырады;
  • бекітілген кабинеттің санитарлық жағдайын бақылайды;
  • тәрбиеленушілердің сыртқы түрлеріне қамқорлық жасайды;
  • тамақтануды ұйымдастырады
  • сыныптың қажеттіліктерінің қаржылық қанағаттандырылуына қамқорлық жасайды (сынып қоры, әртүрлі қызмет көрсету жұмыстарына ақы төлеу т.б);
  • оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау, ата-аналармен бірлесе отырып, себепсіз сабаққа қатыспайтындарды бақылауға алады;
  • оқуға қолайлы жағдай туғызу;
  • сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;
  • оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;
  • Өз қызметін жүзеге асыра отырып сынып жетекшісі жылдың басында:
  • сыныптың тізімін жасап, сынып журналын жасақтайды (алғашқы оқу аптасының басында)
  • мектеп кітапханасынан оқулықтар алуды ұйымдастырады (бірінші-екінші оқу күндері барысында)
  • оқушылардың отбасындағы тәрбиелік жағдайын зерттейді (алғашқы оқу тоқсаны барысында);
  • сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасап немесе нақтылап, әлеуметтік педагогқа тапсырады (бірінші оқу тоқсаны барысында);
  • сынып оқушыларының қосымша білім беру мекемелеріне қатысымы жөнінде толық ақпарат жинайды (қазан айында);
  • оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, соның ішінде қосымша білім бірлестіктеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізеді (бірінші тоқсан бойына);
  • сынып өмірінің қызметін жартыжылдыққа немесе бір жылға ұжымдық жоспарлауды ұйымдастырады ( қыркүйек бойына);
  • сыныптың тәрбие жоспарын құрастырады, оны сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісімен келістіргеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге тапсырады (қыркүйек бойына);
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет