- Мектепте, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру
- Сынып жетекшісі білуі керек:
- ҚР «Білім туралы» заңын;
- Бала құқығы туралы Конвенцияны;
- педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
- тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
- еңбектің заңнамалық негіздерін.
- Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:
- журнал жүргізеді;
- оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізеді және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;
- сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс жасайды, оқушыларды бағыттап отырады;
- аға кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және оған көмектеседі;
- сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастырады;
- бекітілген кабинеттің санитарлық жағдайын бақылайды;
- тәрбиеленушілердің сыртқы түрлеріне қамқорлық жасайды;
- тамақтануды ұйымдастырады
- сыныптың қажеттіліктерінің қаржылық қанағаттандырылуына қамқорлық жасайды (сынып қоры, әртүрлі қызмет көрсету жұмыстарына ақы төлеу т.б);
- оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау, ата-аналармен бірлесе отырып, себепсіз сабаққа қатыспайтындарды бақылауға алады;
- оқуға қолайлы жағдай туғызу;
- сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;
- оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;
- Өз қызметін жүзеге асыра отырып сынып жетекшісі жылдың басында:
- сыныптың тізімін жасап, сынып журналын жасақтайды (алғашқы оқу аптасының басында)
- мектеп кітапханасынан оқулықтар алуды ұйымдастырады (бірінші-екінші оқу күндері барысында)
- оқушылардың отбасындағы тәрбиелік жағдайын зерттейді (алғашқы оқу тоқсаны барысында);
- сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасап немесе нақтылап, әлеуметтік педагогқа тапсырады (бірінші оқу тоқсаны барысында);
- сынып оқушыларының қосымша білім беру мекемелеріне қатысымы жөнінде толық ақпарат жинайды (қазан айында);
- оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, соның ішінде қосымша білім бірлестіктеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізеді (бірінші тоқсан бойына);
- сынып өмірінің қызметін жартыжылдыққа немесе бір жылға ұжымдық жоспарлауды ұйымдастырады ( қыркүйек бойына);
- сыныптың тәрбие жоспарын құрастырады, оны сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісімен келістіргеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге тапсырады (қыркүйек бойына);
|