Тойыңыз тойға ұлассын берекелі
50
. –
Той бастар өлеңінің осылай басталатын үлгілерінің
қайсысын алсақ та, мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас
келеді. «Сәрсенбінің сәтті күні той жасаған» адамға «құтты
болсын» айтудан басталған той бастар өлеңдері өз
кезіндегі
әдет-ғұрып, салт бойынша, әңгімені ұзатылатын
қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға да айтары: «ата-
ананың жолы осы», соған көн, көңіліңе қайғы алмай аттан
деу. Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және
мадақтап, мақтау түрінде айтылатын
негізгі идея осылай
болып отырады.
Мұнымен
қатар,
тойбастар
өлеңдерінің
кейбіреулерінде той иесінің сән-салтанатын, ойын-
сауығын,
байлық-бақытын
жер-көкке
сыйғызбай
мақтаушылық, ол адамды бүкіл ел-жұртты жарылқаушы
есебінде көрсетушілік те кездеседі. Мұндай дәріптеулер,
асыра мақтаулар байлардың тілегінен туған.
Сондықтан
оларды той бастар өлеңдерінің халыққа жат түрі деп білу
керек.
Той бастаушының екінші бір міндеті – «жаршылық»
қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен
қатар, кейде, арнаулы «жаршылар» да айтқан. Олар
«жарандар-ау, жарандар, құлағыңды бері сал.» деп тойдың
тәртібін, ендігі жерде қандай ойын-сауық,
қызықтар
болатындығын,
той
иесінің
немесе
басқалардың
жариялайтын
қандай
сөздері
барлығын
хабарлап
отырған
51
.
Тойбастардың өлеңдері төрт жолды, он бір буынды,
тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып
айтып жүруіне әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.
50
Б.Кенжебаев, жоғарыда аталған еңбегіне қараңыз.
51
Б.Кенжебаев, жоғарыда аталған еңбегіне қараңыз.