Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет65/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жау адамдары 
Қазақтың батырлар жырын зерттеп еңбектер жазған 
Хажым Жұмалиевтің айтуына қарағанда, жыршы-ақындар 
жау адамдарының образын жасауға айрықша мән берген. 
Бұл ретте олар батыр адамдар тек қазақта ғана бар, басқа 
елде жоқ деп түсінбеген. Батыр әр елде болатындығын 
тарихи шындық тұрғысынан жырлаған. Екіншіден, 
жыршы-ақындар жағымды бейнеде алынған батырлардың 
мықты екендігін көрсету үшін олармен алысатын жау 
адамдарын кемітпей, қайта күшті етіп суреттеген. Жау 
адамдарын 
осылай 
сипаттай 
отырып, 
жағымды 
батырлардың образын күшейткен
156
.
Жыршы-ақындар жағымды батырлардың ерлік 
істеріне ғана айрықша көңіл бөліп қоймайды. Олардың 
батырлық образын күшейтіп жасау үшін жау адамдарының 
мықты екендіктерін суреттейді. Олай етпей, жау 
батырларын әлсіз, осал етіп көрсетсе, онда жағымды 
батырлардың ерлік істері, олардың батырлық бейнесі 
шықпаған да болар еді.
Қобыландымен алысатын Қазан, Көбікті, Алшағыр, 
Барса, Быршымбайлар осал жау емес, олар алыстан тоят 
іздеген, бөтен елді шауып алуды көздеген, «қайратымен 
156
Қазақ әдебиетінің тарихы, І том, 1948 ж. 


мал жиған» күшті батырлар. Жау батырларының мақсаты 
өз елін қорғау емес, көрші елдерге жорық жасау, соғыс 
ашу, ел талап мал жию. Алдарына осындай мақсат қойған 
жау адамдары өздерінің күшіне сенеді. Сондықтан да 
жырда жау адамдарының образы бейбіт елге жасаған 
қиянат-зорлығымен, 
өркөкірек 
өзімшілдігі, 
тәкаппарлығымен алынады.
Жыршы-ақындар 
жау 
батырларының 
образын 
жасағанда, ең алдымен, олардың сырт келбетіне көңіл 
аударады. Оларды ертегінің алып дәулеріне теңейді, 
мифтік сипат береді. Мергенбайлардың жырындағы Қазан, 
Көбікті, Алшағыр т.б. жау батырлары жаратылыстан 
тысқары денесі, соған сай күші бар алыптар бейнесінде 
суреттеледі. Оларға атсаң оқ, шапсаң қылыш өтпейді, 
денелері шойыннан құйылған болады. Сондай-ақ, 
Нұрпейіс жырында Қобыланды алысатын Барса хан да 
ертегінің жалғыз көзді дәуі секілді. Барсаның әрбір дене 
мүшесінің өзі ерекше жаралған керемет нәрсе түрінде 
көрсетіледі, Барсаның өзін үлкен тауға ұқсатады.
Будақтап түтін шығады, 
Мұрнының тыныс лебі екен. 
Сырғауылдан кем емес, 
Барсаның тартқан шылымы. 
Айғайлаған даусымен 
Қара тасты жарады. 
Екпінінен тыныстың
Тастар ұшып барады
157
, –
деп, Барсаның сырт келбетін елестетеді және оның бірден 
екі өгіздің етін, екі батпан нан жейтіндігін, сусынына екі 
көлдің суын ішетіндігін айтады. Дене құрылыстарының 
ерекше болуына қарай, жау адамдарының күші де, айла-
157
Нұрпейістің жырынан. Тіл және әдебиет институтының 
қолжазба фондысы. 


амалы да, жауыздық іс-әрекеттері де кесек. Олар алып 
күштеріне сенеді. Қарсы келген батырларды менсінбейді, 
өркөкіректік, тәкаппарлық жасайды, сөзсіз бағынуын талап 
етеді. Мәселен, Қобыландыға қарсы шыққан Қазан батыр 
өзінің мықтылығын айтып: 
Қазан батыр мен деймін, 
Қалжың сөзге көнбеймін. 
Ашуыма жолықпай,
Бурыл ат пен ақ сауыт 
Қол тигізбей бер деймін, – (Біржаннан) 
деп өктемдік жасайды. Өздерінің күш-қайратына сенген 
жау батырларының қайсысы болса да, айбар шегеді, 
сөзімен қорқытады. Жыршы-ақындар жау адамдарының 
образын осы түрде жасай келіп, олардың да күшті батыр 
екендіктерін жекпе-жек күрес үстінде көрсетеді. Бұл ретте 
олардың күші Қобыландыдан кем еместігін сипаттайды. 
Қобыландының алдынан шыққан Алшағырдың:
Қолындағы найзасы, 
Қара тасқа тигенде,
Қарыс сүйем бойлаған, –
деп, жау батырының да мықтылығын бейнелейді. Ол күшті 
болғандықтан да Қобыландымен жеті күн алысады, барлық 
айла-амалын қолданады. Бұдан жау батырларының осал 
еместігі айқындала түседі. Алшағырға көмектескен 
Быршымбай қандай мықты. Ол Қобыландыларға атой 
салғанда, әр батырды бір түйреп өтеді. Оны Қобыландылар 
күшпен емес, айламен жеңеді. 
Жырдағы жау адамдары қанша мықты болса да, 
ақырында жеңіліс табады, мақсаттарына жетпейді. Оның 
мәнісі – олардың пәле бастап, бейбіт жатқан елге шабуыл 
жасауында, халыққа зорлық-зәбірлік көрсетуінде. Сөйтіп, 
халық жыры мұндай шапқыншылардың әрқашан да жолы 
болмайтындығын, 
жеңілетіндігін 
тарихи 
шындық 
тұрғысынан бейнелейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет