Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету



бет1/9
Дата26.09.2023
өлшемі105.22 Kb.
#478563
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
4ОП Мәліметтер қоры


  1. Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету

Мәліметтер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету жалпыға арналған қамтамасыз ету, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және мәліметтер қорларын жобалау мен жасауды автоматтандыру құрал-жабдықтары болып бөлінеді. Мәліметтер қорларымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мәліметтер қорларын басқару жүйелері дегеніміз – бұл мәліметтер қорларын жасауға, жүргізуге, қорғауға және енгізуге арналған тілдік және бағдарламалық құрал-жабдықтар кешені. Мәліметтер қорларын қолданбалы бағдарламалық ету дегеніміз – бұл нақты қолданбалы есептерді шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушы, немесе пайдаланушылардың өздері жасап шығарылатын бағдарламалар мен жүйелер. Delphi, Cu, Visual Basic және тағы басқалар қазіргі заманғы бағдарламалардың алгоритмдік тілдерінде SQL тілін пайдаланатын мәліметтер қорларына қол жеткізу мүмкіндігін бағдарламалау құрал-жабдықтары бар. Оған қоса, көптеген МҚБЖ-де жүйеге қоса орнатылған бағдарламалау тілі бар. CASE-құралдары деп аталған CASE-технологиясын жүзеге асыратын бағдарламалық-технологиялық құралдар мәліметтер қорларын жасау мен ақпараттық жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған. CASE (Computer Aided Software Engineering) терминін компьютер көмегімен бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау деп аударуға болады. CASE-құралдары дегеніміз – бұл талаптарды талдау мен тұжырымдау, мәліметтер қорлары мен қосымшаларын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және тағы басқалар сияқты ақпараттық жүйелерді жасау мен ілесе жүру үдерістерін қолдайтын бағдарламалық құралдар. Төртінші бөлімде SQL тілі қарастырылады. SQL тілі – қазіргі заманғы көптеген реляциялық МҚБЖ-ның стандартты тілі болып табылады. SQL дегеніміз - Structured Queries Language сөздерінің қысқартылған түрі, ол сұраныстардың құрылымдалған тілі деп аударылады. SQL тілі реляциялық түрдегі мәліметтер қорларымен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушыларға ұсынатын барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады. SQL тілі командалар (операторлар) жүйелерінен тұрады, олардың ішіндегі ең маңыздылары төмендегілер:
DML (Date Manipulation Language), мәліметтерді манипуляциялау тілі.
SELECT – мәліметтерді оқуға сұраныс жасау;
INSERT – мәліметтер қорына жаңа жазба қосу;
DELETE – мәліметтер қорынан жазбаларды жою;
UPDATE – мәліметтерді өзгерту.
DDL (Date Definition Language), мәліметтерді анықтау тілі.
CREATE TABLE – жаңа кестені жасау, оның құрылымын сипаттау;
DROP TABLE – кестені жою;
ALTER TABLE – кесте құрылымын өзгерту;
CREATE VIEW – бейнелеуді жасау;
DROP VIEW – бейнелеуді жою;
CREATE INDEX – индексті жасау;
DROP INDEX – индексті жою;
Қол жеткізуді басқару.
GRANT – пайдаланушыға артықшылықтар беру;
REVOKE – берілген артықшылықтарды алып тастау.
Транзакцияларды басқару.
COMMIT – транзакцияны аяқтайды;
ROLLBACK – транзакцияны алып тастайды.
SQL командаларын интерактивті режимде орындаумен қатар, жоғары деңгейдегі тілдерде бағдарламалауда пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет