«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша емтихан сұрақтары (5 кредит)



бет1/4
Дата15.12.2022
өлшемі0.58 Mb.
#467305
  1   2   3   4
«Мемлекеттік тілде іс а аздарын ж ргізу» п ні бойынша емтихан с


«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша
емтихан сұрақтары (5 кредит)
1. Ресми іс қағаздары және оның түрлеріне мәлімет жинақтаңыз.
2. Хаттама, түрлері, құрылымы туралы негізгі түсініктерді кітапта қарастырылған түрде жазыңыз.
3. Кезектен тыс еңбек демалысына кетуге байланысты өтініш үлгісін жазыңыз.
4. Күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Өтініш туралы пікіріңізді жазыңыз.
5. Ақпараттық хат және оның мазмұндық ерекшелігі туралы жазыңыз.
6. Мінездеме, түрлері, құрылымдық ерекшелігі туралы түсініктерді талдап қорытыңыз.
7. Өмірбаян құжатының жазылу үлгісіне мысал келтіріңіз, дәйетеңіз..
8. Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы пікіріңіз.
9. Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат . Хаттама туралы түсінікті талдап қорытыңыз.
10. Кепілхат құжатының жазылу үлгісі туралы мәлімет жинақтаңыз.
11.Жеке тұлғаны бағалау мақсатында берілетін ресми құжат. Мінездеме туралы түсінігіңізді жазыңыз.
12. Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат. Бұйрық үлгісін дайындаңыз.
13. Сенімхат құжатының жазылу үлгісі (Төлем түрлеріне байланысты), мысал келтіріңіз.
14. Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы сипаттап жазыңыз.
15. Азаматтық қарым- қатынасты реттейтін құжаттар. Кепілхат туралы пікіріңіз, мысал келтіріңіз.
21. Қалалық әкәмшіліктің ұйымдастыруымен «Аймақтың экономикалық ахуалы және өркендетудің тиімді жолдары» атты семинар ұйымдастырылмақшы. Осыған байланысты семинардың күнін, орнын, қарастылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
22. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
23. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?
24. Бұрыштама жазу үшін қолданылатын сөздер туралы баяндаңыз.
25. Баспа құралдарының көмегімен дайындалатын құжаттарға қойылатын талаптары туралы баяндаңыз.
26. Ұйымдық-өкімдік құжаттар туралы баяндаңыз.
27. Сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбегі туралы баяндаңыз.
28. Құжат, оның қызметі және құжаттау тәсілдері туралы баяндаңыз.
29. Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжатқа мысал келтіріңіз.
30. Құжаттарды және құжатты ақпаратты топтастыру туралы баяндаңыз.
31. Төтенше жағдайларға байланысты бұйрық үлгісін жазыңыз
32. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы өз пікіріңіз.
33.Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат. Жарғы туралы мәліметтерді жинақтаңыз.
34. Арыз құжатының жазылу үлгісіне талдау жасаңыз.
35. Келісімшарт, оның түрлеріне талдау жасаңыз.
36. Талапарыз құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
37. Анықтама-ақпараттық құжаттар. Анықтама. Акт туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
38. Қызметтен босату туралы бұйрық үлгісін жазыңыз.
39. Еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар. Өтініштің үлгісін келтіріңіз.
40. « Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің мақсаты мен міндеттері туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
41. Сенімхат, оның құрылымы, мысал келтіріңіз.
42. Жеке өмірбаянның үлгісін жазыңыз
43. Қызметтік хат және оның түрлері. Ақпараттық хат. Баяндау хат. Ресми хат туралы
мәліметтерді көрсетіңіз.
44. Анықтама және оның құрылымы туралы мәліметті көрсетіңіз.
45. Кепілхаттың жазылу үлгісі туралы сипаттап жазыңыз.
46. Жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген жеке алушы жазып алған құжат түрлерінің жазылу үлгісін ұсыныңыз.
47. Қолхат, кепілхат үлгісін жазып, тірек сөздердің астын сызыңыз.
48. Мінездеме үлгісімен жұмыс жасаңыз, мінездеменің мәтінін құрастырыңыз.
49.Қызметкерлер құрамына байланысты бұйрықтардың жазылу ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
50.Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттардың ерекшеліктері мен маңызын жазыңыз.
51.Университет ректорының атына және факультет деканының атына мерекелік іс-шараға қатысу туралы өтініш үлгісін жазыңыз.
52.Басқару органдарындағы ресми-кеңселік құжат. Жарғы туралы мәліметтерді жинақтаңыз.
53. Қалалық спорт мектебіндегі барлық секциялар мен жетекшілерін көрсетіп, тәлім алушылардың жетістігін баяндайтын ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
54. Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі туралы өз пікіріңіз.
55.Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.
56. Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын іс қағаздарға мысал келтіріңіз.
57. Құжаттар жиынтығы туралы мәліметті жинақтаңыз.
58. Ілеспе хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
59. Жауап хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
60. Хабарлама хат дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
61. Хат және оның түрлері туралы пікірді тұжырымдаңыз.
62. Еңбек келісімі, маман мен жұмыс берушінің міндеттері туралы мәлімет қосыңыз.
63. Қызметтік мінездеме үлгісін жазыңыз.
64.Нотариус арқылы куәландыратын арыз түрлерін айқындаңыз және мысалмен дәйектеңіз.
65. Қысқа мәтінді хаттаманың жазылу үлгісін беріңіз.
66. Мәжілістерде қаралған мәселелер бойынша қабылданатын ресми құжат. Қаулы туралы пікіріңізді мысал арқылы көрсетіңіз.
67. Мекеме басшысының атына қызметке қабылдау туралы өтініш жазыңыз.
68. Ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның ішкі тәртібін реттейтін құжат. Жарғы үлгісін көрсетіңіз.
69. Құттықтаухат, Шақырухат, Алғысхат үлгісін көрсетіңіз.
70. Келісімшарт жазылатын жағдайлар туралы тұжырымдаңыз.
71. Анықтама. Жеке іс-парағы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
72. Мінездеме, оның түрлері туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
73. Резюме үлгісін жазыңыз.
74. Хабарландыру. Жарнама туралы пікіріңіз, мысал келтіріп өтіңіз.
75.Арыздың жазылу жағдаяттары, құрылымы туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз, мысалмен дәйектеп көрсетіңіз.
76.Сенім білдіремін, сеніп тапсырамын сөз тіркестері кездесетін құжат түріне үлгі жазыңыз.
77. Резюме, резолюция, өкім тілі туралы тұжырымыңыз.
78. Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың маңызы мен түрлеріне талдау жасаңыз.
79. Телеграфтық байланыс арналары бойынша ақпарат беретін құжат түріне мысал келтіріңіз.
80. Сенімхат, оның құрылымы, мысал келтіріңіз.
81.Денсаулығы төмен балаларды санаторийге емдеуге жіберу туралы хаттама құрастырыңыз.
82. Қызметтен босату туралы бұйрық үлгісін жазыңыз.
83. Ағымдық, аралық аттестацияны қабылдаудың жолдары туралы хаттама құрастырыңыз.
84. Анықтама-ақпараттық құжаттар. Анықтама. Акт туралы пікіріңізді тұжырымдаңыз.
85. Студенттердің дипломалды тәжірибе өтуін ұйымдастыру мәселесіне арналған хаттама құрастырыңыз.
86. Арыз құжатының жазылу үлгісіне талдау жасаңыз.
87. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы мәселелерді талқылауға арналған хаттама құрастырыңыз.
88. Құжаттама жүйесінің қалыптасуы туралы теориялық білімге талдау жасаңыз.
89. Құжат формуляры және оның құрамдас бөліктері туралы теориялық білімге талдау жасаңыз.
90. Құжат мәтіні. Құжаттарды құрастыру туралы теориялық білімге талдау жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет