Жүргізуші:
«Шаңырақ» ойыны.
Ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді, алдарында плакат, түрлі түсті қаламдар бар. Әр топ өз шаңырағын яғни отбасының бейнесін жасайды.
Жүргізуші:
Тыныштық сәті.
Жүргізуші: «Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді көз алдарыңызғаөз отбасыларыңыздың қуанышты сәтін елестетіңіздер. Сол қуанышты сәтте сіздердің қолдарыңызда өте әдемі айна бар. Абайлаңыз, абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Отбасы арасындағы бауырмалдық, сыйластық, қарым-қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан отбасыңыздағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілдерін қалдырмауға тырысуыңыз қажет. Отбасыңызды әрдайым мақтан тұтып, өткен қуанышты сәттеріңізді естен шығармаңыз. Сіздің балалық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын! Осындай қуанышты және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы қуанышты сәтіңізді жүрегіңізге орналастырыңыз. Қуанышқа толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Осымен сіздерге арналған тренингіміз аяқталды, қош, сау болыңыздар!
«МЕН» тренингі
1) Алдарыңызға қағаз берілген, соған бір жеріне нүкте салыңыз
2) Ал тағы бір жеріне гүл салыңыз.
3) Ал тағы бір жеріне үй салыңыз.
4) Кактус өсімдігін салыңыз.
Нүктені бір нәрсеге пайдаландыңыз ба? Егер пайдалансаңыз сіз алдыңызға мақсат қойып жұмыс жасайсыз.
Гүл салдыңыз оның жапырағы 2 ден көп болса сіз өз пайдаңызды ойлайтын адам екенсіз. Ерекше гүл салған адам болса ол кісі ортада өзін жақсы көрсетеді.
Үй салдыңыз үйді 2 немесе 3 қабатты салған адам бар ма? Онда сіз тәуекелге бел буатын адам екенсіз. Үйдің шатыры бар ма? Онда сіз биікке ұмтылатын адам екенсіз. Терезесі 2 ден көп болса сіз үйіңізге сәуле, жылу сыйлайтын адам боласыз. Есігіңіз сыртқа қарап немесе ашылып тұрса сіз қонақжай екенсіз. Кактус өсімдігінің астына ыдысын салсаңыз сіз жұмысты бастамас бұрын жақсы ойланып, берік шешім қабылдайтын адамсыз. Кактустың тікенегін сыртқа қаратып салсаңыз, сіз зияныңызды сыртқа тигізесіз деп сіздерге психологиялық мінездеме берем.
Достарыңызбен бөлісу: |