«Мені газетке алып келген – Айтматов »


«Ұлттық рухтың ұлы ұстындарының бірі»



бет3/4
Дата24.04.2023
өлшемі23.78 Kb.
#472665
1   2   3   4
С.Абдрахмановпен сұхбат

«Ұлттық рухтың ұлы ұстындарының бірі»
Газеттің тоқсан жылды­ғында, сол кездегі опера және балет театрының сахнасында бас­тан-аяқ ауызша жасаған баян­дамаңыз елдің есінде. Осыған қарап-ақ ба­сылымның сіздің жан-жүрегіңізге қаншалықты жақындығын біле беруге болар еді. Бұл газеттің ел өмірінде алар орны туралы не айтар едіңіз?
– Дәл сол күні түске дейін редак­цияға Елбасымыз келген еді. «Егеменнің» жаңа ғимаратын өзі салтанатты жағдайда ашып, журналистерге кеңінен толғап сұхбат берген еді. Мемлекет басшысының ұжымға келуі деген оңай шаруа емес. Қат-қабат ұйымдастыру істерімен қапылып жүріп, театр­да жасайтын баяндаманы тіпті тезис күйінде қағазға түсіруге де шама болмағаны рас. Бірақ газет тарихы да, басылымның абыройын асырған ардақты азаматтар да көңілде сайрап тұрған соң емін-еркін әңгіме түрінде баяндап шыққанмын. Оның негізгі себебі, жаңа сіз айтқандай, басылымның жүрекке жақындығында.
«Егемен Қазақстан» – елдік­тің белгілерінің бірі, ұлттық руханият­тың атрибуттары қатарында қас­тер­лесе болатындай халықтық қазынамыз. Бұл газет – ұлттық рухтың ұлы ұстындарының бірі. «Егеменіміз» барда егемендігіміз еңселі болмай қоймайды. Биыл көктемде Ұлттық академиялық кітапханада газеттің он томдық шежіресінің алғашқы бес томдығы таныстырылды. Сол басылымның әр бетін ашып қалсаңыз тарих тіріліп, сөйлеп ала жөнеледі. Жиырмасыншы ғасырда елдің басына не келіп, не кеткенінің, мына байтақ далада не болып, не өткенінің бәрі сайрап тұр. Бұл жүз жылдың ішінде газет елдің жанды жылнамасын жазып шықты. Бір ғасырдың бойын­да оның аты сан рет өзгерді. Газеттің аты өзгерсе де, заты өзгерген жоқ. Халықтың сөзін сөйлейтін ұлттық басылым күйінде қала берді. Әр сөздің саңылауынан сығалайтын цензура заманында да халықтық сипатын, елдік мінезін сақтай алды. Жақында Дихан Қамзабекұлы «Смағұл және «Еңбекші қазақ» атты мақаласында: «Еңбекші қазақ» ресми партия мен үкімет­тің үні болса да іс жүзінде А.Бай­тұрсынұлы мен Ә.Бөкейхан шы­ғарған «Қазақ» газетімен рухтас боп қалды», деп баға беріпті. Дәл баға. Қаншалықты қиынға түссе де газет осыны жасай ал­ған. Бір ғасырдың бойында газет­тің шығатын жері де сан рет өзгерді: Орынбордан да шықты, Қызылордадан да шықты, Алма­тыдан да шықты, Ақ­моладан да шықты. Қайдан шыққанда да ойдан шықты. Тәуелсіздік таңы атқанда елмен бірге «Егеменнің» де бағы жанды – еркін ойлы басылымға айналды. Газет бүгін де өз биігінде тұр. Өзіміз сенім көрсеткен Дархан Қыдырәлі бауырым ел газетінің эстафетасын лайықты іліп алып кетті. Кешегі асыл ағаларымыз салған сара жолды жақсы жалғастырып жатыр.
Газеттің сіздің өз өмірі­ңіздегі орнына қатысты не айта аласыз? 2003 жылы сіз Ақ­па­рат министрі қызметіне та­ғайын­далдыңыз. Сонда ұжым­­мен қоштасарда сіз: «Егер қалам ұстаған адам «Еге­мен Қазақстанды» бас­қар­ған соң басқа бір жұ­мысқа жоғарыладым деп санаса, қателеседі. Өйткені қалам ұста­ған адам үшін «Егеменді» бас­қарудан биік белес болмауға тиіс», дедіңіз.
– Қазір де солай санаймын. Мұндай газетте жұмыс істеу – абырой, оны басқару – басқа қонатын бақ, ал ұзақ жылдар бойы басқару – сирек қонатын бақ. Ал маған бас газетті аттай он алты жыл басқару бағы бұйырды. Осы сұхбатқа іштей дайындалғанда тоқсан жылдыққа шығарған «Бас басылым» деген кітап-альбомға жазылған алғысөзді қайта оқыдым. Міне, мына бір тұсын көшіріп те алғанмын: «Қазақтың сөзін ұстаған небір жақсы мен жайсаңның қа­сиетті жолын жалғастыру ба­қы­ты бұйырған тағдырыма тәубе деймін, халқымыздың бас га­зетінің тізгінін тапсырған Елба­сына шек­сіз алғысымды білдіремін», деген екенмін. Сол сөзімді тағы да ықыласпен қайталаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет