Менің туған жерім- егеменді Қазақстан



Дата04.07.2016
өлшемі109 Kb.
#176429
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

7 «Б» оқушысы Асаинова Айнұр


Туған жер
Беу, туған жер!

Сен ыстықсың біздерге.

Мың-мың дастан жатыр

Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?


Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Жырды шашу болды оған бір арман.

Менің кіндік қаным тамған жер Көкшетау облысындағы Қызыл ту ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.

7 «б» сынып оқушысы Маянова Данагүл.

Менің Баянауылым
Қазақстанда табиғаты керемет өңір өте көп. Соның бірі жер жәннаты саналған Баянауыл екеніне ешкім таласпайды. Оның көзді тұндырар табиғатын әрбір бала өзінше суреттегісі келеді.

Табиғаты Баянымның ғажайып,

Сұлулықтың сырын сенен табайық,-

Топырағыңда аунап-қунап әрқашан

Құнарынан жұтып-жұтып алайық.
7 «б» сынып оқушысы Солтан Айгерим


Көрікті қала-Астана
Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап-журналдардан көріп жүрмін. Бірақ Саматтың қала туралы айтқанынтыңдасаңыз, Астана қаласына дүниедегі ешқандай қала жетпейтін сияқты. Мен өз көзіммен қаланы әлі көрген жоқпын. Астанамыздың одан әрі көркейе беруіне мен сенімдімін.

Мен Алматы қаласында болғанмын. Алматы біздің алдыңғы астанамыз – мәдениет пен өркениет орталығы болып саналады. Алматыны бүкіл дүние біледі деп айта аламыз. Себебі онда әлемге танылған Медеу мұз айдыны бар. Алатаудың қатпар-қатпар таулары, мәңгі жасыл ормандары, суы сарқыраған өзендері қалаға ерекше көрік беріп тұратын сияқты. Нағашы ағам айтуынша Алматы студенттер немесе жастар қаласы деп аталады екен. Мен де мектепті бітірген соң Алматыға оқуға барамын деген үлкен мақсат қойдым.



7 «б» сынып оқушысы

Ануарбек Азамат
Астана – бас қала
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.



7 «б» сынып оқушысы

Ануарбек Санат.


Лебяжі ауданында Әйтей батыр ауылы бар
Көз тоймас жинаулы әсем жасауына

Шипалы жақсы жер ғой жасаруға.

Не жетсін, шіркін, бірақ өз өлкеңе,

Не жетсін туып өскен ошағыңа,-

деп Амонжол Шамкенов ағамыз жырлағандай, өзіңнің кіндік қаның тамған жерге тең келер ешбір мекен жоқ. Лебяжі ауданыны «Әйтей батыр» атындағы ауыл мен туылған жер. Ауыл тұрғындарының өмірі өзгеше. Есік алдында әңгіме – дүкен құрып отырған ата-әжелердің сұхбаты мені ылғи еліктіреді. Олар көбінесе ел тарихынан әңгімелейді.

Ауылымызға Әйтей батыр атын бергенде Павлодар облысының әкімі Қ.Нүрпейісов және қала әкімі Б.Демеуов, Астанадан көптеген ғалымдар келген. Батыр мүсінін салтанатты түрде ашты. Батыр аруағына ас беріліп, киіз үйлер тігіліп, мерекелік концерт қойылды.

Найза, қылыш, қалқан ұстаған батыр мүсіні менің көз алдымнан кетпейді. Осындай батырлар арқасында бүгінгі бейбіт өмірдің келгеніне қуаныштымын.

7 «б» сынып оқушысы

Қымбат Шынар.

Біздің Қазақстандағы қорықтар
Біздің Қазақстанда Қорықтар саны тоғыз. Олар: Ақсу-Жабағалы, Науырызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары.

Мен осы қорықтардан Марқакөл қорығы жөнінде нағашымнан естігенім бар еді. Сондықтан осы туралы білетінімді жазғым келіп тұр.

Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында орналасқан. Ауданы 75 мың га.Оңтүстік Алтай мен Күршім тау жоталарының арасын және Марқакөл көлін қамтиды. Өсімдіктердің 1400 , сүт қоректілердің 50, құстардың – 250, балықтың - 4 түрі кездеседі. Оның ішінде марал, бұлғын, аю, сілеусін, тағы басқа да сирек кездесетін жануарлар бар.

7 «б» сынып оқушысы

Абдығанова Әсем
Тараз – тарихи қала
Қазақстанның ежелгі алдыннан келе жатқан қалаларының бірі - Тараз қаласы. Тарихи деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие – Атаатымен, 1856 жылы қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын Жамбыл тамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласына өзінің тарихи аты Тараз қайтарылды. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде қала өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Облыс Жамбыл облысы болып қалдырылды.

Осы тарихи –киелі өңір атақты ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің туған өңірі. «Пірім менің Сүйінбай, Жыр айтпаймын сиынбай»,-деп Жамбыл атамыз ақын Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз тұтқан . Ал мен жүз жасаған Жамбыл ақынды өзіме ұстаз тұтып, сондай ақын болғым келеді. Алғашқы өлеңдерім газет бетінде жарық көргелі өлеңге деген құштарлығым арта түскендей.

Ақын болу менің ұлы мақсатым,

Ақындардың жалғастырам жақсы атын.

Өлең сырын мен сіздерден үйренсем,

Сонда ғана шын ақындық күйге енем.


7 «б» сынып оқушысы

Қызылбаев Арман


Ұлыларды ұрпақ ұмытпайды
Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңкер үш бидің орны ерекше. Халықтың осы үш би жөнінде:

«Атақты қазақ үш биі, Онан өткен Әйтеке

Бірінші әзіз Төле еді Таудай сөзге тарыдай

Бұзылмайтын сөз айтқан Қию тауып сөйлейді

Шешеннен шешен демегі Қанша ділмәр дегендер

Және де әзіз киелі Ширегіне келмейді.

Босатқан буын, жүйені Бұл үш бимен тең емес

Қаз дауысты Қазыбек. Қазақтың мінсіз билері»

Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген батырларымызды ұрпақ ешқашан ұмытпауы қажет деп білемін.Үш биге қойылған мүсін ұрпағының оларға деген құрметінің бір белгісі деп түсінемін.
7 «б» сынып оқушысы

Исаков Ғалымжан
Байқаңыр касмодромы
Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 250 километр қашықтықтағы жазық далада Байқоңыр космодромы орналасқан. Бұл мекен планетадағы тарихи орындардың бірі.

21 тамыз 1957 жылы планета аралық «R-7» ракетасы ұшырылды. Ал 1957 жылдың 4 қазанында осы ракета орбитаға бірінші Жер серігін жеткізді.

Қазіргі еліміздегі өзекті мәселелердің бірі бізді қоршаған ортаның ластануы болып табылады. Атмосфераның ластануы Байқоңырдан ғарыш кемелерін ұшыру кезінен байқалған. Ғарышқа космос кемесін ұшыру қазіргі заман талабы болса да, мен өз атамекенімнің ауасының ластануын қаламас едім. Кең байтақ қазақ жерінің әрбір тасы мен сай –саласының бар қазақ баласы үшін орны ерекше.

Мен келешекте экология мамандығын таңдағым келеді. Экология және адамзат бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Туған жердің тау-тасы, орман-көлі –тұнған тарих, ақиқаттан алыстамайтын аңыз. Сол аңыздың Асан қайғы атамдай бір кейіпкері болу- менің арманым.



7 «б» сынып оқушысы

Қайыржанов Ержанат

Туған жер
Табиғаттың тамаша жазы қандай,

Айналама көк кілем жазылғандай.

Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,

Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,-

деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.

Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастырамыз.

7 «б» сынып оқушысы

Құрманғалиев Сақымзада



Алып тұлға байсалды, алаулаған Алатау...
Әсем қала Алматы Жоңғар Алатауының етегінде орналасқан. Ақ бас қарлы Алатау қаланы баурайына алып, қорғап тұрған алып денелі батырдай. Алматыға қонаққа барғанда бізді Медеу мұз айдынына апарды.

Сол жолы мен Алатау ды өте жақыннан көрдім. Қарағайлы Алатау жап-жасыл еді. Жұпар ауасы, аңқыған дала исін мен алғаш рет сол жерде сезініп, сол жерде жұттым.. Мүмкін алыстан манаураған тау сілемдері менің табиғатқа деген махаббатымды оятқандай болды ма? Алғашқы өзімді ақын санап, жазған өлеңімді осы Алатауға арнадым:

Алатау асқар биік тұлғаң қандай

Сән беріп Алматыға тұрған сондай

Керемет суретіңді жырға қосып,

Жыр жаздым мен бір бейне ақындардай.


7 «б» сынып оқушысы

Қараша Дархан
Алтын дәнді Қазақстан
Қазақстанның табиғат жағдайларының қолайлығы көптеген дәнді дақылдарды егуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 272,5 млн. га жер бар, оның 222,5 млн. гектары ауыл шаруашылығына жарамды. Бұл жердің 80 пайызына жуығын жайылымдар, 15 пайызына жуығын жыртылған жерлер, 4 пайызын шабындықтар алып жатыр. Шабындықтар мен жайылымдардың жалпы ауданы жөнінен Қазақстан Аустралия (450 млн.га), АҚШ(320млн.га),

Қытайдан(234млн.га) ғана кейін тұр. Ал Ресеймен салыстырғанда( 80 млн. га) бұл көрсеткіш екі есеге асып түседі. Жыртылған жердің мөлшерінен (36 млн.га) мемлекет дүние жүзінде 6-орын алады.

Біз өзіміздің алтын дәнімізбен мақтана аламыз.



7 «б» сынып оқушысы

Шаймарданова Бибігүл

Ахмет Иассуи кесенесі
Ахмет Иассауи кесенесі тарихи қала Түркістанда орналасқан. Ол көне архитехтуралық ескерткіштердің бірі. Әуелі Қарахан дәуірінде(927-1212) тұрғызылып, оның қираған іргесі XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасыр басында Әмір Темірдің бұйрығымен жаңартылған. Бұл ескерткіште Исламға дейінгі салт-сана түрі мен Ислам дінінің қағидалары, Құран аяттары тоғысқан. Қазандақ бөлме-ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрін бейнлесе, мешіт- мұсылмандар ғибадатханасы.Тайқазанға 60 шелек су сыяды, салмағы 2 тонна. Мешіттің қабырғалары кілем тәрізді күйдірген ақ керішпен безендірілген.Күмбез көгіспен қапталған, орталықтары ақшыл, жасыл түсті теңбіл яшмадан қашалған.

А.Яссауи халық өнерінің біздің заманымызға дейін жеткен асыл туындыларының бірі. Мен бұл мәліметтерді кітаптан оқыдым. Шын мәнінде Түркістанға барып өз көзіммен көруді алдағы өмірде өзіме мақсат етіп қойдым.

Букаева Дина

7 «б» сынып оқушысы.



Төрт түлік мал – халқымыз байлығы
Халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты.

«Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқы өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз. Сиыр - жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы –нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы- Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Халқымыздың маманданған дәстүрлі ата кәсібі.

Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн.

Тоқтамыс Дастан.

Отырарда –Арыстан баб
Отырар Қазақстанның орта ғасырлық үлкен қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан.

Отырар қаласы Фараб деп те аталған. Әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кейдесоқ емес. Нағыз Шығысқа тән қала әкімнің сарайы, көпестер мен қолөнершілердің үйлері, мешіт, бірнеше моншалар болған.Шет аймақтарында кірпіш құюшылар, ұсталар, зергерлер тұрды.

Отырарда қазіргі күнде ұлы ғұлама , әулие Арыстан Баб кесенесі орналасқан. Арыстан баб А.Иассауидің ұстазы болған. Сол себепті әулие аралаған мұсылмандар ең алдымен Арыстан баб басына тәу етіп, сосын ғана Түркістанға жол алады. Мұсылманшылық салт бойынша әулие аттаған күнә саналады. Еліміздің түкпір-түкпірінен Түркістанға барып жатқан кісі қаншама. «Өлі байымай, тірі байымас» деп дана халқымыз тегін айтпаған.

7 «б» сынып оқушысы

Өмірбаева Гүлдана.
Екібастұз қаласы

Екібастұз - Павлоодар облысындағы ең әдемі қалаларының бірі.Тіпті облыс қана емес, бүкіл еліміз, шет елдіктерге де жақсы таныс қала.Өйткені, Екібастұзда жер асты байлығы-тас көмір өндіріледі.Мұнда алып МАЭС-тер, кеніштер бар.Қала тұрғындары осы өндіріс орындарында жұмыс істейді.

Осы қалада ата-анамның достары тұрады.Біздер Екібастұзға тез-тез қонаққа барып тұрамыз.Қала -әдемі,таза, сәулетті. Қазақ мектебі, бала бақшалары бар. «Бұрын қазақ мектебі, балабақшасы аз болатын. Бұл-тәуелсіздік алғанымыздың белгісі»,-дейді әкем.

7 «б» сынып оқушысы

Есмұрат Ақмарал
Ақтоғайым арайлы

Мен Павлодар облысы, Ақтоғай ауданында Ақтоғай ауылында дүниеге келдім.Ата-әжелерім осында тұрады. Демалыс сайын біздер ауылымызға келеміз.

Ақтоғайдың табиғаты таза, шөбі шүйгін. Өзенінің бір жақ беті таза болғандықтан, үлкен-кіші сонда шомылады. Екінші бөлігі лас. Ауыл адамдары да кейде өзеннің тазалығына көңіл аудармайтын секілді. Мал суарғанда өзен лайқаланып кетеді.

Ауылымыздан 3-4 км қашықтықта орман бар. Үлкендердің айтуынша сол орманда кішкентайорман жануарлары кездеседі дейді.Бірақ мен қояннан басқа жануар көрген емеспін. Мүмкін түлкі де бар шығар. Әрине орманға жалғыз баруға қорқамыз. Атам маған келесі бір демалыста сонда апаратынын айтты. Мен сол күнді асыға күтудемін.

Ауылды жеміс-жидектің кені десе де болады .Мұнда алма қарақат, бүлдіргендер көп өседі.

Менің Ақтоғайым осындай.

7 «б» сынып оқушысы

Алимбаева Мадина


Әуелбек ауылы-менің туған жерім.
Естен кетпес өмір бойы

Балалық шақ , туған ауыл

Балалық шақ- қандай қызық,

Таусылмайтын думан-ау бір

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданындағы Әуелбек ауылы менің туған ауылым. Ауылымызда Қаракөл деген көл бар. Суы мөп-мөлдір таза. Менің әжемнің апасы үйге қонаққа келгенде сол көлдің суын ғана ішеді.Бұл көлдің суы «мың дертке дауа» дейді. Орман-тоғайы жеміс-жидекке толы. Шөбінің шүйгіндігінен малдары семіз. Ауылға келген сайын айран -сүт, қаймаққа тойып кетеміз. Ағарған кісі денсаулығына таптырмайтын тағамдар,- дейді әжем. Демалысты ауылда өткізіңдер ылғи шақырады.Біз ауылға ұшып жетеміз.

7 «б» сынып оқушысы

Аксакова Құралай

Шырайлы Шымкент өңірі.

Шымкент қаласы қазіргі Оңтүстік облысының орталық қаласы.Мен Шымкент өңіріндегі Қарабұлақ ауылында туылғанмын.Ауылымызды бойлап атақты компазиторымыз Шәмші Қалдаяқов әніндегі Арыс өзені ағады. Өзенге жақын орналасқан ауылдың табиғаты тамаша екендігі айтпай-ақ түсінікті.Оңтүстік өңірі жылы болғандықтан, жемісі көз тұнарлық, үйіліп жатқан қауын-қарбыз, тіліңде бал үйіретін жидегі...

Шымкент қаласы Қазақстандағы үлкен өнеркәсібі дамыған қала-

лардың бірі. Мұнда бірнеше завод пен фабрикалар орналасқан. Солардың атақтылырының бірі-Қорғасын заводы.Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл кеңестер одағын оқпен қамтамасыз еткен. Қалада мәдени-демалыс орталықтары да көп.

Мен 8 жасыма дейін Қарабұлақ аулында тұрдым. Сосын біз жанұямызбен Павлодар қаласына көшіп келдік. Бірақ жылда жазғы демалыс кезінде Біз Шымкентке барамыз.Ауылда да ,қалада да демаламыз. Әсіремаған қатты ұнайтыны қаладағы «Кен-Баба» саябағы. Онда балалардың демалуы үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті кейде өзіңді басқа бір мемлекетте жүргендей сезінесің. Неше түрлі аңдардың мүсіндері бейнеленген. Қаладағы жануарлар бағы да балаларды өзіне шақырып тұрады. Әр бала үшін өз туған жері қашанда қымбат екенін мен жақсы білемін.

Орынбасар Ләйла
«Балдауренде» болғанда

Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемділігімен «қазақстанның Швейцариясы» деген теңеуге ие болған көркем қырат Бурабай Өңірі. Он-

ша биік болмаса да , қырқалы және қарағайлы қайыңдармен көмкерілген тау жоталары әсем суретке ұқсас. Осы тамаша өңірде «Балдаурен» республикалы оқу-сауықтыру комплексі орналасқан. Мен өткен оқу жылында осында демалуға бардып, Көкшенің тамаша табиғатын өз көзіммен көрдім. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңіндегі

Сексен көл Көкшетаудың саясында

Әрқайсысы алтын кесе аясында

Ауасы дертке дауа, жұпар исі

Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?-

деп суреттегеніндей, сұлу көркем Көкшенің сұлулығына сөз жеткізе алмадым. Мен өз теңдестеріме «Балдауренге» баруға ұмтылуын шақырар едім. Ол үшін жақсы оқу керек. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,

шығаршылық қабілеттерін дамыту керек.

Мұхаметжанова Зухра



7 «б» сынып оқушысы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет