1.2. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық тұрғысы.
Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы - жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай бастауыш сыныптан жан – жақты жүзеге асатын үрдіс.
Бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің - көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені алуан түрлі іс - әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама жасайды. Сезім – бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей керіп тұратын күрделі психикалық процес.
Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық, үш бірлігі арқылы қарастырамыз:
Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым- қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.
Интеллктуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл - ой процесінде пайда болған жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмыр, ирония және жаңалыққа ұмтылуы.
Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.
Патриоттық сезім – адамгершілік сезімінің бір қомақты саласы болып табылады. Сенім. Ел басшылығы, Үкімет орындағы халқының бейбіт, тынышта өмір сүруі мен жарқын болашағы үшін қызмет етуде. Осыған орай норма.
Тәрбиеге ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.
Сонымен баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл, әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог – педагог қауымдарының екіншісіне бөлінеді. Патриотизм сезімі мазмұны жағынан көпқұрлы, бірнеше сөздермен айту жеткіліксіз. Бұл туған жерге деген сүйіспеншілік, өз халқы үшін мақтаныш, және өзінің қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін сезіну мен өз елінің байлығын сақтап, молайту ниетінің болуы. Патриотизм тек күрделі ауыр жағдайларда ғана емес, күнделікті халықтың еңбегімен рухани өмірінде байқалады. Патриотизм сезімі осыншама күрделі болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларын осы сезімде тәрбиелеу жөнінде сөз қозғауға болар ма екен? Жас ерекшелігінің өзгешеліктерін ескеріп, балаларды зор ықыласпен бақыласақ, мынадай қорытынды жасауға болады. Бастауыш сыныптың оқушыларында білім көрсеткіші едәуір көбейген деуге болады және тек қазіргі жағдайды ғана емес, болашақ туралы мәселе қызықтырады. Олардың әңгімелерінен, сұрақтарынан мейірімділік пен жауыздық, әлеуметтік әділетсіздік туралы байымдауларын есітуге болады: «Неге жер шарында халықтар бейбіт жағдайда өмір сүрмейді?
Неге басқа елдерге біздің еліміздегідей ынтымақтастық жоқ? Біздің елдің халқы бірліктен болғандықтан, біз ешкімнен қорықпаймыз. Соғыс жүріп жатқан елдердің жетім бүлдіршіндеріне кітап, ойыншықтарымызды жіберейік». Үлкен өмірдегі бүткіл орын алып отырған оқиғаларға қызығушылық танытқан өз оқушыларының осындай пікірлерінің тізімін әрбір ұстаз жалғастыра алады. Балаларда үлкендердің ортасына үлкендердің ортасына деген қызығушылықтары – сұрақтарында, адамдардың еңектегі ерлігі туралы, соғыс батырлары туралы, түрлі елдер туралы мұғалімдердің әңгімелерін құштарлықпен тыңдауында байқалады. Мұны оқушылардың ойнаған ойын түрлерінен де көреміз. Бұл ойындарда елде болып жатқан айшықты оқиғалар бейнеленеді. Мысалы олар Бауыржан Момыш – ұлы аталарындай батыр және жаужүрек жауынгерлер болып ойнайды, космонавт болып ойнағанды да тәуір көреді.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы халықтық мүдде үшін еңбек етуге, табиғат байлығын қорғауға толыққанды қатынасқылары келеді. Ұлы Отан соғысы жылдары балалар соғысқа суреттерін, өздері жасаған заттарын жіберді, жаралы жауынгерлердің алдында концерттер қойды.
А. И. Герцен: «бүкіл ақыл – ой болмысының негіздері балаң жаста қаланады», - деген. Яғни, патриоттық сезімді тәрбиелеу балалардың жас кезінен бастап, мектеп табалдырығын аттаған жылдары қарқынды, тереңдетіліп қолға алынуы тиіс.
Ел жандылық сезімінің бастапқы кездерін еске алғанымызда, алдымен балалық шағымыздағы әсерлерге жүгінеміз: бұл тереземіздің түбінде өскен ағаштар, атамыздың жайқалған бау – бақшасы, ауылдастардың дастарған бастағы таусылмас әңгімелері, қосыла шырқаған тамаша әндері.
Бала туылғаннан ана тілін есітеді. Анасының бесік жыры, айтқан ертегілері беймәлім өмірдің есігін ашады, дүниені құлпыртып, айналаны нұрға бөлейді, болашаққа үміт пен үлкен сенім арттырады. Ертегілер балаға ой салады, түрлі сезімдерге жетелеп бірде жылатып, бірде күлдіреді ең негізгісі халықтың бағасы жоқ байлығы достық, еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, өзара көмек екенін көрсетеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отыратын адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін әр халықтың өз ертегілері бар. Ертегіні тыңдай отырып бала өз халқы нені сүйсе соны сүйеді, неден жиренсе содан жиренеді. Халқымыздың асылы – жұмбақтарды балалар жеңіл де зор ынтамен қабылдайды. Онда әзіл де, наз да, адамға деген, Отанға деген терең сүйіспеншілік те бар. Ертегілер, мақал – мәтелдер елге деген, жерге деген, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің кәусар бұлағы.
Балалық шақтағы әсерлер кейде үлкен оқиғаларға байланысты өрбейді. Мысалы үлкен ағасын әскерге шығарып салу кешін оқушының қалай қабылдағанына зер салсақ, көптеген сезімдердің тоғысуын байқаймыз. Бала мұндай кештің алғаш куәгері болғандықтан және де арқа сүйер бауыр басқан ағасын бірнеше жыл көре алмайтындығынан оның басында сансыз сұрақтар туындайды, оларға жауап іздеп мазасызданады. Да ағасын сұрақтың астына алады.
-
Аға, сіз қайда кетіп барасыз?
-
Әскерге.
-
Әскер, не үшін қажет?
-
Ұланғайыр еліміздің, халқымыздың, көрші қолаңның, бауырларымыздың, ата – аналарымыздың, достарымыздың тыныштығын қорғау үшін қажет.
Ағасын әскерге шығарып салу кешіндегі әкесінің, анасының айтқан тілектерінің, берген ақ баталарының, кереметтілігін айтсаңызшы!
Аспанды жамылғы, жерді төсек етіп ұланғайыр дала төсінде дархан пейілмен көшіп – қонып жүріп ұрпақ өсірген қазақ халқының осы ұлан – ғайыр даланың ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен ұстап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай бүгінгі көнімізде жеткерген батыр бабамның ұрпағысың, құрметті балам!
Сен бүгін әскерге шығарып салып тұрғанда айтар сөзім: аман барып, сау қайт! «Малым – жанымның садағасы, жан – жаным – арымның сабағасы деп ұл – қыз өсірген елдің ұрпағысың. Қашанда жүздерің жарық, мәртебелерің биік болсын! Жаратушы ием ақ жол, сәттілік берсін. Біздің халық батыр жүректі, ақын жанды болатыны әбден дәлелденген. Яғни, сендер жүйріктігі ғасырлар бойы өшпейтін аңызға айналған арғымақ жаратып мінген арыстан келбетті, жолбарыс жүректі батырлардың, елдің мұңын жоқтап, күннің нүрын, жердің гүлін өмір бойы тамсанып жырға қосқан ақындардың ұрпағысың. Олай болса Отан алдындағы борыштарынды сол «тектілердің ұрпағы» деген атқа лайықты абыроймен атқарып қайтуыңа тілектеспін. Бала бұл тілектердің баталардың сөздерінің мәнін түсінуге ақылының әлі де болса толық жетіспейтінін сезсе де, көрші – қолаңдарды, дос – туыстарды шақырып ұйымдастырылған кеш, қимастық, сыйластық сезім, әке – шешенің тілегі, қариялардың ақ батасы, жастардың ел алдындағы борышын ақтауға берген жалынды уәдесі, осындай сұлу сезімдерінің сана – сезімінде өшпестей орын алады.
Мағжан Жұмабаев: «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүйіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан құтылуына көп көмек көрсетеді» деген тамаша сөздері осының айғағындай.
Баланың өз Отанымен танысуы табиғатпен тығыз байланыста болады. Ауладағы гүлдер, бақшадағы жеміс ағаштары, шомылатын көл, күнге қыздырынатын жағажай, барлығы баланың сезімінде мәңгі қалыптасып, сүйіспеншілік сезімін оятады.
Бірақ үлкендердің көмегінсіз елжандылық сезімін қалыпастыру өте қиын, себебі оқушы жас ерекшеліктеріне байланысты көп мәліметтерді шатастырып алуы мүмкін. Кішкентай, әлсіз жер бетіне зорға көтерілген көшеттің тамырын қатайту үшін бағбан қаншама жылдар бойы тер төксе ұстаз да тап солай оқушыларының сезіміне шексіз. Отанын сүюді елді сүюді, жерді сүюді, ана тілін сүюді, елді басқарып отырған Елбасын құрметтеп, сүюді, осындай байлыққа кенелтіп отырған еңбекшіл халымызды сүюді, Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілік жағдайында өмір сүруін көздеген Елбасымыздың ұстанып отырған салсатын қолдауды қалыптастыруы қажет.
Осындай ұлы сезімдерді тәрбиелеу баланың алғаш көзін ашып, сыртқы ортамен танысып, білуге құштарлығы оянғаннан бастау алуы керек. Халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі жарқын болашақ үшін екенін күнделікті көріп жүрген ауылы, қаласы, орман – тоғайлы, өзендері оның өз Отаны екенін, елінің Отанының азаматы болуы үлкен мақтаныш екенін оқушылардың үлкендердің көмегінсіз түйсінуі қиындау. Мақсатты бағытталған педагогикалық тәрбие оқушының сезімін тәрбиелеп, сенімін қалыптастырып жетілдіреді.
Ұстаз оқушы мен оны қоршаған әлем аралығындағы дәнекер, ол бала сезімін сыртқы ортаны сезінуге бағыттайды және реттейді.
Оқушысының өмір тәжірибесінің аздығынан және үлкендерге сенім артып, еліктеу қабілет күшінің жоғарылығынан бүкіл оқиғалардың бағасын өз бойына үлкендерден тасымалдап алады; сенбіліктер, мерекелік шерулер, мейрамдар т.б. туарлы үйде ата – аналары не айтылса, бала бойында өмірге деген қарым – қатынас туындап, ол біртіндеп баланың сезімін тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларында патриоттық сезімді қалыптастыруда ең маңыздысы: баланың қоғам өмірінің құбылыстарына қызығушылығын қолдап, қуаттап, оларды не қызықтыратыны туралы әңгімелесу. Мақтаныш пен сүйсіну сезімдерін тудыратын халқымыздың жеткен жетістіктерін паш ететін оқиғаларды ұстаз оқушыларымен әңгімелесіп, талқылауы керек.
«Оқушылар, сендер космоновтардың космосқа ұшқандарынан хабардарсыңдар ма? Қазақстандық космоновтарды танисыңдар ма? Міне, олардың суреттері газет – журналдарға шығыпты. Көріңдер, естеріңе сақтаңдар. Олар еліміздің мақтаныштары! Космоновтардың қандай тапсырмаларды орындайтындарын, олардың ержүрек батырлығын ұстаз қысқаша әңгімелеп беруі керек. Космоновтар ұшқан кезде оқушылардың теледидар көріп, радио тыңдап, ұшу процес қалай өтіп жатқанын, космоновтардың денсаулығынан мәліметтер алып тұруларына кеңес берілу керек. Балаларда патриоттық сезімді қалыптастыру мынадай бірізділікпен жүзеге асады: алдымен ата – анасын, жанұясын, бауырларын, сыныптастарын, көршілерін және бүкіл адамзатты сүюге, сосын отбасын, балалар бақшасын, мектебін, ауылын, қаласын, бүкіл елді сүюге тәрбиелеу.
Бірақ та, ата – анаға сүйіспеншілікті тәрбиелеу кезінде Отанға деген сүйіспеншілікті де қоса тәрбиелеп жатырмыз деу, қате пікір. Өкінішке орай, отбасына, жанұясына адалдық Отанның тағдырына деген салғырлықпен кейде сатқындықпен астасып жататын оқиғалар белгілі.
Біз балаларды басынан бастап – ақ ата – аналарын сүюді, оларға қолғабыс етуді үйретеміз. Қымбат адамына берілген ізгі сезімі мен онымен рухани және көңіл – күйінің жақындастығының қажеттілігі, осының бәрі баланың қорғанышты екеніне, тұлға ретінде қалыптасуына маңызды. Осы сезімдердің, Отанға деген сүйіспеншіліктің бастамасы болуы үшін, балалар неғұрлым ерте өз ата – аналарының азаматтық келбетін көріп, олардың ортақ мүддеге үлес қосушы еңбеккерлер екендерін сезінулері керек. Анасы сыйақы алды. Әкесі оны құттықтап, баласына анасының бұл сыйақыға қажырлы еңбегінің арқасында, басқа да жұмысшылармен бірігіп барлық қыздардың, тәрбиешілердің, ұстаздардың, аналардың көйлектеріне жетердей тоқыған маталары үшін жеткенін түсіндіреді. Анасы қандай ғажап! Баланың анасына деген мақтаныш сезімі туды, енді ол тек сүйкімді анасын ғана емес, өзін соншама ынтық еткен, қызықтырған үлкен өмірдегі азаматты көреді. Көптеген оқушылардың аталары мен әжелері бар. Балалар оларды сүйіп, бауыр басқан. Бірақ немересі атасының ордендері мен медальдарының бар екенін біледі ме? Оларды не үшін алған? Әрбір орден мен медаль әр адамның ерлігі туралы әңгіме.
Бір мектепте 8 – март – Халықаралық әйелдер күні – мерекесінің қарсаңында оқушыларға әжелерінің Ұлы Отан соғысы жылдары не жұмыс атқарғандарын сұрап келуге тапсырма беріледі. Сондағы оқушылардың әжелері туралы әңгімелеріндегі шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрседегі шексіз таңғалыс – қуаныштарын көрсеңіз: «Менің әжем соғыс кезінде, ақ – дәрішығаратын қорғасын заводында жұмыс жасады», «Ал, менің әжем соғыста жауынгерлердің қол – аяқтары, таңбасын деп жүннен киімдер тоқып, майданға жіберген. Енді олар ата - әжелеріне басқаша көзқараспен қарап, олардың қалай соғысып, қалай еңбек еткендері жайлы жиі сұрайтын болды.
Балалардың қызығушылығын кеңейтіп оларды өздеріне тән тар әлемінен шығарып, кіші (аз) арқылы үлкенді көрсетіп, бір адаммен бүкіл адамзаттың өмірінің байланыста екенін көрсетудің патриоттық сезімді тәрбиелеуде маңызды өте зор. Осы мақсаттағы ұйымдастырылған жұмыс ата – анаға деген, еліне деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал етеді.
Өз қаласы, не ауылына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуде – кішіден үлкенге өту – принципін сақтап қолдану қажет. Оқушылар қаласының, ауылының орманының, көлкөлінің, даласының – Отанның бір бөлшегі екенін түсінулері керек . Оқушылардың, қалада қандай заводтар, фабрикалар бар екенін, қаланың немесе еліміздің атағын ерең еңбектерімен шығарған құрметті қандай азаматтар бар екенін білгендері жөн. Оқушыларды туған қаласымен, ауылымен таныстыру кезінде олардың назарын қаланың қонақжай жерлеріне, ескерткіштерге, музейге аудару керек, осы кезде бұл музейлерде болуға, тарихи ескерткіштерді көруге, құрбан болған ерлерге тағзым етуге адамдардың басқа қалалар мен ауылдардан келетіндерін айта кету керек. Туған қаласының, ауылының бәріне қызықты және қымбатты екенін сезіну, өз өлкесі үшін мақтаныш сезімін тудырады.
Патриоттық сезімді тәрбиелеуде балаларды халқымыздың әдет-ғұрпына араластырудың үлкен мәні бар. Қазіргі заман талабына сай әдет-ғұрыптар да аз емес. Олар мемлекетіміздің құрылысының маңызын, халқымыздың психологиясын көрсетеді. Мысалы, еңбек ерлерін құрметтеу, әр кәсіптің иелерінің мерекесін тойлау, құрбан болған ерлерді еске алу, әскерге шақырылғандарды шығарып салу, еңбек және соғыс ардаргерлерімен кездесулер.
Осы дәстүрлерге балаларды қатыстырумен біз оларды ел өміріне, бүкіл халықтың өміріне бейімдейміз. Дәстүрге бейімдеу біртіндеп жүргізіледі. Алғашында бала жеке деректерді қабылдайды да, соңынан үлкендердің көмегімен талдап қорытады.
Әр жыл сайын көктем мен күзде әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімі болады. Әнмен, жақсы тілектермен шығарып салу дәстүрге айналды. Үлкендер балаларға жастарды қайда және не үшін шығарып салу керектігін, қандай қызмет атқаратындарын, Отан қорғаушысы болуға қалай дайындалуға болатындарын айтулары керек. Біздің елімізде әскерилерге ілтипат ерекше: әскери киімдегі құрметке ие, батырлық пен абыройға бөленген. Сондықтан да балалардың ең алғашқы және көп ойнайтындары - әскери ойындар. Балалар солар сияқты батыр, батыл және епті болғылары келеді. Әскерге шығарып салуды бақылау балалардың елміздегі адамдардың өмірі туралы білімдерін жетілдіріп, ойындарын қызықты мазмұнмен толықтырады.
Халқымыздың дәстүрінде құрбан болған ерлерді еске алу ешқашан өзгермейді. Біздің жерімізде көптеген ескерткіштер мен обелискілеу бар. Адамдар Пискарев моласында кімдердің жатқандарын, Хатыньда кімдердің өртелгендерін Краснодон мен Красный Лучта тірідей кімдердің тасталғандарын мыңдаған бауырластар қабірінде кімдердің көмілгендерін біздің халық ұмыта алмайды. Біздің тарихымыздағы о сындай ақтандақтарды балаларымыздың білулері шарт. Бастауыш сынып оқушылары тек өз басының ғана емес басқаның да өкінішін, қасіретін сезінеді. Анасының көз алдында баласын фашистердің дарға асқаны туралы, соңғы гранатасымен жауынгердің фашист танкісінің астына түскені туралы әңгімелерді естіп бала жылап та алсын. Балаларды күшті эмоциялардан қорғаштауға болмайды (сонда да асыра сілтеуге де жол берілмесін). Мұндай көңіл - күй нерв жүйесін босатпайды, керісінше патриоттық сезімнің бастамасы болады.
Сынып жетекшісі ата - аналарға Жеңіс күнінде, әскери мейрамдарда немесе жанұялық мерекелерде (үлкен ағасын әскер қатарына шығарып салу, туылған күн, мектепке бару, мектеп бітіру). Мәңгілік алауға, біздің бейбіт өміріміз үшін жанын қиған ерлердің ескерткіштеріне тағзым етуге баласымен баруларына ұсыныс айта алады.
Патриотизмнің бір қыры - еңбеккерлерді құрметтеу. Барлық нәрсе еңбекпен, қолдың күшімен келетіні, еңбектің қуаныш, бақыт және елге байлық әкелетіні туралы пікір баланың санасында ертерек туылуы керек. Оған көрсетілген еңбектегі ерлік адамгершілікке тәрбиелеуде, соғыс кезіндегі ерліктен кем түспейді. Ұстаз, ата – аналардың қандай кәсіппен, қай мақсатта шұғылданатындарын балаларына түсіндірулерін сұранады.
Балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыруда бұл еңбектің әлеуметтік мәнін, жеке бастың мүддесі үшін ғана емес, бүкіл елге маңыздылығын көрсету керек. Астық жиюшылардың еңбегі, мұның нағыз мысалы бола алады. Бала ата - анасымен наубайханаға көп келеді. Нанның түр – түрі; ақ нан, қара нан, тоқаштар... Бұларды кім және қалай даярлаған? Кім пісірген ? Дүкенге кім әкелген? Міне осыдан ұстаз әңгімесін бастай алады. Дастарханымызға нанның қандай бағамен келетінін, ауа - райының келеңсіз уақыттарында астықты жинаудың қиындықтарын, бұл еңбекке біршама кәсіпкерлердің жұмылдырылғандарын жеңіл және түсінікті түрде ұстаз балаларға әңгімелеп беруі қажет: қаланың жұмыскерлері комбаинды жасайды, оған жанармайды мұнайшылар шығарады, наубайшылар нанды пісіреді, жүргізушілер оны дүкенге тасымалдайды, сатушылар оны сатады. Бастауыш сыныптың оқушылары осы «тізбекті», нанның дастарханға қалай келетінін білулері керек. Осы біліммен еңбеккер халыққа деген құрмет туындайды.
Салыстыру арқылы , бастауыш сынып оқушыларына көптеген елдерде еңбеккерлердің жұмысы ескерілмей, еңбегі еленбей өте ауыр халде өмір сүріп жатқандарын тілге тиек ету керек. Мұндай әңгімелерде ұқыпты, әдепті және сезімтал болу керек. Деректерге кішкене безендірулердің берілуі, бала қай елде тұрса да өз еліне еңбеккер халқына деген мақтанышы туады.
Сонымен, айналамыздағы ақиқатты (болмысты) үлкендердің мақсатты бағдарланған басшылығымен балалардың қабылдауы, олардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу әдісі бола алады. Отанға деген сүйіспеншілік ті аадамгершілікті тәрбиелеудің тағы да бір пәрменді әдісі - көркем әдебиет пен көркемөнер.
Бізде балаларға арналған әртүрлі жанрдағы көркем шығармалар: өлеңдер, әңгімелер, очерктер жазылған.
Патриоттық сезімге тәрбиелеуде, адамгершілікке тәрбиелеу кезіндегідей оқылған кітаптардың саны емес, оларды дұрыс таңдау мен соңынан талқылау.
Бастауыш сынып оқушыларында Отанға деген сүйіспеншілік сезімінің нық және жете түсінушілікпен орнығуына қандай білім қажет, елі туралы қандай мағлұмат білуі тиіс.
Патриоттық сезімді тәрбиелеуде тарихи білім өте маңызды. Оқушыларға Совет өкіметін орнатуда, революция кезінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында адамдардың өшпес ерлігі туралы әңгімелерді оқып, түсіндіру қажет. Өз ісіне деген, Отанға деген шексіз берілгендіктің шынайы мысалдары оқушылар үшін патриотизм мектебі болып саналады.
Отанымыздың кәзіргі тыныс – тіршілігін де оқушылар білуі керек. Бұл – бейбітшілік үшін күреске оқушылардың атсалысуы мен еліміздің гүлденуіне бағытталған ерен еңбек.
Оқушыларға еліміздің болашағы туралы да, әңгімелеу керек; қандай үйлер тұрғызылады, қандай машиналар жыйналады. Мұндай білімдер оларды армандауға үйретеді, өз елінің белсенді азаматы (қиялында болса да) екенін сезіндіреді.
Осындай алғы шарттарға сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларына еліміз туралы мағлұмат берерде жоспар құрып алуымыз керек. Қазақстанның көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекені екенін, олармен әрдайым бейбіт қатар өмір сүру керектігін білулері шарт.
Ұстаз оқушыларға жеріміздің алуан түрлілігін айтады: жасыл арман, көгілдір өзен мен көлдер, сары шөлейттер мен қоңыр бетпақ дала. Еліміз өте бай: көмір мен алтын, мұнай мен мақта, бидай мен темір де бар. Қаншама заводтар мен фабрикалар, жұмыс өндірістері бар. Космосқа ұшатын «Байқоңыр» космодромы да біздің жерімізде орналасқан. Балаларға арналған ойыншықтар да бізде жасалынып, кітаптар да өзімізде басылады.
Бүкіл адамзат – үлкендер мен балалар да – жақсы өмір сүрулері үшін, еліміз ештеңеге мұқтаж болмауы үшін өте көп және жақсы еңбек ету керек. Еліміздің барлық еңбеккерлері жұмысшылар қызметкерлер, ғалымдар, ауыл тұрғындары жеріміздің гүлденіп, күннен – күнге баий түсуі үшін қажырлы еңбек етуде. Балалар ержеткенде олар да үлкендерге ұқсап жақсы еңбек етеді.
Біздің елеміз көпұлтты. Бір жанұяның баласындай қазақтар мен орыстар, украиндықтар, грузиндер, қырғыздар, армяндар, ұйғырлар бірігіп өмір сүріп жатыр. Олар бірге жұмыс істеп еліміздің байлығын бірге сақтап, Отанымызды жаудан бірге қорғайды. Еліміз әрдайым осындай бейбіт заманда өмір сүрген жоқ, ел басынан небір жылдар құлмат өтті, бірақ еңбекші халық бәріне төтеп берді.
Бұл білімдерді оқушылар біртіндеп сабақ уақытында ойындарда, еңбекке баулу кезінде алады. Оқушыларға еліміз туралы қажетті білім алу мен патриоттық сезмді қатар тәрбиелеу үшін педагогикалық процесті қалай ұйымдастырса болады?
Осындай педагогикалық процесті құрудың маңызды әдістерінің бірі танымдық мәліметті тақырыппен жоспарлау. Әр тақырыпқа белгілі бір уақыт бөлініп, көбіне елеулі күнге сәйкестендіріледі. Тақырыптар жыл бойында қайталанады, жалғасады, араларында қисынды байланыс орнатылады. Тақырыптың жоспарлау білімді терең меңгерумен қатар, біртиптік жаныашудың қайталануына жағдай тууына байланысты сезімді де тәрбиелейді. Мұндай қайталанулар баланың жаныашуын тереңдете, нығыздай түседі. Сонымен қатар көңіл – күйінің бейімделуінен яғни қабылдаудың үйреншіктілігінен сақтану керек, ол қызығушылықтың бәсеңдеуін, сезімнің өшуіне әкеліп соқтырады. Сол үшін, жұмысқа кірісер алдында ұстаз деректер мен оқиғаларды сұрыптап, қандай мысалдарға балалардың назарын аударып, қайсысына жәй ілікпе сөз, ескертпе айтып кетумен шектелу керектігін ойланады. «Кішкентай балаларды тәрбиелейтін жас педагогқа кеңес бергім келеді,- деп жазады В. А. Сухомлинский, - туған жеріміздің құдыреттілігі, ұлылығы туралы алғашқы, сөзіңізді айтарда баланы бұл сәтке терең оймен, тиянақты даярлаңыз. Бұл сөз шабытты, рухты, игілікті сезімде болуы керек...»
Түрлі тақырыптарды оқушылар әр түрлі қабылдайды, бірақ мәліметтерді тану кезіндегі туындайтын көңілк – күймен сезімдер бір үлкен сезімге тоғысады – Отанға деген сүйіспеншілікке. Яғни, мазмұны жағынан, көңіл – күй жағынан бағыты әртүрлі тақырыптар: «Біздің еліміздің табиғаты, «Еліміздің туылған күні» «Әскери адам - қорғаныш», және т.б.
«Отан» деген бір түсінікке шоғырланып, патриоттық сезімнің тууына ықпал етеді. Сонымен туған жер туралы білімді жетілдіруде, оқушының сезімін тәрбиелеуде әр тақырыптың көңіл – күйінің бағдарламасын дұрыс анықтау алғашқы шарт болып табылады, және сабақ, сабақтан тыс жұмыстарды ұстаздардың қолданатын нақты, әдістемелері, педагогикалық тәсілдері осыған байланысты. Мысалы, «Отанымыздың туылған күні» тақырыбын меңгергенде, оқушылардың сезіміне Отанымызды қорғаушыларға деген мақтаныш сезімін оятуымыз қажет. Осы мақсатпен ұстаз оларға, Отты жылдардағы Қазақстан тақырыбындағы әңгіме оқып береді, иллюстрациялар дайынлдап, неміс фашис басқыншыларымен, отанды қорғауға аттанған бүкіл қазақстандықтарға өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың эмоциясына күштірек әсер ету үшін ұстаз соғыстың көріністері бейнеленген суреттер көзретіп: «Қараңдаршы, жауынгерлерді шаршаған, қажыған, жолдастарынан айрылған. Оның дем алып, тамақтанып күш жыйнағысы келеді. Бірақ, оған уақыты жоқ. Жау таяп қалды. Шегінуге жер жоқ». Фашистер Кеңес Мемлекетінің астанасы Мәскеуді басып алуға бар күшін салды. Мәскеуді қорғауға Қазақстаннан барған 316 – атқыштар дивизиясы қатысты. Мәскеу үшін айқаста Б. Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті. Өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы кескілескен ұрыс жүргізе отырып дұшпанды шығынға ұшыратты және едәуір қашыққа қуып тастауы.
Осы әңгімені талқылау барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаушы жауынгерлердің жанқиярлық ерлігімен танысып мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдері туындап, Отан дастарына таңырқап, таңданады. Оқушыларды қиялдағы жағдайға қатыстыру әдісімен: («Өздеріңді Каспий теңізінде саяхаттап жүрміз деп ойлаңдар. Біз онда не көреміз? », «Біздің қаламызда ешуақытта болмаған үйімізге қонақ келді. Біз оған не көрсетеміз, қайда апарамыз?») сабақтың эмоциялық әсерін тереңдетуге болады.
«Астана – республикамыздың астанасы» деген сабақты былай жүргізуге болады:
Тақырыптық жоспар. Астана - бас қала екенін оқушының санасында бекіту; Астана туралы білімдерін таразылау; Астана туралы көбірек мәлімет жинақтауға ықыласын арттыру; сонынан суреттер салу, Астананы құрылыс материалдарымен құрастыру.
Дайындық жұмысы. Ұстаздың тапсырмасы оқушылар үйлерінен Астана туралы открыткалар, суреттер әкеліп бірге қарап кітап бұрышында кішірек көрме ұйымдастырады. Астана қаласында тұратын оқушылар ата – аналарымен, ұстаздарымен бірге қаланы тамашалап, көркем жерлерінде суретке түссе болады.
Сабақтың материалдары. Астана туралы қала келбеті, «Бәйтерек», Мәңгілік алау, Есіл өзенінің жағалауы, Океанариум «Думан» туралы слайдтар немесе картиналар вазамен гүл, еліміздің жалауы, елтаңбасы. Әр слайт немесе картиналар жеке – жеке қызыл жұлдызшалы конверттерге салынған.
Сабақтың барысы. Диафильмдер көрсетілетін бөлмеде оқушылар экранға жарты шеңбер бойымен отырғызылады. Бұрыштағы үстелде ваза мен гүл, еліміздің рәміздері қойылған. Үстел үстенде тағы да жұлдызшалы конверттермен мен слайд, салынған конверт жатыр. Ұстаз сабақты бастайды.
-
Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, бүгін біз қай тақырыпта
сабақ өтеміз? Менің үстеліме қараңдаршы, мүмкін ол сендерге көмектесер... Біз бүгін біздің Отанымыз туралы, басқаламыз - Астана туралы айтамыз. Астана қандай қала? (бірнеше оқушылар жауап береді)
-
Астана өте үлкен және әсем қала, - деп жалғастырады ұстаз
әңгімесін. Келіңдер, бәріміз бірге қызықты саяхатқа шығайық. Әрқайсысын Астаналық та, қала қонағы да боласыңдар. Міне үстел үстінде конверттер, олардың ішінде жұмбақ – слайдтар. Бір жұмбақ – слайдты алып диапроеторға қоямыз да Астананың бір керемет жерінен табыламыз. Біз бәріміз қонақпыз, ал «жұмбақты» алған оқушы – астаналық, яғни ол бізге сол көрініс туралы тұжырымды және қызықты етіп әңгімелеп береді. Қонақтар сұрақтар қойып, әңгімеге толықтырулар еңгізіп отырады. Кім Астана туралы керемет мағлұматтар беріп қызықты әңгімелеп берсе соның кеудесіне қызыл жұлдызшаны тағамыз. Қане, қайсың біздің алғашқы экскурсовадымыз, боласыңдар?
Егер ықылас білдіргендер болмаса, ұстаз оқушыларды кезеңмен шақырады. Ұстаз оқушылардың әңгіме құрауына көмектесіп, демеп отырады. Әңгіме құрауға оқушылар тегіс жұмылдырылады. Сабақтың соңында «Астана» өленің оқылып, «Менің Қазақстаным» гимні шырқалады.
«Біздің еліміздегі халықтар» тақырыбындағы сабақта оқушылардың сезімдеріне кеңірек әсер ету үшін, жағдайлар ойын түрінде беріледі, яғни дидактикалық ойындар қолданылады, ұлттық киімдегі қуыршақтардың шеруі ұйымдастырылады және т.б. Оқушыларға қолөнер шеберлері теріден, жүннен, балшықтан жасаған қолданбалы бұйымдары ұнайды. Елемізді мекендеген әртүрлі ұлттар туралы, әңгімесінде ұстаз орыстың ұлттық ойыншықтарын, украинның тоқымасын, грузиннің темір құймасын, қазақтың киіз үйін көрсетеді. Халық шеберлерінің қолдарынан шыққан бұйымдар ұлттар достығы бұрышынан орын алады, кейіннен оларды «Кәде – сый дүкені дидактикалық ойынында қолдануға болады. Бұл ойынның іс - әрекетін де дүкеннен ойыншық сатылып алынады, ал ойынның тәртібі бойынша оқушы бұл заттың қай ұлтқа тиесілі екенін, қандай материалдан жасалғанын, қандай ерекшеліктері бар екенін дәл анықтауға тиіс, сонда ғана оқушы оны сатып алуына болады. Осындай дидактикалық ойындар халық шеберлері туралы әңгімелерден соң әр ұлттың қолданбалы өнері туралы білімді тиянақтауға көмектеседі. оқушыларды ұлттық киімдермен де таныстырып, олардың кейбіреуінің суретін салуды ұсынады. Ұстаз білімді бекіту үшін келесі ойынды жүргізеді: оқушыларға ұлттық киімдер көрсетіліп, оның қай халықтың киімі, қандай бөліктерден құралғанын киімде қандай түс басым, екенін баскиімнің қандай ерешеліктері барын анықтау тапсырылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы қуыршаққа ұлттық киімді кигізіп, сыныптастарының ортасында ұлттыз биді билеу құқығына ие болады.
Осындай тақырыптағы сабақтарда көрнекті құралдар, оқушылардың тәжірибесі қолданылып, ұстазға сұрақ беруге оқушыларды ұйымдастыру қажет. Осының бәрі сабақтың есте қалуына ықпал етеді.
Ән сабағында оқушылар әр ұлттың музыкасын тыңдап, билерін үйреніп, ұлттық ойындарын ойнайды. Ән сабағының ұстазы, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып өз жұмысын жоспарлағанда басқа сабақтарда оқушылардың қандай тақырыптарды меңгеріп жатқандарынан хабардар болуы керек.
Негізгі эмоционалдық жүкті ұстаздың сөзі, көркемдік әдістер – музыка, картиналар, көркем әдебиеттер алады. «Жан дүниесі бай адам өз халқының тарихын, мәдениетін біледі. Сонымен қатар бауырлас халықтың мәдениетімен, тарихымен таныс болып, сыйлай білсе, ол екі есе байи түспек» деген Абай сөзіне құлақ салсақ оқушылардың жан дүниесін байыту, яғни азаматтың сезімін тәрбиелеудің, патриоттық сезімін қалыптастырудың маңызы өте зор.
Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз терең сезімге айналуы үшін, ол туралы көп білуге ықыластық артуы ғана емес, Отан үшін еңбек етудің қажеттілігі; оның байлығына ұқыпты қарау. Болашақ азаматты тәрбиелеуде өз еркімен еңбек етудің ролі маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының істері жеңіл және күрделі емес, сонда да олар оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушылардың ұжым үшін, сыныбы үшін өз еркімен жасаған жұмыстарын мадақтап отыру керек. Балалар әрдайым не, қалай жасау керектігін өздері сезіне бермейді. Міне осы кезде үлкендердің көмегі, тілегі, тәжірибесі керек.
Көктемде оқушы тұратын ауланы көгалдандыру, көшені тазалау сенбіліктері ұйымдастырылады. «Күрегіңді алып, менімен бірге жүр, - дейді әкесі баласына. Ертесіне сыныпқа келе сала оқушы сыныптастырына мақтанышпен: Кеше біз әкем екеуіміз ауланы жинастырып, көшеге ағаштар ектік, - дейді».
Жалпыхалықтық істерге оқушыларды араластыру баланың өз Отанының иесі ретінде тәрбиелейді. Отанын сүйетін, қамқоршы ие. Жалпықоғамдық түрткідегі еңбегі сыныпта да, үйде де бір оқиғадан екінші оқиға дейін емесе, жүйелі түрде ұйымдастырылғаны абзал. 7 – 8 жастағы балада өзіне - өзі қызмет көрсетуде ғана емес, ұжым үшін, басқалардың пайдасы үшін де тұрақты тапсырмалары болуы тиіс. Бұл еңбек айналадағылар үшін ойластырылған болмай, шынайылықты көрсеткені ғана маңызды. Өкінішке орай мектепте де, үйде де тапсырылған жұмыстардың сипаты қажетсіз міндетсіз болып келеді. Үлкендер балалардың жұмыстарын орындауға даяр тұрады, бұл олардың еңбегінің нәтижесімен сапасына жауапкершілігінің төмендеуіне, алға қойған мақсатына жетуге талпынбауына әкеліп соғады.
Осы айтылғандардың барлығы патриоттық сезімді тәрбиелеуге жатады. Егер адам жауапсыз, егер ол шығарылған өнімнің сапасына құлықсыз болса, онда оны өз отанын сүйеді деп айта аламыз ба? Бастауыш сынып оқушыларында жұмысқа деген жауапты, салиқалы қарым – қатынас олардың жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде тәрбиеленеді.
Егер оқушыларға мектеп ауласындағы гүлдерді күту тапсырылса, немесе тәртіпті бақылау жүктелсе, онда олардан тапсырманың таза орындалуын көріп өздері жою керек, өсімдіктерді суарып жерді қопсыту керек, яғни үлкендердің көмегінсіз не қажет барлығын өздері атқарулары керек. Әрине ұстаз көмектеседі, жөн сілтейді, сонымен қатар балалардың белсенділігін, бастамасын қолдап отырады. Еңбекпен тәрбиелеудің ұтымды әдісі мақтау мен көтермелеу. Оқтын – оқтын оқушылармен тапсырмалардың орындалу барысын талқылап, ортақ іске жауапкершілігі және белсенділігі төуенқушыларды қалай қызықтыру жолдарын іздеп оытру керек.
Қоғамдық мүлікке, туған жердің табиғатына ұқыпты қарауды әңгіме арқылы, көркем әдебиеттерді оқу арқылы, бәрінен бұрын оқушыларды тәжірибелік жұмысқа тарту арқылы тәрбиелеуге болады. Әрине балаға мысалы нанды қалай өсіретінін көрсетіп және әңгімелеп беру қажет. Бұл еңбектің күрделілігін, нанды қадірлеуді ол нанды өзі өсіре ғана толығымен түсінеді. Лқушылар өз бақшаларының бір бөлігіне бидай сеуіп, оны баптап, өсіріп, жемісін жинап алуына болады. Сонда нанды қадірлеу туралы әңгіме тез түсінікті болады. Мектеп асханаларында қатал ереже сақталынуы тиіс: нанды тастауға болмайды. Бірақта әрдайым тамақтанғаннан кейін нана артығымен қалып қояды да оқушылардың көз алдында тасталынады. Бұған жол беруге болмайды.
Бірде мұғалім түскі астан кейін қалған нандарды ыдысқа жиып алды да оқушыларға көрсетті: «Қараңдар, бүгін қанша нанды тастауымыз керек, себебі сендер оны ұқыпсыз қолданып, тістеп – тістеп тастай салдыңдар. Енді мұны кім жейді? Мұқият тыңдаңдар, мен сендерге болған оқиғаны әңгімелеп берейін.
Бұл Ленинградта болған. Фашистер қаланы басып алғылары келді. Бірақ ленинградтықтар жанқиярлық пен қалаларын қорғады. Сонда фашистер қалаға кіретін бүкіл жолдарды бекітіп тастады, басқа қалалардан азық – түлік жеткізілетін бүкіл жолдар жабылды. Олар ленинградтықтарды аштықпен жеңгілері келді. Өте қиын болды. жеуге ештеңе қалмады. Қаланың әр тұрғынына күніне 125 грамм қара нан берілді. Бұл өте аз, мынандай ғана бөлі. Осы қымбат бөлікті аяу үшін өте ерте оянып кезекте тұру қажет еді. Үлкендер ерте жұмысқа кететін де, нанға балалар баратын. Олар осы бөліктерді үйлеріне әкеліп, аналарын тағатсыз күтетін, сосын бәрі бірігіп, нанның бірде бір қиыршығын түсірмей, берілген бөлікті жейтін. Бұл – нан! Бұл - өмір!
Соғыс әлдеқашан бітті. Советтік әскерлер жеңіске жетті. Ленинградтықтар да барлық адамзат сияқты молшылыққа кенелді. Бірақ, бірде бір ленинградтықтың есінен, соғыстың 125 грамм нанның қандай қымбатшылықпен келгенін естерінде қалды.
Осы әңгіме туралы ойланыңыдар. Қалай түсінгендеріңді ертең тамақтанға байқармыз. Қазір сендер тістеп тастаған нандарды кесіп құстарға жем дайындайсыңдар, ол таза бөліктерді кептіріп, соңынан оларды өзіміз жеп қоямыз.
Табиғатты қорғау жұмыстарын оқушылар белсеніп қатыса алады. Оларға көп нәрсе қолайлы: жануарларды күту (әсіресе ауылдық жерлерде), құстарға жем беру, ағаштар, талдар отырғызу, «Жасыл ел ұйымына қолғабыс ету. табиғатқа ұыпты қарым – қатынас туған елге сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттық сезімде тәрбиелеуде – ойын маңызды рөл атқарады. Балалардың өздігінше ойнау қабілеті қоршаған ортаны танып білгісі, оның белгілі бір бөлшегі болғысы келгенінен тұрады. Жауынгерлердің, шекарашылдардың, жұмысшылардың, дәрігерлердің, оқушылардың рөлін ойнап оқушылар елімізде болып жатқан оқиғаларға қатыса алады. Шығармашылық ойындардың мәні ұжымдық сипатта болғандықтан тәрбиелік маңызы арта түседі. Балалар ортақ қызығушылықтың, ортақ жанашырлықтың арқасында бірігеді. Ойын балаларды тәрбиелеу әдісімен қатар, сезімдерінің түсінігін көрсетеді. Өмірден, көркем әдебиеттен, көркем өнерден алған әсерлері балалар ойындарының қайнар көзі болып табылады. Осындай әсерлер бірден ойындарында көрініс табады. Баланың көргенін немесе есіткенін анық ұғынуы, үйренгендеріне жете түсінікпен эмоциялық қатынас орнатуы, көркемәдебиеттегі, байқаған көріністегі кейіпкеріне ұқсауына талпынуы өте маңызды мәселе. Мұндай жағдайда педагог үлкен рөл атқарады. Ойынның тәрбиеленудегі маңызын ашу үшін, ол балаға көрген деректері мен оқиғаларының негізгісін көрсетіп, ойынды жайлап басқарып отыруы керек. Ойынды балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге қолданатын әдіс ретінде санайтын ұстаз, оқушылардың ойын өмірде орын алып отырған құбылыстарға аударып, көркем әдебиеттерді таңдап, олардың мазмұнын балалардың сезіміне жеткізіп, олардың ойынға деген құлшынысын арттырып қажетті эмоциялық үндесуіне жағдай жасау керек; ұстаз сонымен қатар ойынның мазмұнын сұрыптап, оқушыларға лайықты рөлдерді таңдауы керек. Бұдан басқа, ұстаз балаларды ойынға қажетті құралдармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, оларға ұсыныстарымен, ақыл – кеңестерімен көмектеседі. Шығармашылықты, ойластыруды, қатысушылардың қызығушылығына, қажеттілігіне, жеке тәжірибесіне байланысты белсенділікті талап ететін – ойын балалардың өз бетінше еңбегі екенін (сабақтан бір ерекшелігі) ұмытпауымыз керек. Ұжымдық ойындарда сынып оқушылары достасып, әңгімелері мазмұнды бала түседі: білуге құмарлықтары артады, үлкендер әлеміне қосылу қажеттілігі қанағаттандырылады. Оқушылар Отан туралы көп мағлұмат алып, халқымыздың салт – дәстүрлерімен танысады. Қоғамдық тақырыптағы ойындардың тәрбиелік мәнінің маңыздылығы сонда, балалардың көңіл – күйін шарықтатып, өмірмен тереңірек тансуға, өзін - өзі жетілдіруге итермелейтін, бірте – бірте руханиізгілік сезіміне әсіресе әскери тақырыптағы ойындарда ерекше көрінеді. Оқу үстінде әскерилерді бейнелеп оқушылар терірек жүгіруге, жоғары секіруге, нысананы дәл көздеуге, дене жаттығуларын дұрыс жасауға тырысады.
Оқушылар бір затқа, көрініске, оқиғаға байланысты өз сезімдерін сурет салу, апликция арқылы көрсеткілері келеді. Сондықтан сныптың бір бұрышынан бояулар, қарындаштар, түрлі- түсті қағаздар қойылған көрме сурет бұрышын дайындап қою керек. Оқушылардың сабақтарының тақырыптарына байланысты, мемлекетіміздің рәміздерімен (ту, Елтаңба), халық өнерімен, басқа республикалардың ұлттық киімдерімен, тұрмыстық заттарымен танысқанда көркемсурет бұрышына қағаздан, бояшықтан жасалған осы заттарды орналастырып, оқушылардың қалауына қарай бояуларына, жағдай жасау керек. Ұстаздар Оқушыларды бірелестіретін көптеген қызықты жұмыстарды ойластырады. Мысалы, тақырыптық көмелер ұйымдастыру, ата – аналар бұрышын безендіру, мейрамдарға зал дайындау және т.б. ата – аналарға, басқа оқушыларға мектеп ұжымына көрме ұйымдастырғанда оқушылар белсенділік танытып, ерекше көрмеге лайықты мәліметтерді кеңесіп дайындап, экспонанттарды стендке жайғасрыды, өздері экскурсовод болады. Көрмеге қойылатын заттарға картиналар, балалардың салған суреттері мен қолдан жасалған заттары, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер жатады.
9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында сыныпқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылды. Осы оқиғаға барлық бала қатысты: біреулері әскери машиналар әкліп, біреулері жұлдызшаларды қырқып, бояп әзірледі, қалғандары «Жеңіс күніне» арналған кітап пен сурет көрмесін ұйымдастырып, концерттік бағдарлама дайындады. Бүкіл бала жұмысқа тартылды. Мереке күні балалардың көңіл – күйі көтерңкі болды, олар өлең айтып, би билеп, сыныптың әсем безендірілгенін көріп өте қуанды.
Балалардың әңгімелеріне құлақ салып, ұстаз соғыс ардагерлерінің батыр, ержүрек, көп оқып, көп білгендерін, көп көргендерін айта келе, соларға ұқсап, сондай болу керектіктерін айтты. Мерекеге дайындық барысында, ұстаз сыныпта жыл бойындағы жиналған жақсы жұмыстардың көрмесі ұйымдастыруды ұсынды. Әркім өзінің жақсы жұмыстарын таңдап, басқалары оның көрмеге лайықтығын шешті. Талқылау кезінде оқушылар бір – бірімен татулықта болып, ортақ істі бітіруге зор ықыласпен кірісті. Ұстаздарының көмегімен ардагерлер өмірі жайлы альбом жасап, кітап бұрышын жасады. Оқушылардың іс – қимылы, мінез – құлқы осы мерекені қалай күткендерін көрсеткілері келді.
Әртүрлі көрмелер ұйымдастыру, мерекелерге дайындалу оқушыларды жалықтырмайды, керісінше олардың мінез – құлықтарының жақсаруына әсер етеді. Олар оқуда да ойында да белсенділік танытады.
Жұмысшылардың қолымен не жасалады, ауыл еңбеккерлеріне не өсіреді?» деген тақырыптағы көрмеде өндіріс құралдарын, тұрмыстық заттарды, ойыншықтырды, маталарды, азық – түліктерді, жемістерді, сәндік бұйымдарды көрсетуге болады. Бұл заттар балаларға өте таныс, бірақ олар оны кім және қай жерде, қалай жасағандарын ойлана бермейді. Бастауыш сынып оқушылары, жас ерекшелігіне байланысты әр заттың тарихы туралы көп ойлануларына, көп талқылауларына тура келеді. Олар жұмысшылар мен ауыл еңбеккерлерінің еңбегінің маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді. Осылайша олар еңбек адамдарын, қадірлеп, өздері де үлкендерге көмектесіп, кітаптарын. Ойыншықтарын ұқыпты ұстап және т.б. пайдалы істермен шұғылдануға кіріседі. Мысалы, бала партаны бүлдіреді, ұстаз оған ескерту жасайды, ол оқушылар болса: «Міне, сен партаны бүлдірдің, ал жұмысшылар болса бізді оқысын деп, осы партаны жасады», - деп дүрс қояды.
Меркелерге арналған көрмелер, әр ұлттың тұрмыстық заттарымен танысу сыныптағы әр оқушының өз қабілетін білдіруіне, еңбегінің қажеттілігін сезінуіне және қоғамдық өмірге араласып жақсы түсінуіне жағдай жасайды. Жұмыстың осындай тәсілі оқушылардың сабақта алған білімдерін бекітіп, адамгершілікке, рухани ізгілікке тәрбиелейді. Оқушылар мерекенің мәнін дұрыс түсініп, әртүрлі оқиғалар туралы әңгімелеп, өз сезімдерін жеткізуге үйренеді. Осы тәсіл оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізуге көмектесіп, адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарттарын игеруге бағыттайды.
Бір бөліммен патриттық сезімді тәрбиелеудің бүкіл қыр – сырын көрсету мүмкін емес. Сонда да бастауыш сынып оқушыларының ұстаздары балаларды алғашқы боп Отанмен, қоршаған ортамен таныстыратындарын ұмытпаулары тиіс. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің жолдары әр түрлі болады, ең бастысы оқушыларда Қазақстан Республикасының азаматығына деген, ең керемет сезімді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |