Мұхаммед Мұстафаның жүзін көргенде өздерінің кітаптарындағы дәлелді растап, иманға келгендер
1) Уәрақа ибн Нәуфәл (Хадиша ананың ағасы). Алладен ең алғаш уақи келген кезде Мұхаммед Мұстафа шыдай алмай сабырсызданады. Хадиша мәшһүр ағасына оқиғаны жеткізеді. Уарақа: «Оны маған жібер» - дейді. Расул-Алла Уарақаның алдына келіп көрген-білгенін баяндап береді.
Сонда Уарақа: «..... Иә Мұхаммед саған сүйінші! Мен саған куәлік етемін. Ол – уахи. Біз күткен пайғамбар сенсің! Иса сені сүйіншілеген еді!» Бұл оқиғаны Қарымсақов Ақыт Үлімжіұлы былай жалғастырады:
«Уазахаға Хадиша айтты барып:
- Мұхаммед күнде қорқып болды ғарып.
Жағдайына көз салып байқаңызшы
Болмаса көресіз бе ұшық салып?»
Уәзаха айтты: Ол Жәбірәиіл болса керек,
Еріңе пайғамбарлық қонса керек.
Егер ол Жәбірәйіл болса рас,
Көңіліңе шаттық, дәулет қонса керек.
Бұрында Ғайса нәби шыққан көкке,
Ие боп Алла берген кереметке.
Жәбірәйіл жер үстіне бекер келмес,
Сол шағыр келіп жүрген Мұхаммедке.
Қартайып тым ұлғайып кетті жасым,
Қызығын көре алмастан өтті-ау басым.
Дұшпандар Мекедегі қас қылғанда,
Болар ем ей Мұхаммед, жан жолдасың.
2) Мәшһүр Насара ғұламасы Ибнул Ағла хазіреті Мұхамедтің пайғамбарлығынан бұрын және оны көрмей тұрып хабар береді. Кейін пайғамбарлық келгеннен соң Расул-Алламен кездесіп: «.... Сені ақиқат пен бірге жаратқан сипатыңды Інжілден көрдім. Мәриам оғлы (ұлы) сенің келетіңді хабарлаған екен.».
3) Хабаш патшасы Нжаши.
«...Шіркін осы менің Салтанатымның (патшалығымның) орнына Мұхаммеди Арабидің қызметшісі болсам ғой!»
Мұхаммед Мұстафаның туған күні
Пайғамбар нұры. Мұхаммед дүниеге келген күні анасы Әминаның
қасында болған Осман ибн Астың анасы, Абдурахман ибн Ауфтың анасы үшеуі жарық нұр көреді. Үшеуі де айтады: «Сол сәтте біз керемет нұр көрдік. Ол нұр – батыс пен шығысты жап-жарық қылды».
Пайғамбардың нұры қақында Құранда бірнеше жерде айтылған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әуел баста осы Пайғамбардың нұры жаратылғанын, сосын Хазіреті Мұхаммедке қалай жеткенін баяндайды.
2. Қағбаның ішіндегі пұттардың бәрі құлайды.
3. Мәшһүр Иран патшасы Кисраның сарайы құлайды.
4. Истахр-абада мың жыл сөнбей жанған Мажусилардың (отқа табынушылар, көне Иран діні) табынатын орны.
5.7 Пайғамбар тағылымы
(.... )ұлы дүние салды.
Бірін Ғали екеуін Ғұсман алды.
Біреуі бір орынды жерге барып,
Жалғыз-ақ Фатимадан мирас қалды.
Жеткенде қырық жасқа Құран еніп,
Хақ пайғамбар екенін хақ әлем білді.
Жәбрейіл пайғамбарлық алып келіп,
Иқра Бисмилла аят індірілді.
Ол Хадиша анамыз иқрар қылды,
Онан соң хазреті Әли деген келді.
Одан соң Әбу Бәкір ислам тауып,
Осы дін соларменен көтерілді.
Онан соң Зәйд ибн Хәрс дінге кірді.
Сонан соң мәрте-мәрте келе берді.
Пайғамбарлық келгеннен былай қарай,
Әбу Жаһил күндеп жүрді.
Халықты Пайғамбарға иландырмай,
Айнытып Жаһил ләғнет бұза берді.
Тәнхиде Жаһил ләғин,
Дұшман бір сапар әжғит ереберді.
Әбу Бәкір Омармен Әли жолдас,
Соңынан ертіп алып,
Мұсылман күннен-күнге көтеріліп,
Шарапатын Расул көзі көрді.
Жол –жолдас үш жүз кісі баршасы,
Пайғамбар деп сене берді.
Бір күні Жәбрейіл келді жетіп,
Пайғамбар Әминәнің үйінде еді,
Жалғыз хақтан қонаққа өз қасыма келсін дейді.
Достым бұған мінсін деп Жәбрейіл,
Бір фарақ ат алып келді ол ұжмақтан.
Екеуі сол мезгілде жөнелді ......
Тәңірің берген бақтан.
Көз ашып жүргенінше құдіске барып,
Мұхаммад нәфіл намаз оқып жетті.
Жақсының көкке шыққан ізіменен,
Ғаршыға қарсы қарай фарақ аттан.
Жеті қат көктен өтіп ғарш барып,
Сарайын сегіз ұжмақ аралатқан.
Сегіз ұжмақ ішінде хор қыздарын,
Хақ Расул тамашағып көп қараған.
Барыпты оннан өтіп.....аппақ деген,
Орында хақты тапқан.
Тоғыз мың тоқсан ауыз сөз сөйлесіп,
Ішінде барша нахтидің жазып қайтқан.
Қайтіп келсе жылуы басылған жоқ,
Жылуы төсегінің түнде жатқан.
Құман тамшысы басылмайды,
Шүмектен құйғандағы тамып аққан.
Есіктің күршегі сылдыр көп тұр,
Манағы шығарында ашып жапқан.
Бір сағат деп айтуға келмейді сөз айтсамда бір
Таң намазын оқуға жиылыпты,
Халыққа миғраждың жәйін айтқан.
Сол жиылған халайықтың ортасында,
Тұр екен Әбу Жаһил тәңірі атқан,
Күмәнданып бірі күмән көріп,
Ешбірі сөйлемеді жамағаттан.
Аңдымай көп жамағат отырғанды,
Сөйлейді Әбу Жаһил ана жақтан,
Иә Мұхаммад сөйлейсің не несіпті,
Нанар деп отырмысың мені дейді.
Жеті көктен ары өттім дерсің балаға,
Бұ сөзімнің жөні дейді.
Тәнхид басқа жерде сөз қып сөйлеп,
Екінші айтамысың мұны дейді.
Бұл сөзбен бірталайы тұрып бұзылады,
Жамағат қойыңыз бұны дейді.
Оянбай барша мухтади ұшып барып,
Көрдім деп отырмын аспан көкті.
Ол өзі бір жәдігөй сиқыршы деп,
Онанда өтірігі асып кетті.
Жаһилге қарсы қарап хақ пайғамбар,
Иә Аллаһ бұ сөзім рас дейді.
Қоймаймын деп айтуын қараңдар деп,
Ақырып Әбу Жаһил айғайлапты,
Бұл қалайша пайғамбар болады деп.
Ішінен Пайғамбарым қайғы жепті.
Пайғамбар үйге таман келе жатса,
Алдынан Әбу Бәкір қарсы кепті.
Жаһилде жақын екен сол арада,
Пайғамбар миғраждан сөз сөйлепті,
Хақ Расул миғражды айтқан сайын,
Иә Расул Аллаһ тақсыр дейді.
Иланбаған халықтың көңілін басып,
Сол жерде Әбу Бәкір тамаша айтты.
Әбу Бәкір сыдықтың сөзін естіп,
Қайғырып Әбу Жаһил есі кетті.
Сөйледі Әбу Бәкір дәлелменен,
Білмеңіз өтірік деп мұны деген.
Сол жерде көп халайық жиылып,
Манағы жол қойың бәрі келген.
Тамсан деп мысал сөзді кітап айтар,
Халыққа Әбу Бәкір жауап берген.
Жәбрейіл бір күндерде сырқылып,
Көктен жерге жетпіс мың,
Періштемен келіп қайтты.
Жәбрейіл пайғамбардың досы болып,
Хажетіңе бір апармақ оны деген.
Жермен көк жүзі алпыс ұлық,
Кетеді көз ашқанша........
Көзін ашып жұмғанша мың жылдық,
Жүреді сыр қылып алыс жолды.
Пайғамбар шариғаттың нұры,
Болса ғажабы бұл жүрмек.
Жер мен көк екі арасы әлде қайда,
Ойласаңыз Расул онда қалай жетпек.
Жәбрейіл алып барса жын пері,
Көкке шығып дүние кезген.
Бұл дәлел осылайша миғр салса,
Адам өлсе тәнінен жаны шықса.
Ғарышқа бір минутта барып тұрар,
Құрмет үшін жаратқан бұ ғаламды.
Көзінің ішіндегі қарашығы,
Жырақтағы жер менен көкті көрер,
Пайғамбар бұ жаһанның нұры болса.
Бұған кім не көрді деп күмән қылар,
Бір сағатта мың жылдық жолға жүрер.
Таң намазын сүннәтін үйінде оқып,
Фарызын Кағбада тамам қылар.
Күн шықанша жүз жиырмалық жерге жүріп,
Орынға күн шыққанда қайтып барар,
Олардан да бұ Расул артығырақ.
Мүмин мұны тамаша қылып,
Осылай Әбу Бәкір тамаша қылды.
Ойланбай Әбу Жаһил жүре берді,
Көңлі айтқанына қайта орнығып.
Бірталай мунафиқтар дінге кірді,
Әр жерде мұғжизасын көргізсе де.
Қастықпен Жаһил ләнхинт аңдып жүрер,
Суменен Пайғамбардың шайатын.
Айтайын сол тағдырдың шарапатын,
Неше түрлі көрмей көрседағы.
Қоймаған Әбу Жаһил иланбайтын,
Нұсқадан тәржімалап қысқа қылдым.
Сол жерге Әбу Тәлибті алдырды,
Жаһил айтты бір сөз бар Әбу Талиб.
Мұхаммад бұзып отыр елді барып,
Бұрынғы атамыздың дінін бұзды.
Егер ол мәжнүн болса қараталық,
Я болмаса діннен егер қайтса.
Тоқтат сен, бар қалаған қазына алып,
Оны егер ел бұзғызбай жүргізсең.
Өзіңнің айтқаныңша бұл бір өлік,
Егер бұған көнбесе рұқсат бер.
Жабылып өзін бір күні өлтірелік
Шақырып Әбу Тәлибті білгеннен соң,
Осылай сөзін айтты барша халық.
Ол саған осы күні бала боп тұр,
Бұ сөзді тағайындап айтшы барып.
Тәлиб айтты дұрыс мына сөзің,
Айтпаймын оны қой деп менің өзім.
Не деседе жауабын өзі берер,
Шақыртып ал олай болсаңыздар.
Біздерде көңілдегі сөзіңді,
Естіп кел өз аузынан айтар сөзін.
Шақырды Мұхаммадті хабар салып,
Шақырған жиын жерге келді алып.
Пайғамбар бөгелместен келді жетіп,
Бұларда айтар сөзін тұр ойланып.
Барында білгенше жанап жоғары өрлеп,
Отырды ең жоғарғы төрге барып.
Еш біреуін көзге алып қарамады,
Қорықпасын іші бәрінен біліп аңғарып.
Бұл неге сәлем беріп сөз қатпады деп,
Сөйлейді Әбу Жаһил түрегеліп.
Жиылған осы араға бір мың кісі,
Меккенің өңкей ұлысы.
Қарттарға сәлем беріп қарамайды,
Бар еді тәкәпарлық қылған ісі.
Мен-менлік пайғамбарға болама екен,
Ұқсар ма пайғамбарға бұл ісің.
Пайғамбар айтты айталмаймын,
Сендердің айтқаныңды алмаймын.
... хақ сәлем берме деген бір тәңірдің
Бұйрығын бір тәңірдің еткізбекке,
Сол үшін қой дегеніңе тіл алмаймын.
Бұл Құран жаратушы хақтың сөзі,
Жасырып оны ешкімнен қойа алмаймын.
Таймаймын өлсемдағы бұл жолымнан,
Қоймаймын өлгенімше мен мұныменен.
Сендердің табынғаның Құдай емес,
Бұт бұрқан жасайсыңдар қолдарыңнан.
Өлгенді шіріп етің, орның тозақ,
Қорқыңдар жаратушы Құдайыңнан.
Құдай бір, Құран шын, пайғамбар хақ,
Алланың мен елшісі ойла бірақ.
Ішінде отпен жылан, шаяндар бар,
Орыны сенбеушілердің жеті тозақ.
Жолына дін исламның көнген жанға,
Бар дейді мәңгі бақи сегіз ұжмақ.
Құдай бір, Құран шын білемісің,
Тамуққа отқа салып қылар азап.
Махшарда барша жанды тірілтеді,
Апарар ғарыштағы бәрін жинап.
Сол жерде Тәңірім өзі қади болып,
Тексерер барша жаннан сауал сұрап.
Аузың денең өзіңе куә болып,
Тілмен көз баршасына болады айғақ.
Сендердің табынғаның таспен,
Жасатып аласыңдар қолменен-ақ.
Мизанменен таразы құрылады,
Күнә сауап баршасын өлшеуге алмақ.
Егер де күнә жағы ауыр келсе,
Апарып жаһаннамға оны салмақ.
Үстінде жаһаннамның қыл көпір бар,
Еңкейсең қылдан нәзік мұздан тайғақ.
Періште ұрып соғып еріксіз,
Ықтиарсыз онда итеріп.
Жығылып машруға жуһуд кетер сонда,
Үстінде тозақ оты тұрған қайнап.
Түбінің тереңі мың жылдық жол,
Сонда жанып жатады соры қайнап.
Он сегіз мың ғаламды кім жаратты,
Қарашы миға салып оны ойлап.
Ойлашы сені, мені кім жаратты,
Жарық жұлдыз ай мен күн жаратты.
Мен Пайғамбар, Құран шын, Құдай жалғыз
Жолында дін исламның көніп.
Өз жаныңа өздерің қылма қастық,
Әмірім менің айтқан жөн деп айтты.
Сол жерде Жаһил ләнхит түрегелді,
Бұл сөзге қарсы қарап жауап берді.
Пайғамбар болсаң бізге белгі көрсет,
Бастасаң тұғыр жолға тамам елді.
Бұрында пайғамбар болып еді,
Оларға таурат, инжил келіп еді.
Ол Мұса пайғамбардың кереметін,
Бани Исраил қауымы да көріп еді.
Перғауын Мұсаменен қарсыласып,
Дарияға батып өліп еді.
Осындай кереметін көргеннен соң,
Көп қауым айтқанына көніп еді.
Ол тасты көрсеткен мұғжизасын,
Соныменен пайғамбар деп сеніп еді.
Пайғамбар айтты сонда не сұрайсың,
Танхидде айтқан сөзден бұзыларсың.
Жаратқан жалғыз Алла берер өзі,
Тудыратын бір Алла аңғарарсың.
Бареді даран тауда бір үлкен тас,
Сол тастан тали бу боп шықсын ағаш.
Бұтағы жапырақты болсын өзі,
Басына жеміс шықсын оған жанас.
Сол ағаш айтқанымдай өсіп шықса,
Қылмалық сонан кейін саған талас.
Ол ағаш босқа өспес қатты болсын,
Жемісі басқалардан тәтті болсын.
Ауруларға шипа болсын,
Көзсіздерге көзді,тілсіздерге тілді болсын.
Осындай кереметті анық көрсет,
Халықтың саған рас көңілі сенсін.
Бұл Мұхаммад хақ пайғамбар болса,
Осы жамағат кереметін анық көрсін.
Не айтсақ сонымызды істеп төз,
Мұныңда айтқанына жұрты көнді.
Егер мұны қылмасаң бәрі жалған,
Халықты бекер бұзбай жәйға жүрсін.
Жарайды деп осыны қылды уағда,
Тілесем Раббым аян берер деп.
Алладан төмен қарап хажет тілеп,
Тілек тілеп пайғамбар біраз отырды.
Бір сағат пікір қылып отырғанда,
Жәбрейіл сол арада жетіп келді.
Я, Мұхаммад қайғырыма мұның үшін,
Бір Алла тілегіңді берді дейді.
Алладан уахи алып келдім дейді,
Хажетің бәрі даяр болады дейді.
Адамды жаратпастан екі мың,
Ішіне осы тастың ендім дейді.
Осы айтылған ағашың даяр ....
Мақбудағы періштелер жазған екен,
Осындай сұрамағын біліп елдің дейді.
Не қылсаңда ықтияр бір өзіңде,
Жеті қат көк, жеті қат жердің дейді.
Расул қолын жайып дұға қылды,
Бисмилла деп ол тасты сипап еді.
Алланың әмірімен тас жарылып,
Ішінен ағаш өсіп шыға келді.
Жапырағы көкпеңбек жеміс шығып,
Сол жерде айтқанындай бәрі көрді.
Жемісін жеген ауру шипа тауып,
Көзсіздер көзді, тілсіздер тілді болды.
Я, Мұхаммад Құдайың тілеуіңді алса,
Ішіне осы тастың қайта енгіз дейді.
Ішінен хақ пайғамбар тілей берді,
Тастан шыққан ағашты қайта ендірді.
Көк болмаса жердегі бәрі сиқыр,
Біздерге көктен мұғжиза көрсет дейді.
Шаһарға күні батып түні болсын,
Күн орнына ай айналып қайта тусын.
Ай туып қараңғы жұлдыз шығып,
.... әр бір ... күндіз болсын.
Көкте сиқыр жүрмейді деген сөз бар,
Осындай мұғжизаңды халық көрсін.
Хақ Расул көкке қарап дұға қылды,
Күн батып жұлдыз шығып түні болды.
Батқан күн, күн шығыстан қайта туды,
Бір емес барша ....... даяр болып.
Жаһил айтты бұл іске көңіл сенсін,
Бұл айды қолыменен екі бөлсін.
Бірісі көк жүзінде тұрып қалып,
Бірісі көктен келіп қойныңа енсін.
Қайтадан он төртінен жарық болып,
Дәл көктің ортасына барып тұрсын.
Билігін көкпен жерінің тәңірім берді,
Сонда ай отызынан бітіп еді
Он төртінен туғызды айтқанын,
Айдың отыз күні біткені жұртқа белгілі еді.
Толған ай ортасынан хақ жарылып,
Хақ Расул қолын көкке сілтеп еді.
Жартысы көк жүзінде тұрып қалып,
Жартысы көктен келіп қойнына енді.
Қойнына еніп қайта шықтыдағы,
Көтеріліп көкке қарап жүре берді.
Қосылуы барып сонда жартысына,
Күллі жұрт тамаша етіп бәрі көрді.
Лә иләһә иллә Алла Мухаммад расул Алла деп,
Жан жағына өзі келді.
Сиқыры Мухаммадтың көкке ұшты деп,
Жаһил ләнхит жүре берді.
Бір патша малайжабыл деген,
Сол жерде иман айтып дінге кірді.
Жолаушы қасындағы бір жүз кісі,
Мухаммад хақ пайғамбар шын деп білді.
Бұл мұғжиза жер жүзіне болған екен,
Көп жаһуд кәлимә айтып дінге кірді.
Хақ пайхамбар жер жүзіне білінген соң,
Ислам діні осынан һәм көтерілді.
Аз елде иман иесі болмаған соң,
Айтқанын Жаһил лағнет көріп жүрді.
Мұсылман көтерілді бұрынғыдан,
Дүниеге кірген кәпірлер ұнамаған.
Хақ пайғамбар екенін білседе,
Жәһил ләнхит айтқаны бар болмаған.
Бар досты пайғамбар күтпеген соң,
Ит Жаһил өлтіруге ой ойлаған.
Орынсыз пайғамбарды ренжітіп,
Бұрын да талай жерде қастық қылған.
Он үш жыл набуаттан бұрынырақ,
Меккеден көшпекке әмір қылған.
Жәбрейіл пайғамбарға келді жетіп,
Тез көшіп Мәдинеге жөнел деген.
Әбу Бәкір сыддықты қасына алып,
Бір түнде сапар қылып жолға жүрген.
Екеуі таң атқанша тынбай жүріп,
Жасырынып таңға жақын ғарға (үңгірге) кірген.
Аузына бір көгершін ұя салып,
Өрмекші пердесін тоқи салған.
Ішінде бұ ғарының үш күн жатсын,
Бәкір ұлы Абдулла келіп жүрген.
Хабарын халайыққа естіртіп,
Алып кеп екеуіне тамақ берген.
Үш күннен соң шығып ғардан,
Тоқталмай Мәдинеге тез жөнелген.
Кез болып жол үстінде пайғамбарға,
Омар деген сахаба жолдас болған.
Меккеден екі күндік жер еді,
..... деген орынға келіп қонған.
Бөгелмей онан кейін суыт жүріп,
Қаба деген ауылға жетіп келген.
.... ұлы Омарға болды қонақ,
Дүйсенбі күні келіп үш күн қонған.
Жұма күні ол арадан сапар қылып,
Бани салим орында намаз қылған.
Мәдина жамағаты сол уақытта,
Хақ пайхамбар келуінен хабар білген.
Көп халайық құрметтеп қарсы шығып,
Алдынан желмаялар алып келген.
Үстіне желмаяның тақты құрып,
Құрметтеп пайғамбарды алып жүрген.
Пайғамбарды мен қонақ қыламын деп,
Бәріде сахабаның үміттенген.
Жәбрейіл сол арада жетіп келген,
Бұ түйе қайда шапса сонда тоқтап,
Ешкімді ренжітпе бүгін деген.
Сонда жамағатқа хақ пайғамбар,
Түйе шөккен жеріне түсем деген.
Келіпті Мәдина қақпасына,
Тазалап көшелерін құрмет етті.
Қызығып түйе бұған шөкпек деп,
Әркімдер жем қойыпты жол басына.
Қақпаның ешбіріне тоқтамастан,
Мешіт харам орнына барып түсті.
Бір шөгіп бұл арада демін алып,
Жердегі мубаракке барып жатты.
Бір шөгіп орнынан және тұрып,
Айюб Ансар үйіне жетіп кепті.
Алланың досты үйіме келді ғой деп,
Айюб Ансар мың қайтара құлдық етті.
Жасынан екі көзі ғайып болған,
Бір шипа болар мекен бұған дейді.
Мүбәрәк ақ жүзіңізді бір көрдім,
Ол ұстап пайғамбардың қолын үпті.
Пайғамбар Бисмиллаһ деп сипап еді,
Ол пақырға дүние жарық бопты.
Оны көріп көп халық дінге кірді,
Жазылып екі көзі нұрға толды.
Инша Алла арманым жоқ мен көрдім деп,
Аллаға соны айтып шүкір қылды.
Мекке Мәдинеде Расул тұрды,
Естіп күллі ғалам атын білді.
Алладан уахи алып пайғамбарға,
Бір күні Жәбрейіл жетіп келді.
Құдайың сәлем айтты саған,
Соғысқа иә Расул бар енді депті.
Бадар ғазасына барыңыз деп,
Рұқсат Алладан алып келіп хабар берді.
Енді соғыспаққа болады,
Инша Алла көтерілсін дін депті.
Ақыры шаттық жеңіс боларын сезем,
Аузыңа қаратасың елді депті.
Алла бұйрық қылған соң тұрсын.
Бадарның соғысына бармақ болып,
Отыз үш мың сахаба атқа мінді.
Ол жақтан Әбу Жаһил шара тартып,
Екі мыңдай әскерін жиып кепті.
Сол жерде екі жақта көп жиналды,
Даяр боп соғыспаққа хабар салды.
Бадар деген бір жалғыз құдық еді,
Жаһилдер келіп соны қамап алды.
Біз енді суды қайдан ішеміз деп,
Сол күні сахабалар қайғыланды.
Намазға Хақ пайғамбар тұрған шақта,
Су тілеп достысынан қол көтерді.
Ғажайып сонда көктен бұлт шығып,
Үстіне көп әскердің құйды жаңбыр.
Баршасы намаз оқып таһарат алып,
Су ішіп сахабалар мейірі қанды.
Сап түзеп екі әскер майдан құрды,
Даурасбай бір-біріне қарап тұрды.
Жеке-жеке қарап тұрды,
Бұ жақта Әли, Хамза, Убайда,
Оларда ілгерірек жақын жүрді.
Ол жақтан ер Убайда қарсы шықты,
Кәпір балуан еді аса мықты.
Ол жақтан ат ойнатып шыққаннан соң,
Бұл жақтан батыр Хамза қалқан тұтты.
........... найза көтеріп жетіп келді,
Ол ер Хамзаға найза сұқты.
Найзасын көкіректен салған шақта,
Бірақ ғайып батыр Хамза сындырыпты.
Қайта айналып шоқпармен ұрған,
Батыр Хамза ұрып жықты.
Алдына пайғамбардың алып кепті,
Меккеде жүрген шақта бір күндерде,
Жүзіне пайғамбардың түкіріпті.
Ішінен расулымның қалмайды екен,
Құдайға мың мәртебе шүкір қыпты.
Иә, Әли бұл мәләуиді өлтір депті
Бар еді арт жағымда жас балалар,
Мен өлсем жетім қалар депті.
Жетімлік өз басымнан өтіп еді,
Ирхам қылмассыңба оған депті.
Жаһаннамның ол отына жандыруға уақытың жетті.
Ол сенің ұл, қыз, қатының,
Жаһаннам оты ұзақ болар депті.
Ол Әли дүл-дүлінен түсе қалып,
Сол жерде бас кесіп өлтіріпті.
Бұйрығын пайғамбардың орнына келтіріпті,
Ол зұлым Алланың шын дұшпаны.
Жаны тура жаһаннамға барып кірді.
Ашумен Әбу Жаһил қарсы шапқан,
Ғамари деген барыпты біздің жақтан.
Мағазбан қамар деп айтады екен,
Батыр еді талайды түбтей атқан.
Балуандағы ғаламға машһур еді,
Көрсең де талайды домалатқан.
Батыр Омар барды жетіп,
Екі жақ қарап тұрды тамаша етіп.
Үстінде такизардің көкке қарап,
Ит Жаһил жетіп келді жер күңірентіп.
Жүгіртіп келген қарсы бетіменен,
Омарды ұрып енді өтіп.
Басында болат қалқан,белде шоқпар,
Омарда қатты ұмтылды екпіндетіп.
Шоқпармен батыр Омар бұза салды,
Тигізбей Әбу Жаһил қағып қалды.
Қимылын ер Омардың көрген жандар,
Көрмедік деп айтады.
Бірін-бірі ұрады кезекпенен,
Сонда да бірі күштеп жығалмады.
Қайтарып батыр Омар берілмеді,
Найза, қылыш, шоқпар болмаған соң,
Жаһилдің жағасынан ұстай алды.
Екеуі айдаһардай алысыпты,
Сол жерде көрген жандар таң қалды.
Шоқпармен екі қолдап ұрып еді,
Есі ауып Жаһил аттан құлап қалды.
Омардың інісі еді бірге туған,
Шыдамай ағасына шоқпар ұрған.
Убайда, батыр Хамза, хазрет Әли,
Жібермей көк шакірді қайта қуған.
Муғаз ибн Омар мен
Екеулеп ит Жаһилді байлап алған.
Жіп тағып мойнына итше сүйреп,
Алдына пайғамбардың алып келген.
Екеуі иттей сүйреп алып кепті,
Пайғамбар басын кесіп өлтір деп.
Сол жерде хазіретті Әли келді жетіп,
Тіліңді кәлимәға келтір депті.
Жаһил айтты мен қорқып тіл алмаймын,
Лат манақдан басқаны білалмаймын.
Өлтірсең өлтіребер мейлің білсін,
Сендермен ел болып мен жүралмаймын.
Сонда да ерегесті кәпірлер,
Жаннан қорқып қайғы жесті.
(.....)нан өлем деп арман қылып,
Кірмей өліп жаннан күшті
Жарлық қып хақ пайғамбар бұйырған соң,
Сол жерде ибн Масғуд бас кесті.
Төрт батыр Хамзаменен аттан түсіп,
Бөлектеп мүшелерін кескілепті.
Сол жерде екі әскер қарсы шапты,
Бұл жақтан мұсылмандар қойды атты.
Убайда, Әли, Хамза батыр, Ғаббас,
Хазрет Омар бес жүзді бір сағатта қырып сапты.
Үш жүздегі сахаба келіп еді,
Шаһид боп он сахаба қаза тапты.
Өтірік қосқаным жоқ мұны мақтап,
Мұсылманды Құдай сақтап.
Убайда, хазіреті Әли, батыр Омар,
Хамза, Ғаббас қуыпты кәпірлерді екі жақтап.
Бес жүзінен бес кісі өлді,
Қалғаны дінге кірді есі танып.
Сонан кейін Мекке халқы бағып берді,
Күндер де тамам (бүкіл) елді.
Алладан анық хабар болғаннан соң,
Хақ Расул патша боп таққа мінді.
Көп жұртты мұсылманға көндірмекке.
Жиырма жеті мәртебе ұрыс қыпты,
Бет қойып барған жердің бәрін алды.
Иман кәсіп болмағаны дін дұшманы,
Мұсылман болмай Жаһил өліп қалды.
Осындай риуаят бар пайғамбардан,
Құтқарған мұсылманды тәмуғ оттан.
Исламға жиырма үш жыл жарық болып,
Алпыс үш жасында дүние салған.
Онан соң төрт патша болып,
Кейінгі үмметіне мирас болған.
Он үш жыл Мекке халқын дінге салып,
Онан соң Мәдинеде он жыл тұрған.
«Әл ияум әкмәлту» деген аят,
Бақиға бұ фәнидан сапар қылған.
Хақ Расул қандай еді,
Сөйлесе жарық болған еді.
Исламға нұр төгіп, нұрын шашқан,
Бар айтқан мұсылманға таңдай еді.
Бірінен-бірі тәтті айтқан сөзі,
Ләззат, шекер, балдай еді.
Ол Расул дүниедегі нұрлы жүзді,
Сөйлесе өзі әдепті шырын сөзі.
Өзі сымбатты ұзын бойлы,
Ат жақты, қиылған қас, қой көзді.
Расулың көлеңкесі болмас еді,
Пақыр мен мискиндерге жолдас еді.
Ол Расул шариф сөзді нұр сипатты,
Сөйлесе бек мүләйім балдан тәтті.
Бір Алладан басқадан қорықпаған,
Өзі жомарт әділ еді.
Аманатқа қиянат қылмағаннан,
Қойыпты жаһудтар Амин атты.
Сабырлы, тәуекелшіл, мейірімді,
Әр жерде қысылғанға көмек берген.
Неше мың кәпірлерден қашпаушы еді,
Не қиын іс болсада саспаушы еді.
Жаудан қорқып еш бетін қайырмаған,
Бір қадам кейін аяқ баспаушы еді.
Ғұмырында бір ихтилам болған емес.
Ішінде бұт бұрқанның осы дағы,
Көзін салып, бір мойнын бұрған емес.
Ұжмақтың тағамынан татыр еді.
Ғұмырында ешбір қатты бір күлмеген,
Жымиып тісіменен күлер еді.
Ояу шақда батылмен қандай білсе,
Ұйықтағанда һәм сондай білер еді.
Басын бірақ болат сай болып,
Қайда өзімен бірге жүрер еді.
Ғұмырында көзі дұшпан қарамаған,
Анықтап мойнын бұрып қарар еді.
Не қажет деп өзі құлдарға,
Қайда өзі болса көңілі солай келер еді.
Жүзінің сәулесімен көрер еді.
Намазға таң сахардан тұрушы еді.
Бір жерде мәжіліс қып көп отырса,
Орнында жұпар исі қалушы еді.
Ғұмырында еш нәрсе қорламады,
Адамға жауыздық еш қылмады.
Арада тамашалар толып жатыр,
Жауырында пайғамбарлық мөр бар еді,
Ішінде аят жазған сөз бар еді.
Егерде су қажет бола қалса,
Бармақтан тарам-тарам су ағызар еді.
Ғұмырында ешбір жалған сөйлемеген,
Адамды бір-бірінен кем көрмеген.
Бар дейді бір әулие Мансур деген
....................................................
Азғана шып-шып терлеуші еді,
Шыққан терде жұпардың исі қалған.
Пақырлық дәрежесін қылар еді,
Шат болып мақтануды еш білмеген.
Ісі болса бір Алладан білер еді,
Башмағын аяғына жамап киеді.
Сөйлесе әдеппен сөйлеп,
Ғұмырында ешбір қатты сөйлемеді.
Жүгініп отырады тізе бүгіп,
Адамды ғайбат қылмас ешбір сөгіп.
Егерде бір нәрсеге көп қуанса,
Жымиып күлер еді көзін жұмып.
Сөз айтып шала сөйлеп қойған емес,
Азғана пайғамбарды ауызға алды.
Тәнхид пайғамбардың ........
Кеткен соң еске түсіп жазып алдық.
Көрсеткен көп халыққа муғжизаны,
Патша боп хақ Расул тұрғанында.
Бар екен бір сахаба Жаббар атты.
Достарыңызбен бөлісу: |