Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы мифологиялық лексика 3 Том



бет5/11
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Түйін. Қорыта келгенде: қам <> бақ шығу тегі о баста бір болуы мүмкін тілдің даму барысында басқа бітім болмыс алып кеткен сияқты. Ал, (қам + шы = бақ + сы) > шаман > саман мағыналары бір синоним сөздер. Бақсы о баста үлкен ұстаз болған. Қамшы, қамыт, қамыс, бақсы, қобыз лексикасының семантикасы көмескі тартқанын байқаймыз.

Қорыта келгенде, шамандық лексика бірімен-бірі мағынасы жағынан тығыз байланысты тілдік бірліктерден тұратыны, кейбір сөздердің шығу тегі де бір екендігі байқалды. Мысалы, ұмай мен құмай, ұма мен құма (құмай тазы, ит ала құс байланысты) (құмалақ, құйысқан, құй (құймаң қышып отыр ма? ) бұлармен еру (өру) ереуіл тереңірек барсақ тіршілік, қозғалысты, номаданың ретсіз қозғалысын айқындайды. Қозғалыс ұрпақ арқылы ғана болады. Бейберекет қозғалыс (адамдардың, малдың көшіп қонуы) ретсіздік ынтымаққа, әрқашан бірлікке әкеліп отырған. Ал, ұрпақ бос жерде пайда болмайды. А..., ін (ұя, құй, аб) (ен > етістік > қозғалыс) ұрпақтың үзілмей келуіне қызмет еткен. Адам шыққан жеріне қайыра келген. Адам өлгенмен (тұйыққа тірелген сияқты) бірақ, шешімін тауып, адамнан адам туып, өніп отырған. Өр > өру > еру > ерулік сөздері қым-қуыт тіршілікті бейнелейді. Өр тұлғасы жағынан бұйрық райлы етістік қайда өретіні белгісіз сөз. Өр > бейберекет қозғалыс символы. Жер өз өсін айнала отырып, күнді айналып жүрген, бұл үрдіс Тәңір мен Ұмай бейнесі арқылы көрініс тапқан. Ұмай мен май, мая сөздері де байланысы барлығы анықталды. Жалпы, тәңір мен ұмай тіршілікке, қозғалысқа әкеліп отырады. Бақсының жауырын мен құмалақшымен, ұмайдың ит ала қазбен > құмай, байғұс құспен де байланысы анықталды. Миф пен рухани мәдениет те байланысты. Мифтік деректердің кейбірі түбі жоқ тұңғиық сияқты тұйыққа тіреледі, ал, тұйықтық әр қашан жол іздейді. Біздің байқағанымыз мифтік лексика мен рухани лексиканың кейбірі (ит көйлек, шілдехана) заттық мәдениет (қамшы) миф пен рухпен де байланысы барлығы дәлелденді. Адам өмірі мен параллель тағы бір өмір сүрген. Қоршаған ортадағы өмір: мифологиялық, рухани тіршіліктер ылғи да шыққан нүктесіне қайтып оралып отырған. Мысалы, адам өлген сияқты, бірақ ұрпағы жалғастырады. Рухани мәдениет солардың кей тыныс-тіршілігін, әрекетін бейнелейтін сияқты. Өлім де тіршіліктегі өмір сияқты құрметтеледі. Айталық, сәби дүниеге келгендегі іс-әрекеттер қайталанады. Тұйықтық > өмір > тіршілік > қозғалыс.



1.1 Тотемдік лексика
У тюркских народов была выработана целая система табуирования. Под табуирование подпадали самые различные аспекты религиозно-анимистического, мифологического, астрологического и других верований. ...Подобного родословесные запреты в прошлом налагались казахами и на наименования хищных зверей и диких птиц, признанных тотемами, а также предметов охоты и ремесла, различных теонимических пероснажей – дейді (Ә. Қайдар, 1998: 46 б.). Табу өзінің аты айтып тұрғандай мал-жанға, аңға т.б. табыну. Табу өзінің қайнар көзін, бастауын ауыз әдебиетінен алады. Адамның балаң, сәби кезінде адамның тіршілік күн көрісі аң, құс болған. Келе-келе олар қолға үйренген. Адам сол аңның, құстың бір бүтіні сияқты өзін есептеген. Терісін киім қылып киген, құстың қауырсынын шаштарына кейіннен бас киімдеріне таққан. Қамбар ата жылқының пірі жылқы қыста да, жазда да мініс көлігі болған. Еті, қымызы ішсе тамаққа, терісі кисе киімге жараған. Төрт шар дүниені шарлауға әбден мүмкіндік тудырған. Қасқыр (ит) ең алғаш адамның қолына үйір болған аңның бірі. Түрік жылқыны, итті өздері сияқты түз тағысы есепті санаған. Олар өз иесіне сенімді болған. Әсіресе, ит өз иесін сатып кетпеген. Не бір алғыр құмай тазыларды үйде ұстаған. Сөйтіп барып, кейбір аңның, жәндіктің түрлеріне табынып, өздеріне тотем жасаған. И изучение этого уникального явления во всем его комплексе современными усилиями языковедов и этнографов дало бы, на наш взгляд, весьма ценные сведения, проливающие свет на этнографическую и этнокультурную историю тюркских (шире-алтайских) народов – дейді (Ә. Қайдар, 1998: 46). Академик Ә. Қайдардың бұл – көрегендігіне көзіміз жетіп, қайран қалдық.

Абжылан. Абжыландай толѓанып, Б±ралып кетіп барады (ЌЖ-62). Ќызыл найза ќолѓа алып, Алтыннан кемер байланып, Абжыландай толѓанып (Алпамыс). Єбжыландай есіліп, Бозжорѓадай б±лѓањы (Б±ќар). Ќусањ да ќос ат алып бір шалдырмас, Ќамшылап Єбу жылан мінсењ д‰лд‰л (Абыл). Єбжыландай толѓанып, Аќ орамалды ќолѓа алып (М-Ж., 217); Абжылан. п.к. [اب аб: вода+жылан: змея] большая змея (Рүстемов, 15).

Мына деректі қайыра келтіргенді жөн көрдік. Л. Будагов аб вода, жидкость, сокъ, съмя мужское, источникъ жизни т.б. көптеген мағыналарын атап өтеді [19]. Асты сызылған сөздер абысын, аба т.б. сөздермен мағыналық байланысы бар. К. Сумарков: Жылан, шамасы половец-ќыпшаќтардыњ тотемініњ бірі болса керек дейді [122, б.81].



Жыланға табыну тек Орта Азия халықтарына ғана емес, бүкіл дүниежүзі халықтарына да тән қасиет. Жылан жайлы (айдаһар, жеті басты жалмауыз, ордалы жылан т.б.) ауыз әдебиеттерінде сақталған аңыз-әңгіме, ертектер ұшаң теңіз. Жылан Бапы ханның елін еске түсіріңіз (Ер Төстік). Қазақ халқы «іштен шыққан шұбар жылан» дейді. Жыланның басына ақ құйып шығарған. Оны киелі санап «түйме» деген. Жылан арбайды, онымен теріс оқитын молдалар арбасып, жыланның атын атап, дәл тапса, онда жылан өледі деп жазады Н. ¤серов пен Ж. Естаев [118, б.116]. Жылан діни мифологиялық термин ретінде жырларда, ақын шығармаларында Абжылан//Әбжылан//Әбу жылан түрінде кездеседі. Якут тілінде аба, ап-у –`ащы дєм`, `суда µсетін улы шµптіњ тамыры`, `сиќыр, тылсым, арбау, жадылау, бас айналдыру` – дейді (Пекарский. Сл. Якут. яз.); Қазақтар сихс деген парсы сөзін де қолданды, сиқырлықты орындаушы сиқыршы деп атаған. Арбау (одан арбын-қырғызша, арбаушы қазақша сөзі шығады). Сиқырлау, тылсым, жадылау деген қасиеті жағынан абыздың мағынасына жуықтау келеді. Аб//әб дыбыстық вариантқа ұшыраған екеуі бір түбір тұлғасы. Абжылан – `су жылан`, аб парсыныњ `су` дегені (Г. Жєркешева, 1960);`Су жылан` емес,`улы жылан`деген т‰ркі сµздерініњ тіркесінен жасалѓан сµз (А. Махм±тов: ЌТЌЭС. 1966, 17); Еске түсірсек В. Радлов та жоғарыда жазғандай аба көбіне үлкен деген мағына берген [10, б.620]; аб -`ањ аулау`(С. Малов. Пам.др. письм. монг. и кирг.); ал ±у, ув сµздері ќырѓыз, ќараќалпаќ, ноѓай тілдерінде ќазаќ тіліндегі у деген ±ѓымды білдіреді. Б±л талдаулар аб ~ ав ~ ап ~ ов ~ ув ~ ±у сµздерініњ т‰бірлестігін, єрі олардыњ у `сиќыр, ќулыќ, айла` тєрізді маѓыналарыныњ барлыѓын байќатады (ЌТЌЭС, 11). Д. Ж‰нісов: Иран тілінде об//аб – «су» деген маѓынаны береді дейді (1991: 66-67). Аб (п). (Аб) - Су. Ќазаќ єдебиетіндегі кейбір к‰рделі сµздердіњ алдында яѓни соњында, кейде жеке кездесіп, су деген ±ѓымды беретін зат есім (ЌТАПС, 17). Г.И. Рамстедт г‰ндердіњ тілінде усун - < *у-сун-`вода`, у- `вода` дейді [122, б.199]. Уйсін (уй + сін (шењ), ал, с‰њгі (найза) : су - жауынгер - дейді Ғ. Мұсабаев [90, б.2-119]. К.Б. Бектаев: уйг.-су; кумык., туркм., узб.-сув; хак.-су; каракалп. -суу; якут.-уу; башк.-ћыу; чув.-шнв; турец.-suv; древнетюрк – деп судың басқа мағынасын кµрсетеді [96, б.17]. Аб > су (бұл туралы ұмай бөлімінде айтылды қараңыз). Абжылан зат. 1. ‡лкен жылан (ЌТТС, 35).

Түйін. Жалпы түркі тілінде аб түбірі екі: 1. үлкен; 2. су деген мағына (сүлгі, сулық) берген сияқты. Мүмкін сүт, сүме сөздерінің де қатысы болуы. Су > сү (сүңгі қарудың түрі) – көне түркі тілінде «әскер» деген мағына да жұмсалған. Абжыландай (Как водяная змея). Этот образ имеет ряд фигуральных значений. В данном случае Абжылан символ изящества, гармонии и красоты движений. Кроме того в казахском фольклоре образ «Абжылан» служит для передачи: 1) быстроты и стремительности движение; 2) жадности и ненасытности; 3) соблазна, искушения, подстрекательства (ЌЖ, 1963: 289). Р. Сыздыќова: аб жыландай толѓану дегендегі толѓану сµзі «ирелењдеп жылжыѓан» немесе «ширылып, оралѓан» деген ±ѓымды, одан барып «арбаѓан, ќызыќтырѓан» деген ауыспалы маѓынаны беретінін жазады [124, б.10]; Б. Уахатов: арбау өлеңдерінде жылан ең басты орын алатынын көрсетеді [22, б.158].

Мәшһүр-Жүсіп абжыланның әбжылан дыбыстық өзгеріске ұшыраған вариантын теңеу ретінде қолданған. Әбжылан аб//әб түбір тұлғасы аба/ана/ұмай/баба/абысын т.б. лексикалармен мағыналық байланысы барлығы, тіпті, бір түбірден өрбігені анықталды. Аб екі мағыналы сөз бір түбір тұлғасынан өрбіген. Аб түбір тұлғасы еркек, ұрғашы атауларында да қолданылған. Мәшһүр-Жүсіп қолданысында әбжылан «бас жылан, үлкен» деген мағынада қолданғаны байқалады. Әбжылан > үлкен, бас жылан деген түрінен басқа да су жылан, оқ жылан деген түрлері бар. Оқ жылан, тікелей әбжыланмен байланысты екені байқалады. Жыланның екінші тотемдік аты «сары үйек», «түйме» т.б. – деп аталады. Айдаһар қазақ тіліне енген шығыс поэзиясының жемісі сияқты. Таудан барып батырыњ, Сары ‰йек жеті алды (Аќжонас±лы Ер Кењес); Сары үйек – жылан (Ақ сауыт, 225). Єппаќ тєнім ісінер, Сары жылан шаќќандай (Ќорќыт); Аќжонастыњ єйелі Сары ‰йекке жерік болады; Жылан патшасы Бапы оныњ ±л-ќыздары бєрі де Ер Тµстікке кµмекке келеді; Оќ иылан – оќ жылан (М. Ќашќари); Жыланның табулық атауы түркі ±ѓымында кµрініс тапќан: Қазақтардың көнеден келе жатқан табулық дәстүрі жыланды «т‰йме» деп атап, басына аќ ќ±йып шыѓарып салуы сақталған. Р. Шойбеков халық арасындағы жыланға байланысты аңыздардың көп екендігін жазады (1990: 12-13). Таким образом. Жылан и түйме формально стали синонимами (А.К. Ахметов. Табу и эвфемизмы в казахском языке. 1973: 21).



Түйін. Абжылан > жылан табулық аттары (сары үйек, түйме). Жылан сияқты бөрі де түріктердің табынатын тотемі болған.

Бөрі. Т‰лкі ж‰р жер ќаќпаннан айтпай ќашып, Арсалаќтап аш бµрі ж‰рді сасып (Шєкєрім, 126); Ай м‰йізді ќошќардыњ Бµрі тартар ќоњынан (ЌЖ, 65); Аќ балдаќ ќылыш байлаѓан, Бµрідей кµзіњ жайнаѓан (ЌЖ. 1887. 18); Ќойѓа кірген аш бµрі сыќылданып, Жоќ ќылыпты сол жерде баршаларын (М-Ж. 225);

Ењ бірінші ќолѓа ‰йретілген хайуан ит екені тарихтан белгілі. Р. Шойбеков: Бµрі т‰рк-монѓол тайпаларыныњ тотемдерініњ бірі болды. Ежелгі т‰ріктердіњ діни ±ѓымында бµріге табыну ерекше орын алды. Т‰ріктердіњ генеологиялыќ ањызында, аспан рухы ќатерден ќ±тќарѓан ±рѓашы ќасќыр Алтай µњіріне келіп паналап, сонда он ±л туады. Соныњ бірі т‰рік болѓан жєне ол барлыќ т‰ркі халыќтарыныњ т‰пкі жєне бірінші атасы саналады ... бµріні сереќ±лаќ, ќасќыр, ит, ќара ќ±лаќ деп атау салты оны киелі санаудан туса керек дейді [125, б.12]. В. Бартольд: Бµрі в той же местности, к востоку от киргизов, у Гардизи помещаются народ фури, находившийся на более низком уровне культуры, чем киргизы очень вероятно, что мы имеем здесь турецкое бöрі «волк» (Бартольдтыњ Орта Азияѓа барѓандаѓы есебі) Көптеген шығармалардың ішінде Маркварт сілтеме жасаған Бируни мен Ауфиде бар, қон дегеннің орнына үрді сөзі қолданылған, негізінен соңғы қолданыс дұрыс еді дейді [107, б.99]. О. Сулейменов генеологические легенды возводят Собаку (позже Волка) в ранг прародителя тюрков – дейді [70, б.266]. Ш. Уєлиханов: Ќытай шежірелерініњ дерегі бойынша гаогюй (яѓни телэ немесе чилэ) халќыныњ т‰пкі атасы бµрі болыпты. Тюгу халќы (д‰лдіктер) ана жаѓынан бєрініњ ќаншыѓынан µрбіпті де, туфан ±рпаѓы иттен µрбіпті.., Ертедегі Орта Азия халықтарының аңыздарына тән сипатты белгілерінің бірі солардың хайуаннан немесе аңнан тарағандығы жайлы ертегілер болған... Монѓол хандарыныњ Баташы деген арѓы атасы «кµк бµрі» мен «єсем б±ѓыныњ» баласы болѓан. Сондай-аќ, Алатау ќырѓыздары да µздерініњ арѓы атасы Ќызыл ит (ќызыл тайѓан), яѓни дєлірек айтќанда, ќызыл тазы деп санайды. Б±л ањыз тюгу халќыныњ, д‰лдіктердіњ ањызына да ±ќсайды [3, б.336-227]. Н.Я. Бичурин: Укажем главнейшие: кыргызы Енисея–гяньгунь (цзяньгунь), гэгу, цигу (кигу), йегу, хакас, хакяньсы, киликицзы; уйгуры – гаогюй, хойху, вэйвуэрр дейді [126, б.46]. Итке байланысты қаншыќ сµзін О. С‰лейменов: Ќансік буквально: «тот, кто мочится кровью», применялось к самке вольчего и собачьего племени. Древнейшая форма ќан-іс (ќан-іш) «хищник» отложилось в латинском термине «каніс» – собака деп қарастырады [70, б.267-268]. Ал, осы сөздің екінші түбірін Л. Будагов т‰ркі. сікъ, жыныс м‰шесі, еркектіњ м‰шесі, іл. имть сообщеніе деп т‰сінік берген [19, б.629]; Еркектің жыныс мүшесін қо... деп те атайды. Кутакъ – 1. умъ, хитрость; хвость, мужской дтородн. членъ; котанъ 1) мсто, хлвь для овецъ бұл сөзге синоним ағыл – 1) ограда, загорода [19, б.70]. Қотан мен құрық > құрмалдық (тасаттық) > құр > күр (күрке) > құй (құйысқан) > құйырық > хуй > `орын` (шатыр (жатыр) деген мағыналық жағынан да байланысты. Мұны тәппіштеп айтып жатқанымыз осы лексемалардың қай-қайсысы болмасын ұмаймен өте тығыз байланысты. Құй > көт > кут+ак > қот+ан > ін (ен (ене > ен+ек) > cік (ен қозғалыс) > бұлардың бәрі сайып келгенде > А... Ұ > ұма > ұмайға әкеледі. Мифологияда еркектің, әйелдің жыныс мүшелеріне қатысты, жалпы қозғалысты (еру) «өмір, қозғалыс» аб > тіршіліктің негізі, ұрық – деп қараған.

Л. Гумилев: Тізімдегі тайпалар мынадай топтарѓа бµлінеді деп: 1) «Азма Мугань патшаныњ тайпасы» – б±л Ашиндер єулеті; 2) «хали» – «фули» сµзімен, т‰рік сµзі «бµрініњ» ќытайша б±рмаланѓан т‰рімен ќатар ќойылады дейді [113, б.159]. Ашин туралы шене бөлімінде айтылады.



Түйін. Мәшһүр-Жүсіп бөрі атауын бәлендей мән беріп қолданбайды. Бөрі түркі тектес халықтардың көбінің тотемі. Олар байрақтарына бөрінің суретін салып, түрік символы қылып қолданған. Бөрі > қасқыр мағынасы бір синоним, қай ат бұрын шыққаны мәлім емес. Дегенмен, бөрі атауы көнеден келе жатса керек. Бөрі мен қасқыр да синоним сөздер. Бірінің орнына бірі жүре береді. Мәшһүр-Жүсіп бөрі сөзін көбіне метонимия ретінде қолданады.

Қасқыр. Берер ме ќойшы болып ќасќыр уафа (М. Дулат, 73); Ќасќыр айтты – Тоярсыњ маѓан ерсењ, Болады малды кµріп, шолып келсењ (Шєкєрім, 195); Бір ќасќыр сапар шекті елден жыраќ, Неше к‰н таппай азыќ ќалды жарап (М-Ж., 194); – Б±л тазша ‰йде айтты ѓой, т‰зде айтќанын, Білмейсіз бе, аќ ќасќыр сізді айтќанын (ЌКБС, 64);

А. Сейдімбеков: кµне т‰ркілердіњ ќасќырды ќасиетті (тотем) т±тып, атын атамай «бµрі», «ит ќ±с» дейтін, ќазаќ ішінде «бµрілі» деген рудыњ, жер аттарыныњ кездесетіні, тіптен кейбір рудыњ туына ќасќырдыњ бейнесі салынып, ±ранына айналѓаны еске т‰седі [127, б.37]. С.П. Толстовтың тұжырымы бойынша, тотемалық үйлену жорасынан (еркек қасқыр, әйел серке) шыққан дегені құлаққа кіреді. Ќазаќтарда бµрі, ќасќыр атаулары ќ±рмет т±тылып, кісі есімдеріне айналѓан. Мысалы, Бµрібай, Ќасќырбай т.б. – дейді [118, б.115]. Ә. Қайдар: Кейде этнолингвистикалыќ т‰сініктеме дєлелсіздеу кµрінгенде де этимологиялыќ бір деректіњ µзі-аќ оны айќындай т‰суі м‰мкін. Мысалы, кµне де байырѓы «бµрі» сµзініњ эвфемистік баламасы деп кµрсетілетін, ќарысќыр сµзін ‰лкен ѓылыми этимологияѓа бармай-аќ, ќырѓыз тілінде мойны мен жаќ с‰йектерініњ ќарысып ќалуына байланысты «ќарышќыр» деп аталуы арќылы т‰сіндіруге де болады дейді [48, б.15]. О. Сулейменов: Отражает эпоху в истории языка, когда первичный глогол (императив) одновременно выступал в роли существительного – деген [70, б.267]. С. Малов қарысқыр (ќарышќыр қырғыз) етістігі заттыњ бірден ќасќыр атауына ауысќан кµне т‰ркілік ќ±былыс болып табылады. ¦йѓырларда: кішкір `звать, приглашать` маѓынасында ќолданылады дегенді айтады [128, б.123]. С.Е. Малов: ќарыш `собака` (?), `старуха` (?), ќас кµкен тењірім – бар (шаманск.) – екі маѓына береді дейді [106, б.54]. Л. Будагов қаз. ќасќыр قاجقر, ќырѓ. ќашќар волкъ, степной [19, б.6]; К. Байпаќов «Ќасќыр» ќырѓ. карышкыр тура айтќанда `ќалшылдауѓа жеткізу`. Карышкыр (карыш+кыр) карыш `ќалшылдаудан хабары болу`, -кыр сµз тудырушы етіс ж±рнаѓы, арыстанныњ ырылын елестетеді. Аузында г‰лі бар арыстан, жан-жаѓы оюмен µрнектелген ќасќыр суреттері ортаѓасырда ‰йлер мен «ќаср» арабша павильон ќабырѓаларына салынѓан. Ќасќыр бейнелі салынѓан сурет Ќ±лан ќаласынан табылѓанын айтады [129, б.143].



Түйін. Бөрі~қасқыр да көне түріктердің наным-сеніміне ие болғанға ұқсайды. Қасқыр лексемасы тілдің ұзақ жылғы даму кезеңінде өзгеріске түскен (қазғұрт//башқұрт) сөздерімен де байланысты болуы мүмкін. Қасқыр сөзінің шығу тегін қарыс етістігімен (жақтың қарысуы) сияқты қарастыру да жоқ емес. Жақ (челюсть) сөзінің мағынасының ұласуы нәтижесінде шене сөзінің баламасы туғанын анық байқауға болады. Мәшһүр-Жүсіп қолданысында қасқыр ауыспалы мағынада қолданылған. Қасқыр <> шене.

Шене. Ќ. Халид: Ќайду хан µлгеннен кейін, ±лы Шырќалањќ±м µгей анасын алды. Одан екі ±л болды. ‡лкенініњ аты – кєнду чене, кішісініњ аты – өлекшін чене, чене – монѓолша ќасќыр деген сµз, сонда соњѓысы ќаншыќ ќасќыр. М±ныњ балалары кµп болды, сондыќтан оларды ченес деді, ол – чененіњ кµпше т‰рі яѓни ќасќырлар немесе ќасќыр ‰йірі дегені. Б±ларды кейіннен н‰к‰з – деп атады, біраќ б±л – б±рынѓы н‰к‰з емес еді – дейді [57, б.48]. Л. Гумилевтің жоғарыдағы айтқан пікірін толықтыратын болсақ, ол – осы т±ста халыќ Оѓыз ќаѓан заманында салтќа енген «Бµрілі туды» алтыннан ќ±йып ќайта жасады. Алтын бµрілі (немесе алтын бµрі бас) ту соќты. Оларын «темір айырып, ќару соѓар «Ошаќ ананыњ» алдына ±зын сырыќќа ќадап ќояды. Б±л бµрілі Тулы ж±ртќа жужандар µз тілінде Шоно деп ат ќойды (ќазіргі монѓол текті жужандарша шоно – Ашина (А+шона – ізгі ќасќыр) деп жазды [113, б.22-23]. Н.Я. Бичурин мұнысы «сипатты ќасќыр», «м‰сін ќасќыр» дегенге келетін еді. Бір кездегі «усун жерінде жатаќ боп ќалѓан» б±л ж±рт жазба тарихќа жужандар мен ќытайлар тањѓан «Ашина» атымен осылай белгілі болды. Кµне шежіре б±л ж±рт жайлы соњѓы дерегінде: «Алтай тауыныњ кісі аяѓы жетпес ќиын жерінде ж‰з жыл б±рын 500 ‰ймен келіп тоќтады» дейді [126]. Л. Будагов тур. جكه чене челюсть, подбородокъ, кость челюстей шке көкі, много болтать шке салмқ деп түсіндіреді сөздігінде, қазақша аударған – автор [19, б.483].

Түйін. Бµріні > шона // шене (шеке) // чене // ашин // нүкіз // ұлыма деп т‰рліше атау ќалыптасќан. Жалпы шене атауы қазақ тіліндегі шеке (бас) болуы мүмкін байланысты ма деп қалдық. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те шене сөзі ұшыраспады. Жоғарыда айтылған қасқырды қазығұрт пен башқұрттың варианты деуге төменгі мысалдар да дәлел бола алады. Шене <> құрт.

Қазығұрт. Алатау, Қаратаулар бас қосқанда, Ішінде Қазығұрты Біздің қазақ (Мәшһүр-Жүсіп, 227). Бірінің атын Қазығұрт қой, құртша құжынап, битше быжынап, мал бітеді (Мәшһүр-Жүсіп, 31). Бұлаңдаған қыз Құртқа, Алдынан кетіп барады (Қобыланды, 36); Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? ауыз әдебиетінің үлгісінен алынды (Мәшһүр-Жүсіп, 40).

Қазығұрт//Башқұрт топонимдерінің бірінші компоненті қаз (қазақ, қаз > аққу құс, итала қаз > құмай немесе қазан, қазық, қасық т.б. байланысты болуы мүмкін) және де бас (шекемен) байланысты болса, екінші компоненті ғұрт//құрт көне түркі тілінде қасқыр деген ұғымды береді. Парсыша ќасќырды «гµрт» – деп атайды. Т‰ркілер ќасќырды µз тілінде – ќ±рт – деген «Башќұрт, жол бастаушы ќасќыр туралы ањыз айтылады» дейді [57, б.83-84].



Башќ±рт туралы түсінігіміз толық болу үшін Л. Будаговтың сөзін келтірелік: Башқұрт, башқрт соб. и. Башкиръ (о происхожденіи этого слова, по преданію, разсказываютъ, что когда-то вышли изъ Бухары миссіонеры, для распространенія мусульманства. Религіи и незнали въ какую страну отправиться, такъ какъ везд были кяфиры – неврные; туть имъ явился волкъ и повелъ ихъ на Уральскія горы, гд жили предки Башкировъ въ язычеств; отъ этого они и получили названіе Башкуртъ т.е. волчья голова) – дейді [19, б.228]. Қ. Өмірәлиев: Міне, Қазқұрт топонимінің -құрт сыңары-ежелгі дәуірде хунн құрамында болған тайпаның, кейін негізінен башқұрт халқының қалыптасуына ұйтқы болған әрі өзге де халықтар құрамына енген тайпаның аты – деп жазды («Қазығұрт» және оған қатысы бар топонимдер жайлы // (Қазақстан мектебі. 1967 №47. -Б. 84). Құрт > қасқыр. Л. Будагов тағы бір де сөздігінде: құрт – червь, червякъ, матка пчелъ, сыръ, крутъ, волкъ, اسكي قورت старый волкъ, мет. изстный плутъ, قيونه كيرور كبي قورد какъ волкъ входящій въ стадо овецъ, бирючина деген бірнеше мағынасын береді [19, б.74]. С. Малов қурт – `червь` (редко употребляется ввиду второго значение этого слова); қуртқа – `старуха, бабушка`; қурут `сушить`: `заставить сохнуть` [106, б.61]. Башќ±рттар ќасќырды ќарсыѓа – дейді. Мысалы, ...Карсыѓаѓа ла, Арсыланѓа ла окшаймын. «Карсыѓа» «Кор» тигєн ћ‰ззєн хасилдыр... Башќ±рт этнонимініњ шыѓу тегі жайында мына мысалда µзгеше берілген: Ул ѓалим венгрзарзы, башкорттарзы, рустарзы борон заман Дунайзан алып Уралѓаса арауыкта єйшєгєн бер кєбилє токомдары итеп ћанай. Уныњса, «башкорт» атамаћы «башак» («башыак») ћєм «-ри-та» («ур-ту») тигєн мєѓєнєле µлµштєргє б‰ленє, є «ир-ат»тан урут (урус)–рут–руш–рус атамалары килеп сыѓа (ћуњѓы µсµсћµ-рустарзыњ тµрлµ дє‰ерзє аталышы, улар язма тарихка теркєлгєн) [21, б.51-81, 130, б.78-84];

Түйін. Мәшһүр-Жүсіп нақты қасқыр мағынасындағы қазығұрт лексемасын қолданбаса да Қазығұрт тау атауы бәрі бір сөз. Қазығұрт пен Башқұрт синоним сөздер. Қазығұрт (қаз) > италақаз <> байғұс байланысты болуы мүмкін. Ұмайды-қараңыз. Қас (з) бен құрт (Башқұрттарда құрт (қасқыр) деген сөз екен) италақаз тұлғасы өзгеріске түскенмен синоним сөздер сияқты. Құрт лексемасы құрдас//құрсақ (орын) сөздерімен де байланысты болуы мүмкін. Одан әрірек тереңдеп барсақ ұмайға келіп тіреледі. Құртқа эпос кейіпкерінің аты да біз сөз қылып отырған мәселемен тығыз байланысты. Құрт <>ұлыма.

Ұлыма. Бµріні ќазаќ ±лыма деп те атаѓан. Ќ±рбанѓали Халид: Бірініњ ±лдары мен жаќын тумалары. Ќамысбай, Ќойшыбай, Ќашќынбай, Ќуанбай, Тезекбай, Б±лаќбай, Ќасќырбай, Ќойлыбай, Ќайраќбай, Пышаќбай, Ќылышбай сияќты есімдері бар аѓайындыларѓа келін т‰скен екен. Келін б±лардыњ єрќайсысына маѓынасын µзгертпей ат ќойѓан. Содан бір к‰ні, асыѓыста ќалай айтар екен сынамаќ ‰шін отын-су ќамымен ауыл сыртында ж‰рсе атасы асыѓыс келіп: Келін, келін, ауылѓа дауыста. Б±лаќтыњ аржаќ шетінде, ќамыстыњ бер жаќ бетінде бір ќойды ќасќыр жеп жатыр. Тездетіп пышаќ пен ќайраќты єкеліп, Жаны шыќпай т±рѓанда бауыздап алсын, мен ќасќырды ќуайын, депті. Келін ауылѓа дауыстап: «Ау, Шапќы! Сарќыраманыњ ар жаѓында, сылдыраманыњ бер жаѓында мањыраманы ±лыма жеп жатыр. Жылдам былаут (білеуіт) пен жаныма єкеліп адал ораќтап алсын. Шапќыбай жылдам, єтекем ±лыманы айдап кетті» деген. М±нда – «білеуіт» ќайраќ, «жаныма» пышаќ мысал келтіреді [57, б.194]. Екінші вариантында «Сылдырламаның арғы жағында, сарқыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, бауыздап келдім (З. Қабдолов, 242). Ә. Болғанбаев ұлыма – ќасќыр екен. Ќазаќтыњ осынау бір эвфемизімге ќ±рылѓан єдет-салттыњ ‰лгісі шындыќтан сыр береді [131, б.233].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет