МӘШҺҮр-жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі 5 Том



бет19/19
Дата09.06.2016
өлшемі1.59 Mb.
#124255
түріМонография
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Жамбақты» – жер атауы. З. Солтанбайұлының «Толқын» – деген өлеңінде айтылатын жер аты – «Жамбақы». Биік ақ қарағай қиялай өскен әдемі жер. Ақын туған жердің әдемі, сұлу табиғатын мейлінше суреттейді.

Мысалы:
«Жамбақы», мына биік ақ қарағай,

Жанынан жан өтпейді жалт қарамай.

Әріде хикмет «Қоңыр әулие» тұр

Тауап қып тілек тілеп жатқан талай
– деп «Жасыбайды», «Шойынды көлді», «Қоңыр әулиенің» көркін де қағыс қалтырмайды [10, б.44].

Қорытынды
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы кездесетін этномәдениеттің көзі болып табылатын лексика көзі алуан түрлі. Бұл – этномәдениеттің көзін бір монография көлемінде талдап шығу мүмкін емес. Осының алдындағы монографиялар Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көп томдығы шықпай тұрғанда жазылған еді. Сондықтан да, осы – еңбекте бұрын зерттелмеген мәселелерге тоқталғанды жөн көрдік. Айталық, Заттық мәдениет, Рухани мәдениет, Теономиялық және мифтік мәдениет деп зерттеуді қолайлы деп таптық. Теонимикалық және мифтік этномәдени деректер көзі ақын шығармасында өте көп. Олардың ішінде көненің көзі болып табылатын бірліктер алуан түрлілігі өз алдына, мәні мен мазмұны, сипаты жағынан талай қызықты мәліметтер алуға болады. Бұл арада заттық мәдениетке байланысты бірер сөз мынандай: заттық мәдениет біршама алдыңғы еңбектерде зерттелді. Ал, осы – зерттеуде бұрындар кездеспеген деректер қаралып, ішін-ара ғана бұрынғы бірліктер, қосымша қолда бар материалдармен толықтырылды.

Заттық мәдени лексика: домбыра, берен сауыт, жолым үй, оқалы кебіс мәсі, сауыр етік, ақ кіреуке, орамал, қанжар, отау, садақ, Сары қымыз, семсер, күлдіреуіш, уық, көже, орда, кіреш, көк шағидан сырмақ, көнек, көк шұға манап шекпен, сандал, сандық т.б. енді.

Теонимиялық лексиканың мифтік лексикадан көптеген айырмашылықтары бар. Мифтік лексика біршама зерттелді. Өзінің нақты зерттеу нысаны айқындалды. Ал, теоним – барлық елдердің әдебиетінде кездесетін құдай аттары: Алла, Құдай және де теоним дәрежесіне көтерілген кейбір періштелер аттары жатады. Теонимиялық лексикаға Тәңір мен Ұмайды жатқыза алмаймыз. Сол сияқты: кереметтер мен демонологиялық лексика иелері де кірмейді. Оның себебі мынада, Ұмай мен Тәңір мифке жақындаған кереметтер лексикасы. Олардың іс-әрекетінде шындық, ақиқаттан көрі аңызға ұқсас жақтары, кереметтерге жақын қасиеттерін танытатын белгілері өте көп. Түркілер бұл – кереметтердің бойынан әлі де болса, фетешизмнің әрекеттерін көбірек көреді. Теонимиялық лексикаға жататын түрлі періштелер бойында діни дәстүрлер сақталған. Олар бақи және фәни өмірде кездеседі. Кейбір діни әдебиеттер де періштелердің өз қасиеттеріне қарай екіге бөлінеді. Періштелер жұмақ пен тозақта адамның жанында жүре алады. Алла біздің түсінігімізге, ақылымызға әлі кіре алмай жүрген бейне. Сондықтан да Алланың ісіне кейбір адамдар күмәнмен қарайды. Алланы Тәңірмен, Тәңірді Құдаймен айырбастап алғандар да арамызда ұшырасады. Сайып келгенде, Алла біреу > оны Тәңір, Құдай десе де ол – Алла. Алланың ақиқат, бұлжымайтын заңы – ол Құран. Адамдар бүгінгі өмірге өздерінің көзқарастарымен ғана қарайды, басқаның көзімен айталық, үшінші көзбен қараса, сонда ғана оның құдіреттілігіне шексіз сенер еді. Өмірде басқа да өлшем бар екендігі көбіне түсініксіз. Мысалы, жер сілкінісін аңдар бірінші сезінеді екен. Мысық түнде көреді, адамдар түнде көре алмайды. Бірақ, мысық түнде неге көреді? – деп ойланбайды. Киттер мен дельфиндер неге ақылды деп тағы да ойланбайды. Мінекей, өмірдегі адам түсінігіне ауыр басқа өлшем бары осыдан-ақ белгілі ақиқат. Ал, ол бір ғана Аллаға аян екендігі де ақиқат. Осы – саланы зерттейтін ғылым теоним.

Теонимиялық лексика мен мифтік лексиканың бірде жақындасып, бірде алшақтап кететін тұстары өте көп. Оны бөлу үшін байыбына баратын байыпты зерттеу қажет. Оған біз барған жоқпыз, соныдықтан да екі лексиканы бөлмей бірге қарастырдық. Мысалы: Мәшһүр-Жүсіптің діни шығармаларындағы «Жан иесі өліп, ғарасатқа қайта тіріліп, ғазазіл ан хазірет илан үмбеттеріне таласып, имам ағзам илан имам шафқа жүгінгені», «Жан тәсілім болғанда, көктен үш мәртебе дауыс болғай», «Жан шығарында тәнмен қоштасқаны», «Жеті тозақ баяны», «Жұмақтың аты, һәм сипаты», «Әуелден жаралған өлімнің сипаттары», «Барша мақұлықты беске бөлгені», «Басқа патшалар, жомарттар, әулиелер», «Дүниеде оттың бар болғаны» т.б. бізге беймәлім теонимиялық лексиканың түр-түрі кездеседі. Және де олар діни мәні мен мазмұны бар оқиғалы болып келеді.

Рухини мәдениет лексикасына «Жүніс Шалқарбайұлының Мәшһүр-Жүсіптен сұрағы», «Жетібай Есен тентектің әкесі», «Жиенәлі батыр тұлпары», «Ереймен сапары» т.б. бұлардың кейбірінің бірнеше нұсқасы кездеседі.

Осы үлкен үш тарау Мәшһүр-Жүсіп шығармалары бойынша талданып, ғылыми сипаттама беріліп, мәні мен мазмұны, бітімі мен болмысы жағынан жіктеліп бөлінді. Шығармалар қисындық әдеби тұрғыда талданғанмен дербес тілдік зерттеулер ішін-ара болмаса жүргізілген жоқ. Ал, заттық мәдениет лексикасы тілдік материал, дерек көз ретінде зерттелді. Ақынның өлеңдері, аңыз-әңгімелері, қиссалары, күлдіргі әңгімелері, дастандары, шежірелері т.б. ту баста түзілген энциклопедиялық жүйе тұрғысынан ғылыми бағасын алды.

Бұл бір жағынан, жаңа жүйе бойынша оқылатын бакалаврлар мен магистрларға, мәшһүртанушыларға ақын шығармаларын қалай талдау жөнінде ғылыми ақпарат көзі болса, екінші жағынан, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мазмұнымен танысуға жол ашып, бағыт-бағдар береді. Түптеп келгенде еңбекте де осы жағына баса назар аударылған. Әрине, болашақта Мәшһүр-Жүсіптің осы – берілген тақырыптары бойынша әр шығармасын тілдік тұрғыдан талдап, оның ішіндегі этномәдени кілтті сөздердің шығу тегін зерттеуге әбден болады деген ойдамыз.

Түйін. Мәшһүр-Жүсіптің 11 томдық шығармалар жинағын оқып, талдау үстінде көне түркі сөздері, диалекті сөздер, кәсіби сөздер, анайы сөздер кездесетінін қайталап айтамыз. Кейбір сөздер фонетикалық, морфологиялық тұрғыдан өзгерістерге түскен. Әсіресе, кірме сөздер қабаты: монғол, араб, парсы, қалмақ, қытай, орыс т.б. байыптап зерттесе кездеседі. Сол сияқты, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыстар, шежіре тілі тіл білімі үшін таптырмайтын деректер.


Әдебиеттер
1 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер / Қ. Жұбанов. – Алматы: Ғылым, 1966. – Б. 314-315; 315-317.

  1. Нұрмағамбетов Ә. Бес жүз бес сөз / Ә. Нұрмағамбетов. –Алматы: Рауан, 1994. – Б. 73; 95-96; 114-115; 130-13; 175.

  2. Оңдасынов Н. Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік / Н. Оңдасынов. – Алматы; 1974. – Б.138.

  3. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді / Р. Сыздықова. – Алматы: Мектеп, 1980. – Б. 46-47; 70-71.

  4. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері / Ә. Қайдар. – Алматы: Ана тілі, 1998. – Б. 33; 61.

  5. Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка / Е. Жанпейісов. – Алматы: Наука, 1989. – Б. 150-151.

  6. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері : ф.ғ.д. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация: 10.02.02 : 17.06.2005 қорғалды : 17.06.2005 бекітілді / Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы. – Алматы; 2005. – Б. 75-76; 81-82; 85-86; 88-89; 94-98; 98-99; 101-102; 108-109; 124-125; 139; 146-150; 155; 174-175; 194-195; 223-224; 225;226-227; 226-228; 238; 246-248; 249-250; 256-257; 257-258; 311-317; 314; 316-317; 319-320.

  7. Мурад Аджи. Полынь половецкого поля / Аджи Мурад. – М. : 1994. – Б. 236-237.

  8. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Т. 1. – Б. 25; 32-43; 43-50; 50-92; 52; 66; 83; 105-114; 106; 107; 114; 115-120; 126; 141; 156-158; 176; 177-179; 204; 205; 212; 212-214; 218; 223; 227; 229-238; 250; 257; 279; 303-306; 309-311; 311-313; 314; 389; 395; 397; 410-413; 431.

  9. Солтанбайұлы З. Мәшһүр / З. Солтанбайұлы. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2001. – Б. 26; 30; 31; 44.

  10. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік / Н. Д. Оңдасынов. – Алматы: Мектеп, 1984. – Б. 37; 66; 145; 174; 189; 218-219.

  11. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2005. – Т. 5. – Б. 12; 193; 215-264; 216; 306-335.

  12. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966. – Б. 35-36; 87-88; 170; 188-190; .

  13. Севортян Э.В., Левитская Л.С. Этимологический словарь тюркских языков / Э.В. Севортян, Л.С. Левитская. – М. : Наука, – Б. 224-226.

  14. Проблемы этимологии тюркских языков / редакционная коллегия. Г.А. Абдурахманов, А.А. Ахундов, Т.Д. Джанузаков, Е.З. Кажибеков, А.Т. Кайдаров (ответственный редактор), М.М. Копыленко, Ш.Ш. Сарыбаев, К.Ш. Хусаинов. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – Б. 150-151; 221-222; 224.

  15. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий / Л.З. Будагов. – СПб. ; 1871. –Т.2. – Б. 112; 131; 254.

  16. Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат / Ә. Нұрмағамбетов. – Алматы: Жалын, 1990. – Б.23-24; 24.

  17. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий / В.В. Радлов. – СПб. ; 1893. – Т. 2. – Ч. 2. – Б. 998; 1103; 1749.

  18. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы; 1961. – Т.2. – Б. 33; 174; 184; 253; 422.

  19. Рүстемов Л.З. Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных слов / Л.З. Рүстемов. – Алма-Ата: Мектеп, 1989. -– Б. 21; 31-32; 52-53; 118; 121; 134; 156; 218; 248; 254; 285; 306.

  20. Абай тілі сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1968. – Б. 372; 530.

  21. Радлов В. Опыт словаря тюркских наречий / В. Радлов. – СПб. ; 1911. – Т. 4. – Ч. 1. – Б. 235.

  22. Көпеев М. Ж. Екі томдық. – Т. 2. – Алматы: Ғылым, 1992. – Б. 28; 142; 203.

  23. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий / Л.З. Будагов. – СПб. : 1869. – Т. 1. – Б. 33; 215; 390; 538; 607; 704.

  24. Махмұт Қашқари. Түбі бір түркі тілі / Қашқари Махмұт. – Алматы: Ана тілі, 1993. – Б. 185.

  25. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий / В.В. Радлов. – СПб. ; 1905. – Т.3. – Ч. 1. – Б. 240. – Т.3. Ч.2. – Б. 1556.

  26. Наурыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер / Құр. М. Қазыбеков – Алматы: Қазақстан, 1991. – Б. 64.

  27. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Т. 3. – Б. 3-15; 28; 82; 94; 243; 243-263; 246; 250; 256; 257; 258; 368.

  28. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Т. 2. – Б. 4; 12; 34-36; 42; 46; 61-74; 66-67; 70; 73; 92-93; 101; 111-113;113-114; 114; 114-115; 115; 119; 121; 131; 133; 133-135; 135-144; 164-166; 167; 168; 181; 204; 214-220; 229-230; 242-244;244-246; 311; 315-318; 319-322; 329; 339; 340; 341-344; 344; 350; 357-359; 361; 361-362; 363; 366; 367.

  29. Көпейұлы М-Ж. Қазақ шежіресі / М-Ж. Көпейұлы. – Алматы: Жалын, 1993. – Б. 9; 10; 10-11; 12; 44-45; 49; 52-53; 55-56; 56-57; 63-65; 71.

  30. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 9. – Б. 6; 7-8; 13; 16-18; 46-50; 71-74; 75; 107-109; 133-134; 135-136; 137-139; 167-184; 169-172; 184-214; 224; 225; 226; 240; 241-242; 257-258; 259-261; 260-261; 261-262; 262-263; 264-267; 267-274; 270-274; 278; 280-286; 287-288; 288; 288-289; 267; 332; 338; 349; 352; 354; 360; 361.

  31. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2007. – Т. 10. – Б. 7; 9-12; 14; 18-19; 33-34; 36; 39; 40; 45; 46-49; 59; 61; 64; 64-65; 67; 70; 71-73; 97; 106; 110; 114; 115; 116; 118; 124; 128-129; 143-145; 158; 160; 165-168; 177; 191; 192; 194-195; 197; 213; 214-215; 215-220; 226; 230; 236; 241-242; 257-259; 259; 260; 294; 295; 297-298; 299; 300; 302; 305; 309; 313-314; 328; 330; 338-339; 342; 347; 350; 352; 360; 361; 362; 368-370; 371; 381; 390; 394; 397-436.

  32. Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. / Н. Д. Оңдасынов. – Алматы: Мектеп, 1984. – Т. 1. – Б. 94; 95-96.

  33. Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 8 – Б. 3-49; 3-85; 4; 5; 9; 10; 11; 30; 30-31; 34; 59-60; 60; 65-74; 68; 69; 73; 74; 74-84; 75; 76;77; 78; 79; 80; 81; 82; 83; 84; 84-87; 87-89; 92; 97-98; 105; 113; 163-165; 164-165; 165; 168; 184-186; 186-195; 190-195; 201-203; 204; 220; 250-263; 251-257; 258-263; 275; 293; 298-299; 418; 419; 419-420; 426; 434; 448.

  34. Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар / А. Әділбаев. – Алматы, 2004. – Б. 205.

  35. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 7. – Б. 3; 13, 14; 18, 23; 44; 50; 219; 233-254; 288; 304-305; 308-309; 382.

  36. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2005. – Т. 6. – Б. 9-11; 26-47; 94; 96-97; 137; 155; 158; 183; 190; 200; 205; 207; 210; 215-216; 255-258; 258-261; 258-266; 288-296; 357; 364; 369.

  37. Арманбаев Ж., Ерманов А., Жәнісов Ә. Ақкөл-Жайылма – хандар мекені / Ж. Арманбаев, А. Ерманов, Ә. Жәнісов // Сарыарқа самалы. – 2004. – № 124 (13717); Түгелбаев Ә. Ақкөлді әулиелі атандырған / Әбілқақ Түгелбаев. // Сарыарқа самалы. – 2006. – № 98 (13991).

  38. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы. – Павлодар: «ЭКО» ЖШС, 2006. – Т. 4. – Б. 104; 106; 120-123; 123; 196; 372; 443.

  39. Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени лексикасы / А.Қ. Тұрышев. Монография. – Павлодар, 2004. – Б. 423-425.

  40. Лүтфи Шентүрк. Исламда сенімнің негіздері / Шентүрк Лүтфи. – Анкара; 2000. – Б. 66.

  41. Али Хикмет Берки, Осман Кескіоғлұ. Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны / Ауд. Сәуле Дағайқызы. – Анкара; 1997. – Б. 25-27.

  42. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы (Екі томдық шығармалар жинағы) / – Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. – Алматы; 1990. – Б. 30-31; 38; 115; 118-119; 123.

  43. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті / М. Ғабдуллин. – Алматы: Мектеп, 1974. – Б. 40-41.

  44. Абылай хан. – Алматы: Айқап, 1992. – Б. 24-26.

  45. Сейітжанов З. Көпейұлы М.Ж. Абылай ханның Балтакерей Тұрсынбайды сынауы / З. Сейітжанов // ҚазССР ҒА Хабарлары (Тіл, әдебиет сериясы). – 1985. № 1. – Б. 66-67.

  46. Уәлиханов Ш. Таңдамалылары / Ш. Уәлиханов. – Алматы: Жазушы, 1985. – Б. 158; 202.

  47. Досмұхаметұлы Х. Аламан / Х. Досмұхаметұлы. – Алматы: Ана тілі, 1991.

  48. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті / М. Ғабдуллин. –Алматы: Мектеп, 1974. – Б. 21; 38-75.

  49. Оралбаева Н. Қазақ тілі / Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – Б. 91-93.

  50. Әбдуали Қ. Халық даналығы / Қ. Әбдуали. – Алматы: Толғанай, 2004.

  51. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия. – Алматы: 1989. – Т. 4. – Б. 590.

  52. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері / Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. – Алматы: Ғылым, 1992. – Б. 62-63; 73-75; 122-123; 131-134; 132-133.

  53. Қазақ ССР тарихы. Қазақ мемлекеттік баспасы. – Алматы; 1957. – Б. 407-424; 408-412.

  54. Панова Вера. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. Тарихи толғау / Вера Панова, Юрий Бахтин. – Алматы: Жазушы, 1994. – Б. 30-33.

  55. Жүсіпова Г. Қ. Мәшһүр-Жүсіп қиссаларындағы Мұхаммед бейнесі / Г. Қ. Жүсіпова. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2000. – Б. 34-35.

  56. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы; 1973. – Б. 532.

  57. Қазақтың ұлттық энциклопедиясы. – Алматы; 1999. – Б. 474-475.

  58. Поспелов Е.М. Школьный топонимический словарь. А-Я / Е.М. Поспелов. – М. : Просвещение, 1988. – Б. 41.

  59. Даль В. Толковый словарь живого, велико-русского языка / В. Даль. – М. : 1978. – Т. 1. – Б. 146.

  60. Фасмер М. Этимологический словарь русского языка / М. Фасмер. – М. : Прогресс, 1986. – Т. 1. – Б. 255.

  61. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса / Халид Құрбанғали. – Алматы: Қазақстан, 1992. – Б. 95-114; 208; 240.

  62. Қалмұқан Исабаев. Боштай Тұрсынбайұлы / Исабаев Қалмұқан // Сарыарқа самалы. – 2002. – № 87.

  63. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка / С. Аманжолов. – Алма-Ата; 1959. – Б. 382.

  64. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдеибеті. Екінші кітап / Н. Келімбетов. – Алматы: Ана тілі, 1991.

  65. Жүсіпов. Н. Қ. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының фольклоршылық еңбегі : фил. ғыл. кан. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. автореф. : 10.01.09. : 23.06.1998 қорғалды : 23.06.1998 бекітілді: / Жүсіпов Нартай Қуандықұлы. – Астана; 1998. – Б. 9.

  66. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді / Р. Сыздықова. – Алматы: Мектеп, 1980. – Б. 34-35.

  67. Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия / Бас. ред. Б. Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2004. – Т. 6. – Б. 108; 446.

  68. Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия / Бас ред. Є. Нысанбаев. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. – Б. 246; 423.

  69. Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия / Бас ред. Б. Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2005. – Б. 564

  70. Мәшћүр-Жүсіп Ќуандыќ. Мәшћүр-Жүсіптен базарлыќ / Ќуандыќ Мәшћүр-Жүсіп // Сарыарќа самалы. 2004. № 124 (13717). – Б. 6.

Мазмұны
Кіріспе….......…………………………..............................................…3

1 Материалды мәдениет лексикасы…………………………............…5

2 Теонимиялық және мифтік лексика...................................................31

3 Рухани мәдениет лексикасы................................................................90

Қорытынды.........................................................................................209

Әдебиеттер..........................................................................................212






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет