Металл материалдары


Құрал- саймандық болаттың негізгі қасиеттері



бет55/63
Дата05.08.2022
өлшемі6.13 Mb.
#459891
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Металл материалы (1)
ответы, при 13.1
14.2 Құрал- саймандық болаттың негізгі қасиеттері
14.2.1 Қаттылық
Құрал- саймандық болаттың формасының сақталуы, жұмыс үстінде мөлшерінің өзгермеуі ең алдымен оның қаттылығына байланысты. Қаттылық жоғарылаған сайын құрал - жабдықтың тозуға төзімділігі артады, металдың беткі қабатының өңделу тазалығы көтеріледі, жону кезінде металдың құралға жабысу қабілеті төмендейді.
14.2.2 Беріктік
Құрал- саймандық болаттың беріктік сипаттамасы иілу беріктігімен изг анықталады. Себебі құрал-саймандар көбінесе иілу күшіне ұшырайды. Болаттың беріктігі қаттылығымен бірге көтеріледі. Беріктікке ішкі кернеу, түйіршіктің көлемі, карбидтердің орналасуы әсер етеді.
14.2.3 Тұтқырлық
Құрал-саймандық болаттың формасының сақталуы және құралдың түзінің мүжілуден сақталуы, болаттың беріктігінен басқа, тұтқырлығының жоғары болуына байланысты. Иілу беріктігіндей емес, соққы тұтқырлығы түйіршіктің көлеміне, болаттың құрамына, карбидтің біртұтас орналаспауына байланысты өзгереді. Сондықтан болаттың қасиетін сипаттауда тұтқырлық бағалы орын алады. Тұтқырлықты көтеру болат құрамындағы көміртегінің мөлшерін азайту арқылы және жоғары температурада босату арқылы қаттылығын НRС 40...52 теңелдірумен қамтамасыздандырылады.
Кейбір легірленген болаттың тұтқырлығы жоғары. Жоғары тұтқырлық пен тозуға төзімділікті химиялық-термиялық өңдеу арқылы да көтеруге болады.
14.2.4 Технологиялық қасиеттері
Құрал-сайман жасайтын болаттың термиялық өңдеу кезінде деформациялануы, кесіп өңделуі, шынығу тереңдігі, қырналғыштығы, қысыммен өңделуі, аса қызуға төзімділігі басты технологиялық қасиеттеріне жатады.


14.3 Құрал- саймандық болатты маркалау ( МСТ 1435-99)

Көміртекті құрал-саймандық болаттар «У» (углеродистый) әрпімен белгіленеді, оның соңындағы цифр (У7, У8, У10, т.б.) құрамындағы көміртегінің оннан бір %-дық бөлігін көрсетеді. Марканың соңындағы «А» әрпі жоғары сапалығының белгісі. Легірленген құрал-саймандық болаттар Х, 9Х, 9ХС, 6ХВГ т.б. құрамындағы көміртегінің оннан бір %-дық бөлігін көрсетеді, егер оның мөлшері  1% болса. Цифр қойылмаған маркадағы көміртегінің мөлшері  1% . Әріптер легірлеуші элементтерді, ал оның оң жағындағы цифр легірлеуші элементтердің толық % көрсетеді.


Шапшаң кескіш болаттар «Р» әрпімен, жанындағы цифр шапшаң кескіш болаттардың басты легірлеуші элементі - вольфрамның пайызын көрсетеді. Молибден «М», кобальт «К», ванадий «Ф» әріптерімен белгіленіп, олардың орташа %-дық мөлшерлері әріптік көрсеткіштердің оң жағына қойылады. Көптеген шапшаң кескіш болаттардағы хромның орташа мөлшері 4% болғандықтан, маркілеуде хром көрсетілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет