Текст и интерпретация: взгляды и концепции
Проблема интерпретации и объяснения является одной из важнейших в герменевтической
философии и филологии. Выделяются различные методы интерпретации и виды объяснения в
рамках современной теории понимания художественного текста. Разграничению и систематизации
видов и методов интерпретации и объяснения посвящена данная статья. Приводятся конкретные
примеры из художественной литературы и теории литературы, используются материалы
философского и литературоведческого мирового культурного наследия.
Ключевые слова: интерпретация, понимание, герменевтика, художественный текст,
рецепция, интерпретатор, читатель.
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018
199
Отарбаева Ғ.Н.
Кіріспе
Көркем шығарма – күрделі әрі көпқырлы
құбылыс. Көркем шығарманы оқыту мен талда-
уда түрлі тәсілдер мен әдістерге жүгінеміз. Бір
көркем шығарманы мәтін теориясы, поэтикасы,
герменевтика, стилистика сынды сан қырынан
зерттеп, талдау жасай аламыз. Көркем шығарма
тек тілдік материал ғана емес, ұлттық ментали-
тет пен құндылықтардың көрінісі, адамзат ақыл-
ойының айнасы, әлемдік мәдениет пен таным
картасы болып табылады. Көркем шығармада тіл
арқылы, сөз немесе сөйлеу арқылы ғана жеткізілу
мүмкіндігінен әлдеқайда көп ақпараттар қоры
сақталған. Кейде кішкене ғана деталь көркем
шығарманың мәнін ашып беріп жатса, кейде
керісінше, бүкіл көркем туынды бір ғана де-
тальды түсіндіруге қызмет атқарып тұрады. Осы
тұрғыдан алғанда көркем шығарманы дұрыс
қабылдау мен түсіну өте маңызды. Интерпре-
тация көркем шығарманың осы концептуалдық
мазмұнын түсінуге жетелейді. Концептуалдық
мән, концептуалдық мазмұн дегеніміз не? Ол
неден көрініс табады? Ол көркем шығармадағы
экстралингвистикалық, яғни, прагматикалық,
әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлар-
дың бірлігінен, олардың біте қабысып көркем
мәтін түзуінен туындайды. Ал оларды қабылдау
мен түсіну жолы – интерпретация.
Зерттеу
Интерпретация – әдебиеттанудағы күрделі,
әрі әлі де болса жан-жақты зерттей түсуді қажет
ететін мәселелердің бірі. Көркем шығарманы
оқығанда әр оқырман интерпретатор ретінде
танылатындықтан интерпретация мен талдаудың
ара-жігін ашып көрсеткен зерттеулер көп емес.
Көркем шығармаға талдау жасай алу үшін де
ол шығарманы қабылдап, түсіну керек. Ал, ин-
терпретация дәл осы қабылдау, зердеге түйіп,
түсіну деген ұғымдарды көздейді.
Интерпретация латынның «�nterpretatio –
делдалдық (посредничество)» деген ұғымынан
тарайды. Яғни, көркем шығарманы қабылдау,
түсіну мен талқылау, ой қорыту, шығармашық
өңдеуден өткізу.
Ғылыми әдебиеттануда интерпретацияның
орны ерекше. Ол ғылым мен көркем шығарманы
табиғи қабылдаудың арақатынасынан жүйелеп,
қарапайым оқырман мен кәсіби әдебиеттанушы
маманның ойлауы мен қабылдауын салыстыра-
ды. Сол арқылы оқырманның көркем шығармаға
деген көзқарасын ғылыми деңгейге жетелейді.
Ең алдымен, интерпретация көркем шы-
ғарманың мазмұнын, мағынасын, астарлы ойын
түсіну үшін жасалады. А.Б. Есин: «Сущность ин-
терпретации, выраженная в формуле «Интерпре-
тация – это свое понимание», заключается в слове
«свое». «Свое» – означает «пережитое лично», –
дейді (Esin,1985: 128). Мұндағы «өзінің түсінуі»
авторға қарама-қарсы, одан өзгеше түсіну де-
ген сөз емес, керісінше шығарманың сырын ұғу
мақсатында оны өздігінше қабылдау, автордың
айтар ойына жақындай түсу болмақ. Яғни,
көркем шығармаға интерпретация жасауда
түсіну мен қабылдау (рецепсия) негізгі шарт бо-
лып табылады.
Рецепсия, яғни қабылдау – компарати висти-
каның негізгі категориясының бірі. Көркем
шығарманың рецепсиясы көп қырлы. Ол
эмоционалдық күйзелісті, авторлық ойды да-
мыту логикасын ұғыну мен бағалау мәдениетін
қамтиды (Abdullaeva, 2012: 12).
Әдебиеттануда интерпретация көркем шы-
ғар маның тұтастай мағынасын, мазмұнын, оның
идеясын, концепциясын тану, түсіну, зерделеу
болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар:
1. Алғашқы, оқырмандық интерпретация
адамның шығарманы оқып шыққаннан кейін гі
алғашқы әсеріне, көңіл-күйіне, сезіміне негіз-
деледі.
2. Ғылыми интерпретация. Әдебиеттанушы
оқырман ретіндегі алғашқы әсерін ғылыми
негізде жинақтап, нақтылап, әдеби талдаумен
тексереді.
3. Шығармашылық-образдық интерпретация
әдеби шығарманы көркемөнердің басқа түріне
көшіру (мысалы, әдеби шығарма негізінде
көркем фильм түсіру, сахналық қойылым, опе-
ра немесе балет жасау т.т.), – дейді зерттеуші
ғалым Қ.Т. Жанұзақова (Zhanuzakova, 2013).
Демек, ең алдымен шығарма оқырман тара-
пынан қабылданып, шығарманың шынайы мәнін,
терең қабаттарын түсіну үшін интерпретация
жасалады. Ғылыми интерпретация автордың ай-
тар ойын, мәтіннің мағынасын, тереңде жатқан
астарлы ойын зерделеуде зерттеушілердің сыни
пікірлері мен пікірталастары арқылы туын дай-
ды. Осы интерпретациялардың шыңы – шығар-
машылық интерпретация. Автордың айтор ойын
қабылдап, зерттеушілер пікірлерін зерделей оты-
рып, шығарманың сырын ұғып, өз жүрегіңнен
өткізіп өзге бір өнер туындысына айтналдыру.
Мүлде бөлек тың дүние жасап шығару.
В.В. Гетьман интерпретацияның «базалық
құралымы» ретінде төмендегі негіздемелерді
ұсынады:
Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018
200
Мәтін және интерпретация: көзқарастар мен концепциялар
– «Интерпретация тілдің және сөйлеудің құ-
ралымына, контекстер мен жағдаяттарға, қарым-
қатынас ережесіне, тілдік қарым-қатынас шең-
берінен тыс дәйектемелерге сүйеніп жасалады»;
– «Интерпретация үшін мәтіннің немесе
пікірдің мағынасы туралы болжамдарды ескеру
және тексеріп отыру маңызды»;
– «Интерпретация үшін жеке тұлғалық және
тұлғааралық қатынастар маңызды», яғни мәтін
авторы мен интерпретатор арасындағы байла-
ныс, мүмкін бола тіпті бір мәтіннің бірнеше
интерпретаторлары арасындағы байланысты
анықтап отырған жөн.
– «Интерпретация ажырамас үш компо-
ненттің басын біріктіріп жатуы тиіс: автор
және оның ішкі әлемі – мәтін – оқырман-ин тер-
претатор және оның өз ішкі әлемі туралы түсінігі.
Осы үштік одақ адекватты интерпретацияның
қалыптасуының кепілі бола алады. Осылайша
мәтін интерпретациясы бір жағынан оқырманның
өз ішкі әлемі мен екінші жағынан «автордың
жиынтық әлемінен» түзілген «әлемнің менталды
моделін» құрауы тиіс (Getman, 2013: 372).
Өнер туындылары, оның ішінде көркем
шығарма да адамдардың өзара тығыз қарым-
қатынасына негізделеді. Өйткені автор өз
туындысын халыққа, белгілі бір қауымға,
біреуге арнап жазады. Көркем шығарма – оны
тудырған адамның жолдауы іспетті. Сондықтан
оқырман сөз арқылы туындының көркемдік
әлемін және оны жасаған авторды қабылдайды.
Көркем тілдің адамды сендіретін, жұбататын,
ойлантатын құдіретті күші бар. Кейде автор
шығармадағы баяндауға араласып, кейіпкеріне
болысатын, оқырманмен сырласып, ой бөлісетін,
сұхбат құратын жайттар да кездесіп жата-
ды. Сондықтан соңғы жылдары әдебиеттану
шығарманың мәтіндік жүйесіндегі автор об-
разы, оны оқырманның қабылдауы, оған әсері
сынды күрделі мәселелерге көңіл бөле баста-
ды. Бұл тұрғыдағы зерттеулер – қазіргі қазақ
әдебиеттануында қарқын алып келе жатқан
герменевтиканың үлесінде.
Герменевтика (грек тілінен аударғанда
түйсіну) – мәтінді интерпретациялау теориясы
және мағынаны түйсіну ғылымы. Герменев-
тика қазіргі батыс әдебиеттану ғылымындағы
әдебиет теориясының базалық құрылымы болып
табылатын негізгі әдіснамалық қағидаларын
зерделеуде кең тараған. Тарихи мәліметтерді
фило логиялық тәсілдер арқылы зерттеу ретінде
герме невтиканың әдеби жәдігерлерді оқу мен
түсінуде маңызы зор. Герменевтикалық тәсіл дің
тарихы үлкен екі кезеңнен тұрады. Бірі дәстүрлі
классикалық та, екіншісі – қазіргі әдебиет-
танулық герменевтика. Дәстүрлі фило логиялық
герменевтика мен қазіргі әдебиет танулық
герменевтиканың ара жігін Вильгельм Дильтей
мен Георг Гадамер сынды философ ға лымдар
ажыратып берген болатын. Түсіну про цессіндегі
«тарихи аралық», «тарихи көз қарас» кате-
гориялары бұл мәселенің негізгі айқын дауыш
факторы болды. Әдеби герменевтика – өнер ту-
ындысын жеке дүние ретінде қарас тыру мүмкін
емес, өнер туындысы дәстүрлі мәде ниеттің шы-
найы материалы болғандықтан оны сол мәдениет
контекстінде түйсіну керек деп санайды.
З. Бауман герменевтиканың ғылым ретінде
қалыптасуының негізгі өкілдері ретінде
К. Маркс, М. Вебер, К. Манхейм, Э. Гуссерл,
Т. Парсонс, М. Хайдеггер, А. Щюцтарды атап
көрсетеді. (Bauman, 1978: 148).
Зерттеушілердің пайымдауынша, мәтінді
тану үшін жан-жақты, көп қырлы талдау қажет.
Мәтіннің мағыналық мазмұны мен компо зи-
циялық құрылымының ерекшеліктерін түсі-
ніп қана қоймай, сонымен қатар автор лық
ұстанымды, автордың ішкі әлемін, шығарма-
шылық даралығын, дүниетаным ерекшелігін,
оның шығарманы кімге бағыттап жазғанын да
ескерген жөн. Герменевтика өнер туындысын
жеке дара қарастырмай, оны тудырған, дүниеге
келуіне ықпал еткен дәстүрлі мәдениет аясында
тану, түсіну қажеттігін алға тартады.
Герменевтикада мәтінді тануға қатысты екі
түрлі көзқарас бар. Біріншісі – мәтінді әлеу-
меттік, мәдени-тарихи жағдайлардың ықпа-
лынсыз, тек оның өзіне ғана сүйене отырып,
түсіндіру қажеттігін қолдайды. Екінші жақтың
ұстанымы бойынша герменевтика – философия.
Мұнда мәтінді түсінуден, интерпретация жасау-
дан гөрі ол турасында ой толғау басым.
Ренесанс дәуірінен бастау алып бүгінгі күнге
дейін қалыптасқан герменевтиканың бірнеше
басты ұстанымдары бар.
– Мәтінді оқшау, жеке дара күйінде емес,
шығарманың толыққанды құрылымында, жалпы
контекстік жүйеде зерттеу қажет;
– Мәтінді түсіну үшін мүмкіндігінше автор
туралы толыққанды білім, түсініктің болғаны
жөн;
– Шығарманы интерпретациялауда автор
араласқан тарихи-мәдени ортаны зерттеу, қайта
қалпына келтіріп зерделеу өте маңызды;
– Тарихи ескерткіш материалдары үшін жан-
жанқы тілдің барлық заңдылықтары ескеріле
отырып грамматикалық, филологиялық талдау
жүргізілуі қажет;
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018
201
Отарбаева Ғ.Н.
– Әрбір әдеби жанрдың өзіндік ерекшелігі
болатындықтан, мәтін қай жанрға жататынын
анықтап алу қажет. Және көркемдеуіш құрал-
дарына (гиперболалар, метафоралар, аллегори-
ялвр мен символдар) баса назар аударылуы тиіс.
– Қолжазба мәтіндерді түсіндіруде мәтіннің
неғұрлым нақты, дұрыс оқылуына назар аудару
керек;
– Мәтін мағынасын түсінуде салыстармалы
әдіс, өзге де ұқсас мәтіндермен қатар қойып зер-
делеу әдісіның маңызы зор;
– Түсіндіруші, ең алдымен, туынды ав-
тор мен оның ортасы үшін қандай мағынаға ие
болғанын анықтап алу керек. Содан кейін ғана
бүгінгі заман, қазіргі қоғаммен байланысын
анықтауға болады.
«Герменевтика қазіргі батыс әдебиеттану
ғылы мындағы әдебиет теориясының база лық
құрылымы болып табылатын негізгі әдісна-
малық қағидаларын зерделеуде кең тараған.
Герменевтиканың этимологиясы ежелгі грек
мифологиясынан тарайды. Ал қазіргі герме-
невтиканың гуманитарлық ғылымдардың сала-
сындағы бесаспап әдіс ретінде бағаланып жүрген
жайы бар», – дейді әдебиеттанушы ғалым Ұ.
Еркінбаев. Ғалым интерпретацияның басты
міндеті сөз өнерінің құндылығын ұғындыру
екенін айта келе, «Тарих герменевтиканы
гуманитарлық ғылымдардың фундаменті, жүйелі
негізі деп білді. Алайда, қазіргі әдеби герменев-
тика бұл мәселелерді мақсатты түрде айналып
өтіп, нақты әдіснамалар мен әдеби тәсілдер жаса-
уды мақсат етеді. Алпысыншы жылдардың орта
шеніне дейінгі батыс әдебиеттануындағы көркем
туындыны өз ішінде ғана қарастыру үрдісінен
арылған қазіргі әдеби герменевтика мәселе со-
лай бола тұра, структуралистік, лингвистикалық,
коммуникативтік тұжырымдарға арқа сүйеуге
мәжбүр болды. Аталмыш бағыттарға арқа сүйеу
арқылы қазіргі әдеби герменевтика дәстүрлі
герменевтиканың интерпретация туралы ұғым-
түсініктерін тарих қойнауында қалдыруға
белсенді қызмет етуде» деп, Соловьевтың: «Асы-
лында сана һарекеті қандай болса да оның бол-
мысы – түйсіну (интерпретация) болады. Оның
түйсінуден бөлек мақсаты болуы мүмкін емес» –
деген пікірімен тұжырымдайды (Yerkinbay, 2016).
Филологиялық герменевтика тұрғысынан
қарағанда түсіну дегенміз – мәтіннің мәнін
ұғу. Бұл айтушы мен тыңдаушының, жа-
зушы мен оқушының арасындағы диалог
іспетті. Бұл диалогты автор мен интерпрета-
тор танымындағы әлем бейнесінің қатынасына
құралады. Себебі, кез-келген көркем шығарманы
түсіну әлеуметтік-психологиялық, мәдени-
тілдік факторлар жиынтығына, реципиенттің
(қабылдаушы) тұрмыстық контекстіне тікелей
тәуелді. Мәтінді оқу барысында немесе мәтінмен
диалог орнату барысында қабылдаушы көркем
шығармадан автор салған мәнді табуға тырыса-
ды, автордың танымындағы әлем бейнесін өзінің
дүниетанымымен қатар қойып қарастырады.
М.М. Бахтиннің концепциясы бойынша
мәтінді түсіну жекелеген актілер мен деңгей-
лерден тұрады және олардың өзіндік жеке функ-
циялары бар:
– мәтінді қабылдау;
– мәтінді тану және оның белгілі бір тілдегі
жалпы мағынасын түсіну;
– мәтіннің белгілі бір мәдениет аясындағы
мағынасын түсіну;
– оның құрылымына сәйкес диалогтік мәнін
ұғыну (Bakhtin, 1979:361);
Бұл концепцияға сәйкес мәтінді түсіну
дегеніміз мәтінді тек оқу шеңберінен шығып,
талқылау, түйсіну, басқа мәтіндер мен мәдени
контекстермен қатынасы деңгейінде интерпре-
тациялау деген тұжырымға келеміз.
Теориялық және практикалық талдау
нәтижелері бойынша интерпретация бірнеше
кезеңдерден тұрады. Олар: байқау, болжау, ги-
потезалар ұсыну, зерттеулер қорытындысы
және олады бар мәліметтермен салыстыру.
Нәтижесінде мәтін мазмұны ашыла түседі.
Мәтін интерпретациясы көркем шығарманың
ішкі әлемі мен оқырман дүниетанымының өзара
бірігуі нәтижесінен туындайды. Интерпрета-
ция процесінде қабылдаушы мәтін туралы өз
жобасын жасайды. Сол арқылы қабылдаушы
мәтінге өз бағасын береді. Реципиенттің көркем
мәтінді өзіндік өмірлік жағдаяттармен, өмірлік
құндылықтармен байланыстыра қабылдауының
нәтижесі бір мәтіннің бірнеше интерпретаци-
ясын тудырады. Ол да мәтінді қай деңгейде
түсінгеніне, тұлғалық, тілдік ерекшеліктеріне
байланысты. Интерпретация негізінде қабылдау-
шының мәтінді қаншалықты терең түсінгендігін
бағалай аламыз.
Көркем шығарманы түсіну үшін талдап, зер-
делей білуіміз керек те, талдау үшін өзімізше
қабылдап,
оқырмандық
интерпретациядан
өткізуміз қажет. Бұл қарама-қайшы үдерісті
әдебиеттануда герменевтикалық (грек тілінен
her- mēneutikē (technē) – өнерді түсіндіру)
шеңбер деп атаймыз. Бұл шеңберде әрбір көркем
шығармаға жасалған талдау түсінуге жетелесе,
әрбір түсінудің соңы талдауды қажет ететіні
анық.А. В.Матюшкин мәтін интерпретациясы
Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018
202
Мәтін және интерпретация: көзқарастар мен концепциялар
негізінен үш бағытта өрбиді деп көрсетеді. Олар
– түсіндіру (мәтін элементтерін шынайы өмір
көріністерімен, басқа мәтіндермен, қолжазба
деректермен т.б. салыстыра отырып түсіндіре
талдау); бағалау ( өзектілігін, маңыздылығын
көрсету); қабылдау (мәтіннің ішкі мазмұнын
түйсіну, зерделеу) деп көрсетеді.
Интерпретация теориясындаға негізгі мәсе-
лелердің бірі – көркем шығармаға жасалған
интерпретацияның адекватты, қисынды болуы.
Бұл қиындықтар көркем шығарма мағынасы
мен мазмұнын қандай құралдармен, қандай
тәсілдермен жеткізуге болады деген сауалдан
туындайды. Тағы бір сауал «Қандай ғылыми
тәсілдер арқылы көркемдік шындықты тануға
болады?» деген мәселені қозғайды. А.С. Буш-
мин: «Научная форма не исчерпывает художе-
ственного образа, не улавливает всей полноты
его многозначного смысла, не заменяет произво-
димого им впечатления. Если бы это было воз-
можно, то ненужным оказалось бы искусство.
Но, с другой стороны, если бы были невозможны
какие-либо отношения между художественным
образом и его выражением в научной форме, то
не осталось бы почвы для науки об искусстве.
Художественный образ нельзя свести к логиче-
ским понятиям, но это можно перевести на язык
логических понятий» (Bushmin, 1980: 312), – деп
көркем шығармаға өнер биігінен қарағанда ғана
негізгі мәні мен мағынасын түсінуге болатынын
айтады. Көркем образды логикаға, қисынға са-
лып түсіну мүмкін емес, десе де, түсінікті түрде
жеткізуге болады деген пікір арқылы ғылыми тал-
дау туралы айтқанда ғылыми интерпретация алға
шығатынын меңзейді. Көркем мәтінді ғылыми
талдауға жүгінуден гөрі интерпрация тәсілі
арқылы түсіну оңайға соғатыны да сондықтан.
«Талдау – интерпретация» арақатынасын ғылым
мен өнердің арақатынасы деп ұқсақ, «шығарма
– интерпретаци» арақатынасы дегеніміз жанды,
тірі құбылыс деп ұғуға болады.
Талдау – мәтінді формалды және формалды-
аналитикалық құрылымдарға бөлшектеу. Тал-
қылау имплицитті түрде талдаудың барлық
кезеңдерін қамтиды, алайда мәтін құрылымын
анықтау мәтіннің негізгі мәнін ашуда толыққанды
тиімді жол бола алмайды. Керісінше, көптеген
сұрақтар туындайды да, нәтижесінде форма мен
мазмұн арасында конфликт пайда болады. Ал
интерпретация әрдайым негізді және талқыға
салуға дайын. Бұл жол бізге төмендегідей
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
– форма мен мазмұн арасындағы конфликті
жоюға;
– оларды өзара жүйелеп, неге аталмыш маз-
мұн дәл осындай мәтін формасына ие екенін
түсіндіру;
Интерпретацияның бірнеше түрінің өзара
бірлігі нәтижесінде ғана қалыптасқан, «сәтті ин-
терпретация» туындайды. Осы тұста интерпре-
тацияның бірнеше түрі шығады:
– прагматикалық интерпретация – істер мен
фактілер бойынша;
– қоршаған орта интерпретациясы – уақыт
және кеңістік;
– психологиялық интерпретация – мотивтер
т.б. бойынша;
– идеялар немесе этикалық факторлар бой-
ынша интерпретация;
Сонымен қатар, көркем шығармаға
интерпретациясының бірнеше тәсіліне тоқтала
кеткеніміз жөн.
■ Герменевтикалық тәсіл
Герменевтикалық тәсіл туралы жоғарыда
бір шама тоқталдық. Ерекше баса айтылу тиіс
тұжы рым – мәтінді өз ішінде түсінуге, ішкі мәнін
түсінуге ұмтылу. ХХ ғасыр философиялық гер ме-
невтиканың ірі өкілі Г.Г. Гадамер: «Когда мы пы-
таемся понять текст, мы не переносимся в душу
автора … мы переносимся в то, что он подразуме-
вал как смысл. Задача герменевтики – прояснить
это чудо понимания, а чудо заключается не в том,
что души таинственно сообщаются между собой,
а в том, что они причастны к общему для них
смыслу» – деп, мәтін автор мен оқырманға ортақ
мәнге ие болу керектігін айтады. Сол кезде ғана
автордың айтпақ ойын түсіну мүмкін болады.
Егер біз автордың ойлағанын түгел білетін
болсақ, түсіну мәселесі туындамас та еді. Түсіну
дегеннің өзі түсінбеген дүниенің анығына же-
туден туындайтын мәселе емес пе. Мәтіндегі
оқырман үшін түсініксіз нәрсе, автор үшін
шығарма жазылғанға дейін түсінікті болған:
туындаған ой, идея т.б.
Интерпретация мәтіннің түрлі бөлшектерін
бірге жинақтап, бұрыннан түсінікті дүнтелердің
басын біріктіру арқылы түсіндіру әдісі. Осы-
лайша түсіну шеңбері немесе герменевтикалық
шеңбер қалыптасады.
■ Семиотикалық тәсіл
Семиотика – ХХ ғасырдың басында қалып-
тасқан таңбалар туралы ғылым. Семиотика ның
негізін қлаушы және оған «Семиотика» атауын
беруші америкалық логик, философ Ч. Пирс
(1839-1914) болып табылады. Семиотика
мәтінді тілдік, мәдени, әлекметтік т.б. таңбалар
жүйесінен құралған күрделі де ұйымдасқан
таңба ретінде қарастырады.
ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018
203
Отарбаева Ғ.Н.
Шығарманы
семиотикалық
талдаудың
негізінде таңба, таңбалар жүйесі, табалар жүйе-
сінің түрлері т.б. семиотикалық ұғымдар жа-
тыр. Төменде көркем мәтінді семиотикалық
талдаудың ұстанымдары көрсетілген:
– Шығармадан жекелеген таңбаларды бөліп
алу және талдау;
– Шығарманың сюжеттік динамикасында
таңба мен жүйе арақатынасын қарастыру;
– Шығарманың сюжеттік динамикасындағы
екі не одан да көп таңбалар жүйесінің
арақатынасын анықтау;
Талдау нәтижелерін жинақтау арқылы толық
мәтіннің мәнін анықтау семиотикалық тәсілді
құрайды.
■ Лингвистикалық тәсіл
Көркем шығарманы лингвистикалық талдау-
дың әдістері төмендегідей:
1) Лингвистикалық комментарий. Сирек
қолданыстағы сөздердің, көнерген сөздердің,
кәсіби сөздердің сөздіктегі және қолданыстағы
мағынасын, грамматикалық құбылыстар мен
басқа да тілдік фактілерды анықтау.
2) Лингвистикалық талдау. Шығарманың
көркемдік қуатын, эстетикалық әсерін, тілінің
айшықталағын талдау. Талдаудың негізгі ны-
саны – троп пен фигураның түрлері болып
табылады.
3) Толық лингвистикалық талдау. Көркем
мәтінді әмбебап, көпқырлы филологиялық тұр-
ғыда зерттеу. Бұл талдаудың негізгі әдісі көркем
шығарманы образдық поэтикалық құрылымын
идеялық мазмұнымен және тілінің көркемдік
жүйесімен біртұтас алып зерттеу. Автор обра-
зының категориясы да осы талдаудың негізіне
енеді.
Интерпретация туралы айтқанда тағы бір
маңызды мәселе, «Бір ғана көркем туындының
қанша интерпретациясы болуы мүмкін?» деген
сұрақ. Бұл туралы ғалымдар пікірі екіұшты.
А. Потебня, Б. Кроче, М. Эпштейн, А. Горнфельд
сынды ғалымдар көркем шығама мен интер-
претация арақатынасына шектеу қойылмайды,
еркін, кең ауқымды деген пікір ұстанады. Олар
қанша идея болса, сонша көзқарас, сонша талдау
мен түсіну бар деген ой айтады.
А.П. Скафтымов бұл тұжырымдарға қарсы
пікір айта отырып, әр түрлі интерпретация көркем
шығарманы әр түрлі деңгейде түсінуден туындайды
(Skaftymov, 1923: 139). Бірақ бұл шығарманы толық
түсіну аясын еш тарылтпайды. Шығарма әркім өз
қалауынша түсініп, өздігінше интерпретцияға жол
бере берсе, ол көркем туындының негізгі айтар
ойын жойып жіберуі мүмкін дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |