Методика информатизации взаимодействия субъектов управления системы образования



бет17/18
Дата23.04.2023
өлшемі0.69 Mb.
#472614
түріАвтореферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Саматокина автореферат4.12.11 (1)

Зерттеудің әдіснамалық негізін әлеуметтік информатика, әлеуметтік басқару теориясы, сонымен бірге тұлғалық-іс-әрекеттік, жүйелік және аксиологиялық амалдарды анықтайтын педагогикалық теориялар құрайды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Білім беруді басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігі қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде, инфокоммуникациялық жүйеде басқарудың дәстүрлі тәжірибесін трансляциялауда мүмкін болатын, маңызды ақпараттық-білім берудің мазмұндық кеңістігі жағдайында өтеді.

  2. Білім беруді басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің моделі басқару субъектілерінің ақпараттық ағында, өздігінше шығармашылық іске асыру барысында көрінетін, мотивациялық және сезіну қатынасымен сипатталады.

  3. Білім беруді басқарудың инфокоммуникациялық жүйесін әдістемелік жабдықтандыру, ашықтық, икемділік және ынтымақтастық қағидасымен, белгілі мақсатқа жетуде саналы және біртіндеп қолдану тәсілдері ретінде әлеуметтік-психологиялық әдістердің жиынтығымен анықталады.

Білім беруді басқару субъектілерінің өзара әрекеттестігінің әдістемесі ашықтық, икемділік және ынтымақтастық қағидасымен белгілі мақсатқа жетуде саналы және біртіндеп қолдану тәсілдері ретінде әлеуметтік-психологиялық әдістердің жиынтығымен сипатталады. Сондықтан, олар кәсіби-басқару, мотивациялық-ұмтылыс, аналитикалық және бақылау, коммуникациялық, ақпараттық іс-әрекеттердің тиімділік пен сапаға ықпал етуін қамтамасыз етеді.
Басқару функциясын орындау әдістері іс-әрекеттің тиімділігіне әсер ету процесінде мектепті басқарудың алдында тұрған маңызды міндеттерді шешумен байланысты. Олардың қатарына субъектілердің іс-әрекеттерін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және мотивация жатады. Олар өзінің маңыздылығымен, мақсатқа бағытталған құндылық бағдары мен практикалық әрекетіне байланысты:
жоспарлау:

  • тұтас мектеп, оның жеке бөлімдері ретіндегі іс-әрекеттер;

  • мемлекеттік стандарттар негізіндегі білім беру мазмұны;

  • инновациялық-педагогикалық технологияларды меңгеру мен қолдану;

  • оқытудың жеке траекториясы;

  • ұстаздардың кәсіби құзырлылығын дамыту;

  • білім беру үдерісін жетілдіруді жобалау;

  • әдістемелік жетістіктерді жобалау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет