Метрополитенде жолаушыларды тасымалдау қағидасы Жалпы ережелер



Дата09.07.2016
өлшемі135.5 Kb.
#187084


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысымен бекітілген

Метрополитенде жолаушыларды

тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Метрополитенде жолаушылар тасымалдаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) жолаушыларды метрополитенде тасымалдауда халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 11-бабына сәйкес әзірленді және жолаушыларды метрополитенде тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Қағида Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және метрополитенде жолаушыларды тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша қызметпен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысандарына қарамастан, міндетті болып табылады.

3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) аялдау пункті – метрополитенде тек жолаушыларды отырғызу және түсіруге арналған метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының аялдауын жүзеге асырылатын пункт;

2) борт журналы – нөмірленген және тігілген, мөрмен бекітілген және метрополитеннің көлік кәсіпорынында тіркелген, электрлік жылжымалы құрамда болатын журнал, оған метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының рейс алдындағы, жоспарлау – ескерту техникалық тексеруден және жөндеуден өткені туралы белгілер қойылады, оның қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап бір жылдық күнтізбелік күннен аспауы тиіс;

3) диспетчерлік басқару – қозғалысты басқару, кестені қадағалауды үзіліссіз бақылау және маршруттар бойынша электрлік жылжымалы құрамның үзіліссіз және ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін жедел реттеу, сондай-ақ метрополитеннің барлық жүйесінде жолаушылар тасымалдаудың технологиялық процесін үйлестіру;

4) жолаушы – жол жүру құжаты (билеті) бар және метрополитенде жол жүретін жеке тұлға;

5) жол жүру құжаты (билет) – метро арқылы жүретін жолаушының құқығын растайтын байланыссыз смарт-жетон немесе байланыссыз смарт-карта;

6) жүк – метрополитеннің электрлік жылжымалы құрам салонында тасымалданатын жолаушылардың жеке заттары;

7) қозғалыс кестесі – жолаушыларды тұрақты тасымалдау бағытындағы әрбір аялдама пункті (бекеті) бойынша электрлік жылжымалы құрамның қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер бар құжат (кесте, графикалық бейне);

8) метрополитен - жолаушылар мен жүкті жолдармен ұдайы әлеуметтік мәнімен тасымалдауды жүзеге асыратын, көліктің басқа түрлерінің желілерінен және олардан жаяу жүргіншілердің өтуін оқшаулайтын (бөлінген, бір деңгейлі қиылысы жоқ) қалалық көлік рельсінің түрі.

9) метрополитеннің көліктік кәсіпорыны – жолаушыларды метрополитенмен тасымалдау қызметімен айналысатын, метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс жасайтын заңды тұлға;



10) маршрут – белгіленген бастапқы, аралық және соңғы аялдау пункттері арасында белгіленген жүрілетін жол;

11) маршрут схемасы - аялдау пункттері, олардың арақашықтықтары, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (көшелердің қиылысы және т.б.) көрсетілген маршруттың графикалық шартты бейнесі.



12) платформа - жолаушыларды электрлік жылжымалы құрамға отырғызу және түсіру үшін платформалық учаскесімен жабдықталған метрополитеннің бекет бөлігі;

13) электрлік жылжымалы құрам – бір немесе бірнеше моторвагондық секциялардан тұратын қозғалмалы құрам және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады;

14) эскалаторлар - адамдардың бір деңгейден екінші деңгейіне ауысуы үшін, қозғалмалы баспалдақтары бар баспалдақ түріндегі көтергіш көлік қондырғысы.


2. Жолаушыларды тасымалдау

§ 1. Жол жүру билеттерін сатуды және жүк тасымалдауды ұйымдастыру
4. Жолаушылар үшін жол жүру құжаттарын электрлік жылжымалы құрамға сату, толтыру аппараттарының көмегімен және смарт-жетондарды сату және метрополитен бекеттерінің кассаларында қолдық технология бойынша жүргізіледі.

5. Жол жүру билеттерін сату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.



§ 2. Метрополитенде жолаушылардың жол жүру шарттары
6. Жолаушыларды метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамға отырғызу және түсіру, түсіруден басталады, ал одан кейін жолаушылар отырғызылады.

7. Кезектен тыс отырғызу құқығына мүгедектер, зейнеткерлер, екіқабат әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар ие.

8. Жолаушылардың:

1) осы Қағидада көрсетілген шарттарға сәйкес метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамымен жүруге;

2) соқыр мүгедекке ілесіп жүретін жолсерік итті (тұмсық торда және арнайы танитын белгісі бар мойынша шылбырда) тегін алып жүруге, егер жолсерік итті алып жүруге құқығы бар құжаты болса;

3) осы Қағиданың 16-тармағында қарастырылған нормалар шегінде жүкті алып жүруге құқықтары бар.

9. Жолаушылар метрополитенде жол жүрген кезде:

1) қоғамдық тәртіпті және осы Қағиданы сақтауға;

2) өзінің жолын төлеуге;

3) бекет бойынша кезекшіге, метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы машинисіне және метрополитеннің басқа да қызметкерлеріне жолға бөтен заттардың құлағандығын, түтін немесе өрттің туындағанын және жолаушыларды тасымалдау және метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да жағдайларды, сондай-ақ қадағалаусыз заттарды тапқан кезде тез арада бекет бойынша кезекшіге хабарлауға;

4) эскалаторда тұрған кезде оң жағынан қозғалыс бойынша тұрып, сол жағынан өтуге, тұтқадан ұстап тұруға, баспалдақтағы шектеулі сызыққа баспауға, асылмауға, кішкентай балаларын қолдарынан ұстап тұруға, эскалатордан түскен кезде кідірмеуге;

5) бекет платформасында оның барлық ұзындығы бойы тұрып, электрлік жылжымалы құрам толық тоқтағанға дейін шектеулі сызықтан өтпеуге. Электрлік жылжымалы құрам тоқтаған кезде вагон есіктерінің алдында жолаушылар еркін өте алу үшін босатуға;

6) вагонда мүгедектерге, қарттарға, балалары бар жолаушыларға орын беруді ұмытпауға. Вагон есігіне сүйкенбеуге, жолаушылардың кіріп-шығуына кедергі келтірмеуге;

7) соңғы аялдамаларда вагондарды босатуға;

8) кішкентай жастағы балаларын қолдарынан ұстап жүруге міндетті.

10. Жолаушылар тасымалдайтын метрополитен бағыттары бойынша жолаушылар жол жүрген кезде келесілерге:

1) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрам есіктерінің автоматты ашылуына және жабылуына кедергі келтіруге, қозғалыс кезінде вагон есіктерінің ашылуына;

2) электрлік жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде машинисті алаңдатуға;

3) ішкі жабдықты және электрлік жылжымалы құрамының салоны жабдығын бүлдіруге;

4) бекеттерде, метрополитен электрлік жылжымалы құрамның өтетін жерлері мен вагондарында темекі тартуға;

5) вестибюлдерді, өтетін жерлерді, бекет платформаларын, вагон салондарын, эскалаторларды және жолдарды ластауға;

6) спирттік ішімдіктер ішуге, бекеттер мен электрлік жылжымалы құрамда мас күйінде, сондай-ақ есірткілік немесе уытты мас болу жағдайында болуға;

7) вагондарда өртке қауіпті, жарылғыш, уландырғыш, жеңіл тұтанғыш, улы, күйдіргіш және сасық заттарды тасымалдауға;

8) қару-жарақтарды және жарылғыш, кескіш және жеңіл сынғыш заттарды, қапсыз шаңғыларды және конькилерді (буып-түйілген), сондай-ақ жануарларды арнайы контейнерлерден тыс тасымалдауға, ашық отты, пиротехникалық қондырғыларды қолдануға;

9) бекетке жолақысыз өтуге, сондай-ақ жабық турникеттер және барьерлік қоршаулар арқылы өтуге;

10) метрополитеннің ғимараттарына, вагондар жабдықтарына, эскалаторларға және бекеттерге мүлікті залал келтіруге;

11) өз еркімен метрополитен жолында метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының машинист кабинасына, қызметтік және өндірістік бөлмелерге, желдетпе шахталарының киоскілеріне, тоннельдеріне және қоршалған аумаққа кіруге;

12) жұмыс істемейтін эскалаторға мінуге, асылуға және заттарды эскалаторлардың тұтқаларына қоюға, кез келген затты лақтыруға, эскалаторда жүгіруге, эскалатор баспалдақтарында отыруға және эскалатор балюстрадасында «тоқтат» деген жазбасы бар ажыратқышты қажетсіз қолдануға;

13) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы вагондарының есіктеріне сүйкенуге;

14) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы толық тоқтағанға дейін платформа шетіндегі шектеулі сызықтан өтуге және жолға түсуге;

15) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының бекеттері мен вагондарында роликті тақталарда, конькилерде және басқа ұқсас спорт құралдарында жүруге;

16) вагонда «Жолаушы-машинист» байланысымен қажетсіз қолдануға;

17) платформаларда жүгіруге, ақпараттық көрсеткіштермен белгіленген қозғалыс бағытын қадағаламауға;

18) жолға метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы қозғалысының бұзылуын тудыратын заттарды лақтыруға;

11. Тұрғындарға арнайы қызмет көрсетуге және жолаушыларды тасымалдайтын метрополитеннің көліктік құрылымын күтіп-ұстау шарттарына сәйкес жолаушыларды тасымалдау қозғалыс кестесіне сай келесідей:

1) тұрақты, тәуліктегі барлық белгіленген мерзім бойы және аптаның бес күнінде (дүйсенбіден жұмаға дейін) «қарбалыс» уақытын есепке ала отырып қолданылатын болып;

2) қосымша, тәуліктің белгілі күндері немесе кезеңдерінде (демалыс, мейрам күндері немесе қарбалас сәтте) қолданылатын болып;

3) уақытша, қысқа уақытта (кәдімгі режимде қызмет көрсетуге кедергі келтіретін метрополитен желісінде келеңсіз уақиғалар туындаған кезде) қолданылатын болып сипатталады.



§ 3. Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушылардың жол жүру тәртібі

12. Ата-ана, асырап алушы, қамқоршы, патронаттық тәрбиелеуші немесе басқа орын ауыстырушы тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес тиісті құжаттары болған кезде балаға қамқорлық жасайтын және құқығын қорғайтын жолаушы:

1) өзімен бірге жасы 7-ден аспаған бір баланы алып жүреді;

2) өзімен бірге жасы 7-ден 15-ке дейін балаларды жеңілдік жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша алып жүреді;

Жасы 7-ден 15-ке дейін балаларға жол жүру төлемі ересек жолаушы үшін белгіленген жол бағасынан 50% мөлшерінде төленеді.

15 жастан асқан балалар үшін жол жүру құжаттары (билеттері) ересектерге сияқты төленеді. Баланың жасы жол жүру күнімен белгіленеді.

Билет сататын кассаға баланың жасын белгілейтін құжат ұсынылады.

13. Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы билет кассасына баламен ілесіп жүруге құқығы бар құжатты (сенімхатты) ұсынады.

15 жастан асқан балаларға ата-анасыз жол жүруге рұқсат етіледі.

§ 4. Метрополитенде жолаушылар қызмет көрсету тәртібі
14. Метрополитен қызметкерлері, қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз ете отырып, жолаушыларға белгіленген үлгідегі формалық киімде қызмет көрсетеді.

15. Метрополитен бекетінде жолаушылар метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының келу және кету уақыты, жолаушылар жол жүру төлемінің бағасы, жол жүру және жол жүгін тасымалдау шарттары мен көрсетілетін қызметтер, шұғыл медициналық көмек, шағым және ұсыныс жазатын кітаптың орналасқан жері, билет сататын кассалар жұмысының режимі туралы, метрополитен бекеттерінде орналасқан бөлмелер, метрополитенде тұрғындарға көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы қажетті және нақты ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

Метрополитен қызметін тұтынушылар үшін, барлық ақпарат тасымалдау шартының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Метрополитеннің көліктік кәсіпорнының уәкілетті құрылымдары жолаушыларға дауысты зорайтқыш байланысты қолдана отырып, ақпаратты визуалды оқитындарға жазбаша және/немесе ауызша ақпаратты береді.



  1. Жол жүгін алып өту



§ 1.Жол жүгін алып өту шарттары
16. Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында метрополитен жолаушыларының багажын тексеру метрополитенде алып жүруге тыйым салынған және (немесе) лаңкестік немесе өзге де заңға қайшы әрекеттер жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттар мен бұйымдарды анықтау үшін қажетті шекте жүзеге асырылады.

Метрополитен жолаушыларының жүгін тексеріп қарауды ішкі істер органдарының өкілдері немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүгін тексеріп қарау және (немесе) тікелей тексеріп қарау құқығы бар метрополитеннің лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

17. Метрополитенде және метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамында апатты және төтенше жағдайлар туындаған кезде метрополитен жолаушылары метрополитеннің көліктік кәсіпорыны және метрополитеннің ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің нұсқауларын қолданады.

18. Жолаушыларды тасымалдау бағыттарында метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы салонында қосымша төлемсіз, өлшемі 60х40х20 120 см-ге дейін және салмағы 20 кг аспайтын жол жүгін алып өтуге рұқсат етіледі.

19. Жол жүгінің салмағы осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген өлшемнен асып кетсе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тарифтер бойынша қосымша ақы төлеуге рұқсат етіледі.

20. Турникет арқылы өткен кезде бекеттегі бақылаушы жол жүгі габаритінің белгіленген нормаға сәйкестігін тексереді.

21. Жол жүгінің жолаушылар үшін, сондай-ақ метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы вагондарындағы орындықтар арасындағы өтетін жолдар үшін қолданылатын жерлерге орналастыруға рұқсат етілмейді.

Жолаушы алып өтетін жол жүгін өлшеу үшін метрополитен бекеттерінде таразы орнатылады.

22. Жол жүгінің өлшемі метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы вагондарының кіретін есіктерінің өлшемінен аспауы керек.

§ 2.Ұмытылып қалып кеткен және табылған заттар
23. Метрополитен бекеттерінде немесе метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы вагондарында қалып кеткен заттарды тапқан кезде және оларды жолаушылардың және метрополитен жұмыскерлерінің өміріне қауіп төндіретін заттар болмағандығын растаған кезде, жалпы формада табылған заттың сыртқы түрін толық сипаттап және оларды табу жағдайын белгілеп, жалпы формада акт жасалады.

Акт затты тапқан адаммен бірге жасалады және бекет бастығы қол қояды, көшірмесі затты тапқан адамға беріледі.

Метрополитен бекеттерінде немесе пойыз вагондарында қалып кеткен заттар бекет бастығына беріледі, ол қалып кеткен және қажет емес заттардың кітабына жазылады. Заттарға бекет және кітапта тіркелгені бойынша реттік номері көрсетілген зат белгісі ілінеді. Сөмке, қап, чемодан және басқа түрдегі заттар пломбыланады немесе аузы бекітіледі, ал оның алдында ішкі істер органының өкілінің қатысуымен тізімдеме жасай отырып, аузы ашылады.

24. Табылған және қажет емес заттарды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырады.



§ 3. Иттерді, ұсақ үй жануарларын және құстарды тасымалдау
25. Ұсақ үй жануарларын, иттерді және құстарды метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамында тек жәшіктерде, кәрзеңкелерде, торларда, контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етіледі.

Ұсақ үй жануарларын, иттерді және құстарды тасымалдаған кезде олардың иелері немесе оларды алып жүргендер метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының вагонында санитарлық-гигиеналық режимнің қадағалауын қамтамасыз етеді.

Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы вагондарында жол жүгі ретінде жабайы жануарларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.



  1. Метрополитен бекеттеріне қойылатын талаптар және

олардың жұмыс істеу тәртібі
26. Метрополитен бекетінің жұмыс режимі, жолаушыларды тұрақты тасымалдайтын тасымалдаушылармен шарттық қатынасқа отырғаннан кейін, облыстың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) жергілікті атқарушы органдарымен келісе отырып, белгіленеді.

27. Метрополитен бекеттері келесідей негізгі жұмыстарды атқарады:

1) жол жүру билеттерін сатуды ұйымдастыру;

2) метрополитендегі метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының қозғалыс кестесін қадағалауды ұйымдастыру;

3) жолаушыларды қауіпсіз отырғызу мен түсіруді ұйымдастыру;

4) жолаушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету;

5) жолаушыларды жол жүріс басталғанын күтуге арналған шарттармен қамтамасыз ету.

28. Метрополитен бекетінің құрамында:

1) жолаушылардың көлікке отыруы мен түсуіне, метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының күтуге арналған платформалар;

2) жол жүру билеттерін сатуға арналған касса (кассалар);

3) диспетчерлік пункттер (бекет бойынша кезекшілер);

4) қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес персонал мен жолаушыларға арналған санитарлық-гигиеналық бөлмелер;

5) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамы машинистерінің демалуына арналған қызметтік бөлмелер (осыған қарастырылған бекеттерде);

6) жұмыскерлердің тамақ ішуіне арналған қызметтік бөлмелер;

7) технологиялық жабдығы бар қосалқы техникалық бөлмелер;

8) эскалаторлар бар.

29. Метрополитен бекеттері үшін қойылатын қосымша талаптар:

1) қоғамдық тәртіпті қорғау пункті;

2) медициналық көмек және тексеру пункті болуы керек.

30. Метрополитен бекеттерінің бөлмелерін ылғалды тазалау күніне кем дегенде екі рет және ластану шамасы бойынша жүргізіледі.

31. Жолаушылар платформалары:

1) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамына отырғызуды және одан түсіруді қамтамасыз ететін жарықтандырғышпен;

2) қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен;

3) жолаушыларға жария етуге арналған дыбыстық колонкалармен;

4) отырғызу және түсіру жерлеріне мүгедек жолаушылардың қолжетімдігіне арналған пандустармен;

5) орындықтармен және қоқысқа арналған урналармен жабдықталады.

32. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының қозғалыс кестесінде келесідей мәліметтер болуы керек:

1) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының жүру уақыты;

2) соңғы аялдамаға келу уақыты;

3) бекетке келген уақыты және тоқтап тұру уақыты.

33. Кассалардағы визуалды ақпаратта келесілер жазылуы керек:

1) кассаның нөмірі;

2) жұмыс режимі;

3) жолаушылардың жеке санатына жеңілдікпен жүру шарттары;

4) кезектен тыс билетті сатып алған жолаушылар санатының тізбесі;

5) кассирдің фамилиясы.

34. Метрополитендегі ақпараттың міндетті тізбесі өзіне келесі ақпаратты енгізеді:

1) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының келу уақыты;

2) метрополитен қызметтерін қолданған кездегі қауіпсіздік шаралары;

3) жолаушыларға көрсетілетін негізгі қызметтер тізбесі.

Жолаушыларға көрсетілетін негізгі қызметтер тізбесі туралы ақпарат мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

35. Жолаушыларға ауызша қызмет көрсетуді касса жұмыскерлері мен автоматты өткізу пункттерінің бақылаушылары береді.





  1. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының

қозғалысын диспетчерлік басқару

§ 1. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының қозғалысын диспетчерлік басқаруды ұйымдастыру
36. Диспетчерлік басқару орталық диспетчерлік басқарумен, бекеттер кезекшілерімен (метрополитен бекеттерінде) жүзеге асырылады.

37. Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары:

1) соңғы және аралық бекеттерге метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының кетуін және уақтылы келуін тексеру;

2) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының қозғалысын бағыттар бойынша тексеру және реттеу;

3) тасымалдауды кестеде бекітілген уақытпен және тиісті санитарлық күйде ұстаумен қамтамасыз ету үшін метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының уақтылы беруді қамтамасыз етуді тексеру;

4) диспетчерлік журналды жүргізу болып табылады.

38. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының қозғалысы кестеден ауытқыған жағдайда олардың қозғалысын шұғыл реттеу жүзеге асырылады.

Шұғыл реттеу өзіне келесі іс-әрекеттерді енгізеді:

1) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының кешігуін;

2) метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының кестеден озған кезде, кестеде көрсетілген жіберу уақытына дейін ұсталады;

3) рейс жүргізілмеген кезде.

39. Рейс (ауысым жұмысы) алдындағы техникалық байқаудан өтпеген, сондай-ақ рейс (ауысым жұмысы) алдындағы медициналық тексеруден өтпеген немесе заңнамамен бекітілген еңбек және демалыс режимін қадағаламаған машинист электрлік жылжымалы рейсіне жіберілмейді.

40. Метрополитен бекетіндегі диспетчерлік пункттің бөлмесі операциялық (кассалық) залдан бөлек, жолаушыларды отырғызу және түсіруге арналған платформаға қызметтік шығуы болуы керек.

41. Диспетчердің (кезекшінің) жұмыс орны отырғызу алаңдарын, метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының келуін және кетуін қадағалай алатындай орналасып және ақпараттық көрсеткіштері бар арнайы басқару пультымен және дауысты зорайтқыш байланыс қондырғысымен, сондай-ақ бекет басшысымен, билет сататын кассалармен және диспетчерлік басқару орталығы ішкі технологиялық байланысты орнату қондырғысымен жабдықталуы керек.

42. Диспетчердің жұмыс орны қызмет көрсетілетін бағыттық желідегі басқа диспетчерлік пункттермен хабарласу үшін телефондық немесе электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жабдықталады.



  1. Метрополитеннің электрлік жылжымалы

құрамына қойылатын талаптар
43. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының пайдалануға және жол жүргізуге рұқсат етпеу керек.

44. Әрбір метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының келесілермен:

1) дәрілермен медициналық құралдардың қажетті жинағы бар медициналық қобдишамен:

2) жұмыс істеп тұрған өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталады.

45. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының салондарын ылғалды жинау және шанақты сырттай жуу тәулігіне кем дегенде бір рет және ластану шамасы бойынша жүргізіледі.

46. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының салондарында мүгедектерге арналған орын қарастырылады. Бұл орындардың жанында олардың мақсатын көрсететін ақпараттық табло қарастырылған.

47. Метрополитен жолаушыларын тасымалдау үшін метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының машинистеріне рейс алдында (ауысым жұмысы алдында) медициналық тексеруді ұйымдастыру және өткізу.

48. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының машинисі рейс алдында (ауысым жұмысы алдында) медициналық тексерістен, оларға маршрут парағын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке куәлік құжатын ұсынғаннан кейін рейске (ауысым жұмысына) шығуға дейін отыз минут қалғанда өтеді.

49. Күні бойы бірнеше рейстерді жасау қажет болған кезде, рейс (ауысым жұмысы) алдындағы медициналық тексерістен бір рет, тек бірінші рейс алдында ғана өтеді.

50. Метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының машинистері рейс (ауысым жұмысы) алдындағы медициналық тексеруден жеке өтеді және тексеруге келесілер кіреді:

1) сұрақ қою, тексеру және тексерілетін адамның сыртқы келбетін, жүрісін, позасын, мінез-құлығының сайма-сайлығын және эмоцианалдық реакцияларын, сөздің байланыстылығын және нақтылығын, мимикасын, есін, терісін және көздің шырышты қабығын, көздің шелінің түсін, көздің қарасының ұлғаюын, демалу ерекшеліктерін бағалау;

2) жазылған шағымдарды, рейсаралық (ауысым жұмысаралық) демалу мен ұйықтау ұзақтығын айқындау және қарастыру;

3) артериалдық қысымын, пульстың жиілігі мен сапалы сипаттамасын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, жұтқыншақты тексеру, лимфалық түйіндерін, ішті пальпациялау, Ромберг позасында тұрақтылығын, саусақты мұрынға апару дәлдігін және басқа үйлестіру жұмыстарын анықтау кіреді. Машинист ауруларының анамнезінде артериалдық гипертония болған кезде рейс (ауысым жұмысы) алдындағы медициналық тексерісте тексерілушінің негізгі функционалдық көрсеткіштерінің рұқсат етілген параметрлері белгіленеді.

51. Шағымдар, аурушаңдықтың объективтік белгілері және организмнің функционалдық жағдайының бұзылулары болмаған кезде тексерілген адам метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамының жүргізуге жіберіледі.

52. Алкогольдік, есірткілік, токсикоманиялық мас (аузынан алкогольдің иісі шығып тұрса, позасының тұрақты болмауы, сөз байланысының бұзылуы, саусақтарының айқын дірілдеуі, терісінің түсі өзгеруі) жағдайында екендігіне күмән туған жағдайда метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамын жүргізуге жіберілмейді.

Осы қорытындымен келіспеушілік туындаған жағдайда, бұл адамдар медициналық қызметкермен бірге жақын орналасқан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес психоактивтік заттарды қолданған және мас күйде болу фактісін бекіту үшін медициналық куәландырудан өткізуге уәкілетті медициналық ұйымға жіберіледі.

53. Жарақаттар мен жіті аурушаңдық белгілерін немесе созылмалы аурушаңдықтың асқынуын, артериалдық қысымы қалыптыдан немесе жеке рұқсат етілген параметрлерден сынап бағанасы 20 мм асқанын, брадикардияның минутына кемінде 55 соққы жасағанын, тахикардияда минутына 85 соққыдан асқанын (электрлік жылжымалы құрамның машинисі пульсының жеке рұқсат етілген параметрлерінен басқасы), артериалдық гипертония белгілерін, жіті жұқпа аурушаңдығын, ауыру синдромында, есінен танып құлау және денсаулық жағдайының басқа бұзылуларын анықтаған кезде, электрлік жылжымалы құрамның машинисі маманға уақытша еңбекке жарамсыздығын емдеу және сараптау үшін жіберіледі. Қажет болған кезде жедел медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз етіледі.

Амбулаторлық – емханалық ұйымдар уақыты үшін жұмыстан тыс уақытта уақытша еңбекке жарамсыздық белгілерін белгілеген жағдайда ауырған адамға қажетті медициналық көмек көрсетіледі және маманға жіберу қағазы ресімделеді, онда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес еңбекке жарамсыздық парағын дәрігер беру үшін негіздеме болып табылатын болжанған диагноз қойылған күні, тексерілген уақыты және жасалған медициналық көмектің көлемі міндетті түрде көрсетіледі.

54. Медициналық қызметкер, электрлік жылжымалы құрамның машинисіне рейс (ауысым жұмысы) алдындағы медициналық тексеріс жасағаннан кейін, оның көлік құралын жүргізе алатындығы жөнінде қорытынды береді.

55. Медициналық қызметкер кідірместен тасымалдаушыға, электрлік жылжымалы құрам машинисінің тексерістен бас тартқандығы жөнінде, аурушаңдықты, жарақаттарды, психоактивік заттарды қолданған белгілерін айқындаған кезде машинисті метрополитеннің электрлік жылжымалы құрамды жүргізуден босатқандығы туралы ақпарат береді.


__________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет