Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби қызметінің негізі өзегі.
Әлемде, елімізде, қоғамда болып жатқан өзгерістер Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасы талаптарының шеңберінде білім мазмұнын модернизациялау: жаңа перспективалар, жаңа мүмкіндіктер бағдарламасын іске асыру қазіргі заманғы мұғалімге жаңа талаптар қояды.
Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек? Әлбетте, бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Меніңше, бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін жағдайлар жасап, оқушылардың бойында білімді шығармашылықпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу процесінде өзіне қоятын сұрақтарды дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге түрткіні арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам. Адам танымы байқаудан, сезіп қабылдаудан, нақты аңғарудан, заңдарды нақты теория жүзінде ашуға, ал сонан ол заңдарды практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Олай болса, оқушының танымдық әрекетін дамыту дегеніміз - білімді меңгеруді байқау, сезу арқылы ғана емес, керісінше, талданып отырған процесті нақты аңғарту арқылы, меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс тәсілдерін үйрету, сол арқылы шеберлігі мен дағдысын арттыру. Мұндай күрделі ой-өрісінің жүйелі қалпытасуында оқушыны білімді шығармашылықпен игеруге талаптандыратын, оның амал, тәсілдерін үйрететін, мектептегі басты тұлға - мұғалім. Солай болғанмен мұғалімнің әрекеті өз оқушыларының тарапынан қолдау тапқанда ғана сабақ нәтижелі болмақ. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға бетбұрыс жасалғанда, оқушының ақыл-ойын дамыту үшін қажетті шарттың бірі оқу материалының мазмұнын өзгерту екендігіне педагог қауымның назары аударылды. Соңғы пікірді қостаушылар болғанымен, олар да өз тарапынан ұсыныс жасап, ақыл-ойды дамыту үшін тек білім мазмұнын жаңарту аздық ететіні, сонымен бірге белгілі бір дәрежеде ықпал ететін ақыл-ой операциясы немесе әрекеті қажет деген тоқтамға келді. Сондай- бұл ғылыми мектептің өкілдері бірыңғай жас толқындағы оқушылардың ақылының дамуында үлкен айырмашылық бар екенін байқады. Қазіргі заманғы мұғалім үнемі ізденіс үстінде, сондай-ақ ол «мектеп оқушыларының қызығушылықтарын қалай ынталандыру керек?» деген көкейкесті проблемалық сұраққа жауап іздейді. Қазіргі заманғы мұғалім өз бойында өз ісіне деген сүйіспеншілікті шәкірттерге деген сүйіспеншілікпен ұштастырады, балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге өз шәкірттерінен де оқып үйрене алады. Қазіргі заманғы педагог әрбір баланың жан түкпірінде жатқан ең тәуір сапаларды анықтауға, алған білімдеріне қуанып, шаттану үшін балаларды көтермелеуге тиіс. Сонда ғана олар мектепті бітіргеннен кейін өздерінің қоғамдағы орнын анық сезініп, оның игілігі үшін жұмыс істей алады, қоғамымыздың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге қатысуға дайын болады.
Қазіргі заманғы мұғалім - бұл кәсіби маман. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен, яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады.
Қазіргі заманғы педагогтың, айрықша шеберлік белгілері:
ұдайы өзін-өзі жетілдіру;
өзіне-өзі сын тұрғысынан қарау;
білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен, білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес.
Қазіргі заманғы мұғалім үшін ешқашан да қол жеткен межеде қалып қоймай, қайткенде де алға қарай ұмтылуы өте маңызды. Өйткені мұғалім еңбегі - шексіз шығармашылық үшін сарқылмас қайнар, сондықтан қазіргі заман мұғалімдерінен іздену мен жаңа технологияларды мейлінше кеңінен қолдану қажеттілігі туындап отыр. Жаңа оқыту технологияларының мәні -шығармашылық қабілет, дербестік, ізденімпаздықтың дамуы үшін жағдай жасау. Оқу әрекетінің шығармашылық әрекеттен айырмашылығы ол баланың өзін- өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады. Баланың білімін тереңдетуде шығармашылығын, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, талғам деңгейін жоғарылату барысында жаңа оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Жаңа технологиялар баланы тек үйренуші ғана емес өзіндік ой-пікірі бар жан-жақты дамыған дара тұлға дәрежесіне дейін тәрбиелеуді мұрат тұтады.
Бүгінде оқыту процесінде соның ішінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі "Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту" технологиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |