Excel-де математикалық есептеулерді орындау барысында, ондағы басымшылықтарға назар аударыңыз. Есептеулер солдан оңға қарай, ал көбеуті мен бөлу қосу мен алудан бұрын жүргізіледі.
Келесіні орындаңыз:
-
А7 ұяшығына барыңыз;
-
=3+3+12/2*4 формуласын енгізңіз;
-
[Enter] пернесін басыңыз.
Ескерту: Бағдарлама формуланы келесідей есептейді: алдымен 12-ні 2-ге бөледі, кейін 4-ке көбейтіп, оған 3-ті қосады, тағы да 3-ті қосып, нәтижесіне 30-ды А7 ұяшығына шығарады.
Формуланы жақшалар салып, аздап өзгертейік. Бағдарлама алдымен жақшаның ішіндегі өрнекті орындайды.
Келесіні орындаңыз:
-
А7 ұяшығында түзету жағдайына барыңыз;
-
=(3+3+12)/2*4 формуласын енгізіңіз;
-
[Enter] батырмасын басыңыз.
Ескерту: Бағдарлама алдымен 3, 3 және 12 сандарын қосып, 2-ге бөледі, кейін 4-ке көбейтеді. Алынға нәтижені, яғни 36 санын А7 ұяшығында көрсетеді.
Excel бағдарламасында мәліметтерді бір беттен екінші бетке немесе сол беттің ішінде бір жерден екінші жерге көшіруге болады. Басқаша айтқанда, терілген мәтиіннің екінші нұсқасын жасауға болады. Ол үшін керек мәліметті ерекшелеп алып, екінші орынға апарып қою қажет.
Беттен ақпаратты өшіру үшін Қиып алу командасын қолдлануға болады. Қиып алу командасымен өшірілген ақпаратты Қою командасы арқылы сол жерге немесе басқа жерге орналастыруға болады. Басқаша айтқанда, Қиып алу және Қою командаларын қолдану арқылы сіз ақпаратты сол бетте немесе басқа бетке бір орыннан екінші орынға ауыстыра аласыз.
Excel бағдарламасында формула түрінде ұяшықтардың адресін жазудың 3 түрлі типі бар: абсолютті, қатыты және аралас типтер. Формуласы бар ұяшықтарды көшіру маңызды рол атқарады. Ұяшықтың қатысты адрестеуі бар формуланы беттің бір жерінен екінші жеріне көшіру барысында ұяшықтың бастапқы қалпы есепке алынады, ал абсолютті адрестеуі бар ұяшықтағы формуланы көшірген кезде, ол қай жерге көшірсеңіз де, сол жерге негізделетін болады.
Келесіні орындаңыз:
-
A9 ұяшығына барыңыз;
-
1 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
-
1 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
-
1 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
-
A9 ұяшығына барыңыз;
-
2 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
-
2 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
-
2 санын жазып, [Enter] пенресін басыңыз;
Бірінше бөлімде жасағаныңыздай ұяшыққа формуланы жазыңыз. Сонымен қатар сіз нүктелік тәсілді қолдануыңызға болады. Нүктелік тәсіл кезінде ұяшықтың адресі теру арқылы емес, тышқанның немесе жылжу бағыттарының көмегімен көрсетіледі.
-
A12 ұяшығына барыңыз;
-
= белгісін енгізіңіз;
-
Жылжу бағытын қолданып, А9 ұяшығына барыңыз;
-
+ белгісін енгізіңіз;
-
Жылжу бағытын қолданып, А10 ұяшығына барыңыз;
-
+ белгісін енгізіңіз;
-
Жылжу бағытын қолданып, А11 ұяшығына барыңыз;
-
Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы басыңыз. Кейін сіз Формулалар жолындағы енгізген формулаңызды көре аласыз.
Батырма сызықтарын қолдану арқылы көшіру
Бір ұяшықтан екінші ұяшыққа формуланы көшіру үшін келесідей қадамдарды орындаңыз:
-
A12 ұяшығына барыңыз;
-
Басты жиынтығына барыңыз;
-
Алмасу буфері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
B12 ұяшығына барыңыз;
-
Алмасу буфері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
Көшіру жағдайынан шығу үшін [Esc], пернесін басыңыз.
А12 ұяшығындағы формуланы В12 ұяшығындағы формуламен салыстырыңыз (Формулалар жолына да назар салыңыз). Формулалар бірдей, тек А12 ұяшығы А бағанын, В12 ұяшығы В бағанын қосып тұр. Формула адрестеудің қатысты типімен жасалынып тұр.
Жаттығудың келесі бөлігіне көшпес бұрын, А7:В9 диапазонындағы ақпаратты С7:D9 диапазонына көшіріп апаруыңыз керек. Осы жолы сіз құрал-саймандардың қысқаша жолағын пайдаланатын боласыз.
-
A7:B9 диапазонын келесідей ерекшелеп алыңыз: А9 ұяшығына барыңыз, [Shift] баса отырып төмен бағыттауыш пернені 2 рет, оң бағыттауыш пернені 1 рет басыңыз;
-
Контекстік мәзір немесе қысқа жолақты шақыру үшін тышқанның оң жағын басыңыз;
-
Контекстік мәзірдегі Көшіру командасын орындаңыз;
-
C9 ұяшығына барыңыз;
-
Контекстік мәзір көрінуі үшін тышқанның оң жағын басыңыз;
-
Контекстік мәзірдің ішінен Қою командасын орындаңыз. Кейін сіз бағдарламаның A7:B9 диапазонының мәліметін С7:D9 диапазонына қалай көшіретінін көресіз.
Ұяшықтарды абсолютті адрестеу
Ұяшықты абсолютті адрестеу үшін баған және/немесе жолдың көрсеткіштері алдында доллардың белгісін салуға болады. Оны [F4] пернесін басу арқылы автоматты түрде жасауға болады.
-
C12 ұяшығына барыңыз;
-
= белгісін енгізіңіз;
-
C9 ұяшығын басыңыз;
-
[F4] пернесін басыңыз, осыдан кейін С және 9 санының алдында доллардың белгісін көресіз;
-
+ белгісін енгізіңіз;
-
C10 ұяшығын басыңыз;
-
[F4] пернесін басыңыз, осыдан кейін С және 10 санының алдында доллардың белгісін көресіз;
-
+ белгісін енгізіңіз;
-
C11 ұяшығын басыңыз;
-
[F4] пернесін басыңыз, осыдан кейін С және 11 санының алдында доллардың белгісін көресіз;
-
Растау үшін Формулалар жолындағы «түртпе» суреті бар батырманы басыңыз.
Қарқынды пернелер көмегімен көшіру және қою
Қарқынды пернелер – басқаша пернетақталар қосындысы деп аталады – бұл бір уақытта екі немесе одан да көп пернелерді басу. Мысалы, [Ctrl] + [C] – бұл [Ctrl] және [С] пернелерін қатар басып тұру керектігін білдіреді.
Қарқынеды пернені қолданып, С12 ұяшығынан формуланы D12 ұяшығына көшірейік.
-
C12 ұяшығына барыңыз;
-
[Ctrl] пернесін басып, ұстап тұрыңыз, кейін [C] пернесін басыңыз. Бағдарлама С12 ұяшығындағы мәліметті көшіріп алады.
-
Жылжыту пернелерінің көмегімен D12 ұяшығына барыңыз;
-
[Ctrl] пернесін басып, ұстап тұрыңыз, кейін [D] пернесін басыңыз. Бағдарлама С12 ұяшығындағы мәліметті D12 ұяшығына апарып қояды;
-
Көшіру жағдайынан шығу үшін [Esc] пернесін басыңыз.
C12 ұяшығындағы формуланы D12 ұяшығындағы формуламен салыстырыңыз. Формулалар бірдей, бағдарлама формуланың дәл көшірмесін жасаған. Excel формуланы ұяшықтың абсолютті адрестеуімен көшірді, яғни формула ешқандай өзгеріссіз көшірілді.
Ұяшықтарды аралас адрестеу
Егер сіз адрестің жартысы абсолютті, ал жартысы қатысты болғанын қаласаңыз, онда аралас адрестеуді қолдануыңызға болады. Мысалы, жол абсолютті, ал баған қатысты болсын. Сіз ұяшықтарды аралас адрестеу үшін [F4] пернесін қолдануыңызға болады.
-
Е1 ұяшығына барыңыз;
-
= белгісін енгізіңіз;
-
Жоғары бағыттауыш пернені басыңыз;
-
[F4] пернесін басыңыз;
-
[F4] пернесін қайта басыңыз (баған қатысты, жол абсолютті);
-
[F4] пернесін қайта басыңыз (баған абсолютті, жол қатысты);
-
[Esc] пернесін басыңыз.
Қиып алу және қою
Сіз мәліметті бір жерден екінші жерге ауыстыра аласыз.
-
D9:D12 диапазонын ерекшелеңіз;
-
Басты жиынтығын басыңыз;
-
Алмасу буфері тобындағы батырмасын басыңыз;
-
G1 ұяшығына барыңыз;
-
батырмасын басыңыз. Бағдарлама D9:D12 диапазонындағы мәліметті G1:G4 диапазонына апарады;
Сонымен қатар, алдымен [Ctrl]+[X] пернелерінің қосындысын басып – қиып алуға, кейін [Ctrl]+[V] пернелерінің қосындысын басып – қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |