Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет82/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
Г.Мужигова 
Ə.С.ТАРАҚОВТЫҢ «АУДАРМАШЫНЫҢ КƏСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ» 
АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ПІКІР 
Аудармашының əдебиеттер мен мəде-
ниеттерді байланыстырушы тұлға ретінде 
орны ерекше. Аудармашы қызметінің кəсіби 
негіздерін анықтау бүгінгі таңда өзекті мəселе 
болып отыр. 
Қазіргі заман ағымына сай аударма 
қоғамның барлық салаларында қанатын кеңге 
жаюда. 
Осыған орай аударматану ғылымы да 
біздің қоғамымызға етене араласып, оған деген 
сұраныс та артуда. Əсіресе синхронды аударма 
мен жазбаша аударма күн өткен сайын 
қарыштап даму үстінде. Сонымен қатар 
аудармашының кəсіби біліктілігі мен тіл білу 
деңгейі де сараланып отыратын дəрежеге 
жетті. Ғылыми мақалалар мен монаграфиялар 
шыға бастады. Оның дəлелі ретінде
Ə. С. 
Тарақовтың 
«Аудармашының 
кəсіби 
қызметінің негіздері» атты оқу құралын 
айтсақ болады.
Ғалымның бұл еңбегі зор 
ізденістер мен мол зерттеудің нəтижесі 
екендігі даусыз. Аталған еңбекте қазіргі 
заманауи аударматанудың жаңа бағыттары мен 
аударманың қоғамдық мəн-маңызы, жалпы 
аударманың міндеттері сияқты маңызды 
мəселелерге арналған. 
Профессор Ə.Тарақтың бұл еңбегі 
əдеттегідей
кіріспеден жəне үлкен үш тараудан 
тұрады. Сонымен қатар оқу құралының 
соңында əдибеттер тізімі берілген. 
«Аудару үдерісінің ерекшеліктері» 
атты бірінші тарауда автор аударманың 
қалыптасу тарихы сөз қозғайды. Аударманың 
көркемдік сапасы жайлы Н. К. Габовский , С. 
Маршок, К. Чуковский, А. Споумол Э. Гриоле, 
Г. Маресс, В.С. Винаградов пікірлеріне сүйене 
отырып өзіндік ойларын ортаға салады. 
Аударма тарихын шетелдік аударматану 
ғылымымен 
салыстыра 
келе 
қазақ 
аудармасының дамуын, қалыптасу теориясын 
нақты мысалдармен тұжырымдайды.
Осылай 
əлемдік тəжірбиеге сүйене отырып автор 
аударманың мемлекеттік маңызы зор іс екенін 
дəлелдей білген. Отандық ғалымдардың 
еңбектерінен нақты мысалдар ала отырып, 
аударманың 
лингивистикалық 
қырларын 
ашады. Сонымен қатар шын мəнінде аударма 
сапалы шығу үшін аудармашының екі тілдің 
лингвистикалық заңдылығын терең меңгеру 
керектігін, əрі əр саладан энциклопедиялық 
білімі болуы туралы
пікірлерді айтады. 
Ғалымның ойы нақты маңызды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет