Молекулалық биология және медициналық



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата27.04.2023
өлшемі0.85 Mb.
#472924
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
сорғыштар инф.дидак. блок каз



 
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 
 
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» 
Молекулалық биология және медициналық 
генетика
Ақпараттық –дидактикалық блок 
Редакциясы: 1
7 беттің 1беті 
Жалпақ құрттар –адам паразиттері. Сорғыш құрттар классының өкілдері.
 
Ақпаратты-дидактикалық блок: 
Гельминтологияда қолданылатын терминдер:
Гельминттер - адам және өсiмдiк, жануарлар паразиттерi болып табылатын құрттар. 
Геогельминтер - личинкалық сатысы сыртқы ортада аралық иесiз дамитын гельминттер. 
Биогельминттер - личинкалық сатысы жануарлар ағзасында өтетін, яғни ақырғы және 
аралық иелерi бар гельминттер. 
Реинвазия - қайта жұғу.
Аутореинвазия- жұмыртқасы сыртқы ортаға шықпай қайта жұғуы. 
Суперинвазия- iшекте гельминттер популяциясының санының көбеюi.
Инвазиялық жұмыртқалар - жұғуға қабiлеттi гельминт жұмыртқалары (жиi жетiлген 
личинкалары бар).
Идиогендi жұмыртқалар - ақырғы иесiнiң ағзасында тiршiлiк ететiн паразиттермен 
бөлiнген жұмыртқалар.
Транзиттi жұмыртқалар - адам ағзасында тағаммен кездейсоқ түскен, ауру тудырмайтын 
гельминттер жұмыртқалары. 
Жалпақ құрттар типiнiң жалпы сипаттамасы(Plathelmintes). 
Жалпақ құрттардың 7300 жуық түрлерi белгiлi. Олар теңiз және тұщы суларда, топырақта 
кездеседi, көпшiлiгi паразиттiк тiршiлiк етуге бейiмделген.
Жалпақ құртарға тән белгiлер:
1) үшқабаттылық: ұрығында экто,-эндо және мезодермалық дамуы;
2) терi-бұлшық ет жамылғысының болуы;
3) денесі билатеральды симметриялығы;
4) дене қуысының болмауы, iшкi мұшелерi борпылдақ паренхимадан тұратын дәнекер 
ұлпаның арасында орналасқан;
5) денесі арқа-құрсақ (дорзовентральды) бағытта жалпайған;
6) жетiлген мүшелер жүйесiнiң болуы: бұлшық ет, ас қорыту, зәр шығару, жүйке және 
жыныс жүйелерi. 
Адамдарда паразиттi тiршiлiк ететiн гельминттер түрлерi келесi кластарға жатады: 
трематодтар (Trematodes); және таспа құрттар (Cestoidea).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет