Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет91/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Университет_3_топ менеджерлер
Басқарма құрылымы
Автономия туралы институционалдық басымдықтар
Институционалдық инновациялар
Бақылау кеңесі
Ерекшеліктері 
Кеңес пен ректор арасындағы қарым-қатынас
Университет пен өндіріс арасындағы серіктестік
Минут
Транскрипт
Пікірлер
1 мин
А сұхбат алушы: Бізбен кездесуге уақыт тапқа-
ныңыз үшін алғыс айтамын.
Бұл зерттеу Пенсильвания университетінің 
Жоғары білім беру мектебі мен Назарбаев Универси-
теті Жоғары білім беру мектебінің зерттеушілері 
арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі 
болып табылады. Жоба Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрлігінің гранты есебінен 
қаржыландырылады.
Біз университеттердің осы елде болып жатқан 
маңызды жоғары білім беру реформаларына қалай 
жауап беріп жатқандығын көбірек білуге мүд-
деліміз. Жаңа ғана Президент Н.Назарбаев «Ре-
форманы жүзеге асырудың нақты 100 қадамын» 
жариялады
21
. Оның 78-қадамы «Назарбаев Универ-
ситетінің тәжірибесін басшылыққа ала отырып
университеттердің академиялық және басқару 
дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту» деп аталады. 
Сіздің университетіңіз осындай автономияға ие 10 
университеттің қатарына жатады және бұл жүй-
енің бір бөлігі Бақылау кеңестерін құруды қамтиды. 
6.3-кесте 
Сұхбат транскрипті (үлгі)


144
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Минут
Транскрипт
Пікірлер
1 мин
Жалпы, біздің мына мәселелерді көбірек білгіміз 
келеді:
-– Университеттер бұл өзгерісті қалай қабылдап 
жатыр? Олар үлкен автономияға қалай дайында-
луда?
– ЖОО-да қандай жаңалықтар болып жатыр? 
– ЖОО-ы қандай мәселелермен бетпе-бет келіп 
отыр?
Өзіңіздің рұқсатыңызбен сұхбатымызды аудио-
жазбаға түсіргіміз келеді. Біз сіздің аты-жөніңізді 
жұмысымызда қолданбаймыз. Жазба тек зертте-
ушілер тобына ғана қолжетімді болады. Сіз кез 
келген уақытта жазуды тоқтатуды сұрай аласыз
біз оны бірден тоқтатамыз.
Ұсынылып отырған идея 10 университеттен тұра-
тын топ құру, оның ішінде сіздің университетіңіз 
де НУ сияқты автономияға ие болады. Бұл сіздің 
жұмысыңызға қалай әсер етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет