Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


№ 1 мысал. Мектеп таңдау постпозитивтілік пен конструктивтілік



Pdf көрінісі
бет13/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер


1 мысал. Мектеп таңдау постпозитивтілік пен конструктивтілік 
ұстанымының зерттеу тақырыбы ретінде 
Постпозитивтілік.
Зерттеудің постпозитивтілік парадигмасы субъекті-
ден тәуелсіз өмір сүретін объективті шындықты зерттеуге бағытталған-
дықтан, бұл тақырып ата-аналардың мектеп таңдауына әсер ететін белгілі 
бір факторларды анықтап, өлшеумен сипатталатын болады. Атап айтқан-
да, ата-ана тәрбиесі, отбасында ата-ананың бірдей болуы (толық/толық 
емес отбасы), отбасының табысы, отбасындағы бала саны және т.б. По-
стпозитивтілікте себеп-салдарлық байланыс орталық өзек болып табыла-
ды, сондықтан зерттеуші ата-аналардың мектеп таңдауында ең маңызды 
рөл атқаратын факторларды (және олардың арасындағы өзара әрекетте-
суді) анықтауға тырысады. Мысалы, постпозитивтілік парадигмасындағы 
зерттеу сұрағы: «Балаға мектеп таңдауда әлеуметтік-экономикалық жағдай 
мен ата-ананың білім беру факторлары өзара қалай байланысады?» – деген 
секілді болуы мүмкін.
Конструктивтілік. 
Мектепті қалай таңдауға болатынын сапалық зерттеу 
әдістерін пайдалану арқылы (ата-аналармен қаланың белгілі бір бөлігінде-
гі белгілі бір мектепті таңдауы туралы сұхбаттасу) ата-аналардың пікіріне 
сүйене отырып зерттеуге болады. Сәйкесінше, «мектеп таңдау» құбылысын 
ата-ана тұрғысынан зерттеу басты орын алады. Мысалы, конструктивтілік 
парадигмасы аясындағы зерттеу сұрағы: «Мектеп таңдау» мәселесі әлеу-
меттік орта және төмен топтардағы отбасылар үшін нені білдіреді?» – де-
ген сипатта болуы мүмкін. Зерттеуші конструктивтілік парадигмасы мен 
сапалық зерттеу әдістерін (әр ата-анамен жеке сұхбат немесе ата-аналар-
дың фокус-топтарындағы сұхбат) пайдалану негізінде мәліметтердің жал-
пы және түрлі тақырыптық категорияларын анықтай отырып, алынған са-
палы деректерді талдай алады. 


24
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет