Облыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.88 Mb.
#22169
  1   2   3   4
Облыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

Мемлекет Президенті 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа кезеңін белгіледі, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға және экономиканы нығайту бойынша жаңа міндеттерді қойды. Елбасымыз «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеу­мет­тік-эко­номикалық жаңғырту­дың түбе­гейлі мәселесі» деп атап өтті. Сонымен, жақын онжылдықтағы Қазақстан дамуының негізгі векторы белгіленді.

Бұл үшін он бағыт бойынша міндеттер кешенін іске асыру қажет.

Ақтөбе облысы алға қойған міндеттерді шешу үшін қажетті мүмкіндіктермен және жоғарғы әлеуеттің барлығымен қамтылған. Бұған өткен 2011 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі параметрлеріне қол жеткізуі, стратегиялық бағдарламалық құжаттардағы мақсаттар мен міндеттердің орындалу қорытындысы дәлел.

Өнеркәсіпте 1 трлн. 300 млрд. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 108,5%, оның ішінде таукен саласында 984,9 млрд. теңге (НКИ – 109,7%) өңдеу өнеркәсібінде – 193,5 млрд. теңге (НКИ – 103,7%), сонымен қатар өңірдің жалпы өнімінде өңдеу саласының үлесі 0,4 пайыздық пунктке өсті және 8,4% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 15% өсті және 111,2 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 242,7 млрд. теңгені немесе 121,1% құрады, бұл өңірдегі тұтынушылар сұранысының өскенін көрсетеді.

Бағалау бойынша экономиканың нақты өсімі 2011 жылы 7% төмен емес деңгейінде күтілуде.

ӨЖӨ 1 трлн. 300 млрд. теңгеге жетеді немесе 8,9 млрд. АҚШ доллар. Бұл тұрғындардың жан басына шаққанда ӨЖӨ 11,4 мың АҚШ долл. құрайды.

Өңірдің экономикасының өсуі әлеуметтік салаға да оң әсерін тиігізді: 2011 жылы тұрғындардың нақты ақшалай кірісі 9,2 % , нақты жалақы – 7,4% өсті.

Жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша 4,9% құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 0,4 пайыздық пунктке төмен.

Бүгінгі күні экономика саласында өте маңызды міндет – экономика құрылымын өзгерту тұр.

Оны еліміздің экономикасын индустриалдық жаңарту жөніндегі Мемлекет Басшысының алға қойған міндеттері мен бағыттары бойынша жүзеге асыру керек.

Қазіргі уақытта, жаңа серпілісті жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілді: заңнамалық база құрылды, салалық бағдарламалар, өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру Схемасы, Индустрияландыру картасы қабылданды.

Осыған байланысты, 2012 жылғы басымдықтардың арасында ерекше көңіл экономиканы жаңғырту мәселесіне, басымды секторларға инвестиция тарту, еркін экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды дамыту, минералды-шикізатты ресурстарды тиімді пайдалану, жергілікті құрамды дамыту және шикізатты емес экспортты жылжыту болады.

Отандық тауар өндірушілер өнімінің сапасын арттыру Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі акценті өңірлерге ауыстырылды.

Осыған байланысты, орталығы Ақтөбе қаласы болатын, болашақтағы агломерация болып анықталған, Ақтөбе облысына да үлкен міндет жүктелуде.
Индустриялық-инновациялық даму

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы негізгі басымдығы болып табылады.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша облыста белсенді және жүйелі жұмыс жүргізілуде, бұл Мемлекеттік бағдарламаның басты құралы болып табылады.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысының жалпы сомасы 521,4 млрд. теңгеге 63 жобасы енді, онда 9,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бағдарламаны іске асырған екі жылда пайдалануға енгізілген 51 жобаның 2011 жылы сомасы 74,0 млрд. теңгеге 27 объектісі енгізілді, 1379 жаңа жұмыс орны құрылды.

Маңызды объектілер:

- құны 42,0 млрд. теңге және қуаты жылына 420,0 млн. куб. м. газ өндіретін газ өңдеу зауыты (газды пайдалану кешені) («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС).

- құны 5,6 млрд. теңге және қуаты 7,0 мың тонна катод мысын өндіретін катодты мысты өндіру және руданы қайта өңдеу жөніндегі кешен («КazCopper» ЖШС) және т.б.

Облыста жаңа қуаттарды игеру нәтижесінде, мынадай өндірістердің: полиуретандық композиция, полиэтилен құбырларын, металл жабынқыш (металлочерепица), профнастил және пенополиуретан, автожолдарды жабатын активтендірілген минералды ұнтақ, пісірме электродтар, дәрілік құралдар сияқты өнімдердің жаңа түрлері шығарылады.

Бұл өңдеу өнеркәсібіне инвестицияның қарқынды өсімінің нәтижесі болып табылады, ол 49,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 12,8% көп.

Облыстың негізгі капиталы тартылған инвестиция жалпы көлемі 385,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,0% көп.

Жаңа өндірістерді құру, инвестициялық салымдарды және енгізілетін технологиялардың тиімділігі өнеркәсіп өндірісінің барлық негізгі салаларында өсу қарқынын қамтамасыз етті.

Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2011 жылы саладағы бір жұмыспен қамтылғанға шаққанда 32,1 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 1,3 есе артық, агроөнеркәсіптік кешенде – 3,5 мың АҚШ долларын, өсімі 20,7% (2012 ж. 01.12).

Жалпы өнімнің негізгі түрлерін шығару бойынша облыс 2010 жылғы деңгейден елеулі асты. Мәселен, мұнай өндірісі көлемі 6,6% ұлғайды және 8,5 млн. тонна ны құрады, ілеспе газы 15,2% (3,7 млрд. м.куб), мыс рудасы – 16,4% (3,8 млрд. тонна), хром концентраты – 5,0% (3,7 млн. тонна), электр қуаты – 5,1% (2,8 млрд. кВт/сағ), жылу энергиясы – 3,1% (6,4 млн. Гкал) және т.б.

Үстіміздегі жылы сомасы 128,1 млрд. теңгеге 655 жаңа жұмыс орындары құрылатын, 8 жобаны іске асыру және республикалық мағынадағы перспективалы ірі жобаларды іске асыру жалғастырылды, жекелеп айтқанда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газөңдеу зауыттары 2-ші және 3-ші кезеңін салу, «Қазхром» ТҰК» АҚ жоғарғы көміртекті феррохром өндіретін №4 қорыту цехы және күрделі минералды тыңайтқыштар, құрамында алтыны бар және темір рудаларын шығаратын басқа да жобаларды құрылысы бар.

Қазақстанды Индустрияландыру картасы бойынша облыста жобалар санын ұлғайту жөнінде жұмыстар жалғастырылды, сонымен қатар, негізгі тірек инновацияларға, қазақстандық қамтуға, энерготиімділікке және жоғары қайта өндірістерді қарайтын технологияларға жасалады.

Орта мерзімді кезеңде (2012-2014 жылдарда) Қазақстанның Индустрияландыру картасына енген тағы да 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, экономиканың басымды салаларына инвестиция тартудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін Ақтөбе қаласында Индустриялық аймақты құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бәсекеге қабілетті өнімнің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында облыста 2010-2014 жылдарға арналған республикалық Қазақстандық қамту бағдарламасын іске асыру жүргізілуде.

Облыста 2011 жылдың нәтижесі бойынша өңір аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жүйе құраушы қомпаниялар мен ұйымдары, мемлекеттік мекемелердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы көлемінде қазақстандық қамтуды дамыту көрсеткіштерінің нысаналы индикаторларын орындау толығымен қамтамасыз етілді.

Мысалы, 2011 жылы мемлекеттік органдардың тауарларды сатып алуындағы аталған көрсеткіш нысаналы индикаторда 53,0% болғанда 54,0% құрады, жұмыстар мен қызметтер бойынша жоспарда 85,3% болғанда 94,1% құрады.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар бойынша аталған көрсеткіштер тиісінше 8,0% - 13,4% және 81,1% - 82,0%, жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша 52,0% - 60,1% және 85,3% - 94,1%.

2012 жылы өңірді экономикалық дамытуда негізгі басымдық «Өнімділік - 2020», «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларына қатысу арқылы индустриялық саясат, ірі, орта және кіші кәсіпорындарды жаңғырту және т.б. болып қалады.
2012 жылға арналған міндеттер:

Көлемдерге жеткізу:



  • Өнеркәсіп өнімін 1,3 трлн. теңгеге дейін;

  • Негізгі капиталға инвестициялары – 400,0 млрд. теңге;

  • ӨЖӨ құрылымында өндеу өнеркәсібінің үлесі - 9%;

  • Сыртқы сауда – 10,9 млрд. АҚШ доллары;

  • Экспорттың жалпы көлемінде шикізатты экспорттың үлесі – 34,4%.

Сатып алулардың жалпы көлемінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту:

  • Жер қойнауын пайдаланушылар – тауарлар бойынша 11,0%, жұмыстар мен қызметтер – 82,4%;

  • Мемлекеттік органдар – тиісінше 55,0% және 85,0%;

  • Жүйе құраушы кәсіпорындар – 55,0% және 86,8%.


Сыртқы экономикалық қызмет
Есепті кезеңде Ақтөбе облысының әлем елдерімен сыртқы экономикалық қызметінің нәтижесі оң сипатта. 2011 жылы облыстың сыртқы сауда көлемі 10,4 млрд. долларға жетті, бұл 2010 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар, оң сальдо – 8,8 млрд. АҚШ долларына қол жеткізілді.

Сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі формалары дамытылды: тауарлар мен қызметтерді халықаралық саудасы, бірлескен кәсіпорындарды құру, кредиттік-қаржылық қатынастар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, туризм.

Қазақстанның Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасымен Кедендік одаққа кіруі сыртқы экономикалық қызметті жандандыруға қосымша импульс берді. Кедендік одақ 1 жыл жұмыс жасағанда КО елдері-мүшелерімен облыстың тауар айналымы 1,3 есе ұлғайтылды және 1,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бүгінгі күні облыстың сауда-экономикалық серіктестіктері – елдер саны 100 жуық, оның ішінде ТМД елдері – 8, Еуропа – 33, Азия – 27, Америка – 15, Африка – 10, Австралия және Океания – 2 мемлекетті құрайды.

Облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындардың саны 19 бірлікке ұлғайды және 294 құрады. Шетелдік кәсіпорындар саны 280-нен 308 дейін ұлғайды.
2012 жылға арналған міндеттер:


  • БЭК құру және жаңа мүмкіндіктер есебімен Ресей және Белорус рыноктарына өз өнімін жылжыту бойынша жұмысты жандандыру;

  • Орынбор облысымен сауда-экономикалық және басқа да қатынастарды бұдан әрі жандандыру бойынша жұмысты жүргізу;

  • Шетел рыногына шикізатты емес сектордың өнімін жылжытуға ерекше көңіл бөлу.


Кәсіпкерлікті дамыту

Облыстың экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

2011 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің жалпы саны 28,0% ұлғайды және 30,8 мың бірлікті құрады. Онда жұмыс жасайтын азаматтардың саны 117,3 мың адамға жетті және 2010 жылмен салыстырғанда 5,5% ұлғайды.

Олармен көрсетілген қызмет, жасалған жұмыс, өндірілген өнім 389,0 млрд. теңгеге жетті, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,5% жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерліктен бюджетке түскен төлемдер 94,0 млрд. теңгені құрады немесе 140,4%.

Осындай нәтижелерге облыста «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» республикалық бағдарламалары және «Даму» қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Даму-өңірлер-2» өңірлік бағдарламасын іске асырудың арқасында қол жеткізілді. Барлық қаржыландыру көздерінен сомасы 76,8 млрд. тг. (101,7%) қаржылық-кредиттік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасын іске асыру ауқымында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде бизнес-жобаларды іске асыру үшін жалпы несиелеу сомасы 18,6 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау ШОБ-тің 89 субъектісіне көрсетілді, 4 кәсіпорынға сомасы 604,3 млн. теңге кредитке кепілдеме берілді, 22 кәсіпорынға сомасы 0,9 млрд. теңгеге инфрақұрылымдық қолдау көрсетілді.

Бағдарлама ауқымында халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Назарбаев университет» базасында облыстың 20 бизнесмені оқытылды, Германияда іскерлік қатынастарды орнату бойынша 4 кәсіпкері ақысыз бір айлық тағылымдамадан өтті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста 3,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бағдарламаға қатысушылардан түскен салықтық төлемдер көлемі 1,8 млрд. теңге құрады.

Өткен жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іске қосылды, оның негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды тұрақты және өнімді жүзеге асыру арқылы тұрғындардың кірісін арттыру болып табылады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 352 адам оқытылды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және аз қамтылған тұрғындар ішінен сомасы 120,0 млн. теңгеге 83 заем алушы несиеленді.

Бизнесті дамыту үшін «Даму» Қорымен бірлесіп бірнеше бағдарлама іске асырылуда:



  • «Даму – өңірлер ІІ» бағдарламасы бойынша несиелеу сомасы 1,2 млрд. теңгеге 17 жоба қаржыландырылды, онда 600 жұмыс орнын құру көзделуде.

  • «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша облыстың барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында жаңадан бастаған кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға тренингтер жүргізілуде, 2011 жылы 728 адам оқытылды.

Облыс әкімдігі бизнестің әлеуметтік серіктестігіне ерекше көңіл бөлуде.

«ЛУКОЙЛ» ресей мұнай компаниясымен Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Арай» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы іске асырылуда, ол шағын бизнесті және шығармашылық дарындарды дамытуға – 850 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттарды алуға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны іске асыру ауқымында 2011 жылы қайтарымсыз ақшалай гранттардың иелері

- Мұғалжар ауданының 35 тұрғыны сомасы 14,5 млн. теңгеге;

- Байғанин ауданының 34 тұрғыны сомасы 13,0 млн. теңгеге;

- Темір ауданының 24 тұрғыны сомасы 9,1 млн. теңгеге.


2012 жылға арналған міндеттер:

  • шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 33,0 мың бірлікке дейін жеткізу;

  • белсенді субъектілерден жұмыспен қамтылғандар санын 124,0 мың адамға дейін ұлғайту;

  • шағын және орта кәсіпкерлік секторында өндіріс көлемін 420,0 млрд. теңгеге дейін қамтамасыз ету;

  • облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ұлттық, жүйе құраушы компанияларының мемлекеттік сатып алулар үлесін өсіру бойынша шараларды іске асыру;

  • «Бизнес жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру.



Инфляциялық үдерістер және ішкі сауданы дамыту
Тұтыну бағалар индексі %





2011 жылы инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыстың басты бағыты ішкі нарықты азық-түліктің негізгі түрлерімен молықтыру, өнімді өндіру бойынша жеке қуаттарды дамытуды қамтамасыз ету болып табылды.

ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ауқымында ет-сүт өнімін өндіретін жаңа объектілер енгізілді. Бұлар – «Анди» ЖШС 500 ІҚМ сүтті-етті фермасының құрылысы, «Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасын реконструкциялау, 8,0 мың бас асыл тұқымды еділбай қойларын өсіру және жылы 320 тонна көкөніс өндіретін «Әлем-Тағам» жылыжай кешенін құру бойынша «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ жобалары.

Аталған жобаларды іске асыру Ақтөбе қаласының Азық-түлік белдеуін әрі қарай дамытуда ерекше үлесін қосты.

Сауда инфрақұрылымы және азық-түлік тауарларын сақтау белсенді дамытылуда. Ақтөбе қаласында қазіргі заманғы «Олжа» және «Дина» супермаркеттері енгізілді, 3000 тоннаға «Килико-Тун» ЖШС көкөніс қоймасы, 2000 тоннаға «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС енгізілді.

Жеміс-жидек өнімін сақтау және сұрыптау үшін сауда-логистикалық орталықты құру ауқымында «Ақтөбе» ӘКК алаңы 3000 шаршы м. жеміс-жидек қоймасын сақтау бойынша жобаны іске асыру жүргізілуде, бірінші блогы 2011 жылдың желтоқсанында енгізілді. Жоба қала тұрғындарын жыл бойы сертификатталған өніммен жабдықтауға бағытталған. Жоба құны 500 млн. теңге.

297 облыстық және аудандық жәрмеңкесі өтті, онда нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сомасы 528,9 млн. теңгеге өнім өткізілді. Бұл тұрғындардың ағымдағы сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етті.

Бағаны тұрақтандырудағы негізгі фактор - өңірде азық-түліктің әлеуметтік маңызды түрлеріне тұрақтандыру қорын құру болды.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-нан облыстың азық-түлікті тұрақтандыру қорын құруға «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 809,0 млн. теңге заем бөлінді. 4300 тонна картоп, 889 тонна көкөніс, 40 тонна ет, 300 тонна қант, 50 тоннадан күріш және қарақұмық сатып алынды. Ақтөбе қаласының сауда желілерінде өткізілуде, бұл маусым аралық кезеңде бағаның тұрақтылығына ықпалын тигізуде.

Іске асырылған өнімдерге 10% аспайтын сауда үстемеақысы қолдану туралы Меморандумдар ауқымында өндірушілермен, көтерме және бөлшектеп сату субъектілерімен жұмыс жалғастырылуда.

Жүргізілген жұмыс қала және аудандар тұрғындарын қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға, негізгі азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін болдырмауға ықпал етті.

Мониторинг деректері бойынша 2011 жыл бойы бақылауға жататын азық-түлік өнімдерінің 63 түріне, барлық позициялар бойынша бағалар республиканың орташа көрсеткішінен аспады.

ЖЖМ бағасының негізсіз өсуін және тапшылығын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда. Облыста ЖЖМ бағалары шекті баға деңгейінен аспады. Мұнай өнімдерін жеткізу тұрақты жүзеге асырылды. Аталған өнім тапшылығы байқалмады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде тұтыну бағалар индексі 2011 жылы 106,8% құрады, бұл республиканың орташа көрсеткішінен 0,6% төмен (республика бойынша – 107,4%), оның ішінде азық-түлік тауарлары – 108,7% (109,1%), азақ-түлік емес тауарлары – 105,4% (105,3%), ақылы қызметтер – 105,7% (107,3%).
2012 жылға арналған міндеттер:
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысты жандандыру және бірқатар шаралар кешенін қолдану арқылы инфляциялық процестерді тежеу:


  • Азық-түлік тауарларын өндіру бойынша қолданыстағы қуаттардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және жаңаларын құру, сауда инфрақұрылымын, қоймаларды, көкөніс- және картоп қоймаларын тиімді пайдалану;

  • Өңдеу саласындағы жобаларды жылжыту және іске асыру бойынша көмек көрсету;

  • Әлеуметтік-маңызды өнімдерге өндірушілермен, жеткізіп берушілермен, бөлшектеп сатушылармен жасалған Меморандумдар бойынша шарттардың сақталуы жөнінде біріккен жұмысты жалғастырсын;

  • Жергілікті тауар өндірушілердің кең қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты өткізу;

  • әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының тұрақты қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оның ішінде қысқы кезеңге көкөніс қоймаларына көкөніс өнімін жыл сайынғы сақтау іс-тәжірибесін жалғастыру.


Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
2011 жылы 6,9 млрд. теңге көлемінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың және ауыл еңбеккерлерінің жақсы жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі - 111,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі 115,0 % құрады.

2011 жылы облыстың ауыл жұмыскерлері 453,3 мың тонна (алғашқы салмақта) астық, 10,4 мың тонна майлы дақылдар дәні, 95,6 мың тонна картоп, 87,6 мың тонна көкөніс және бақша өнімдерін өндірді, бұл негізгі азық-түлік өнімдеріне деген біздің қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Есепті кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің жоспары: ет өндіру 106,7 %, сүт 112,9 %, жұмыртқа 105,7 % орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 61 шаруа (фермерлік) қожалықтары 2570 бас ірі қара малы сатып алынды. Алға ауданында «АқТеп» ЖШС 3000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын пайдалануға беріп, 1200 малды бордақылауға қойды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында сүт өндіру дамытылуда. Мәртөк ауданының «Айс» ЖШС 2011 жылы Германиядан 858 бас қара ала сиыр (гольштейн-фриз тұқымды), Ақтөбе қаласының «Болат» ЛТД жшс ЖШС Ресейден 147 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. «Анди» ЖШС 500 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын аяқтады.

Экспортқа бағытталған шошқа етін өндірумен «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС айналысуда, онда 4406 тонна (сойыс салмақта) шошқа етін өндірді.

«Көктас - Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасында 3 құс қорасы қайта жарақтандырылып, құс етін өндіруді 2010 жылмен салыстырғанда 34,0 % арттырды.

Өндіріске инновация енгізу қолға алынуда. Ылғалқорсақтау технологиясымен 324,0 мың гектар дәнді-дақыл, 131,9 гектар тамшылатып суару енгізілді, жылыжайда 3,75 гектарға көкөніс өсіру, 16,3 мың бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылып, 43 шаруашылықта селекция жүргізілді. Асыл тұқымды жануарлар саны артуда.
2012 жылға арналған міндеттері:


  • Мал қыстату, төл алуды ұйымшылдықпен өткізіп, 2012 жылы ет өндіруді (сойыс салмақта) 60,0 мың тоннаға, сүтті 325,0 мың тоннаға, жұмыртқаны 175,0 млн.данаға жеткізу. Мал шаруашылығында ірі және орта шаруашылықтар ұйымдастыруды одан әрі жақсартып, өндірістік негізде ет өндіріп 2016 жылға қарай ет экспортын 16,0 мың тоннаға жеткізу;

  • 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандырып, 2011 деңгейден мал азықтық дақылдар көлемін 30,0 %, картоп және көкөністің көлемін ауыл шаруашылығы құрылымдарында 10,0 % ұлғайту және 500,0 мың тонна астық, 10,0 мың тоннаға майлы дақылдар дәнін, 129,2 мың тонна картоп, 101,3 мың тонна көкөніс пен бақша өндіру және мал шаруашылығының жем-шөбімен толық қажеттілігін қамтамасыз ету.

  • Үстіміздегі жылы өндіріске инновациялық технологияны енгізу: астық өндірісінде ылғалқорсақтау технологиясын 60 %, жабық топырақта (жылыжайда) көкөніс өсіруді 10,2 гектарға дейін ұлғайту. Ірі көлемде селекция жүргізетін шаруашылықтар санын 45 бірлікке жеткізіп, асыл тұқымды малдың үлесін: мүйізді ірі қара малды - 1,5%, қойды - 8,0%, жылқыны - 8,0 %, түйені - 2,5 %, шошқаны - 5,0 % жеткізу.

  • «Сыбаға» бағдарламасын одан әрі дамытып, 2012 жылы 1500 бас ірі қара өсіретін репродуктор - шаруашылық, 3000 бастық мал бордақылау алаңы және 3000 басқа фермерлік шаруашықтар желісін құру.

  • Облыстың оңтүстік аудандарында жалғайдағы жайылымдарда 100,0 мың бас етті-майлы, шығымдылығы аз, қой өсіру жобасын жүзеге асыру.

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндіріс орындарын құру және жоғары құн қосылған азық түлік өнімдерінің жоспарларын әзірлеу.

  • әрбір ауданда және Ақтөбе қаласының елді мекендерінде типтік мал қорымдарын салуға жыл сайын қаражат бөлуді қарастыру және жаңадан ұйымдастырылатын «Ветеринарлық станция» коммуналдық мекемесі жұмыс жасауына мүмкіндік жасау.

  • Ақтөбе қаласында қазіргі заманғы технологиямен жарақтанған қоймаларды реконструкциялау және салу арқылы логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

  • Тұрғындардың жеке шаруашылықтарына қызмет көрсететін, сервистік-дайындау орталықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу жұмыстарын одан әрі кеңейту.


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту

2011 жылы «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы ауқымында Ақтөбе қаласында су, кәріз және жылу желілерін қайта жаңғыртудың 6 жобасы 1,6 млрд.теңгеге көлемінде жүзеге асырылды. 40,8 шақырым су-кәріз желілері және 3,0 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

2011 жылы көппәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту мен күрделі жөндеу бағдарламасы бастауын алды. Оның ауқымында облыс орталығында 54 тұрғын үй жөнделді. Шатырлар, үйішілік инженерлік коммуникацияларды жөндеу және үйді қолдану шығындарын 30-40% үнемдейтін автоматты жылу пунктері орнатылды.

Тұрғындардың таңдаған жұмыс түрлері мен көлемі шеңберінде үйлердің шатырларын, инженерлік желілерін, электр жарық беру жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру, үйлерге қарасты қасбеті және аумақтарына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 15 үйде лифтілерді алмастыру жүргізілді.



жөндеуге дейін жөндеуден кейін


2012 жылғы арналған міндеттер:

  • Республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 10,5 млрд. теңгеге 500 шақырым су-кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту бойынша 46 жобаны іске асыруды бастау;

  • облыстық бюджет қаражаты есебінен сомасы 11,4 млрд.теңгені құрайтын инженерлік инфрақұрылымның 300 шақырым желілерін реконструкциялаудың 44 жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеуді аяқтау;

  • бағдарламаның шеңберінде шамамен 100 үйді жөндеуден өткізу және 812,2 млн.теңге қаражатты игеру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет