Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет105/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Мыналарға тыйым салынады:
1. Қарсыластың атының тізгінінен ұстауға, жүгенін шешуге және ат әбзелдеріне қол салуға;
2. Қарсыластың қолынан, белінен және денесінің басқа да мүшелерінен ұстауға;
3. Қарсыластың аяғын үзеңгімен, аяқпен ұруға;
4. Серкені ер-тоқымға байлауға;
5. Шауып келе жатқанға өзінің атын көлденең қоюға;
6. Айқайлауға немесе дауласуға;
7. Алаң шекарасынан тысқары жаққа шығуға;
8. Серке «мәре салым» (қазандық) салынғаннан кейін күресті жалғастыруға.
Егер қандай да болмасын команда немесе жекеленген қатысушылар жарыс ережелерін өрескел түрде бұзса және төрешілер тарапынан өздеріне жасалған ескертулерді ескермесе, онда команда толықтай немесе жекеленген қатысушылар кездесуден шеттетіледі. Алаңнан шығарылған қатысушылар алмастырылмайды.
Жаңадан қалыптасқан ойындар
193. Бос орын
Ойыншылар санына шек қойылмайды. Өткізілетін орын: ойын залы, спорт алаңы. Ойынға дайындық: Ойынға қатысушылар үлкен шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншы жүргізуші болады, ол шеңбердің ішінде тұрады.
Ойын мазмұны: Белгі бойынша жүргізуші шеңберді іш жағынан айнала жүгіріп өзі таңдаған ойыншыға қолын тигізеді. Қол тиген ойыншы жүргізушіге қарама-қарсы шеңбердің сыртымен жүгіреді. Екеуі де тез жылдам жүгіріп бос тұрған орынға бірінші болып тұруы керек. Үлгере алмаған ойыншы ортаға шығып ойыншының айтқан тапсырмасын орындап, ойынды қайта жалғастырады.
Ойын ережесі: Ойыншылар шеңберді бұзбауы керек, егер жүргізуші ойын ережесін бұзса ойын жаңадан басталады. Ойыншылар берілген жаттығуларды міндетті түрде орындауы тиіс. Ойынның педагогикалық маңызы: Ойын оқушылардың шапшаң әрі шыдамды және дене қасиеттерін дамытады. Тез шешім қабылдауға, бағдарлауға тәрбиелейді.
194. Алақан соқ
Ойыншылар санына шек қойылмайды. Өткізетін орын: дала, ойын бөлмесі.
Ойынға дайындық: ойыншылар екі топқа бөлінеді. Алаңның қарама-қарсы екі бетінде «үй» сызылады. Екі топ сызық бойына бір-біріне қарама-қарсы бір қатарға тұрады.
Ойын мазмұны: Топ басшысының бұйрығы бойынша топтың бір ойыншысы жүгіріп қарсыластар «үйіне» барады. Қарсы топтағылар қолдарын алға созып, алақандарын жоғары қаратып ұстап тұрады. Жүгіріп келген ойыншы өзі таңдаған ойыншының алақанын үш рет немесе үш ойыншының алақанын бір-бір реттен соғып, өз үйіне қарай жүгіреді. Ең соңғы үшінші болып алақаны соғылған ойыншы оны артынан қуып, ол өз «үйіне» жеткенше ұстап алуы керек. Егер де ұстай алмаса өзі «тұтқынға түсіп» өзі жете алмаған ойыншының артына барып тұрады. Ал ұстап алса, өз тобына қосып алады. Осыдан кейін келесі топтың басшысы бір ойыншысын жіберіп ойынды қайта жалғастырады. Қай топ көп «тұтқын» жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Ойын ережелері:
1) алақанды үш рет соқпай қайта қашып жүгіруге болмайды;
2) ойыншыны тек қана «үйіне» дейін қуып ұстауға болады;
3) ұсталынған ойыншылар қарсы топқа тұтқында болады;
4) тұтқынға түскен ойыншыларды құтқаруға болады.
Әдістемелік нұсқаулар: бір рет ойынға қатысқан ойыншыны екінші рет қайталауға болмайды. Ойынды үзіліссіз жүргізу керек.
Ойынның педагогикалық маңызы: ойын жылдам жүгіруге, достарына көмек беруге тәрбиелейді.
Ойынның 2 нұсқасы: ойыншыларды теңдей екі топқа бөліп, ойын алаңының екі бетіне шеңбер жасап отырғызады. Екі топтың реттік отырысына қарай әр ойыншыға нөмір беріледі. (1, 2, 3, 4, 5 т.с.с.). Жетекші ортада тұрып кез келген нөмірді атайды. Нөмір саны аталған ойыншылар жүгіріп қарсы шеңберді айналып өз орнына келуі керек. Өз орнына бірінші келген ойыншыға бір ұпай беріледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Ойын ережесі:
1) ойыншылар міндетті түрде екі шеңберді де айналып жүгірулері керек;
2) шеңбер ортасын кесіп өтуге болмайды;
3) шеңбер бойында отырған ойыншылар жүгірген ойыншыларға кедергі келтірмеулері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет