Хирургиялық операцияның мазмұны Операцияның орындалуы жүйелі үш әрекетке жіктеледі: оперативтік
жету, оперативтік әдіс және операцияның қорытынды кезеңі.
Оперативтік жету – зақымдалған ағзаға немесе дерттің орнына жету
үшін тері, кілегейлі қабаттарды және қуыстардың бүтіндігін бұзып ашу.
Кесілген тілім көлемі ұлпалардың ең аз зақымдалған, бірақ жасайтын
әрекеттерге және кесуге арналған ағза көзге көрінетіндей болуы керек.
Операциялардың көпшілігінде оперативтік жетудің өзіне лайықты ерекшелігі
болады. Бірақ кейбір жағдайларда (ішкі мүшелер жылжығанда, операция
жасайтын орнына жетуге патологиялық ошақтар кедергі болғанда)
оперативтік жету бірталай қиындықтар тудырады. Сол себептен оперативтік
жету және тілу орны операцияның жасалған кезінде толық шешіледі .
Оперативтік әдіс – дертке ұшыраған ағзаға әрекет ету. Мұнда
зақымдалған мүшеге өте мұқият болып, оның бүтіндігін және тіршілік
әрекетін бұзбай сақтауға тырысу қажет. Бұл хирургты ойлануға, ал
операцияны анатомиялық дәлдікпен жасауға міндеттейді.
Операцияның қорытынды кезеңі –тігістерді салу, таңу, дренаж (кәріз)
кіргізу, кейде арнаулы (ортопедиялық) тағалау әрекеттерінен тұрады.
Кейде операциялардың алғашқы екі кезеңін бірінен-бірін шектеуге
болмайды (абцессті немесе қаяуды тіліп ашу, жараның тесігін кеңейту).
Орындалатын хирургиялық операциялардың өз атаулары болады. Олар
операция жасалатын ағзалардың латын тіліндегі атауына латын немесе грек
тілдерінде оперативтік әдіс атауларын және терминдерін жалғау арқылы
жасалады. Мысалға: руменотомия (rumen - мес қарын, tome - кесу) –
месқарынды тілу; уретростомия (urethra - несеп шығаратын канал, stoma -
тесу) - жасанды несеп шығаратын тесік жасау; энтерэктомия (enteron - ішек,
ectome - ойып кесу, кесіп алу) - ішекті кесіп алу; колпотомия (colpos - қойын,
қынап, tome - кесу) - қынап қабырғасын кесу; гистерэктомия (hysteга - жатыр,
ectome - кесіп алу) – жатырды кесіп алу. Сонымен қатар, оперативтік
хирургияда операцияны атау үшін мынадай терминдерді кең қолданады:
резекция (геsectio – жарым-жартылай кесіп алу), экстирпация (extirpatio -
9
ойып алу), ампутация (amputo - кесіп алу) - мүшелерді жартылай немесе
толық кесіп алу және т. б.