Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет6/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
оперативтік хир 8 н

МАЛДЫ БЕКЕМДЕУ
Малды бекемдеудің негізгі шарты: зерттеу немесе операция жасау үшін 
тыныштандырып немесе кимылсыздандыратын тәсілдерді қолдану. 
Бекемдейтін әдістер малдың түріне байланысты болады. Ол әдістер ауру 
малдың күй-жағдайына және жасайтын операцияға байланысты. Ірі малды 
бекемдеп жығуда мал асаулығына, ызақорлығына байланысты өзінің 
қиыншылықтары бар. Жалпы малды тұрған бойында немесе жатқызып 
бекемдейді. Жығып, жатқызып бекемдеу үшін малға бірсыпыра қатаң 
әрекеттер жасалады. Бұл кезде малға жарақаттану қаупі тууы мүмкін: 
сүйектері сынуы, ішкі ағзалары жарылуы, денесі қызып кетуі, жүрек бұлшық 
еттері жұмысының істен шығуы, естен тану және т.б. Сол себептен малды 
жыққанда өзі қиналмай жататын әдістер қолдану қажет.
Бекемдеу кезінде малдың әдеттері мен мінезі-құлқына назар аударады. 
Жылқыға артынан, ірі қара малдың бүйірінен жақын келуге болмайды олар 
аяқпен тебулері мүмкін. Малға дауысын шығарып, оған алдынан жақындап 
келеді. Қыңыр аттарды ноқтадан, бүйірден алып иық жағынан ұстайды.
Негізінде малды күтетін жұмысшы шығарып, малмен бірге еріп жүруі 
тиіс, мал күтушісіне бекемдейтін қарапайым әдістерді тапсырады; бұрау 
салуы (сурет 1), аяқтарын көтеру, тұсауды салу және басқа құралдармен 
көмек көрсету. Бекітудің алдында, әсіресе жығар алдында малдың ішегін 
және қуығын босатады. Кейде өте қарулы, мінезі ызақор немесе асау малды 
ұзақ мезгіл аш, азықтандырмай ұстайды.
Жылқыны тұрған жайда бекемдеу. Кейбір зерттеулерде немесе шағын 
операцияларда алдыңғы бір аяғын көтеріп бекемдейді. Ол үшін арнайы 
немесе қолдан жасаған тұсамыстарды қолданады (сурет 1). 
Артқы аяқтарын зерттегенде немесе тағалағанда көмекші жылқының 
аяғын көтеріп өзінің аяғынана қойып бекемдеп ұстайды. Мінезі ызақор 
жылқының құйрығына жіп байлап, сирағын сол жіп арқылы көтеріп 
бекемдейді. Бекемдеген мал жылжып қозғалмау үшін оның үстіңгі ерніне 
бұрау 
салынады. 
Артқы 
аяқтарын 
арқандармен 
бекітіп, 
қайыс 
шығырықтарды тұсамыс буынына салып, арқандардың ұшын кеуде 
аяқтардың арасынан өткізіп, кеудеге орап бекітіп қояды (сурет 2).
Малды қимылсыздандырып арнайы станоктарға бекемдеуге де болады. 
Станоктардың тұрақты немесе жылжымалы түрлері бар. 


10 
Сурет 1. Бұрау салу 
а - бұрау; б, в – оны салу кезеңдері; г – ірі қара малға қолданатын танау қысқышы
1- тұсамыс белбеуі; 2- Хелковскийдің жасанды тұсамысы; 3- жылқының алдыңғы аяғын 
бекемдеу. 
б 
Сурет 2. Жылқының артқы аяқтарын бекемдеу 
а - көмекші жылқының аяғын көтеріп өзінің аяғынана қойып бекемдеуі; б - 
құйрығына жіп байлап, сирағын сол жіп арқылы көтеріп бекемдеу. 


11 
Жылжымалы станоктарды бұзып қайтадан құрып алуға болады. 
Зауыттан жасалып шығарған Виноградов пен Китаевтың станоктары белгілі. 
Ең көп таралған, көбіне қолданылатын және ыңғайлы болып келетін ұсақ 
жануарларға арналған Виноградовтың операциялық үстелі ( сурет 3).
 
Сурет 3. Виноградовтың операцияны жасайтын үстелі 
Жылқыны жығу тәсілдері. Жығу – тұрған малды жатқызып
бекемдеуге арналған әдістер жиынтығы, ол кезде малды ыңғайымызға қарай 
орналастыруға болады. Шаруашылық жағдайында шұғыл көмек көрсету 
кезінде, малды арнайы бекемдейтін операциялық үстел жоқ болса жығып 
бекемдеу қолданылады. 
Жығардың алдында жығатын алаңды дайындап алу керек, шаңдатпау 
және малға зақым келмеу үшін ол жерге жұмсақ сабан немесе шөп төсеп, 
бетін берзент жапқыштармен жабады. Арнайы матрастарды қолданса да 
болады.
Орыс тәсілімен жығуды бір белдік арқанмен жалғыз адам (тек 
тәжірибиесі болса ғана) орындай алады (сурет 4). Ол үшін былғары қайыс 
немесе мақта-матадан жасалған екі арқан жіп қажет. Біріншісінің ұзындығы 
7-10 м, екіншісі 2-2,5 м. Екеуінің де жалпақтығы 4-6 см кем болмауы керек. 
Металл сақинаға (диаметрі 8-10 см) ұзын жіптің бір ұшын бекемдеп, ал қысқа 
жіптің екі ұшында сақинадан өткізіп, ілмек құрастырады. Пайда болған 
ілмекті жылқының мойынына салып сақинаны малды құлайтын жағына 
қарама-қарсы, жауырын сүйегі деңгейіне келтіреді. 


12 
Сурет 4. Орыс тәсілімен жыққанда қайысты белбеуді салу жайы 
Содан соң ұзын қайысты қарама-қарсы тұрған артқы аяқтан 
айналдырып, ішінен сыртқа тұсамыс буынын айнала өткізеді. Сол ұшын 
қайтадан шығыршықтан өткізіп, қайыстың бос ұшын арқадан асыра басқа 
жаққа лақтырады. Көмекші сауыр тұсында, жылқыны құлататын жақтан, 
жылдам қозғалыспен қайыстың бос ұшын тастамай, жылқының артқы аяғын 
қарынына тарта бастайды. Онан соң көмекші сол қолымен ноқтаның бауын 
ал оң қолымен - жығатын қайысты тартады, шынтақтардың жігерімен 
малдың сауырын басып құлатады. Жатқан жылқының басын жедел 
бекемдейді, сонымен қатар кеуде аяқтарын тұсап, төменгі артқы аяғымен 
қосып байлайды. Жоғарыда жатқан артқы аяғын қарынға тарта белдікпен 
тілерсек буынына тартып жылжымайтындай бекітеді (сурет 5). Орыс 
тәсілімен жығуды көбінесе айғырларды пішкенде қолданады.
Сурет 5. Орыс тәсілімен жыққанда, жылқының аяқтарын бекемдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет