Жаймалар. Әр түрлі әдіспен илеп, жүқа жайып майға жүздіріп қуыратын жаймалардың да арнаулы орны, бірнеше атаулары бар. Біз солардың ішінде қазақ арасына көбірек тарағандарына тоқталамыз.
Дөңгелек — тұзы татыған жылы суға, сорпаға кейде ақ құйып қатты илеп, дөңгелектеп жайып, майға қуырылған күнделікті дастарқанға арналған жайма. Оны ашыған және ашымаған қамырдан да қуыра беруге болады.
Ләйлек — беті алынбаған сүтке илеп, жұқа жайып, жұмсақ етіп қуырған дөңгелек шелпек.
Күлше — қоламтаға көміп пісірген нан. Күлшенің күл деген мәндестеріне қарағанда оның бастапқы түрі отқа көміп пісірген жұқа нан болуға тиіс. Бірақ қазіргі қазақ ауылдарының көбінде күлше майға қуырылатын жұмсақ шелпек.
Қазіргі заман күлшелерінің жасалу әдісі мынандай: ұнды тұзы татыған суға илеп 15—30 минут бетін жауып бұқтырады. Содан кейін қамырды жуандай есіп, бөлектеп кеседі де, оқтаумен дөңгелектеп жазады. Дөңгелектің бетіне ағаш қасықтың сабымен өрнек жасайды. Содан кейін сары маймен өте ыстық емес пешке 7—8 минут қойып пісіреді. Күлше көбінесе шай дастарқанына арналған ыстық нан.
Шелпек. Ашымаған, кейде ашыған қамырдан жұқа жайылған, қиықшалап кесіп, майға жүздіріп пісіретін жайма. Оны қайнап жатқан майға бірнеше минут сүңгітіп алса болғаны, тез піседі және үлбіреген жұмсақ болып шығады.
Қатқабат шелпек. Пісіріп алған шелпектің арасына қарақаттың қағын орап табақ жасайды. Кейде оны қақ ораған шелпек деп те атайды
Май шелпек. Сары майға илеп, онша жұқартпай пісіріледі. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын бүрмелеп те жасайды.
Қиықша. Қант, жұмыртқа қосып сүтке илеп, жұқа жазылған, бетіне жүмарша, төрткүл өрнектерін басып, қиықшалап кескен шелпек.
Бүкпе шелпек. Ішіне жеміс қақтарын немесе куырған ет салып бүріп пісіреді. Бүкпенің кейбір түрлерін табаға салып пешке де пісірген.
Күлшетай — тураған етке қосып берілетін кеспенің бір түрі.
Шиыртпақ — қамырға шекер, жұмыртқа, май, ашытқы қосып сүтке немесе суға илейді. Қамырды бауырсақша есіп арнаулы таяқшаға орап бұранда бейнесіне келтіреді. Қатты қызған өсімдік майына қуырады, майы сорғыған соң үстіне құмшекер сеуіп, кеудірек түрінде табаға (тарелкаға) салып ұсынады.
Тәтті (кей жерде дәм дейді). Суға қант езіп оны койылғанша қайнатады. Нанды осы ертіндіге илеп сыртына жұмыртқаның ақ уызын, қант шырынын (қазіргі кезде езген шоколад) қосып пісіреді.
Құймақ. Жұмыртқа қосқан, сүтке иленген (суға да иленеді) сұйық қамырды қайнап жатқан майға қасықпен құйып тұрып пісіретін тағам.
Жайма құймақ. Жұмыртқа қосып, сүтке илеген қою қамырды майлы табаға жаймалап пісірген ашыған нан.
Қабарған шелпек (Қабартпа деп те атайды) — ашыған қамырдан пісірген шелпек, дөңгелек, созбаларды да осылай атайды.
Су шелпек. Майға, сүтке, илеген шелпекті кейде құр суға қайнатып пісіреді. Су шелпек туралған етке, қуырдаққа, кейде бұршақ ботқасына, жас қызыл ірімшікке қоса табаққа салынады.
Бөкпен. Кебексіз ұнды оты жәй жағылған қазанға қуырып алып, үстіне құйрық, шыртылдақ майының бірін қосып, сүтке былғап жейтін ұнтақ. Бөкпенді осы тәртіппен тарының, бидайдың, сұлының талқандарынан да істеген. Кей жерлерде оны жұқпас дейді. Жұқпас деп аталуы мұндай тағамдардың ыдысқа жабыспайтындытына қарай айтылса керек.
Бүкпелер. Ішіне ет, көкөніс жеміс сияқтыларды салып бүктеп пісірілетін нан азықтарын бір сөзбен бүкпе деп атаған. Олардың кейбір түрлері мынандай:
Тұшпара (пельмен, парсыша — әлді тамақ). Оны әзірлеудің халықтар арасына кең тарағаң әдісі: етті машинаға тартып немесе айбас ұрғымен, балтамен шауып ұсақтап, тұз, пияз, бұрышын татытып жентектеу. Содан кейін ол жұқа жайылып кесілген қамырға жапырақтап бүрмеленеді де, сорпаға пісіріледі. Қазақтың тұшпарасы қойдың, сиырдың, жылқының семіз жұмсақ етінен жасалады.
Бәліш. Қамыр жаймаға малдың, құстың етін немесе балық орап пешке пісірген бүкпе нан. Оны да тұздықтап, бұрыштап, дәмдендіріп жасайды. Көне тілімізде бәлішті бүйрек, бүйрекше нан деп атаған сөздер кездеседі.
Самса (сомса деп те атайды). Қазақтың ұлттық самсасына кебінесе қуырылған жас ет қана салынады. Ал, кейбір жерлерде ұсақ туралған шикі ет, күріш салып тандырға, пешке қойып та пісіреді.
Самса пісірудің қазіргі әдісі мынадай. Еленген үн ыстық суға аздап сары май қатып жұмсақ иленеді де, 20 минуттай бұқтырылады. Содан кейін оны мөлшерлеп кеседі де, шаршылап жайып, ішіне тартылған ет салып шеттерін бүгіп жабыстырады. Қақпақты табаға салып, жақсы қызған пешке 7—10 минут қойса, самса әзір болып шығады. Кейбір жағдайда оған ет орнына піскен өкпе-бауыр ішек-қарын, бүйрек, жүректерді де пайдалана береді.
Май қошан. Қамырдың ортасына ұсақ туралған майлы ет немесе жанышталған, ет турағышқа тартылған жентек ет салып пешке пісірген жөн. Ет оралған бүкпелер мен кіселердің «Қазы кісе», «Тоспа бәліш», «Қансоқта», «Мисоқта», «Ірімшік бүрме» деген сияқты түрлері бар. Ұн тағамдарын әзірлегенде мынадай технологиялық жағдайларға көңіл аударған жөн.
Әр түрлі тағамдарға пайдаланылатын ұн сортын және оның ылғалдылығын білу керек, соның шамасына қарай қамыр илейтін судың мөлшері белгіленеді. Жақсы ұнның мөлшерлі ылғалы 14,5 процент. Ал, ылғал көлемін анықтау үшін ұнды уыстап алып қысқанда иленбесе, қолдан оңай сусып түсетін болса, ылғалдың қалыпты мөлшерде болғаны.
Қамыр ашытатын үнды илер алдында 12 градус шамасына келтіріп жылытқан жөн.
Иленетін ұнды тазарту және онда болатын қиыршық түйіртпектерден арылту үшін елеуіштен өткізіп алу қажет.
Мүмкіндігіне қарай, ұнды суға емес, сүтке, ол болмаса жас сорпаға илесе дәмді және құнарлы болады.
Нан илейтін судың жылылығы 35—40 градустай болуы керек. Қамыр иленетін суға тұзын дұрыс салудың мәні зор, өйткені тұзы көп нан көтерілмейді Нанға қосылған қант мөлшерінің де дәл болғаны жөн Қанты артық қосылған қамыр жақсы көпіріп қабара алмайды, түсі ерте қызарып, нашар піседі.
Қамырға салынатын ас содасының мөлшері тым көпболса тағамның түсін бұзып, дәмділігін төмендетеді Сода салынған қамырды тез және жұмсақ илеген дұрыс Көп илеген қамырдағы соданың қосындысынан пайда болатын көмір қышқылды газ ұшып кетіп, қамыр қатаяды да көтерілмей піседі. Ұнның сортына қарай оған ылғалды, дәм беретін белок, көміртегі, май, минералдық заттар. Ылғалды қалыпты қамыр жақсы созылады, әрі жақсы піседі.
Нан тағамдарына жұмыртқа қосу оның дәмін, нәрін келтірумен қатар, созымдылығын арттырып, тез қабарып үлпілдек, әбден жұмсақ болып пісуін қамтамасыз етеді.
Сонымен біз ұлттық тағамдардың тек кейбір негізгі түрлерін ғана көрсеттік. Жас ұрпақ халқымыздың ұлттық тағамдарын қадірлі түрлерін заман талабына сай дамыта білгені абзал.
5 Рухани мәдениет
5.1 Ауыз әдебиет үлгілері
Қазақ шежіресі. Сонау ежелгі дүниеде тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Шежіре ең алдымен ғасырлар бойы қариялардың есте ұстап ұрпақтан ұрпаққа өсиет есебінде де айтып келген тарихы. «Шежіре» сөзі екі мағына береді араб тілінде ағаш бұтағы, тармақ, ал көне түркі және моңғол тілдерінде есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Мысалы манғол тілінде «шежіре» «цээжээр» деп айтылса, ал қалмақ тілінде «шежіре» «чееджыр дасх» ретінде, тува тілінде – «шээжилээр» ол «жады, есте сақтау, жадыдағы білім, жатқа білу» деген бір білімді атайды.
Қазақ тілінде «шежіре» тек «шыққан тегін тарату», «генеология», «тарих» деген мағынада сақталынып қалды, ал «еске сақтауды» белгілеу үшін қазақ тілінде «жады», жаттау, жатқа білу», ол түп-тамырын парсының «йад» - «еске сақтау», «естелік», «образ» сөзінен алады. Сондықтан, бұл сөздің шығу төркінін дұрыс білу және бастапқы бұл сөздің қандай мағына бергенің білу бізге «шежіре» түсінігінің қазақ тіліндегі мағынасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Шындығында «шежіре» түсінігі жай «генеология» деп қабылдағаннан гөрі «тарих» мағынасында көбірек қолданылады. «История» түсінігі арабтың дата, дәуір, уақыт, әңгімелер» «тарих» сөзі ретінде үнемі «шежіре» сөзімен бірге өмір сүріп, сондай бір мағынаны білдірген. Сондықтан, қазақ тілінде «шежіре» мен «тарих» түсінігі бірегей түсінік болып табылады.
«Шежіре» түсінігін талқылай отырып «жады» деп аталатын түрік-манғол сөзін, біз оны «тарихи жады» деп аударамыз. Мұнда еске ұстайтын мәселе, қандай да болмасын ақпарат немесе білім өзінің қаншамалық қажеттілігіне байланысты есте сақталынады. Осы орайда «шежіренің» қажеттілігі неде деген орынды сұрақ туады? Бұл сұрақтың жауабы көшпелілердің өмір тіршілігінің табиғи және әлеуметтік факторлар жүйесі мен синкреттік дәстүрлі мәдениетінің барлық комплексінде жасырылған, оның бір бөлшегі шежіре болып табылады. Ең алдымен барлық генеалогиялық білімдер жеке және әулеттік генеалогия, қазақ этносын құрайтын рулар мен тайпалардың генеалогиясы болып бөлінетіндігін айта кеткен жөн. Егер де әулет туралы генеалогиялық білім жазбаша жазылып отырса, ал ру-тайпалық білімді сақтаушы «шежіреші» болды, оларды «қария» ал оның жеткізіп отыратын ақпаратын «шежірені» (есте қалған) «қария сөзі» деген сөзбен өзгертті. Осыған байланысты «қария» сөзінің түсінігінің этимологиясына тоқтала кетейік, механикалық түрде «қария» сөзі «ақсақал, қария» мағынасын білдіретін «кәрі» сөзінің синонимі ретінде қабылданады.
Қазақ халқы өзіндік танымын дәстүрлі шежіресінде сақтаған. Шежірешілдікті көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ сақтаған. Шежірешілдік көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ үшін теңізшінің қолындағы компас сияқты қажеттілік болған [2]. Қазақтың жеті аталық үрдісін тек қана жеті буын ұрпақты есте сақтай білу, одан әрі қыз алысып, қыз берісу деп жалаң түсінуге болмайды. Жеті аталық үрдістен туындайтын қандастық мың сан жөн-жоралғы, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормалар түрінде ұлттың өмір салттық төлтумалылығын орнықтырып отырған. Шежірешілдік – құрғақ хронология немесе адам аттарынның жалаң тізімі емес. Қазақ шежіресінің тарихи концепциясы туыстық байланыстарды саралауға негізделген. Демек, туыстық атауларды белгілі дәрежеде шежіреші термин деуге болады.
Шежіре жинау, оны жинақтап кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру мәдениетті елдердің көпшілігінде болған.
«Бұл (қазақ) руларының көнеден келе жатқан жазылған тарихы болғанымен, ата-бабаларымен, түрлі ұрпақтарының ақпарлары ауыздан ауызға аңыз болып ұласып келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, уақыт оза келе бұл шежірелер өз негізінен артық-кемі болып, ілгері-кейінді айтылып, шатастыраралықтай реттестіру нәтижесінде белгілі бір шындыққа жақын, тоқтамынды пікірлер айтуға болады. Бұл хабарлар негізсіз дәлелденбесе де, себепсіз жалғанға да шықпайды. Негізіде, шындығы басым тарихи оқиғалары анық. Себебі, бұл тайпалар өздерінің тарихты тереңдетіп оқымағанының салдарынан нақтылы анық айтып, білімге таласатындары болмағанымен, бабаларының сөздерін зейінімен тыңдап, ұғып олардан естіген шежірелерін еске алып, әр мәжілісте, әр жиын-отырыста үнемі қайталап, шын ниетімен ойларына ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насабшыларына «шежіреші» деп ат қойған. Ұлы дүбір мерекелерінде шежірешінің маңайын толтырып өткендерін сұрастырып, үйлерінде болса, ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын болған» деп жазады Қ. Халидұлы өзінің атақты «Тауарих хамса и шархи» деген еңбегінде. Қазақ тарихшыларының ішінде Құрбанғали Халид ХХ ғасырда ең танымалысы болды. Ол 1846 жылы Аягөз қаласында ірі көпес-шала қазақ отбасында дүниеге келді, ол өз заманының алдынғы қатарлы білімдар адамдарымен таныс болып, бала кезінен белгілі саяхатшылар мен ірі көпестермен таныс болған. Оған найман руының білгір шежірешілері үлкен ықпал етті.
Ол жергілікті медреседе студент болған шағынан өзінің тамаша қабілетімен ерекшеленді. Ол кәмелет жасқа жеткенде бірнеше тілдерде еркін сөйлеп, мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран-Кәрімді жатқа білген. Бұл білімі кейін Чугучак қаласындағы ірі мешітің имамы болуға және осы қаланың мұсылмандық бөлігінде сот қызметін атқаруға мүмкіндік берді. Құрбанғали Халидтің еңбектерінен бізге белгілісі «Тарихи–и джарида» (Жаңа тарихи жазбалар) 1889 жылы жарық көрген, және ол революцияға дейінгі тарихшылар арасында танымал болған «Тауарих-и хамсе–йи шархи» еңбегі. М. Ж. Көпеев көбіне осы Құрбанғали Халидтің еңбегінің мәтіндеріне арқа сүйеген. (Қазақ жүздерінің құрылу ерекшеліктері, қазақтардың ру-тайпалық құрамы және қазақ одағының ішіндегі қалыптасқан жас ерекшелік иерархиясы).
Құрбанғали Халид қазақ тарихының базалық қайнар көзі ретінде шежіренің маңызына аса жоғары баға берді. Оның ойынша қазақ ауызша дәстүрінде тарихтың шыңайы сюжеттері тамаша көрініс тапқан және ол мәні жағынан жазбаша деректерден кем түспейді деп жазады.
Ел билеуші хандар мен сұлтандар шежірелік деректерді жинап, тарихи уақиғаларды сол елден шыққан, батырлар, билер туралы ру-тайпаларға билік туралы аңыз-әңгімелерді білуге мүдделі болған. Өйткені көшпелі ру-тайпаларға билік жүргізу үшін (олардан алым-салық жинау т.с.с) сол ру, тайпалардың шежіресін өте жақсы білу керек болды. Атап айтқанда Ибн әл Аскр деген араб шежіресін, Мысыр билеушісі Бейбарыс сұлтан Ибн Халдунға «Қыпшақ шежіресін» жазғызған.
Осы сияқты Рашид-ад-Диннің «Түрік-моңғол шежіресі», «Жамиғ ат-Тауарих» (Жамағат тарихы), Хиуа ханы Әбілғазы баһадүрдің «Түрік шежіресі» тағы басқа ел билеуші, тарихшы-оқымыстылардың шежірелері болған. 1687 жылы Ораз Мұхамед сұлтан мен Қыдырәлі орыстардың тұтқынында болғанда, қоржындардарының ішінен «Жамиғ ат-Таухри» шежіре кітабы мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының қолжазбасы шығады. Әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов Петербургте болған кезде ол «Жамит ат-Таурихтың» қазақ тарихына қатысты тарауларын орыс тіліне аударады.
Қазақ хандығы заманында кеңінен тараған «Нисабнама Шыңғыс» («Шыңғыс шежіресі»), «Нисабнама қазақ» («Қазақ шежіресі») жәдігерлерінде ХІІІ ғасырдан ХҮІІІ ғасырға дейінгі аралықтағы қазақ халқының құрамына кірген рулар туралы баяндалған. Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша Есім хан мен Әз Тәукенің заманындағы шежіре нұсқалары Сәмеке Әбілмәмбет хандардың ұрпақтарында сақталып одан Абылайға, одан оның баласы Уәлиге ауысады. Кейіннен Уәлидің ұрпақтары арқылы Н. И. Гродековтің қолына тиеді. Жалпы қазақ шежірелерінің кейбір нұсқалары қолжазба күйінде Ресейдің мұрағаттарында сақтаулы, мысалы Г. Н. Потанин мұрағатында.
Қазақ халқының өткен замандағы алдыңғы қатарлы өкілдері өздерінің ой-өрісіне, зердесіне қарай өз халқының ауызша тарихын яғни шежіресін жасап қалдырған. Әрбір ру тайпаның, әрбір жүздің өз шежірелері әр кезеңдерде жазып қалдырған шежірелері бүгінде Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттерді ғылыми зерттеу бөлімінде 60-тан астам қолжазба түрінде сақталған және осы қазақ шежіресіне байланысты орыс шығыстанушы ғалымдарының және қазіргі уақыттағы шежіре зерттеушілердің 300- ге жуық еңбектері бар деп мәлімет береді Раиса Бірімжанов өзінің орталық ғылыми кітапхана қорындағы қазақ шежірелеріне байланысты материалдар деген мақаласында. Оның айтуынша бұл кітапхана қорында «хандар шежіресі», тағы бір сол сияқты шежіре «Пайғамбарлар шежіресімен» басталып, қожалар шежіресімен аяқталады. Сонымен қатар түркі халықтарының шежіресін алғаш болып жазған - Әбілғазы Баһадүр ханның «Тарих шежіре-и турки», Қадырғали Жалаиридің «Жами ат тауарих», Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамсасы», Ибрагим Халфиннің «Ахуам Шыңғыс хан ве ақсақ Темір» кітабы. Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежірелері, «Қазақтың үш жүзге бөліну тарихы», Мақаш Бекмұхамедовтың «Үш жүздің таралуы», Ә. Марғұланның «Қазақтың асыл түбі қайдан шыққан» атты қолжазбасы, Қоңыратбаевтың «Кіші жүз әлім шежіресі» және Ә. Диваевтың «Қыпшақ қонырат руларының шежіресі туралы», Мұхамедәлі Толыбаев жинаған «Қазақтың шығу тарихы» т.б сияқты атақты зерттеушілердің құнды шежіре деректері бар екендігін жазады. Кеңес дәуірінде шежіре мен шежірешілердің күні кері кеткені белгілі, соған қарамастан бұлардың бізге осы күнге дейін жеткендігі қуантарлық. Біздің Отанымыздың тарихы басқа жұрттың тіліндегі (грек, қытай, парсы, араб, орыс т.б) жазба деректері арқылы жазылған. Бүгінгі күнге дейін тарихшы ғалымдардың көпшілігі өзге жұрт өкілдері қалдырған жазба деректеріне сүйенеді. Алайда, қазақтың ұлы зерттеушілері Шоқан Уәлиханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ермұқан Бекмахановтар т.б өз тарихымыздың жазуда үнемі халқымыздың атадан балаға мұра болып қалған эпос, аңыз әңгімелер жыр, шежірелерге арқа сүйеген. Бұл жайында М. Тынышбаевтың «басқа халықтың тілін, ділін білмейтін, түсінбейтіндер ел тарихын дұрыс, толық жазуы мүмкін емес», - деген.
Белгілі, қазақтың ғұлама ғалымы «Қазақ шежіресін» хатқа түсірген М. Ж. Көпейұлы «басқа жұрттан шығып, тарих жазушылар қайдан шығып, қайдан ұшырасарынды білмейді... Нұсқаларды көрумен, кәрі құлақтан естумен өз білгенімді шамам келгенше қорытып, шындап, тыңдап айтып отырмын» деп жазады. Шежірешінің айтып отырғаны ауызша тарих айтудың ең көкейкесті мәселелері. М. Ж. Көпеев қолайлы ортада өсті. Оның дарының жас кезінен аңғарған даланың ірі ақсүйек өкілдерінің бірі Мұса Шорманов болды. Ал, кейіннен де М. Ж. Көпеев басқа да қазақтың алдынғы қатарлы зиялы өкілдеріннің қолдауынан тыс қалмады.
Ал, белгілі шежіреші Шәкәрімнің шежіресініе келсек, оның жанашылдығы сол, ол еуропалық бір сызықтық жылнамаларды пайдалана білген, бұл тарихшыға еуразиялық көшпелілердің тарихын бірізділікпен жазып шығуға мүмкіндік берді. Шәкәрімнің еңбектеріндегі тарихи материалдарды белгілі дәрежеде жүйелеуі, оның ізін қуушы М. Тынышбаев, С. Асфендияров, С. Сейфуллин және т. б–ға жақсы үлгі болды. Сөйтіп, қазақ тарихнамасында ауызша тарихнама дәстүрін Батыс тарихнамасымен үндестірілген жаңа бағыты пайда болды.
«Шәкәрім шежіресі» алғаш рет 1911 жылы Орынбор қаласында Кәрімов пен Хусаиновтың біріккен баспасында жарық көрді. Қазақ зиялы қауымы арасында 30-жылдарға дейін бұл шежіре кең танымал дүние болды деп есептейміз. Кеңес үкіметі орныққаннан кейін Шәкәрімнің өзінің қаза болуы бар, тоталитарлық, этноцидтік саясаттың өршіп кеткендігі бар, халық арасында Шәкәрім атын атауға, шежіресін пайдалануға тыйым салынады. Ол жайында: «80 жылдардың соңына қарай тоталитарлық жүйе құлдырап, империя ыдырай бастаған уақытта қазақтың төл қазынасына да көңіл бөле бастадық. Қазақ зиялыларының қолға алуымен «Шәкәрім шежіресі» жарық көрді. ....Кириллицамен «Шәкәрім шежіресінің» алғаш жариялануы «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы №1 санында. Шежіре мәселесін тарих және этнология ғылымдары тұрғысынан ғылыми дәйекті әрі терең зерттеу - қазақ, сонымен жалпы, түрік этнологиясын зерделеудегі бірден-бір өзекті мәселе. Шежірені зерттеуді алғаш қолға алған- әйгілі ғалым Ш. Уәлиханов. Ол қазақ шежіресі туралы мақаласында дала мәдениетінде ерекше орын алатын далалық тарихи дәстүрді жан-жақты қарастырып, оның маңыздылығын ашты. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда батыс және орыс тарихнамасында шежіре мәселесі ерекше орын алған. Осы дәуірде батыс ғалымдарын түркі мәдениетіндегі екі үлкен мәселе қызықтырып, зерттеу нысанасына айналды. Екеуі де түркі лингвистикасына байланысты мәселе: біріншісі, түркі жазба ескерткіштері, ал екіншісі, түркі шежіресі.
Шежірені көшпелілердің ауызша тарихи аңыз, қария сөз үлгісінде жалғасатын тарихи дәстүр деп қарастырамыз. Тарихи-генеологиялық әңгімелер бірде ақ сүйек танылған хандардың шығу тегімен, бірде көшпелі тұрмыс кешкен халықтың генеологиясымен байланысты сипатта болады. Қазақтың рулық жүйесі осы шежіре нұсқаларында көрініс тауып, олардың этноәлеуметтік құрылымы қамтылады. Қазақ тарихына қатысты бұл шежіре деректері ғылыми қолданысқа толық ене бастауы кейінгі он бес жыл шамасында ғана.
Шежіреші әңгімеленген тұлғалар өмірбаяны мен тарихи олардың ата тегін көрсететін кесте, туған жері, қыстау орыны, жерленген жері, моласына тұрғызылған ескерткіштер, ескерткішке жазылған жазу сияқты деректермен расталады. Қазақ даласында көптеп кездесетін осындай ескерткіштер сол адамдарға, сол жерлерге байланысты шежіре әңгімелермен орайлас. Мәселен, зерттеуші С. Әжіғалиевтің көрсетуінше, Батыс Қазақстандағы эпиграфия деректерін ғылыми талдау Кіші жүз қазақтарының этноәлеуметтік құрылымы ерекшеліктерін анықтауға мұмкіндік береді.
М. Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихын зерттеуге елеулі үлес болып қосылды. Бұл еңбегі жөнінде зерттеуші Озғанбаева «қазақтың тарихи жазба дәстүрлері М. Тынышбаевтың қазақ руларының шығу тегі туралы еңбектерінен бір саты жоғары деңгейге көтерілді» деп жоғары бағалайды.
ХХ ғасырдың 90- жылдарынан бері көптеген шежіре жарық көруде. Бұл шежірелерде көп жағдайда қазақтардың генеологиялық таратылуы мен сол тұқымдардың аты-жөні ғана берілген, шежіредегі ата таратылуы ғана сақталып, тарихи әңгімелер аз болып келеді, сондықтан, дұрысын айтқанда, бұл кітаптар насабнамалар болып табылады. Баспалардан шығып жатқан ата тарату кітаптарында шежіре ірілі-кішілі қазақ руларының атымен байланыстырлып айтылады. Кейбір жағдайларда бұл кітаптардың аты мен мазмұны сәйкессіз болып келеді.
Қазақ халқының тарихын терең біліп зерттеуге бұл шежіре дәстүрінің алатын орны толмас құнды дерек болып табылатындығында күмән жоқ.
Тұрмыс-салт жырлары. Қазақ фольклорында бала бағу, бала асырау, қыз ұзату, жаназалау, бақсылық нанымдары, діни әдет-ғұрыпқа байланысты туған салт өлеңдері өте көп. Орыс халқының ауыз әдебиетінде оны «бытовые песни» (бірде «обрядовые песни») десе, біз олардьт «Тұрмыс-салт жырлары» дейміз.|
Бұлардың көпшілігі анонимдік түрде туып, халық аузында сақталынып келген. Тұрмыс-салт жырларының кейбіреулрінде тотемдік. мифтік ойлау, бақсылық ұғымдары мен діни әдет-ғұрыптардыц да ізі бар.
Елдің тұрмыс-салты меп әдет-ғұрпы, түрлі наным-сенімдеріне байланысты туған сюжетсіз ұсақ өлеңдерді «Тұрмыс-салт жырларьи дейміз. Бұл жырларды олардың мазмұны меи тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлуге болады. Олар; а) бақташылық жырлары (төрт түлік мал туралы); ә) діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар (жарапазан, бәдік); б) үйлену жырлары (той бастар, жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар); в) ұлыс жырлары; г)бөбек жырлары; жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау), т.б.
Бақташылық жырлары. Бір кездері жабайы аңдарды ұстап, үй түлігіне айналдырған шаруаларды халық төрт түлік малдың «пірі» деп ұғынып, солар жайында түрліше аңыздар тудырып отырған. Сол кезеңнен бастап бақташылық жырлары туса керек. Бұрын жабайы аңдарга сыйынғап халық енді төрт түлік малды құт санап, олардың Шопан ата, Шекшек ата, Жылқышы ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба деген иелеріне табынған. Ел ұғымыпда Шопан ата — қойдың, Жылқышы ата — жылқының, Ойсыл қара — түйенің, Зеңгі баба – сиырдың, Шекшек ата — ешкінің пірі. Олар малды құт деп біліп, аязды қыстан, жұтаған жұттан, аш бөрілерден аман алып шығудың жолдарын айтқан. Мысалы. Шопан ата қойларын күні-түні бақса да тойғыза алмай, қарнына асасын тығып алыпты. Содаи қойдың бір бүйірі шұқыр болыпты-мыс дейтін аңыз бар. Шекшек ата болса есі кеткен ешкі жинайды» деп, оның сүтті өсімтал түлік екенін айтады. Қазақ халқы үшін жылқы мен түйе етті, сүтті, көшсе — көлік, мінсе — ат болып төзімді түлік-деп таныған. Түйені қазақ шөл кемесі десе, жылқыны ер серігі деп таныған. Сиыр өзінің иесімен айтысқанда: «Қысқа әзірлегеп шөбің нәрсіз, кәдең дәмсіз, өзің жарсыз жалқаусың» деп сынайды. Мұндай жырларда әр түліктің өз тұтынушыларына қоятын шарттары да айтылады. Бұл туралы ел аузында сиыр «қоры үзілген қуға». қой «жүн жеп, жабағы тышқан насқа», жылқы «найза ұстаған ерге», түйе ел ішіндегі зорға бітемін. деген ұғымдар бар.
Төрт түлік мал жайындағы жырлардыд өзі тілек-бата түрінде айтылады.
Шаруаның бір түлік пірі — Шопап.
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Қойды аңдыған пәленің бәрін құртып,
Бықпырт тиіп, үні өшсін қасқыр апан
Мал бағу қамынан туған бұл жырлардың енді бір үлгісі жыр формасыпда айтылған.
Мен бір тілек тілейін, Ойбай салып маңыраған,
Ай мүйізді, шоқпақтай, Қозысымен жамыраған,
Шүйделері тоқпақтай, Қозысынан айрылса.
Тегене құйрық қошқарлы, Қара тұтып маңыраған.
Малды берсең қойды бер! Аппақ қана сүті бар,
Ұлды берсең бойлы бер. Шағаладай құрты бар.
Ақылы артық ойлы бер. Шопан ата баласы,
Ақсағаннан ақсаған, Қойлар бассын үйінді.
Қозысы өлсе қақсаған, Қойлар басса үйінді,
Үй төбенің түбінде, Қоймай бассың үйіңді.
Халық жылқының етін, түйенің күшін, сиырдың сүтін дәріптеген. Кейде шөпке тоймайтын сиырды, қой мен ешкінің айтысын тудырып, «қойдың жегені — жайтақ, құйрығы жалпақ, ешкінің жегені — ошаған, құйрығы шошайған» деп күлдіргі өлеңдер де шығаратын болған.
Халық төрт түлік малдың төлін анасы қалай сүйсе, адам да солай сүйе білуге тиіс деп, қозы, лақ, құлын, торпақ, ботақан, қойшы, құс жөнінде түрлі өлеңдер тудырып келген. Қойды қасқырға бермеу үшін қойшының көлігі, құралы сайлы болуга тиіс. Кейбір өлеңдер қасқырды да сөйлетеді.
Атты қойшы. ашуы қатты қойшы.
Түйелі қойшы — тұрған қойшы,
Төбесінен ұрған қойшы.
Өгізді қойшы — өлген қойшы
Жем болғанда көрген қойшы.
Халық мал бағудың қызығы мен қиындығы көп, соның үдесінен шыға білу керек деп ойлаған.
Ешкі бақтым — едірен бақтым.
Қой бақтым — қоңырау тақтым.
Сиыр бақтым -- сидаң қақтым,
Жылқы бақтым — жорғалаттым.
Түйе бақтым — түйме тақтым,—
деген өлең жолдары жас буынды еңбекке, шаруашылыққа шақырған. Төрт түлік мал жөнінде мақал-мәтелдер, аңыз-ертгегілер де өте көп. Мал төлден өседі .
Достарыңызбен бөлісу: |